термодинамиканың бірінші бастамасы – жылулық құбылыстарға арналған энергияның сақталу заңы
Резерфорд формуласы – Кулон заңымен әрекеттесетін, релятивистік емес зарядталған нүктелік бөлшектердің шашырау қимасын анықтайды
релаксация – макроскопиялық физикалық жүйелерде тепе-теңдіктің пайда болу процесі
статистикалық салмақ – кванттық статистикадағы берілген энергияны кванттық күйлердің әр түрлі сандары. Статистикалық саламақ күй азғындауының еселігі деп те атайды
статистикалық механика - макроскопиялық денелердің қасиеттерін өте көптеген бөлшектерден (молекулалардан, атомдардан, электрондардан) тұратын жүйелер ретінде қарастыратын физиканың бөлімі. Статистикалық физикада ықтималдықтар теориясына негізделген статистикалық әдістер қолданылады
статистикалық қосынды – Z шама, ол , мұнда - n кванттық күйдегі энергия үлестірілу функциясы – ол
статистикалық физика – макроскопиялық денелердің қасиеттерін өте көптеген бөлшектерден (молекулалардан, атомдардан, электрондардан) тұратын жүйелер ретінде қарастыратын физиканың бөлімі. Статистикалық физикада ықтималдықтар теориясына негізделген статистикалық әдістер қолданылады
Достарыңызбен бөлісу: |