Пәннің ОҚУ-Әдістемелік қҰралы физикалық және коллоидтық химияЗертханалық жұмыс - 30 сағат, СОӨЖ (30 сағат)
УМКД физ химия (1)
6. Әдебиеттері 1. Оспанов Х.Қ., Қамысбаев Д.Х., Абланова Е.Х., Шәбікова Г.Х. Физикалық химия. – Өскемен, ШҚМУ, 1997 ж. – 576 бет. 2. Шәбікова Г.Х. Электрохимия дәрістері – Алматы: Рауан, 1993 ж. – 230 бет. 3. Қоқанбаев Ә.Қ. Физикалық химияның қысқаша курсы. Алматы: Білім, 1996 ж. – 224 бет. 4. Жайлауов С. Физикалық химия. Алматы: Рауан, 1992 ж. – 255 бет. Глосарий Термодинамика – энетгияның әр түрлі формаларының өзара ауысуын зерттейтін физикалық химияның негізгі бөлімдерінің бірі. Ол көптеген тәжірибелердің нәтижесінде тұжырымдалған бірнеше заңға сүйенеді. Термодинамиканың бірінші заңы – энергия сақталу заңына негізделіп қалыптасқан. Ол энергияның жоқтан пайда болмайтынын, әрі өшпейтінін, тек бір түрден екінші түрге ауысып, өзгеріп отыратынын дәлелдейді. Жылу сыйымдылық, деп қысымның немесе көлемнің тұрақты жағдайында заттың берілген мөлшерінің 1 градусқа арттыруға қажетті жылу мөлшерін айтады. Термохимия – химиялық реакциялардың жылу эффектілерін, заттардың жылу сыйымдылықтарын және олармен байланысты басқа шамаларды зерттейді. Термохимияның бірінші заңы (Лавуазье-Лаплас заңы) бойынша: жай заттар өзара әрекеттесіп күрделі зат түзгенде бөлінетін жылу мөлшері сол күрделі зат қайтадан жай заттарға ыдырағанда сіңірілетін жылуға тең. Термохимияның екінші заңы Гесс заңы. Гесс заңы былай тұжырымдалады: химиялық реакция тікелей жүрсін немесе бірнеше сатыдан өтсін, бәрібір оған сай жылудың мөлшері тұрақты болады. Стандартты энтальпия – жай заттардан 25оС және 760 мм сн. бағ-да 1 моль зат түзілгендегі реакциядағы стандарт жылу эффектісі. Жану жылу, 1 иоль зат стандарт жағдайда оттекпен толық әрекеттесіп жанған кездегі химиялық реакцияның жылу эффектісі. Еру жылуы – 1 иоль затты еріткіштің өте көп мөлшерінде еріткенде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері. Ерудің интеграл жылуы – еріткіштің белгілі мөлшерінде 1 моль затты еріткенде сіңірілетін немесе бөлінетін жылу мөлшері. Нейтралдау жылуы – қышқылды негізбен нейтралдағанда 1 моль Н2О түзілгенде бөлінетін жылу мөлшері. Системаның еркіндік дәреже саны деп системадағы фазалар санын сақтай отырып белгілі шекке дейін шамаларын еркін өзгертуге болатын термодинамикалық күй параметрлерінің санын айтады. Компонент – система фазаларының құрамын сипаттайтын дербес заттардың ең аз саны. Фаза – гетерогенді термодинамикалық системаның бір-бірінен бөліну беті арқылы оқшауланған және сыртқы әсер жоқ кезде барлық нүктелерінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері бірдей бөліктердің жиынтығы. Эвтетикалық температура – система құрамындағы екі зат та ерітіндіден бірдей температурада кристалданады. Эвтетикалық құрам – система құрамындағы екі затта ерітіндіден бірдей температурада кристалданатын қоспа құрамы. Солидус – эвтетикалық нүктені (Э) қиып өтетін горизонталь сызық (МN). Коннонда – теңдіктегі фазалардың құрамын қосатын ДG сызығы. Ерітінді – екі немесе одан да көп компаненттерден тұратын біртекті система. Ерітінді бетіндегі еріткіштің бу қысымы – тұрақты температурада ерітінді бетіндегі еріткіштің бу қысымының салыстырмалы теңдеуі еріген заттың мольдік үлесіне тең. Коноваловтың бірінші заңы – сұйықтық пен теңдікте тұрған бу, сұйықтықпен салыстырғанда, қосқанда жалпы қысымды арттыратын, компонентке бай болады. Фракция деп, белгілі температура аралығында (t1 ден t2 дейін) жинап алынған конденсат. Бөлшектеп айдау – фракциялап жинақтауға негізделген әдіс. Коноваловтың екінші заңы – қайнау температурасының максимум және минимум нүктелерінде теңдіктегі системаның сұйық бу фазаларының құрамдары бірдей болады. Тұрақты қайнайтын немесе азеотроп қоспалар деп, құрамы өзгермей айдалатын сұйықтарды айтады. Ерудің критикалық температурасы – сұйықтықтар бір-бірінде шексіз араласа бастайтын температура. Таралу коэффициенті – тұрақты температурада бір-бірінде ерімейтін немесе шекті ғана араласып еритін екі еріткіш қоспасына еріткен үшінші компоненттің екі сұйық қабаттағы концентрацияларының қатынасы тұрақты шама. жүктеу/скачать 415,87 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |