Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Педагогика»


Білім беру жүйесі үш тірек негізінен құралған. Оған



бет23/70
Дата05.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11093
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70

Білім беру жүйесі үш тірек негізінен құралған. Оған:


  • Міндетті түрде халыққа жалпы білім беру.

  • Политехникалық білім беру.

  • Еңбекке баулу және кәсіптік білім беру.
            1. Жалпы білім беру негізінен үш түрлі мақсатты көздейді: біріншісі – табиғат, қоғам, адам, техника, өнер туралы ғылыми білім негіздерін меңгерту. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа, дүние-танымдық идеялармен сенімдер, практикалық білік пен дағды және ғылыми зерттеу әдістері мен ғылыми ойлау тәсілдері жатады. Екіншісі – оқушыларды практикалық іс-әрекетке, өз бетімен пайдалы еңбек етуге даярлау. Үшіншісі мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды көздейді. Оқушылардың ғылыми көзқарасы мен сенімдерін қалыптастыру оқу пәндерін оқытуда олардың танымдық және тәрбиелік мүмкіндіктерін тоғығымен пайдалануды керек етеді.
Білім беру – қоғамдық мақсатты көздейді. Сол арқылы алдыңғы өткен аға ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі.

Білім берудің мазмұны ең алдымен қоғамның мектеп алдына қоятын мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады. Сонымен бірге дидактикалық талаптар да ескеріледі, соның негізінде қандай білім қай сыныпта, қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігі де белгіленеді. Мектептегі оқушыларға политехникалық білім беру мақсаты – көпсалалы ұқсас және өңдіріс, техника, технология негіздерінде, сондай-ақ еліміздің экономикасы, ауылшаруашылығын ұйымдастыруға сай бағытталған жан-жақты білімдер жүйесін меңгерту.
Бұған қосымша казіргі кезеңдегі индустриалдық өндірістің негізін құратын автоматтандырылған және информатика механизмдерімен жұмыс істеу дағдыларымен қаруландыру, соған сай компьютерлік білім беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет