Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Қоршаған орта және биологиялық алуантүрлілік»



бет3/9
Дата06.02.2022
өлшемі40,71 Kb.
#80366
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
030c1031-6813-11e5-9d50-f6d299da70eeУММ қорш.орта 3 (1)

Тұрақты даму - бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз даму.
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық Баяндамасы қабылданған. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:
- қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;
- экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;
- тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету.
Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше.
Адамзат дамуының жаңа формуласы: жақсы экология — бұл жақсы экономика, ал жақсы экономика — бұл жақсы экологияны қамтамасыз ету мүмкіндігі болып шығады. Бірақ, бәрібір қоғамды тұрақты дамытудың лайықтысы адам болып қала береді. Сонымен тұрақты дамудың бірыңғай құрамдас үш моделі: экологиялық дамудың баланс жасалған жетістіктері, экономикалық өсу және демографияны қоса алғандағы әлеуметтік даму болып есептеледі.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету.
Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу, т.б.
Қызметі табиғи ортаға және адамның денсаулығына зиянды әсер етумен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде экологиялық дайындығы міндетті түрде болуы керек.
Экологиялық білім беру - әртүрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру.
Білім беру жүйесін экологизациялау - экологиялық ойлардың, ұғымдар, принциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әртүрлі салалардың мамандарын дайындау.
Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан басталады.
Құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі.
Судың сарқылуы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
1) суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану
2) өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану (тұйық цикл)
3) ауыз су мақсатында берілген суды өндірістік процестерде пайдаланбау. Бұл, әсіресе, жоғары сапалы жерасты суларына қатысты.
4) ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болмауына жол бермеу
5) суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.
Күн - энергияның іс жүзінде сарқылмайтын көзі. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады.
Көбінесе Күн энергиясын жинау әр түрлі коллекторлардың көмегімен жүргізіледі. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыру фотоэлементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Күн радиациясына бай елдерде шаруашылықтың жекеленген салаларын толық күн энергиясымен электрификациялау жобалары жасалған. Күн энергиясын фотосинтез немесе биомасса арқылы алуға болады. Фотосинтез энергиясын алудың ең қарапайым жолы-органикалық затты жағу.
Ертеден келе жатқан энергия көзі ретінде желдің ролі ерекше. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданып келді. Бірақ, оны электр энергиясын алуда пайдалану тек соңғы жылдарда ғана қызығушылық туғыза бастады. Жел энергиясын пайдалану жұмыстары Канада, Нидерланды, Дания, Швеция, Германия және т.б. елдерде жүргізілуде.
Теңіз, мұхит, термалдық сулардың энергетикалық ресурстарын пайдалану. Теңіздер мен мұхиттардың су массалары энергетикалық ресурстарға бай. Оларға судың толысуы мен қайтуы, теңіз ағыстарының энергиясы, сонымен қатар, әр түрлі тереңдіктер температураларының градиенті жатады.
Мұхит суларынан энергия өндіру үшін әртүрлі тереңдіктегі сулардың температура градиентін пайдалануға болады.
Термоядролық энергия. Қазір атом энергетикасында энергия көзі және ыдырау өнімі ретінде радиоактивті элементтер қолданылады.
Ядролық энергияны басқа әдіспен де өндіруге болады. Ядролық синтез процесінде екі ядроны қосып, бір ауыр ядроны алу кезінде бөлінетін энергияның шығымы өте жоғары. Мұндай синтездің бастапқы элементі-сутегі, ал соңғы элементі - гелий. Аталған элементтердің екеуі де қоршаған орта үшін зиянды емес және олардың қоршаған ортадағы мөлшерін сарқылмайды деуге болады.
Адамзат қоғамының энергия өндірудің дәстүрлі емес көздеріне көшуге мүмкіндігі бар.
Қазақстан егемендік алған соң көптеген экологиялық проблемалармен бетпе-бет қалды. Көз алдымызда жоғалып бара жатқан Арал мәселелері, ядролық сынақтар шарпыған кең байтақ елді мекендер, мұнай-газ секторындағы және басқа да өндіріс орындарының зиянды қалдықтармен күресу кеңес өкіметінің Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің бірі болды. Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына зиянды мәселелердің басым бөлігі құпия түрде сақталып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий маңы және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын ғаламдық проблемаларға жатқызуға толық қақымыз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет