ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «экономиканы мемлекеттік реттеу»


Кесте 6.Суденттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары



бет6/15
Дата27.08.2017
өлшемі2,51 Mb.
#29812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



Кесте 6.Суденттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары




Тақырыптар

ОБСӨЖ

СӨЖ

Реферат, эссе

1

Тақырып 1.

ЭМР түсінігі, міндеттері, мақсаттары мен қажеттіліктері


1.ЭМР қажеттілігі неден көрінеді.

2.ЭМР объектісі мен мақсаттары қандай

3.ЭМР қандай құралдарын білесіз

4.Экономиканы нарықтық және мемлекетік реттеуді үйлестіру қалай жүргізіледі.

5.Ұлттық ЭМР мемлекеттік органдарының міндеттері.


1.Экономикаға мемлекеттің әсерінің өзгеру тенденциясы қандай

2.Экономикадағы мемлекеттің рольіне жаңа ехнологиялардың әері қандай



Мемлекеттің экономикалық ролі туралы ғылымның негізгі бағыттары және олардың сипаттамасы

2

Тақырып 2.

ЭМР-ге көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы.


1. Экономикалық саясатты дайындау және жүзеге асыру кезінде классиктер, кейнсиандықтар, неоклассиктерден не алуға болады.

2. ЭМР классикалық және кейнсиандық үлгілерінің айырмашылығы қандай.

3.ЭМР институтциональді-әлеуметтік үлгісінің ерекшелігі неде.

4.Монетаристік теорияны қолдайтын үкіметтің реттеуінің басты объектісі қандай



Экономикадағы мемлекеттің рольін анықтайтын тенденцияларды зертеп,талдау қандай мақсатта жүргізіледі.

1. Экономиканы циклге қарсы (конъюнктуралық) реттеу

2.Қазіргі заманғы экономикалық мектептердің мемлекеттің экономикалық қызметі туралы көзқарасы



3


Тақырып 3.

Экономикадағы мемлекеттік сектордың ролі.

Нарықтық экономикадағы мемлекеттің қызметтері


1. Мемлекет қандай себептерге байланысты табыстар мен байлықы қайта бөлуге қатысады.

2.Неліктен экономикалық өсу макроэкономикалық саясаттың бірі болып саналады.

3.Елдің азаматтары ЭМР тиімділігін қалай бағалайды.


1.Экономикаға мемлекеттің әсерінің құралы ретінде моральдық сенімділіктің тиімділігі қандай шаралармен анықталады.

2.Нарықтық процесссерге мемлекетің араласуының шегі қандай.



ЭМР әдістерінің қайсысын Қазақстан экономикасына қолданған оңтайлы.

4

Тақырып 4.

ЭМР-дің әдістері


1.Заң шығару неліктен макроэкономиканың даму факторы болып саналады.

2. Экономиканың қай саласында әкімшілік әдістер барынша тиімді.

3.Неліктен реттеудің жанама әдістері нарықтық экономикамен тығыз байланысты.


1.Неліктен 20 ғ. аяғында көптеген елдердің үкіметтері ЭМР экономикалық ілімдердің әртүрлі бағыттарын біріктіріп пайдаланды.

2.ЭМР әдістерінің ауысып отыруы қандай жағдайға байланысты.






5

Тақырып 5. Экономиканы ақша-несиелік реттеу


1.Артық резервтер банктердің ақша жасау қабілеттілігіне қалай әсер етеді.

2.Ұлттық банктің нарықтық экономикалық жүйедегі рольі неден көрінеді.

3.ҰБ реттеуші рольінің даму факторлары қандай.

4.Есептік ставканың сапасының артықшылығы мен кемшілігі қандай.

5.Неліктен коммерциялық банктер экономикалық кризис жағдайында қысқамерзімді несие береді.


1.Мемлекет пен ҰБ әрекеттерінің жанама және тура әсеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.

2. Неліктен коммерциялық банктер пассивтік операцияларды кеңейтіп, әртүрлі банктік салымдарды ұлғайтуға тырысады.



ҰБ пен коммерциялық банктердің өзара қатынасы.

6

Тақырып 6 Мемлекеттің бюджеттік-салықтық саясаты


1Қандай салықтар бюджет табыстарының мөлшеріне максимальді әсер етеді.

2.Мемлекеттік бюджетті дайындап, атқарумен қандай ұйымдар айналысады.

3.Бюджет тапшылығының қай түрі үкіметтің фискалді саясатына тікелей байланысты.

4.Қандай аймақтық және жергілікті салықтарды білесіз.



1.Мемлекеттік қарызды басқарудың мәні

2.ҚР-ның экономикасына қандай бюджет концепциясын пайдаланған тиімді.

3. Неліктен салықтық табыстар бюджет қаржыларын жинаудың басымды бағыты болып саналады.


1.Қазіргі заманғы ҚР-ның салық жүйесі

2.Мемлекеттік бюджеттің экономиканың тұрақты өсуіне ықпалы.



7

Тақырып 7. Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік ортаны қалыптастыру


1. Монополияға қарсы саясаттың дамуының заңдылықтары.

2.Неліктен көптеген елдердің үкіметі бәсекелестікті қорғайды

3.Кәсіпкерлер арасындағы бағалық келісімдерді неліктен шектейді.


1.Трансұлттық мұнай корпорацияларының қызметін БҰҰ бақылай ма?

2.Қандай әдістер мен тетіктер көмегімен мемлекет өзінің монополияға қарсы саясатын жүргізеді.



1.ҚР-ғы табиғи монополиялар және оның қызметін реттеу.

8

Тақырып 8. Валюталық саясатты мемлекеттік реттеу


1.







9

Тақырып 9. Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу


1.Кедейшілік деңгейі қалай анықталады.

2.Әлеуметік теңдік пен экономикалық тиімділікті қалай үйлестіруге болады.



3.Әлеуметтік саясаты жүзеге асырумен қандай орган айналысады.

1.Үкімет бағдарламаларындағы әлеуметтік саясаттың мақсаттары.

ҚР-ғы табыстардың бөлінуіндегі мемлекетітң рольі

10

Тақырып 10. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу


1.Мемлекеттің құрылымдық – инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері

1.Шетелдік инвестициясы бар кәсіпорындарға мемлекеттік қолдаудың стратегиясы ( нақты мысалмен)

Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру

11

Тақырып 11. Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу





1.Эколого-экономикалық талдау

Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу

12

Тақырып 12. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу


1.Аймақтық дамуды стратегиялық жоспарлаудың әдістемесі

1.Мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыру

Аймақтар бойынша саластырмалы талдау

13

Тақырып 13. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу


1.Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы







14

Тақырып 14.

АӨК тұрақты ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеу


1. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасын мемлекеттік реттеу







15

Тақырып 15. Мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасының дамуының жаңа тенденциялар





1.Экономикалық талдау






7. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша оқу процессінің күнтізбелік кестесі



Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Бақылау түрі

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

ҚБ1

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

ҚБ2

Баллдар















































АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ




«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша

050506 «Экономика», 050508 «Есеп және аудит» және

050509 «Қаржы»

мамандықтарына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


АЛМАТЫ-2012


МАЗМҰНЫ
1.Голоссарии

2.Дәрістер

3. Тәжірибелік-лабораториялық сабақтар

4. Студенттердің өздік жұмысы



1.ГЛОССАРИЙ
Бұл оқу-әдістемелік кешенді құрастырғанда келесі терминдер анықтамалары мен қолданылды:

Акциз – тауардың бағасына енгізілген және сатып алушы төлейтін жалпы мемлекеттік жанама салық.

Ақша – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өлшемі болып табылатын, жалпыға бірдей балама ролін атқаратын ,кез-келген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар.

Ақша-несие саясаты – экономиканың тұрақты дамуын ақша айналымы мен несие нарығын реттеу арқылы қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы.

«Арзан ақша» саясаты – айналымдағы ақша массасын арттыру саясаты.

«Қымбат ақша» саясаты – елдегі ақша массасының өсуін қысқарту немесе шектеу.

Автаркия ұлттың өзін өзі экономикалық жағынан қамтамасыз етуіне және елдің экономикасы басқа елдердің экономикасынан дербес болуына арналған саясат.

Адами капитал инвестициялардың нәтижесінде қалыптасқан қоғамдық ұдайы өндірістің осы немесе басқа сфересында мақсатты түпкі пайдаланылатын, адамның жинақталған денсаулығының, білімінің, дағдыларының, қабілеттерінің, млтивацияларының белгілі қоры, еңбек өнімділігін және өндірістің тиімділігін өсіруге ат салысады, сөйтіп осы адамның табыстарының өсуіне көмектеседі.

Адами капиталға инвестициялар мақсатты сипаты бар және оның болашақтағы ақшалай табысын айқындайтын шығындардың барлық түрлері.

Акционерлік қоғам акциялар шығарып орналастыру негізінде келетін акционерлік капитал арқылы құрылатын, корпоративтік бірлестіктің формасы.

Акция иесіне дивиденд алуға және оған компанияны басқаруға құқық беретін, мерзімсіз бағалы қағаз. Акциялар атаулы, ұсынушыға, қарапайым, мәртебелі болып бөлінеді.

Амортизация капиталдың тозу көлемін бағалау, негізгі капиталдың ауысқан құны.

Амортизациялық аударым негізгі құрал жабдықтардың құнының бөлшегінің тозуын өтеу үшін жасалатын аударым.

Аралас экономика өндірістік құрал жабдықтарға қоғамдық меншіктің элементтерін жеке меншікпен біріктіретін және нарықтық экономиканы орталықтандырылған жоспарлық басқарумен ұштастыратын экономикалық жүйе.

Аралас меншік мемлекеттік және жеке меншік капиталдың ұштасуына негізделген меншіктің формасы, бірлесіп басқарылады.

Аренда келісім шарт негізінде, аренда беруші аренда алушыға белгілі мүлік берілгендіктен пайда болатын, шаруашылықтың формасы.

Атаулы акциялар белгілі иемденушінің атына толтырылады және акционерлік қоғамның тізімінде тіркеледі.

Атаулы жалақы жұмыскерлерге төленген ақшалай сома.

Ашық (айқын) инфляция бағаның өсуі, ұлттық валюта бағамының төмендеуі т.б.

Ашық экономика халықаралық тауарлар мен капиталдар нарығында барлық шаруашылық субъектілері (заңды және жеке тұлғалар) ешқандай жағдайлармен шектелмеген операциялар жүргізе алатын ұлттық шаруашылық.

Ашық экономика, үлкен пайыздың мөлшерлемесі ішкі экономикалық құбылыстардың ықпалымен қалыптасатын, ашық экономика; әлемдік қаржы нарығына және пайыздың әлемдік мөлшерлемесіне әсер ететін экономика.

Ашық экономика, шағын пайыздың мөлшерлемесі әлемдік қаржы нарығының шарттарымен берілген, әлемдік экономикалық құбылыстарға әсер етпейтін экономика.

Әлеуметтік реттеу қоғамның дамуына, экологияға, еңбек пен өмір қауіпсіздігіне және т.б. тауар мен қызметтер өндірісінің әсер етуінің талдауына негізделген мемлекеттік реттеудің түрі.

Әлеуметтік экономикалық қатынастар материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну туралы адамдар арасындағы қатынас.

Баға ақшаға шағылған тауардың құны, тауардың, қызметтің бірлігін алу үшін басқа бір нәрсені құрбан ету.

Баға белгілеу (котировка) қор биржасына бағалы қағаздарды сату үшін қабылдау; біріншілік нарықта акциялар мен тауарлардың бағаларын белгілеу.

Баға белгілеу әдістері әлемдік тәжірибеде баға белгілеудің екі негізгі ұстанымын қолдану; нарықтық және әкімшілік. Нарықтық жағдайда нарықтық баға белгілеу бәсекенің әсері арқылы да мүмкін. Таңдап алған ұстанымға байланысты, баға белгілеудің әр түрлі әдісі қолданылады.

Баға бойынша икемділік баға өзгерістерінің әрбір пайызына ұсыныс пен сұраныс көлемдерінің жауап қайтару мөлшері.

Баға бойынша сұраныстың икемділігі бағаның нарықтағы өзгерістерінің әрбір пайызына сәйкес, осы тауарға сұраныс өзгерістерінің пайызы.

Баға жетекшісі басқа фирмалар қолдайтын, баға белгілейтін фирма олигополист.

Баға индексі нарықтық қоржынның бағасы өзгерістерінің қозғалысын көрсететін индекс.

Бағалы қағаз белгіленген тәртіп бойынша мүліктік құқықты куәландыратын құжат, оны орындау немесе тапсыру, соны ұсынғанда ғана мүмкін болады.

Бағалы қағаздар- иеленушісіне мүліктік құқық және дивиденд ,процент түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжаттар.

Бағалы қағаздар нарығы, біріншілік бағалы қағаздардың жаңа шығарымдарын орналастыру; бұлардың эмитенттеріне корпорациялар, үкімет, коммуналдық құрылымдар жатады.

Бағалы қағаздар нарығы, екіншілік бұрынғы шығарылған қағаздардың сатып алу сату келісімдері; бағалы қағаздардың айналымы.

Бағалық емес бәсеке бәсекелес фирмалар өздерінің өнімдерін сату бағасының өзгеруінен басқа әдістерді қолданады.

Бағаның деңгейі тауарлар мен қызметтер үшін төленетін орташа анықталған өлшем.

Баланс иелену құралдарының (активтер), міндеттемелер (пассивтер) және меншікті капитал көрсетілетін, есеп беру формасы.

Баланстық пайда материалдық шығындардың, амортизацияның және жалақының сомасымен және өнімді сатудан келген ақшалай түсімнің айырмасы.

Банк ақша ресурстарын тартумен және оларды орналастырумен айналысатын экономикалық институт.

Банк депозиттері банкке ақша салымы, банк пассивтерінің бөлігі.



Банкнота банк билеттері, орталық эмиссиялық банк айналысқа шығарған қағаз, ақша белгілері, банкир векселі, банктің борышқорлық міндеттемесі.

Банк пайызы (несие пайызы) коммерциялық іс-әрекеттерді ынталандырушы ретінде қолданылатын несиенің бағасы.

Бәсеке – тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын экономикалық бақталастық , тауарларды өндіру мен ткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым жоғары пайда табу.

Бәсеке іс-әрекеттердің қандай болмасын салада ұнамды нәтижелерге жету үшін жүретін экономикалық сайыс, тауар өндірушілердің ұтымды шаруашылық жүргізудің шарттары үшін, нақты тапсырма алу үшін сайыс.

Биржа көтерме сауда нарығының тұрақты қызмет ету формасы. Тауар, қор, еңбек т.б. биржасы болып екіге бөлінеді.

Биржа дүрлікпесі тауарлар бағасының және кейбір қағаздардың бағамының қысқа мерзімде күрт өсіп кетуі.

Болжанбаған инфляция экономикалық қатынастардың субъектілерінің күтімінен, инфляцияның деңгейінің жоғарылауының артық болуы.

Бюджет- мемлекеттің(қаланың ,ауданның,мекеменің ), отбасының немесе жеке адамдардың белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай кірісі мен шығысының тізімі.

Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылатын және мемлекеттік бюджетке енгізілмейтін мемлекеттік ақша құралдары.

Бюджеттік артықшылық бюджеттің кірістерінің, оның шығыстарының артық болуы.

Бюджеттік тапшылық бюджет шығыстарының, оның кірістерінің артып кетуі.

Валюта- белгілі бір елдің заңмен белгіленген ақша өлшемі (АҚШ-та - доллар, Қазақстанда - теңге)

Валюта елдің ақша бірлігі оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі; шетел мемлекеттерінің ақша белгісі және олардың несиелік пен төлемдік құралдары; халықаралық төлем есеп айырысу айналасындағы ұлттық ақшаларды пайдаланудың ерекше әдісі.

Валюта нарығы әр елдің валюталары сатып алынатын немесе сатылатын нарық.

Валюталық бағам басқа валютаның ақша бірліктерінің бағасымен есептелген бір валютасының ақша бірлігінің бағасы.

Валюталық демпинг ұлттық валюта бағамының құлдырау нәтижесімен байланысты, төмен бағамен экспортты кеңейту.

Валюталық қатынастар халықаралық есеп айырысуда ұлттық ақша бірлігін қолданғанда пайда болатын, экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Вексель жазбаша борышқорлық міндеттеменің ерекше түрі, ол оның иесіне белгілі уақыт мерзімі өткеннен соң ғана, осында көтерілген соманың төленуін талап етуге құқық береді.

Венчурлік капитал қауіп-қатерлік дәрежесі жоғары капитал салымын қолдануға болатын ақша.

Венчурлік фирма вечурлік (тәуекелшілік) капиталды қолданудың негізінде өнімнің жаңа түрлерін енгізуге, жасауға, өндірісін меңгеруге, жаңа технологияларды пайдалануға маманданған коммерциялық ғылыми-техникалық ұйым.

Гиперинфляция баға деңгейінің өте тез өсуі: инфляцияның өте жоғары қарқыны.

Дәстүрлі экономика – сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер

Девальвация басқа елдер валютасымен салыстырғанда ұлттық валюта бағамының төмендеуі.

Дезинфляция бағаның өсуінің төмендеуі.

Демпинг игіліктердің өте өсіп кеткен қорынан құтылу мақсатымен тауарларды төмен бағамен сату; әлемдік нарықта бәсекелестік қабілетті күшейту үшін тауарларды шетелдерге төмен бағамен сату.

Депозит қаржы мекемелеріне сеніп тапсырылған ақша немесе бағалы қағаз.

Депрессия өнеркәсіптік циклдың фазасы; қолайсыз экономикалық дамудың ұзақ мерзімі.

Дефляция бағалардың және шығындардың жалпы төмендеуі.

Дивидент акцияға табыс түрінде төленетін, акционерлік қоғамның пайдасының бөлігі.

Дифференциалдық рента табиғи жоғары өндіргіш күштерді қолданудың нәтижесінде болтын артық пайда.

Еңбек табиғат заттары мен күштерінің түрін өзгертуге бағытталған адамның мақсатты қызметтері, оларды өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бейімдеу.

Еңбек заттары еңбек үдерісінде адамның әсер ететінінің барлығы.

Еңбек құралдары солардың көмегімен адам еңбек заттарын өңдейтін құралдар немесе құралдар кешені.

Еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныстың өзара әсер етуімен тепе-теңдіктің бағасы және саны белгіленетін, еңбек тауар болып табылатын, еңбек ресурстарының нарығы.

Еңбек өнімділігі еңбектің тиімділігінің көрсеткіші уақыттың бірлігінде өндірілген өнімнің санын сипаттайды.

Еңбек ресурстары халық шаруашылығында еңбек етуге қабілетті елдің халқының бөлігі.

Еңбек сыйымдылығы өнімінің бірлігін шығаруға жұмсалған еңбектің жалпы шығындары.

Жекешелендіру- мемлекетке тиесілі объектілерді меншіктену құқығын жеке немесе заңды тұлғаның сатып алу процесі.

Жалақы жалдама жұмыскер алатын ақшалай немесе заттай формадағы табыс.

Жалпы пайда тауарлардың өндірісі мен сатуынан түсетін фирманың табысы.

Жалпы табыс өнімнің белгілі көлемін өткізуден түскен жиынтық ақшалай түсім.

Жалпы шығындар тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы.

Жеделдетілген амортизациялық өтелім негізгі капиталдың нақты тозуынан елеулі ауқымда, үкімет өтелімді есептен шығаруға рұқсат беретін тәртіп, оның мәні кәсіпкерлер үшін салықтық демеу қаржы болып табылады.

Жұмыс күші адамның өмірлік тіршілігімен бірлесіп кеткен және оның өте маңызды атрибутивтік (ажыраспайтын) қасиеті болып табылатын, еңбекке жеке-дара қабілеті.

Жұмыспен қамтылу деңгейі жұмыспен қамтылған жұмыс күші санының пайызы.

Жұмыссыздықтың табиғи нормасы еңбек пен тауарлар нарықтарының нақты құрылымдық сипаттамаларын көрсетеді: нарықтық жетімсіздіктерді, сұраныс пен ұсыныстың стохастикалық ауытқуларын, бос жұмыс орындарымен бар болып отырған жұмыс күші туралы ақпаратты, икемділіктің шығындарын т.б. көрсетеді.

ЖҰӨ-нің дефляторы баға индексі, тауарлар қоржынының нақты бағасының базистік бағаға қатынасы болып есептеледі, тұтынушылық және инвестициялық тауарлар бағаларының өзгерістері есепке алынады.

Импорт – тауарларды , капиталдарды бағалы қағаздарды көрсетілетін қызметтерді жұмыс күшін басқа да материалдық құндылықтарды елдің ішкі рыногін өткізу үшін шетелден әкелу.

Инвестор – инвестициялық жобаларға меншікті қаражатымен қарыз қаражатын салушы бағалы қағаздарды өз атына және өз есебінен сатып алушы заңды және жеке тұлға.

Инфляция – айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы, валютаның сатып алу жарамдылығының құлдырауы.

Импорт басқа елдерден алынатын тауарлар мен қызметтердің жиынтығы.

Инвестициялар капитал қорын толықтыру үшін кәсіпкерлер алатын тауарлардың құны.

Инвестициялау пайдадан және басқа табыстардан жинақталған қаражаттар есебінен қолданудағы капитал көлемінің өсуі.

Интенсивтік түрдегі экономикалық өсу материалдық игіліктер мен қызметтердің өндірісінің кеңейуі өндірістің тікелей факторларының сапасын жетілдіру арқылы қамтамасыз етіледі: прогрессивтік технология қолдану арқылы, біліктілігі және еңбек өнімділігі жоғары жұмыс күшін қолдану арқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет