Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандығына арналған Оқу әдістемелік материалдар



бет5/13
Дата06.07.2018
өлшемі0,91 Mb.
#47762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Опырылу (сусыма, тас құлау) – бұл ең алдымен тау жыныстарының желге мүжілу есебінен олардың байланысының, жер үсті және жер асты сулары қызметінің әлсіреуінен туындайтын құлама және тік жарға тау жынысының үлкен массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауына бөлініп, құлауы.

Сырғыма – тау баурайымен өз салмағының әсерінен және тау баурайының шайылуы, тау жынысының шамадан тыс сулануынан болатын қосымша ауыртпалықтар, сейсмикалық дүмпудің және басқа да процестердің нәтижесінде тау жынысы массасының жылжуы.

Сырғымаға қарсы қорғанысқа жататындар: қар көшкіні процесінің пайда болуы мен дамуын тоқтатуға, халық пен территорияны қорғауға, сондай -ақ, атқарушы билік пен жергілікті атқару органдарын сырғыманың қаупі туралы казіргі заманғы құралдардың көмегімен хабарландыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығы.

Апаттық салдары бар сырғымалар Қазақстанның таулы аймақтарындағы жиі кездесетін құбылыс болып табылады. Соңғы мысал -2004 жылдың көктеміндегі Алматы облысы, Талғар ауданыңдағы 29 адамның өмірі мен көп пәтерлі тұрғын үйдің толық қирауына алып келген сырғымалар

Сел. Сел сияқты төтенше жағдайдың көзі гидрологиялық құбылыспен тығыз байланысты болса да, соның өзінде де оларды толық негізбен Жердің бетін сыртқы өзгерістерге ұшырататын экзогенді геологиялық процесстерге жатқызуға болады. Бұл тау жынысының күйзелуі мен өзгеруінің геологиялық процесстері, әдеттегідейі сыртқы агенттер әсері -тау жыныстарының мүжілуі, желдің жұмысы, жер асты және жер үсті сулары, өзендер, мұздықтардың салдарынан болады.

Сел - тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын, қатты жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай -ақ, қар үйіндісі мен мұзды теңіздердің еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен өзеншіктер арнасында кенеттен пайда болатын үлкен қиратушы күштің қарқынды тасқыны.

Сел (араб тілінен алғанда сайль - қарқынды тасқын ) – төмен қарай үлкен жылдамдықпен жүріп өтетін және орасан зор қиратушы күшке ие лайтасты су тасқыны, Қазақстаннның оңтүстік және оңтүстік - шығыс аймағындағы таулы аудандардағы жиі болатын құбылыс, республиканың жалпы ауданының 13% құрайды.



Сел қаупі бар аймақ – селдік процесстердің даму қарқындылығымен сипатталатын, адамдарға, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға қауіп төндіретін аймақ.

Селге қарсы қорганыс – селдік процестердің пайда болуының алдын алу мен дамуына, сондай-ақ атқарушы билік органдары мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарын және халықты селдің туу қаупінен алдын-ала хабарландыруға бағытталған құтқару – шектеулі және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығы.

Қауіпті гидрологиялық құбылыстар мен процесстер Қауіпті гидрологиялық құбылыстар - әр түрлі табиғи немесе гидродинамикалық факторлардың немесе екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда болатын, адамдарға, ауылшаруашлық малдары мен дәнді дақылдарына, экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін, шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға немесе гидрологиялық процесстердің нәтижесі.

Су басу – құрғак жерді уақытша су алу, апаттық құбылыс болып табылатын судың жоғарғы деңгейі. Су басу су тасу немесе тасқын кезіңдегі су деңгейінің көтерілу нәтижесінде, жинақтау, жел толқыту нәтижесіңде, сондай-ақ гидротехникалық құрылғылардың бұзылу кезінде болуы мүмкін.

Су басулар адам өлімімен, тұрғын және кәсіпорын нысандарының қирауымен байланысты, мал басының өлім - жітімі мен дәнді дақылдардың құруымен, сондай-ақ қоршаған ортаға кері әсерін тигізумен айтарлықтай шығынға ұшыратады.

Су тасу – жыл сайын белгілі бір климаттық жағдайда мерзім сайын қайталанатын, шағын су көлемімен, жоғарғы және ұзақ мерзімді су деңгейінің көтерілуімен сипатталатын және қардың еруімен немесе қар мен мұздықтың бірге еруінен болатын өзеннің сулық тәртібінің фазасы.Су тасуларды көктемдік, көктем – жаздық, жаздық деп бөледі.

Тасқын – жылдың бір мезгілінде бірнеше peт қайталанатын, жиілігімен, әдетте, қысқа мерзімді су шығыны мен су деңгейлермен сипатталатын және жауын – шашыннан немесе жылымық кезіңдегі қардың еруінен болатын өзеннің сулық тәртібінің фазасы.

