Дәріс жоспары:
2 Модуль
№8 Дәріс
Тақырыбы: Биологиялық алуантүрлілікті ұтымды пайдаланудың ұлттық стратегиясы
Дәріс жоспары:
2 Модуль
№9 Дәріс
Тақырыбы: Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық
Дәріс жоспары:
2 Модуль
№10 Дәріс
Тақырыбы: Биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың заңдық негіздері
Дәріс жоспары:
3 Модуль
№11 Дәріс
Тақырыбы: Биосфералық және экологиялық зерттеулердің даму барысы
Дәріс жоспары:
1.Экологиялық зерттеулердің даму жолдары
2. Биосфералық зерттеулердің даму жолдары
Экология – биология ғылымының негізінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғымен XX-ғасырдың басы болып саналады. Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімдеушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелді екендігі шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады. Экологиялық зерттеулердің дамуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.
I кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мәселен, К.Ленин (1707-1788), Ж.Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), П.С.Паллас (1741-1811), И.И.Лепехин (1740-1802), А.Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцов (1827-1885), Н.А.Бекетов (1825-1902), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В.В.Докучаев (1846-1903), т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми –зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж.Б.Ламарктың “Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы”, А.Декандольдың “Ботаникалық география”, К.Ф.Рульенің “Жануарлар экологиясы”, А.Н.Бекетовтың “Өсімдіктер географиясы”, Ч.Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі”, В.Докучаевтің “Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі”, т.б. еңбектер экология ғалымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі – дарвинист Э.Геккель 1866 жылы “Экология” терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е.Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.
II кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н.А.Северцов, М.А.Мензбир, Б.М.Житков, Д.Н.Кашкаров, Н.П.Наумов, А.Н.Формазов, НүИ.Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан универ-ситетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А.Я.Гордягин, Г.И. Панфильев, П.Н. Крылов, т.б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті. Әсіресе, осы кезеңдердегі Г.Ф. Морозовтың «Орман туралы ілімі», Д.Н.Кашкаровтың «Орта және бірлестіктер», «Жануарлар экологиясының негіздері», ағылшын А. Тенслидің “Экожүйелер туралы ілімі”, орыс ботанигі В.Н. Сукачевтың “Биоценоз”, В.И.Вернадскийдің “Биосфера туралы ілімі”, т.б. ғалымдардың еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын. Бұдан әрі экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін айқындай түсті. Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л.А. Зенкеевич, Г.Г. Винберг, Г.В. Никольский, Б.Г. Ноганзян), топырақтағы организмдер экологиясы (М.С.Гиляров), насекомдар экологиясы (И.В. Кожанчиков, Г.Я. Бей-Биенко, В.В. Яхонтов, Г.А. Викторов), паразитологиялық экология негізін салушылар (В.В. Догель, Е.Н. Павловский, В.Н. Беклемишев), сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушылар экологиясы (А.Т. Банников, Н.И. Калабухов, Н.П. Наумов, А.Н. Формозов, Г.А. Новиков, С.С. Шварц ), өсімдіктер экологиясы (В.Н.Сукачев,Б.А. Келлер, П.Д. Ярошенко), деп танимыз. Осы түстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А.П. Шенниковтың “Өсімдіктер экологиясы” (1950), Б.Г. Иоганзеннің “Экология
Негіздері” (1959), Н.Б. Наумовтың “жануарлар экологиясы” (1963), т.б. еңбектері қазірге дайін маңызын жойған жоқ. Осы орайда, Белоруссия ғалымдарының еңбектері ерекше аталуы тиіс. Атап айтқанда, ғалымдар: В.А. Плющевский-Плющик, П.Ф.Соловьев, А.И. Радкевич, С.В. Шостик, П.Жуков, И.К. Лопатин, Л.С. Долбин, В.В. Адамов, Б.И. Якушев, Г.А. Новиков, Г.Г. Винберг, Л.М. Сущени, Л.В. Камлюк, т.б. өз кезегінде экология ғылымын дамытуда шоқтығы биік тұрды.
Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу құралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсаның “Жануарлар экологиясы” (1926), Ч. Элтонның “Жануарлар экологиясы” (1934), Шелфорд пен Ф.Клементтің “Биология” (1939), Ю. Одумның “Экология және экология негіздері” (1975, 1986), Р.Риклефстін “Жалпы экология негіздері” (1979), Ф.Рамаданың “Қолданбалы экология негіздері” (1981), Н.Чернова мен А.Былованың “Экология” (1988), В.А. Радкевичтің “Экология” (1977), Н.Ф. Реймерстің “Экология” (1944), т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық-көрген құнды еңбектер қатарына жатады.
III кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология – бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде.
Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына: А.М. Гиляровтың “Популциялық
экология” (1990), М. Захарченконың “Экологияның қазіргі проблемалары “,(1955), Н. Реймерстің “Экология” (1994), В.В. Глуховтың “Экологияның экономикалық негіздері” (1995), Ф. Мотузконның “Экология негіздері” (1994), С. Боголюбовтың “Экология және право” (1989), Ю. А. Израильдің
“Экологиялық мониторинг” (1995), Н. Реймерстің “Экологияландыру” (1993),Г. Сидеренконың “Экологияның қазіргі заманғы проблемалары“ (1989), В.Вронскийдің “Қолданбалы экология “ (1996), С. Тлеубергеновтың “Адам экологиясы” (1996), С. Дрябо мен В. Ясвиннің “Экологиялық педогогика және психология” (1996), В. Хелсенің “Философия және экология” (1993), т.б. еңбектерді жатқызуға болады.
Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |