Дәріс №8. Транспорттық тапсырма.
Сұрақтар:
1. Есептің математикалық қойылымы
2. Жүк тасымалы туралы есептің тірек жоспарын анықтау
3. Жүк тасымалдау есебінің тиімді әдісін анықтау
4. Қойылуында кейбір қиындықтары бар жүк тасымалы туралы есептің тиімді жоспарын табу
Есептің математикалық қойылымы
Жүк тасымалы туралы есептің жалпы қойылымы мынадай. Біртектес жүкті жүк жіберуші пункттер А1, А2, ..., Аn мен жүкті қабылдаушы пункттер В1, В2, ..., Вm-ге жеткізудің ең тиімді жоспарын табу қажет. Ең тиімді жоспардың критериі ретінде берлық жүкті тасуға кететін шығынның ең аз болуы немесе барлық жүкті тасуға кететін уақыттың аз болуы. Біз қарастыратын жүк тасымалы туралы есепте ең тиімді жоспардың критериі ретінде барлық жүкті тасуға кететін шығынның барынша аз болуы. Мынадай белгілеулер енгізейік.
Сij – тариф. Жүкті Ai пунктінен Bj пуктіне жеткізуге кететін шығын.
ai – жүктің қоры. Ai пуктінде
bj – жүкке сұраныс. Bj пунктінде
xij – жүк мөлшері. Ai пунктінен Bj пунктіне жеткізетін жүк мөлшері.
Сонда жүк тасымалы туралы есептің математикалық қойылымы мынадай болады:
min (1)
шарттары
(2)
(3)
(4)
Достарыңызбен бөлісу: |