Апаттық тасқын - қирау мен құрбандыққа алып келетін, көлемі жағынан көрнекті, қайталануы жағынан сирек тасқын. Апаттық тасқын түсінігі, сондай — ақ салдары қиратуға алып келген су тасуға да қатысты қолданылады.

Цунами – су асты және жағалаулардағы жер сілкінісі кезінде пайда болатын теңіз толқындары. Қазақстан үшін орын алуы екіталай құбылыс, алайда Каспий теңізі айлағында орын алу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды.

Қар көшкіні – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын келтіретін, жылдам әрі кенеттен болатын қардың және (немесе) мұздың таудың тік баурайымен қозғалуы.

Қар көшкіні қауіпі бар аймақ – адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін қар көшкіні қауіпі бар таулы аймақ.

Қар көшкінінің тууына ықпал ететін маңызды факторлар қалың қар мен таудың тік баурайлары болып табылады.



Қар көшкініне қарсы қорганыс — қар көшкіні тектес процесстердің тууының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ атқарушы билік немесе өзін -өзі басқару органдарын және халықты қар көшкіні қаупі туралы дер кезінде хабарлаңдыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі - техникалық іс – шаралардың жиынтығы.

Қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен процесстер. Қауіпті метеорологиялық құбылыстар – адамдарға, ауьлшаруашылық малдарына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін атмосферада әртүрлі табиғи факторлардың немесе олардың қосыңдысының ықпалынан туындайтын табиғи процесстер мен құбылыстар.

Дауыл жылдамдығы 32 м/с асатын (115 км/с аса), айтарлықтай ұзақтығы мен қираткыш күші бар жел.

Теңіз дауылы — ұзақ уақытты, 20м/с аса жылдамдықпен соғатын өте күшті, теңізде қатты толқын және құрғақ жерде қирату тудыратын жел.

Дауыл (кенеттен соққан) - жел бағытының өзгерісімен қоса жүретін конвекциялық процестермен байланысты 20-30 м/с жылдамдықпен соғатын желдің кенеттен қысқа мерзімді күшеюі.

Күшті жел – ауаның жер бетімен салыстарғандағы 14м/с аса жылдамдықпен қозғалуы.

Ала құйын – ауаның айналмалы тік немесе көлбеу ось бойымен қозғалатын атмосфералық түзілісі. Құйындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы шамамен 100м/с.

Құйын - айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары, диаметрі 1000 м болатын, үлкен қиратқыш күшке ие ұсақ масштабты атмосфералық күшті ала құйын.

Ұзаққа созылған жауын – бірнеше тәулік тоқтамай немесе ұзақ дерлік мерзімде жауатын, тасқынға, су алу мен су астында қалуға алып келетін сұйық атмосфералық шөгінділер.

Қатты қар басу - көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік қозғалысын қиындататын қардың қарқынды ұзақ жаууы. Жауын-шашын мөлшері 12 сағатта және одан төмен уақытта 20мм және одан аса болады.

Қатты боран (күртік қар) – көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік магистралын қар басуға алып келетін, қардың жаууымен бірге болатын қатты желдің жер бетіне қарды тасымалдауы. Ұзақтығы 12 сағ. және одан да жоғары, басым жағдайда желдің жылдамдығы 15 м/с және одан да жоғары.

Қатты көк тайғақ – салқындаған тұман немесе жауын тамшыларының қатуы кезіндегі жердің немесе заттардың бетіндегі мұздың қалың қабаты. Желілер бойындағы қатқан мұздың диаметрі 20 мм және одан да көбірек болады.

Бұршақ – жылдың жылы мезгілінде қатты мұз түрінде, әдетте найзағай кезіндегі нөсер жауынмен бірге жауатын атмосфералық шөгінділер. Бөлшектердің диаметрі 5 мм – ден 15 см – ге дейін жетеді.

Нөсер (қатты жауын) – үлкен қарқынды қысқа мерзімді атмосфералық шөгінділер, әдетте жаңбыр түрінде (кейде қар түрінде) жауады. Жауын-шашын 12 сағат және одан аз, мөлшері 50 мм және одан да көп болады; таулы, сел және қар көшкіні қауіпі бар аймақтарда 12 сағ. 30мм және одан аса.

Найзагай – түйдек – жауын бұлттарының дамуымен байланысты бұлттар мен жер беті арасындағы дүркін – дүркін электр зарядтарымен, дыбыстық құбылыстармен, қатты жауын – шашынмен, бұршақпен қоса жүретін атмосфералық құбылыс.

Қатқақ - ауаның қолайлы орташа тәуліктік температурасы кезіңдегі жер бетіндегі ауа температурасының 0°С – ге дейін және одан да төмендеуі.

Ауа температурасының күрт төмендеуі, жоғарылауы – қысқа уақыт кезеңі ішіндегі ауа температурасының аномалды төмендеуі немесе жоғарылауы. Ауа температурасының 1-2 тәулік ішінде 10°С-ге және одан аса өзгеруі.

Қатты тұман - 12 сағ. Және одан ұзақ уақытта 100 м – ге дейін және одан да төмен болатын, жер бетіндегі ауаға тікелей асылған, көру мүмкіндігінін айтарлықтай нашарлауымен қоса жүретін, сұйық түрге айналған заттардың тамшы немесе кристалл түрінде топталуы.

Шаңды дауыл – көру мүмкіндігінің төмендеуімен, тұқым және жас өсімдіктермен қоса топырақтың жоғарғы қабатының үрленуімен, егістікті және көлік магистралдарын құм басумен сипатталатын үлкен көлемдегі шаңның немесе құмның қатты желмен тасымалдануы. Ұзақтығы – желдің басым кезінде 15 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен 12 сағ. және одан да жоғары.

Құрғақшылық – жоғарғы температура және ауа ылғалдығының төмендеуін қоса алғандағы, ұзақ мерзімді жауын – шашынның болмауы түріндегі метеорологиялық факторлардың жиынтығы, өсімдіктердің сулы тепе – теңдігінің бұзылуына және олардың қурауына алып келеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 20 күннен астам сақталып тұруы, (күндіз) ылғалдық қоры жердің метрлік қабатында 35 мм және одан төмен болған кезінде 30% - дан аз.

Аңызақ жел – ұзақ уақыт бойы жоғарғы температураның сақталуы. Орташа тәуліктік ауа температурасы желдің жылдамдығы 5 м/с және одан да жоғары ауаның ылғалдығы 30% аз болады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары.

  2. Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар

  3. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері

  4. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы

Дәріс №4. Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері

Жалпы сұрақтар

  1. Табиғи және техногенді қауіптіліктер көздері.

  2. Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері.

Табиғи және техногенді қауіптіліктер көздері.

Химиялық, мұнай химиялық, мұнай газ өндіретін кәсіпорын өнеркәсібіндегі өртер мен жарылыстар. Нысанды пайдаланудың техникалық деңгейінің төмендігі, техникалық процесстермен басқару жүйесінің және өртке қарсы қызметтің жетілмегендігі, құрал – саймандардың ескіруі салдарынан бұл сала өзінің жоғары авариялылығымен ерекшеленеді. Аталған сала кәсіпорындарындағы өрттер өте қауіпті, өйткені сыртқа шыққан мұнай жанған кезде мұнайы бар қоймаға, компрессорлы қондырғыларға, мұнай құбырларына от шашады.

Химиялық және мұнай химия өнеркәсібіндегі авария себебінің сараптамасы көрсеткендей, соңғы онжылдықта олардың басым көпшілігі (95%) көптеген химиялық заттардың жарылуымен байланысты, оған қоса, 54% - аппаратура ішінде, ал 46% - өндіріс бөлмелері мен сыртқы құрылғыларда. Көп жағдайда аварияның шығуы мен атмосферада өрт және жарылыс қауіпі бар заттардың жарылысы қираулардың, шығындардың, одан кейінгі кең көлемді өрттердің негізгі себебі болып табылады. Нысанда бар немесе бақыланбайтын химиялық реакциялар кезіндегі синтезделетін химиялық заттар авария кезінде үлкен аумақта улы кеңістік зақымдаушы түзуге қабілетті.



Өрт және жарылыс қауіпі бар кәсіпорындардағы өрттер мен авариялар.

Аса қауіпті, алдын ала болжауға болмайтын, ауыр зардапты өрттер мен жарылыстар өрт және жарылыс қауіпі бар кәсіпорындарда орын алады. Өрт және жарылыс қауіпі бар заттарды сақтайтын орын мен қоймаларда төтенше жағдайлар жиі орын алады. Өрт және жарылыс қауіпі бар заттарды көп көлемде сақтайтын қандай да бір қоймалардың зақымдануы жаппай өрттермен қатар жүріп, кәсіпорынның өндірістік және материалдық қорының 80-90% -ын жоюы мүмкін.



Қирау. Ғимараттардың, құрылыстардың және инженерлік тораптардың қирауы бейбіт кезеңде төмендегі себептерге:

  • ескіру мен материал құрылыстарының коррозияға ұшырауына алып келетін табиғи факторлардың және олардың физика – механикалық сипаттамаларының төмендеу: әуе кеңістігінің, атмосфералық ылғалдықтың, жер асты суларының, жердің сортандануы мен отыруы, ауаның жағымсыз температурасы, жер қыртысындағы қаңғыма тоқтар, бөрененің шіруі және т.б. алып келетін биологиялық факторлар әсеріне;

  • қирауға алып келетін: дауылдар, құйындар, цунамилар, нөсерлер, су тасқындары, су басулар, жер сілкіністері, опырылмалар, сел тасқындары, қардың құлауы және т.б. апаттарға;

  • құрылыстар мен техникалық жүйелердің өндірістік – жобалаудағы ақауларынына: қарастыру мен жобалау кезіндегі қателіктер, құрылыс жұмыстарын жүргізудің немесе құрылыс материалдарының және конструкциялардың сапасыздығына;

  • материалдарға және конструкцияларға технологиялық процестердің: қосымша жүктемелер, жоғарғы температуралар, дірілдер, тотықтырғыштар, булы газдық және сұйық агрессивті орта, минералды майлар мен эмульсиялардың әсеріне;

  • құрылыстардың, техникалық жүйелердің пайдалану ережелерінің бұзылуы және осының салдарынан бензин буының, химиялық заттардың, газдың, дән элеваторларындағы және т.б. пайда болатын өрттер мен жарылыстар салдарына байланысты болады.

Құрылыстардағы ірі қираулардың сараптамасы көрсеткендей аварияның басты себебі – монтаждық – құрылыс жұмыстардың төменгі сапасы. Сондай – ақ металл және темірбетон конструкцияларының монтаж ережесінің бұзылуы, материалдарды басқа бір материалдармен алмастыру, ғимаратты (құрылысты) ірі ақауларымен пайдалануға беру, беріктік қорының жетіспеушілігі аварияға жиі алып келеді.

Ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың кенеттен қирауы үлкен материалдық шығынға алып келеді, кей жағдайларда адамдардың құрбан болуымен қатар жүреді.



Транспорттагы төтенше жағдайлар. Транспорттық оқиғаларды топтастыру. ҚР трнспорт және коммуникация министірлігі бекіткен Транспорттық оқигалардың тергеуін сотпен жүргізу Ережесіне сәйкес ішкі су жолдарындағы транспорттық оқиғалар авариялар және эксплуатациялық оқиғаларға бөлінеді:

Аварияға жататындар:

  • нәтижесінде адамдар қаза тауып немесе ауыр дене жарақатын алған транспорттық оқиғалар;

  • толық конструкциялық қирау, құтқарумен бірге жүретін кемелердің суға батуы;

  • бірінші кеме кірген кезден бастап, тап сол аймақтағы жолда немесе шлюзде 72 сағат және одан аса қозғалыстың тоқтауын алып келген, немесе кеменің гидротехникалық құрылыстың зақымдауы;

  • транспорттық оқиға кезіндегі мұнайдың, мұнай өнімдерінің 10 тоннадан астам төгілуі;

  • кеменің баска кемені зақымдауы.

Экстуатациялық оқигаларга жататындар:

туындаған салдарына тәуелсіз транспорттық оқиғалар, адамдардың өлімі мен ауыр жарақаттарынан болмауы, басқа кемелерге көмек көрсету, күшті зілзала әрекеттерінің нәтижесінде, мұзды жағдайда кемелердің жұмыстары кезінде.



Транспорттық авария - өзімен бірге адам өліміне, зардап шеккендерге ауыр дене зақымдануына соғатын, транспорттық құралдар мен ғимараттарды зақымдауға және жоюға немесе қоршаған табиғи ортаға шығын әкелетін транспорттық авария.

Қауіпті жүк - өздеріне тән құрамына сәйкес, тасымалдау немесе тиеу кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыру, қоршаған табиғи ортаны, транспорттық ғимараттарды, құралдар мен басқа да заттарды зақымдау және құрту мүмкіндігіне ие қауіпті заттар, материал, өнім мен өңдіріс қалдықтары.

Авиацияльқ транспорттагы төтенше жағдайлар. Авиациялық транспорттағы төтенше жағдайлар деп әуе кемелерінің ішінара немесе толық қирау жағдайын айтады. ТЖ басты себебі «адамдық фактор», авиапарктің, техниканың ескіруі болып табылады.

Авиациялық апат – адамдардың өлімі мен із – түссіз жоғалуына, зардап шегушілердің дене жарақатына немесе кеменің және ондағы тасымалданатын материалды құндылықтардың зақымдануына алып келетін, ұшу немесе пайдалану кезіндегі әуе кемесіндегі қауіпті оқиға.

Авиациялық авария деп адам шығынынсыз, алайда әуе кемесінің айтарлықтай зақымдануына алып келген авиа оқиғаны айтады.

Авиациялық сыну деп ұшу қауіпсіздігін төмендететін жағдайды айтады.

Теміржол транспорттпарындағы төтенше жағдайлар. Теміржол көлігіндегі ТЖ себептерінің қатарында алдыңғы қатарда (25%) келе жатқаны релстен шығып кету болып отыр. Теміржолдағы апат пен авариялардың 25% - ы поездардың күтпеген жерден автомобиль және жүк транспорттары, велосипедшілермен соқтығысуы салдарынан орын алады. Мұндай жағдай көбіне темір жол үстінен өтетін жерлерде болады. Мұндай ТЖ – ға тән сипат ретінде транспорттық құралдардың темір жол өтетін жерді кесіп өту ережелерін дұрыс сақтамауы себеп болады.

Темір жол қозғалысын басқару жүйесіндегі тәртіптің бұзылуы составтың бос емес жолға түсуіне және соғысуына алып келеді. Мұның себебі аса күрделі темір жол авариясы мен апатына алып келетін станция жолдарындағы маневрлік жұмыстар тәртібінің бұзылуы болуы мүмкін.



Қауіпті жүктер, әсіресе ҚӘУЗ бар қозғалыстағы составтың соғысуы мен шығып кетуі жыл санап өсуде. Мұндай ТЖ алып келген шығын, әдетте өте жоғары болып келеді, өйткені апат салдарын жоюдан басқа, қосымша зақымдаушы факторларымен де күресуге тура келеді.

Темір жол транспорттарыңдағы көптеген ТЖ себебі жарылыстар мен өрттер болып келеді.

Жол жүру бағытындағы жолаушы поездарында орын алатын өрттер айтарлықтай материалдық шығын алып келеді. Аса үлкен қауіпті вагондардағы өрттер тудырады. Мұндай өрттер көбіне қызмет көрсетуші персонал мен жолаушылардың отты абайсыз пайдалануынан туындайды. Өрттердің 26% жағдайы электр құрылғыларындағы ақаудан, ал аса ауыр зардаптарға алып келетін өрттер, өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзудың салдарынан орын алады. Бұл жағдайда ең үлкен қауіп, вагондағы жалпы тұтанудың пайда болу немесе жанғыш сұйықтықтың жану, шыға берістің отпен немесе жанғыш заттармен қоршалуы, сөндіру құралдарының аз нәтижелілігі және жолаушылар арасындағы үрей нәтижесінде орын алатын қуатты тұтану ошағының болуында жатыр.

Темір жол авариялары мен апаттары кейде дауыл, қарлы және құмды боран, опырылма және сырғыма, су басу, нөсерлі жауын – шашын, жер сілкінісі сияқты табиғат құбылыстарының салдарынан да орын алады. Олар жолдарды зақымдайды, электр желілерін үзеді, көпірлер мен бөгеттерді қиратады, көру мүмкіндігін төмендетеді. Осының барлығы қозғалыс қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді.

Поездың апатқа ұшырауы – жолаушы немесе жүк поезының басқа поезбен немесе қозғалмалы составпен соғысуы, поездағы қозғалмалы составтың екі аралықта және станцияда шығып кетуі салдарынан адамдардың қаза табуы мен жаралануы, локомативтің сынуы немесе вагондардың мүлік тізімінен шығуына дейін баруы, болмаса сол аумақтағы қозғалыстың толық тоқтауы соғысудың немесе қозғалмалы составтың шығып кету салдарын жоюдың нормативті уақытынан асып кетуі.

Темір жол авариясы – бір немесе бірнеше темір жол қозғалмалы составының күрделі жөндеуден өтуге дейінгі деңгейде зақымдалуы мен бір немесе бірнеше адамның қаза табуы, зардап шеккендерге әр түрлі сипатта дене жарақатын, не болмаса нормативтік уақыттан асатын уақытта қозғалыстың толығымен тоқтап қалуына алып келген темір жолдағы авария.

Автомобиль транспорттарындағы төтенше жағдайлар. Әлемде автомобильді жол – көлік ТЖ салдарынан жыл сайын 300 мыңға жуық адам қаза тауып, 8 млн. адам жарақат алады. Автожолдық жарақат әлемдегі халық арасындағы өлім себебінің үшінші орнын алады.

Жол - көлік апаты деп (ЖКА) механикалық транспорт құралдарының қозғаласы кезінде орын алған және өзімен бірге адамдардың қаза табуы мен дене жарақатын, транспорт құралдарының, ғимараттардың, жүктердің зақымдануын немесе басқа да материалдық шығын алып келген оқиғаны айтамыз. Механикалық транспорт құралдарына жататындар: автомобильдер, мотоцикльдер, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, трамвайлар, троллейбустар, тракторлар және басқа да өзі жүретін механизмдер.

Жол – көлік апатын бірнеше негізгі түрге бөледі.



Соқтыгысу – қозғалыстағы механикалық транспорт құралдары өзара немесе темір жол составымен соқтығысуы кезіндегі оқиға.

Аударылу – қозғалыстағы механикалық транспорт құралы тұрақтылығын жоғалту және аударылу кезіндегі оқиға.

Автотрансторттағы ТЖ басты себептерінің қатарына жататындар:



  • қозғалыс ережесінің бұзылуы;

  • жылдамдықты жоғарылату;

  • автокөлікті мас күйінде жүргізу;

  • жолдың нашар жағдайы, метеожағдай;

  • автокөліктегі ақау.

Ең үлкен қауіпті жолаушылардың қозғалыс жылдамдығын жоғарылатуы салдарынан орын алған ЖКА тудырады. Аталған статистика көрсетуі бойынша 115 км/сағ жылдамдықпен соғысу – жүгізушінің 100% қаза табуына алып келеді.

Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері

Ядролық қару - уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды ыдырауынан болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегінің (дейтерий мен тритий) жеңіл ядролық изотоптары синтезінің термоядролық реакциялары кезінде бөлініп шығатын ішкі ядролық энергияны пайдалануга негізделген осы замангы зақымдау құрал.

Ядролық жарылыс кезінде мынадай зақымдаушы факторлар пайда болады:

•   сокқы толқыны;

•   сәуле жарқылы;

•   өткіш радиация;

•  жердің радиоактивтік ластануы;

•  электромагниттік импульс.

Ядролық ұрыс жабдықтарға ракеталардың, торпедалардың жарылатын бөліктері, ядролық бомбалар, артиллериялық снарядтар, тереңдікте жарылатын бомбалар, миналар (фугастар) жатады.

Ядролық ұрыс жабдықтарынын қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді. Тротилдік эквивалент - әдеттегі жарылғыш заттың (тротилдің) массасы, оның жарылғыш энергиясы сол ядролық жарылғыштың жарылыс энергиясына тең болады. Тротилдік эквивалент тоннамен, килотоннамен және мегатоннамен өлшенеді.

Қолдану мақсатына қарай ядролық жарылыс түрлері мынадай түрде болуы  мүмкін:

•   биіктегі ядролық жарылыс;

•   әуедегі ядролық жарылыс;

•   жер бетіндегі (су үстіндегі) ядролық жарылыс;

•  жер астындағы (су астындағы) ядролық жарылыс (1 сур.).

ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЗАҚЫМДАУШЫ ФАКТОРЛАРЫ:

I. Соққы толқыны, түрлері: ауа соққы толқыны; су соққы толкыны; сейсмо толқындар (грунттағы). 1 сурет - Ядролық жарылыс түрлері

Ауа соққы толқыны - жарылыс орталығынан жан-жақка дыбыстан тез жылдамдықпен тарайтын күшті сығылған ауа аймағы. Ауа соққы толқынының қуат көзі - жарылыс орталығындағы миллиард атмосфераға дейін жететін жоғарғы қысым. Ядролық жарылыстың жанған өнімдері тез таралып, төңірегіндегі ауа қабаттарындағы қысым туғызады. Тығыздалған ауа массасы одан әрі ұлғаяды да, қысым келесі қабаттарға өтеді. Осылайша қысым тез бір қабаттан екінші   қабатқа өтіп ауа соққы  бөлігі ауа соққы толкынының аймағы деп аталады. Сығылған ауа массаның ұлғаю есебінен оның кабатының қалыңдығы өсе түседі де өзінің жолындагы құрылыстар мен басқа да объектілерді қиратып, ашық жердегі адамдарды зақымдайды. Ауа соққы толқынының қирату күші мен әсер ету радиусы жарылыстың түрі мен қуатына, жер бедеріне, ауа райы жағдайларына байланысты болады. Ауа соққы толқынының зақымдау әсерін айқындайтын негізгі көрсеткіштері:

артық қысым; ауа ағынының жылдамдығы (жоғарғы ауа екпіні) артық қысымының әсер  ету уақыты.

Ауа соққы толқыны әсер еткен кезде, сондай-ақ оның қосалқы зақымының үйлер мен ағаштардың және басқадай заттардың ішкі органдары зақымдануы, контузия және әртүрлі зардапты жарақаттар артық қысым 20-40 кПа (0,2-0,4 кг/см2) болғанда, мұнда адам мертігеді, естуі нашарлап, контузия алады (жеңіл жарақат). Артық қысымның мелшері 40-60 кПа болған кезде адам орташа жарақат алады: ол ауыр контузия алады, есту мүшелері зақымданады, мұрын мен құлақтан қан кетеді, аяқ пен қол буыны шығады. Ауыр жарақаттану артық қысым мелшері 60-100 кПа болған кезде байқалады. Ол ауыр контузия алумен, аяқ-қолдардың сыныуымен, құлақ пен мұрыннан күшті қан кетуімен сипатталады. Өте ауыр жаракат артық кысым 100 кПа-ден жоғары болған кезде байқалады. Өте ауыр жарақат адамның өліміне келдіреді.

Соққы толкынының әсерінен қорғанудың негізгі құралдары: паналау ғимараттары, радиациядан қорғану орындары, адамдардың паналауына ыңғайлап жасалынған метрополитендер мен шахталар, қарапайым паналау орындары (ор, жыра).

Үйлер мен ғимараттарды қирату дәрежесіне қарай ядролық зақымдау ошагын мынадай төрт аймаққа: толық, күшті, орташа және әлсіз қирау аймақтары деп бөлу қабылданған.

II. Сәуле жарқылы - ядролық  жарылыстың зақымдаушы  факторы,   ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелерден түрады.

Сәуле жарқылы пайда болғаннан кейін секундтың алғашқы үлесінде температура миллиондаған градусқа жетеді және ультракүлгін сәулелер басым болады, ал отгы шардың суыну дәрежесіне қарай көрінетін және инфрақызыл сәулелер басым болады.

Жарықтың сәуле шығару көзі - жарылыстың жарық шығару бөлігі, бұл бөлік жарылыстың 8000-10000°С температураға дейін қызып, балқыған газ түріндегі өнімдерінен түрады.

Ол адамдар мен жануарлар терісінің ашық бөліктерін күйдіріп (I - IV дәрежелі күйік туындайды), көзді зақымдайды, өнеркәсіп нысандарда, елді мекендерде және ормандарда өрт тудырып, түрлі материалдарды тұтандырады.

Түрлі заттардың көлеңкелері сондай-ақ паналау ғимараттары мен паналау орындары қорғаныш бола алады.

III. Өткіш радиация  - ядролық жарылыс кезінде пайда болатын  гамма-сәулелер мен нейтрондар ағыны. Өткіш радиацияның көзі - ядролық реакциялар. Өткіш радиацияның әрекет ету мерзімі 10-15 секундтан аспайды.

Өткіш радиацияның зақымдау әсерін айқындайтын негізгі көрсеткіші: иондаушы сәуле дозасы. Иондаушы сәуле дозасы (радиация дозасы) дегеніміз белгілі бір ортада иондаушы сәуленің әсер ету шегі. Ол төмендегіше бөлінеді:



  • жұтылған доза — сәулеленген ортанын масса бірлігі жұтқан  энергия, ол халықаралық (СИ) жүйе  бойынша грэймен (ГР) өлшенеді. 1ГР = 1 Дж/кг. Дозаның   жүйеде   жоқ   бірлігі - "рад" болып   табылады (рентгенің биологиялық эквиваленті). 1 ГР=100 рад ; 1 Р = 1 рад

  • экспозициялық доза — ауанын иондалуы бойынша кл/кг (кулон кг-ға) өлшенетін рентген және гамма-сәуленін мөлшері. Жүйеде жоқ бірлігі - рентген (Р) қолданылады. Рентген - гамма-сәуленің мөлшері, оның әсерінен температурасы 0°С, қысымы сынап бағанасы бойынша 760 мм 1 см3   құрғақ ауада 2 млрд. жұп ион пайда болады.

  • эквиваленттік доза – ағзадағы радиациялық қауіпінің биологиялық әсер етуі мен дәрежесін анықтайтын және зивертпен ("ЗВ") өлшенетін доза. Жүйеде жоқ бірлігі - "бэр" (рентгеннің биологиялық эквиваленті). 1 бэр =1 Р;   1 ЗВ = 100 бэр

 Өткіш радиацияның зақымдаушы әрекеті адамдардың сәулеленуін тудырады, зақымдаушы фактордың мәні: гамма-сәулелер мен нейтрондар жасушаның молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бұзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәулеленуіне шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады.

Үсті жабылған жаралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары, сондай-ақ қорғаныс киімдер өткіш радиация әсерін күрт әлсіретеді.

Әр түрлі материалдардың гамма-сәуле жарқылын әлсіретуін сипаттау үшін жартылай әлсірету қабатының жарты мөлшері, яғни, гамма-сәуле жарқылының жиілігін екі есе әлсірете алатындай материал қабатының қалындығы пайдаланылады.

IV. Жердің радиоактивтік ластануы - ядролық жарылыс бұлтынан жауған радиоактивті заттар жерге түсіп жерді ластайды.

Радиоактивті заттардың көздері:

• ядролық зарядтың ыдырау өнімдері, сәуле шығаратын альфа-бета бөлшектері мен гамма-сәулелері;

• ядролық зарядтың реакцияға қатыспаған бөлшектері (уран,  плутоний);

• бетабөлшектері мен гамма-сәулелері сәулелендірген топырақтағы  нейтрондардың әсерінен пайда болған радиактивті заттар (топырақтағы радиоактивтілік).

Радиоактивтілік - бірқатар химиялық элементтердің (уран, радий, фторий және т.б) өзінен-өзі ыдырауы және көзге көрінбейтін сәулелер (альфа және бета бөлшектер, гамма-сәулелер) шығару қабілеті.

Бұл радиоактивті элементтер жартылай ыдырау кезеңімен, яғни барлық атомдардың жартысы ыдырайтын уақытпен өлшенетін қатаң белгілі бір жылдамдықпен ыдырайды. Түрлі радиоактивті заттар үшін жартылай ыдырау кезеңі секундтың бірнеше белігінен миллиардтаған жылдарға дейінгі кең шектің аралығында болады (цезий - 33 жыл, стронций - 28-30 жыл, плутоний - 24 мың жыл).

Ағзада жайылуына қарай барлық радиоактивті изотоптар 4 топқа бөлінеді:

- сүйекте жиналатын (стронций, радий, кальций, уран).

- бауырда жиналатын (церий, плутоний);

- бірдей бірнеше мүшелерде (бауырда, бүйректе, бұлшық етте және т.б.) жиналатын (тритий, цезий).

- тек бір мүшеде (йод - қалқанша безде, цинк - ұйқы безде).



Радиация деңгейі — бұл радиоактивті сәулелердің қарқындығы, зақымданған жерде белгілі уақыт ішінде адамның сәуленуы мүмкін доза қуаты. Жердің радиоактивті заттармен ластануы Р/сағ өлшенеді. Радиацияның деңгейі 0,5 Р/сағ және одан да жоғары болған кезде жер зақымданған деп есептеледі.

Негізгі өзгешілігі: радиация дәрежесі "7-10" принцип бойынша бәсендей береді, яғни 7 мәрте уакыт өткен сайын радиация деңгейі кез келген нүктеде шамамен 10 есе төмендейді.

Киімге және теріге қонған радиоактивті заттар, сондай-ақ гамма-сәулелерімен сәулеленуы адамдар мен жануарларда сәуле ауруын тудырады.

Радиоактивті зақымнан қорғанудың негізгі әдістері - қорганыс құрылыстарына (паналау ғимараттарына, радиациядан қорғайтын паналау орындарына, қарапайым паналау орындарына) адамдарды паналату және жеке құраддарын пайдалану.

V. Электромагниттік импульс. Ядролық жарылыс кезінде электрлі және магнитті өрістер пайда болады, өте қысқа мерзімде ғана болғандықтан оларды электромагниттік импульс деп атайды.

 Электромагниттік импульс байланыс аппараттарына зиян келтіріп, сыртқы желілірге қосылған электр қондырғыларының жұмысын істен шығарады. Адамға әсері жоқ.

РАДИОАКТИВТІК ЛАСТАНУ АЙМАҒЫ

Түзілген радиоактивтік бұлт желдің екпінімен қозғалады. Одан жауған радиоактивтік заттар жерде көзге көрінбейтін радиоактивтік тозаң іздерін құрайды. Радиоактивтік заттар жауған аудандарда жер бірдей ластанбайды. Ең күшті ластану жарылысқа таяу манда болады, ал одан алыстаған сайын азая береді. Жазық жерде радиоактивтік бұлт ізі эллипс формаға йе болады.

Радиоактивтік ластану 4 аймаққа бөлінеді:

• А аймағы (баяу радиоактивтік ластану аймағы);

• Б аймағы (күшті радиоактивті ластану аймағы);

• В аймағы (қауіпті радиоактивті ластану аймағы);



• Г аймағы (төтенше қауіпті радиоактивті ластану аймағы) (2 сур.).

Аймақ радиация деңгейімен (Р1) және экспозициялық доза (Д) мөлшерімен өлшенеді.

 

2 сурет - Радиоактивтік ластану аймағы



 

ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМ ОШАҒЫ

Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының әсерінен өрт, жаппай қирау, коммуналдық-энергетикалық тораптарда апаттар, жердің радиоактивті ластануы және халық арасында едәуір шығын пайда болатын аумақ.

Ядролық зақым ошағының аумағы қолданылған қарудың мөлшері мен қуатына, жарылыстардың түріне, құрылыстың сипатына, жер бедеріне (акватория терендігі) және ауа райы жағдайларына байланысты.

Қирау сипатына қарай және құтқару жұмыстарының көлемін белгілеу үшін ядролық зақым ошағын 4 аймаққа бөледі:

•   толық қирау аймағы;

•   күшті қирау аймағы;

•   орташа қирау аймағы;



•   әлсіз қирау аймағы (3 сур.).

 

 3 сурет - Ядролық зақым ошағы       



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Химиялық, мұнай химиялық, мұнай газ өндіретін кәсіпорын өнеркәсібіндегі өртер мен жарылыстар

  2. Транспорттагы төтенше жағдайлар

  3. Ядролық қару, зақымдаушы факторлары

  4. Радиоактивтік ластану аймағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет