ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет9/12
Дата26.06.2018
өлшемі0,8 Mb.
#45032
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3 жас дағдарысы. Ерте балалық шақ және мектепке дейінгі жас арасында 3 жас дағдарысы болады. Бұл бала өмірінің неғұрлым қиын сәттерінің бірі. Өзінің “Менінің” бөлініп шығу дағдарысы, әлеуметтік қатынастар жүйесін қайта қарау . Бала бағыты өзгереді. Егер де жаңа қатынастар дұрыс қалыптаспаса, оның ұсынысы қолдау таппаса, дербестілік шектеледі, балада үлкендермен қарым-қатынасында көрінетін дағдарыстық құбылыстар пайда болады. Л.С.Выготский және оның ізінен Э.Келер 3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын суреттеейді. Олардың біріншісі- негативизм. Бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы болуы да мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпта қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше жасау.

Ес. Мектепке дейінгі кезең – ес процесінің дамуы үшін ең қолайлы кезең. Бұл кезеңде ырықсыз ес басым. Себебі, бала бір нәрсені есінде сақтау үшін ешқандай мақсат қоймайды. Ол үшін қызықты оқиға, әрекеттер жеңіл есте қалады, сондай-ақ сөздік материал есте жақсы сақталады. Ертегі, әңгіме, кино кейіпкерлері есте жақсы сақталады. Мектепке дейінгі жастың орта шенінде (4-5 жасқа қарай ) ырықты ес қалыптаса бастайды. Саналы, мақсатты түрде есте қалдыру тек эпизодты түрде көрінеді. (Ойынның түріне қарай атқарылатын әрекеттерді есіне түсіреді).

Қабылдау. Мектепке дейінгі кезде баланың қабылдауы көп жоспарлы болады. Ақырындап апперцепция дами бастайды- қабылдауға өзінің тәжірбиесінің әсері. Жас бойынша апперцепцияның рөлі ұлғая түседі. Қабылдаудың мағыналылығы пайда болады. Оның ішінде ырықты әрекеттер бөлініп шығады- бақылау, байқау, іздеу. Осы кезде қабылдаудың дамуына сөйлеу әсер етеді. Бала қасиеттердің, белгілердің атауын, түрлі объектілердің және олардың арасындағы қатынастар күйін белсенді қолдана бастайды. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерін атайды. Арнайы ұымдастырылған қабылдау құбылысты дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Бала картинаның мазмұнын да дұрыс түсіне алады.

Ойлау. Ойлаудың дамуындағы негізгі бағыт- көрнекі-әрекеттіктен көрнекі-бейнелікке өту .Мектепке дейінгі бала бейнелі түрде ойлайды, бәрақ әлі қисын ой жүгірту дамымаған. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай жалпылауға, байланыс орнатуға деген тенденция байқалады.

Эмоция, мотив және өзіндік сана-сезімнің дамуы

А.Н.Леонтьевтің айтуынша мектепке дейінгі кезең «тұлғаның алғашқы қырларының қалыптасу кезеңі », дәл осы кезде негізгі тұлғалық механизмдер мен құрылымдар қалыптасады. Бір-бірімен тығыз байланысты эмоционалды және мотивациялық сфералар дамиды, өзіндік сана-сезім қалыптасады.



Эмоция. Мектепке дейінгі жастағы балаға сабырлы эмоционалдылық тән, күшті аффективтілік және мәнсіз конфликтілер болмайды. Эмоционалды процестер теңдестірілген. Мектеп жасына дейінгі бала қалай әрекет ете бастайды, оның оның болашақ нәтижесін бейнелейтін эмоционалды бейне қалыптасады. Егер ол үлкендер қолдау көрсетпейтін немесе көңілінен шықпайтын нәтижені көрсе, балада мазасыздану пайда болады. Осы кезеңде эмоционалды процестердің құрылымы өзгереді. Аффектінің мазмұны өзгереді- эмоциялардың шеңбері ұлғаяды. Мектепке дейінгі жастағы балаларда көптеп кездесеін эмоциялар- басқаға жаны ашу, бірге күйзелу - онсыз балалармен біріккен іс-әрекет және қарым-қатынастың күрделі формасы болуы мүмкін емес. Баланың ойлеу елестері эмоционалды сипатқа ие, оның барлық іс-әрекеттері эмоционалды қанық.

Мотив. Осы кезде қалыптасатын ең маңызды тұлғалық механизм мотивтердің бағыныштылығы ол мектепке дейінгі жастың басында пайда болады және ары қарай дамиды. Баланың тұлғасының қалыптасуын мотивациялық сферасының өзгерісімен байланыстырады. Мектепке дейінгі баланың мотиві түрлі күшке және мәнге ие. Осы жаста бала көп заттың ішінен таңдау жағдайында дұрыс шешім қабылдай алады. Ол өзінің талабын басу мүмкіндігіне ие болады. Бұл күшті мотивтің арқасында жүзеге асады, мысалы тартымды ойыншыққа назар аудармау. Осы кезеңде жаңа мотивтер пайда болады. Бала қарым-қатынастың жаңа жүйесіне , іс-әрекеттің жаңа түріне енеді. Бұл мотивтер өзіндік бағалаудың қалыптасуымен байланысты, өзін сүю-жетістіке жету мотиві, жарысу, бақталасу; моральды норманы меңгерумен байланысты мотивтер.

Осы кезеңде баланың индивидуалды мотивациялық сферасы қалыптасады. Баладағы түрлі мотивтер тұрақтылыққа ие болады. Тұрақты мотивтердің ортасында басым мотивтер болады.

Мектеп жасына дейінгі бала этикалық қоғамда қалыптасқан норманы игере бастайды, ол қылықтарды мораль нормасы бойынша бағалауды, өзінің мінез-құлқын осы нормаларға бағындыруды үйрене бастайды. Алғашқыда бала басқа балалар немесе әдебиет кейіпкерлерін бағалауды үйренеді, кейін өзінің әрекеттерін бағалауды үйренеді.

Өзіндік сана-сезім. Өзіндік сана-сезім мектепке дейінгі жастың соңына қарай қалыптасады. Өзіндік сана-сезімнің дамуы өзіндік бағалаумен тығыз байланысты.

Өзіндік сана-сезім дамуының тағы бір бағыты- өзінің күйзелістерін ұғыну.

Осы кезеңге жыныстық теңдестірілу тән: бала өзінің ұл немес қыз екенін түсінеді. Олар өздеріне қатысты мінез-құлық стилін меңгереді. Ұлдардың көбісі күшті, батыл, болуға ұмтылады, көптеген қыздар – ұқыпты, икемді болып келеді. Мектепке дейінгі жастың соңында қыздар мен ұлдар барлық ойында бірге ойнамайды, оларда ерекше ойындар пайда болады- тек ұлдар үшін, тек қыздар үшін.

Өзін уақыт бойынша түсіну басталады. 6-7 жастағы балада өзінің өткен шағы есінде болады, осы шақты және болашақты түсіне бастайды.

Ойын жетекші іс-әрекет ретінде

Рөлдік немесе шығармашылық ойын мектепке дейінгі жаста пайда болады. Бұл балалар өздеріне ересектердің іс-әрекетін және олардың қарым-қатынасын жалпыланған формада, ойын жағдайында қайталайды. Осы кезеңде сюжетпен ойнау пайда болады. Кейінірек бейнелік-рөлдік ойын пайда болады. Режиссерлік және бейнелі-рөлдік ойындар сюжетті-рөлдік ойынның қайнар көзі болып табылады, кейінірек олардың ішінен ережелік ойын бөлініп шығады. Сюжетті-рөлдік ойында балалар адамдардың рөлін және олардың қарым-қатынасын қайталайды. Ережемен ойнауда рөл екінші жоспарға ауысады және басты мәселе ойынның ережесін нақты орындау.

Әрбір ойында өзінің ойын шарты бар – оған қатысатын балалар, қуыршақтар, басқа ойыншықтар және заттар.

Сюжет-ойында көрініс беретін ақиқат сферасы.

Ойын әрекеттерінің, рөлдер мен ойын ережелерінің дамуы бүкіл мектепке дейінгі жасты қамтиды.

Сонымен ойын өзгереді және мектепке дейінгі жастың соңында дамудың жоғарғы деңгейіне жетеді. Ойынның дамуында екі негізгі фаза немесе сатыны бөліп көрсетеді. Бірінші сатыға (3-5 жас) адамдардың шынайы әрекеттерінің логикасы қайталануы тән, ойынның мазмұны заттық әрекет. Екінші сатыда (5-7 жас) адамдар арасындағы шынайы қатынас модельденеді және ойынның мазмұны ересек адамның іс-әрекетінің қоғамдық мәні, әлеуметтік қатынастар.

Ойын- мектепке дейінгі жаста жетекші іс-әрекет, ол баланың дамуына үлкен әсер етеді. Ойында балалар бір-бірімен қарым-қаынасқа түсуге үйренеді.

Ойын тек құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге ғана қабілеттендіріп қоймайды, сондай-ақ баланың ырықты мінез-құлқын қалыптастырады. Өзінің мінез-құлқын басқару механизмі- ережеге бағыну ойында қалыптасады, сосын ол іс-әрекеттің басқа түрінде де көрініс береді.

Ойында сондай-ақ баланың мотивациялық-қажеттілік сферасы дамиды. Іс-әрекеттің мақсатқа байланысты жаңа мотивтері пайда болады.

Ойынның сюжетін және күрделі рөлдерін ойлап табуда, дамыған рөлдік ойында шығармашылық қиял қалыптасады. Ойын ырықты естің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындау. 6 жасар балалардың тұлғасының ерекшеліктері оқу процесінде едәуір қиындықтар тудырады. Мектепке психологиялық дайындық- мотивациялық, интеллектуалды сфералардың және ырықтылық сферасының дамуының жоғарғы деңгейін шамалаушы күрделі құрылым. Әдетте, психологиялық дайындықтың екі аспектісін көрсетеді- тұлғалық (мотивациялық) және интеллектуалдылық дайындық.

Мектепте оқуға тұлғалық дайындық, баланың жаңа әлеуметтік жағдайға ұмтылуы- бұл бастауыш мектеп оқушысының көптеген психологиялық ерекшелігінің қалыптасуына негіз және алғышарт болып табылады. Бұл жерде мектеп міндеттеріне деген жауапкершілікті қатынас орнайды, бала ол үшін қызықты нәрсені ғана орындап қоймайды, сондай-ақ кез-келген оқу жұмысын орындауға тырысады.

Оқуға деген қатынасынан басқа, бала үшін мұғалімге деген, құрбыларына, өзіне деген қатынасы маңызды орынға ие. Психикалық дамуы жоғары балаларға құрбылармен кооперативті-жарыстық қатынас тән. Мектепке тұлғалық дайындыққа өзіне деген белгілі бір қатынастың болуы да кіреді. Өнімді оқу-іс-әрекеті баланың өзінің қабілетіне, жұмысының нәтижесіне, мінез-құлқына деген адекватты қатынасын білдіреді. Оқушының өзіндік бағалауы жоғары болмауы керек. Баланың мектепке тұлғалық дайындығын анықтай отырып оның ырықтылық (еріктілік) сферасының даму ерекшелігін де көрсету қажет. Баланың мінез-құлқының ырықтылығы мұғалім тапсырған талаптарды, белгілі бір нақты ережені сақтауда көрініс береді.



Мектепте оқуға интеллектуалды дайындық. Ойлау процестері-жалпылау, объектілерді салыстыру, жіктеу, айқын белгілерін бөліп шығарумен, қорытынды жасау тәсілдерімен байланысты. Бала танымдық белсенділікке ие болуы керек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуындағы негізгі ұғымдар: балдырғандарды жас кезеңдерге бөлу, мектеп жасына дейінгі балалардың түрлі кезеңдеріндегі іс-әрекеттерінің жетекші түрі, сензитивті кезең, дағдарыс кезеңі, баланың тікелей сезімдік және нақты бейнелеу арқылы дүниетанымның дамуы, баланың шындықты жанама және жалпылау тәсілдері арқылы танымының өсуі, алты және жеті жастағы балаларды мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлау.

Оқудың сәтті басталуымен байланысты баланың мектепке психологиялық дайындығы баланың сәтті дамуын анықтайды.

Оқуға интеллектуалды дайын болмауы тікелей сәтсіз оқу іс-әрекетіне алып келеді.



Негізгі ұғымдар: нәрестелік кезең, сәбилік кезең, ойын, мотив, таным, өзіндік сана-сезім, сюжет, рөл, эмоция, дағдарыс.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



    1. Нәрестелік кезеңге сипаттама.

    2. Сәбилік кезеңге сипаттама.

    3. 3 жас дағдарысына сипаттама.

    4. Ойын және оның бала өміріндегі маңызы.

Әдебиеттер:

1.Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. А, 1986.

2.Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А, 1987.

3.Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1995.

4.Солодилова О.П. Возрастная психология. М, 2005.

5.Немов Р.С. Психология. В 3-х кн. Кн.2. М, 1998


Тақырып. Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірімдік жастағы психикалық даму ерекшеліктері.

Дәрістіңжоспары:



  1. Бастауыш мектеп кезеңдегі психикалық даму жағдайларының жалпы сипаттамасы. Оқу іс-әрекеті жетекші іс-әрекет ретінде.

  2. Мектеп жасындағы ақыл-ой дамуының негізгі қайнар көзі ретінде оқытудың мазмұны.

  3. Жеткіншектік кезең. Шетелдік және кеңестік психологиядағы жеткіншектік кезеңдегі «дағдарыс» ұғымы.

  4. Пуберттаттық кезеңдегі ұлдар мен қыздардың физикалық жетілуі мен жеткіншектердің бастан кешіретін қиыншылықтары.

  5. Жасөспірімдік шақ немесе ерте жастық шақ. Жасөспірімдік шақтағы психоәлеуметтік даму.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың психикалық дамуы

Бастауыш мектеп жасын балалықтың шыңы деп атайды. Бала әлі күнге дейін балалықтың көп қасиеттерін сақтайды- жеңіл ойлау, аңқаулық. Оқу ол үшін- маңызды іс-әрекет.



7 жас дағдарысы.

Бала мектепке 6 жастан барады ма, әлде 7 жастан барады ма ол өзінің дамуының қандай да бір кезеңінде дағдарыстан өтеді. Мұндай дағдарыс 7 жаста немесе 6 жаста тіпті 8 жаста болуы мүмкін.

3 жас дағдарысы өзін ұғынумен байланысты болды. «Мен өзім» деген сөзді қолданып бала әлемді өзгертуге ұмтылды. Енді ол қоғамдық қатынастар әлемінде өзінің орнын ұғына бастайды. Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік позицияны- оқушы позициясын ашады. Л.И.Божовичтың ойынша 7 жас дағдарысы – бұл баланың әлеуметтік «Менінің» туылуы.Өзіндік сана сезімнің өзгеруі құндылықтарды қайта бағалауға алып келеді. Бұрын мәнді болған нәрсесі енді қосалқы болады, ескі қызығушылықтар өзінің оятушы күшін жоғалтады, олардың орнына басқа жаңа қызығушылықтар келеді. Дағдарыс кезеңінде күйзелістердің жоспарында өзгерістер болады, 7 жас дағдарысы кезеңінде Л.С.Выготскийдің атауы бойынша күйзелістердің жалпылануы болады. Үнемі қайталанатын сәтсіздіктердің тізбегі тұрақты аффективті кешендердің – кемшілік сезімі, өзінің мәнділік сезімінің қорлануы, кемсітуі сияқты сезімдердің қалыптасуына алып келеді. Эмоционалды-мотивациялық сфераның күрделенуі баланың ішкі өмірінің қалыптасуына алып келеді. Баланың ішкі және сыртқы өмірінің ажыратылуы оның мінез-құлқы құрылымының өзгеруімен байланысты. Қылықтың мағыналық бағытталған негізі қалыптасады. Бұл болашақ қылықтарды адекватты бағалауға мүмкіндік беретін, интеллектуалды сәт. Өзінің әрекеттерінде мағыналық бағытталу ішкі әлемінің маңызды жағы болып табылады, осы уақытта импульсивтілік және баланың мінез-құлығының өзінділігі жоғалады. Енді бала әрекет етпей тұрып алдымен ойланады, өзінің күйзелістерін жасырады, оған ауыр болса да өзгелерге білдірмеуге тырысады.

Таза дағдарыстық көріністер- қисаңдау,боямалылық, мінез-құлықтың жасанды болуы.



Оқу іс-әрекеті

Бастауыш мектеп жасында балада оқу жетекші іс-әрекет болып табылады. оның белгілі бір құрылымы бар.Д.Б.Эльконин бойынша оқу іс-әрекетінің компоненттерін қарастырамыз.

Бірінші компонент- мотивация. Оқу іс-әрекеті мотивтелген- ол итермелйді және түрлі оқу мотивімен бағытталады. Екінші компонент- оқу тапсырмасы яғни, бала орындау барысында әрекеттің жалпы тәсілдерін меңгеретін тапсырмалар жүйесі. Оқу операциялары әркеттер тәсілдерінің құрамына кіреді. Операциялар және оқу тапсырмалары оқу іс-әрекетінің негізіг буыны болып есептеледі. Төртінші компонент- бақылау. Алғашқыда балалардың оқу жұмысын мұғалім бақылайды. Біртіндеп олар өздері бақылай бастайды. Бақылаудың соңғы кезеңі- бағалау.

Психикалық функциялардың дамуы

Қабылдаудың дамуы- 1 сынып оқушыларында қабылдаудың саралап қабылдау түрі жақсы дамыған (түсін, пішінін дұрыс атағанымен, кейбір ерекшеліктеріне көңіл аудармау). Баланың талдауы мен саралауының дұрыс дамуы үшін тек қана түсінісу мен кейбір қасиеттерін ғана қабылдау жеткіліксіз, ол үшін іс-әрекеттің ерекше түрі – бақылау қалыптасуы керек. Бұл қасиет тек оқу іс-әрекетінің негізінде қалыптасады. Оқу кезінде заттардың қасиеттерін саралап түсіндіру негізінде, қабылдау басқа да танымдық процестермен бірігіп (зейін, ойлау) мақсатты түрде және ерікті қабылдауға айналады.

Зейіннің дамуы- мектепке жаңа келген балада еірксіз зейін басым болады. Мектептегі оқу процесі баланың ерікті зейіні болуын талап етеді. 2-3 сыныпта баланың ерікті зейіні едәуір дамиды. Бірақ баланың зейіні тұрақсыз болады, сондықтан тәжірбиелі ұстаз оқу процесінде әртүрлі әдістер қолданады. (санаудың әртүрлі әдістері). 1-2 сыныпта баланың зейіні ойша әрекетерге қарағанда сырттай әрекет жасауда, тұрақты болады.

Естің дамуы- мектепке жаңа келген бала көбінесе, қатты әсер еткен заттарды ғана есінде ұстайды. Ал оқу процесі барысында көптеген заттарды еріксіз есте сақтау қажет. Осыған байланысты есте сақтау жолдары қалыптаса бастайды. Алдымен бірнеше рет қайталау негізінде, содан соң мағынасын түсініп, есте сақтауды үйрене бастайды. Психологияда мынадай заңдылық бар: қандай зат ақыл-ой әрекетінің заты болса, сол жақсы есте сақталады.2-3 сынып оқушыларының еріксіз есі жақсы дамыған, бірақ осы кезеңде ес процестерінің сапалық өзгерулері болатыны байқалады. Ес екі бағытта дами бастайды- ырықты және мағыналылық. Мағыналық естің дамуы есте қалдырудың рационалды тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді.

Қиялдың дамуы. Бастапқы кезде қиялдағы заттар бір ғана күйде (статикалық) болса, 2 сыныптың соңы 3 сыныптың басында қозғалыс күйінде (динамикалық) өзгерістік күйде қалыптасады. Мазмұндама жаза алу. Қайта жасау қиялы негізінде, оқыған әңгімедегі сюжетті өзгерту, кейбір объектілерді жалпылау жағдайы мен болған оқиғаны уақыт аралығында елестете білу- міне осының бәрі баланың творчестволық қиялын дамытудың алғышартары.

Ойлауының дамуы- бұл екі кезеңнен тұрады. 1-2 сынып ақыл-ой әрекеті мектепке дейінгілердікіне ұқсас болады. Яғни көрнекі-әрекеттік негізде. Заттар мен құбылыстар туралы бір жақты пікірлер басым 3 сыныпқа өткен кезде ойлаудың 2 кезеңі дами бастайды. Бұл кезде әр түрлі ұғымдар мен белгілердің қарым-қатынасын, байланысын түсіну нәтижесінде тектік-түрлік қатынастар ашылады. Заттардың қасиеттеріндегі мәнді маңызды жақтарын түсіне білу абстрактілі немесе жалпылауға жол ашады.

Оқу процесінде бастауыш мектеп оқушысында ғылыми түсінік қалыптаса бастайды. Оқу процесінде ғылыми түсінікті меңгеруі теориялық ойлаудың дамуын көрсетеді.
Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы.

1. 7-8 жастағылар мектептегі моральдық нормалар мен ережелерді дұрыс түсініп, орындай алады.

2.Біріккен оқу процесінде балаларда өзара қарым-қатынас дамиды. Олардың дос болуы- бірге отыруы, бір жақта тұруы- яғни мақсаты мен мүдде ортақтығына негізделген. Олар әлі де болса басқа адамды толық түсіне бермейді. Оқу процесінде белгілі ережелерді ұстану, ерікті зейіні мен есінің дамуы бала эмоциясының өзгеруіне де әсер етеді. Эмоция күйлері тұрақтырақ, өздері ұстамды және саналы әрекет атқарады. 8-10 жастағы балалардың эмоциясы тұрақты (қуаныш, реніш). Кейбір балаларда аффект жағдайлары болуы мүмкін. Негізгі себеп- талап қою деңгейі мен оларды қанағаттандырушылық арасындағы айырмашылық.

“Жеке бас” деген ұғымға Мен деген түсінік те кіреді. Бастауыш мектеп оқушысының жеке басы деген түсінікке оның сыпайылылығы, керісінше осыған қарам-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады.

Бастауыш мектеп оқушысының жеке басына тән қасиеттерін тек “Мен” деген сапа тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, немесе сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай- осы жөнінен де алып қарауға болады.

Мөлшер не норма деп балаға қоятын талаптарды айтады. Бала мектепке келмей тұрып, нені істеуге болатынын, не болмайтынын жақсы біледі. Мектепке келгеннен кейін бұрын орындап көрмеген міндеттерді иегере білуі тиіс.



Жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері (11-15 жас)Пубертатты дағдарыс

Жеткіншектік кезең бала ағзасының қайта құрылуымен байланысты. Яғни дене мүшелері дамып гормондар бөліп шығара бастайды. Бойы және салмағы ұлғаяды. Бойы мен салмақтың өсуі дене пропорциясының өзгеруімен қатар жүреді. Ең алдымен басы ұлғаяды, кейін аяқ жағы мен қолдары ұзарады. Осы кезеңде балалар өздерін қолайсыз сезінеді.

Қосалқы жыныстық белгілер пайда бола бастайды. Ұлдардың дауыстары өзгереді. Қарқынды дамумен қатар жүрек, өкпе, бас миының қан айналымы өзгерістерге ұшырайды. Эмоционалды тұрақсыздық жыныстық жетілу процесімен қатар жүретін сексуалды қозуды күшейтеді. Ұлдардың көбісі бұл қозудың қайнар көзін түсінеді. Осы кезеңде жыныстық теңдестірлу жоғарғы деңгейге жетеді. Ағзаның қайта құрылуының арқасында өзінің сыртқы пішініне қызығушылық пайда болады. Жаңа физикалық “Мен” қалыптасады.
Психикалық функциялардың дамуы.

Танымдық процестеріне келсек, қабылдауында оқу материалын көрнекі материалды, түсінуге интеллектуалдығы қажет болады. Кез-келген жұмыста жеткіншекті ойлауға итермелеп отыру қажет. Еске сақтауда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану осы кезеңде қалыптасады. Өзіндік ерекшеліктерді білу қажеттілігі, өзіне деген қызығу, өзі туралы ойлану- жеткіншек кезеңінің өзіндік ерекшелігі. өз кемшіліктеріне көп көңіл бөлу, бұл кезең бойында сақталады.

Жеткіншектік жаста теориялық рефлексивті ойлау дамиды. Бастауыш жасында қалыптасқан операциялар формальды-логикалық операцияға айналады. Жеткіншек интеллектуалды тапсырманы шеше отырып гипотеза қоя алады. Проблеманы шешуде түрлі бағыттарды іздеуге ұмтылады. Классификация, аналогия, жалпылау сияқты операциялар дамиды. Теориялық рефлексивті ойлау ерекшеліктері жеткіншектерге абстарктілі идеяларды талдауға мүмкіндік береді. Қабылдаудың және естің интеллектуалдылығы дамиды.

Өзіндік сананың ерекше формалары: ересектік сезімі және “Мен тұжырымдамасы” пайда болады. Ересектік сезімі- өзіне ересек адам ретінде қатынаста болу, өзін ересек адам ретінде сезіну. Ересектік сезімі мінез-құлықтың этикалық нормасымен тығыз байланысты. “Мен тұжырымдамасы” - өзі туралы ішкі үйлескен көзқарастардың, бейнелердің жиынтығы.11-12 жаста өзінің ішкі әлеміне деген қызығушылық пайда болады, кейін өзін-өзі тану күрделеніп, тереңдетіледі. Жеткіншек өзінің ішкі әлемін ашады. Жеткіншектік жаста өзіндік бағалау өзінің деңгейі бойынша төмен және тұрақсыз болады. Жеткіншек жастағы “Мен” бейнелері әр түрлі. Физикалық “Мен” өзінің сыртқы көрінісі, тартымдылығы, өзінің ақылы , әр түрлі салалардағы қабілеті туралы көзқарастарының жиынтығы біріге отырып, “Мен тұжырымдамасының” – шынайы “Менін қалыптастырады. өзін, өзінің түрлі қасиеттерін тани отырып “Мен концепциясының” когнитивті компоненті қалыптастырылады. Шынайы “менмен” қатар идеалды “Мен” болады.

Жеткіншектік кезең 11-12, 14-15 жас аралықтарын қамтиды. Бұл жас кезеңі өтпелі, қиын кезең деп аталады. Бұл кезде даму ерекшелігі- (дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік) балалық шақтан үлкендік кезеңге өту. Балада өзін-өзі қайта бағалау, барлық жағынан қауырт өсу болғандықтан қарым-қатынасы, танымдық оқу әрекеттері де өзгереді.

Негізгі даму факторы- жеткіншектің әлеуметтік белсенділігі. Бала дамуында 2 түрлі жағдай 2 жағынан қарама-қарсы әсер жасайды. 1) ересектікке көшуді тежеуші- бала тек оқумен айналысады, өз бетімен маңызды міндет атқармайды, ата-аналары баланы көп нәрседен аластатып, қиыншылық түсірмеуге тырысады; 2) есейтетін фактор: әр жақтан алынатын хабарлардың ағыны, ата-аналардың көбінесе жұмыста болып, балаларға көп көңіл бөле алмауы. Осыған байланысты кейбәр жағдайда баланың өзіндік қасиеттерінің өсуі, акселерация (дене және жыныстық дамудағы секіріс) орын алады.

Жеткіншектік жаста өмірге деген әртүрлі көзқарас қалыптасады, осы кезеңде әр адамға тән адамгершілік және әлеуметтік құрылымдар қалыптасуына негізгі бағыт беріледі. Ересек өміріндегі қарым-қатынасқа ережелерге, өмірдегі құндылықтар көзқарастары қалыптасады.

Балаға қойылатын тілек-талаптар жеткіншек кезеңде үлкендерге қойылатын талаптармен алмаса бастайды. Үлкендердің балаға бағытталған құықтары шектеліп өзінің құқықтары кеңейеді- өзін сыйлауға, жеке адам деп қарауға ересектермен бірдей орын алуға тырысады. Осыған байланысты үлкендермен түрлі қайшылықтарға келу пайда болады (тыңдамау, қарсы тұру), қарым-қатынаста бала арасындағы қатынастан ересек арасындағы қатынасқа көшу. Бұл жерде бұрынғы қарым-қатынас сақталуына бірнеше жағдай әсер етеді:1) жеткіншек қоғамдық тұрғыдан әлі де болса оқушы; 2) ата-анасынан материалдық тәуелділігі; 3) ересек бала бақылап, бағытап отырады; 4) балаға тән қасиеттердің әлі де болса сақталуы;

Білім көлемі, тереңдігі жеткіншекті бағалаудың негізгі критерийіне айналады. Сондықтан да білімді толықтыруға жалпы мәдениетті көтеруге бағытталған әрекеттер жасалынады.

Жеткіншектік реакциялар

Қызығушылық – жеткіншектің бір ерекшелігі, ол жаңа қызық мәнді нәрсені қабылдауға ашық даяр болады.

Әуестену (увлечения)- дәл осы кезеңде белгілі бір іс-әрекетке күшті қажеттіліктің болуы. Д.Б.Эльконин бойынша жеткіншектік кезең оқу іс-әрекетіне өте сензитивті (сезімтал) кезең. Ереже бойынша әуестену оқу сипатына ие болмайды. Мектептегі оқумен тек интеллектуалды-эстетикалық әуестену байланысты болуы мүмкін. Олар, сүйікті - тарих, радиотехника, музыка, сурет сабақтары деген терең қызығушылықпен байланысты болуы мүмкін. Дене -мануалды қызығушылық өзінің күшін нақтылау, шыдамдылық, қандай-да бір мануалды дағдыны игерумен байланысты. Әуестенудің ең қарапайым түрі- ақпаратты коммуникативті әуестену. Жинақтаушы әуестену- коллекция жинаудан көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет