16-25 тапсырмалар [әр дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі]
16.Алғашқыда Орталық Азия аймағында мекендеп, кейіннен батысқа жылжып,
Еуропа аймағына кеңінен танылған түркі тілдес халық:
А) үйсіндер
В) ғұндар
С) қаңлылар
D) сарматтар
Е) сақтар
17. Сақтардың археологиялық ескерткіштеріне жатпайды:
А) Шірік-Рабат
В) Пазырық
С) Шілікті
D) Берел
Е) Ақтас
18. Б.з.д.1 ғ. жататын Шыршық өзенінің оң жақ жағалауындағы Зах каналы, бұл:
А) сақтардікі
В) үйсіндердікі
С) қаңлылардікі
D) сарматтардікі
Е) ғұндардікі
19. Каталаун даласында ірі шайқас өтті:
А) 451 жылы
В) 445 жылы
С) 376 жылы
D) 434 жылы
Е) 447 жылы
20. Парсы жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы:
А) «Жауынгерлер»
В) «Көшпенділер»
С) «Азиялық түркілер»
D) «Құдіретті еркектер»
Е) «Алтын сақшылары»
21.Сармат тайпалық одағына енген тайпалар:
А) роксалан, скиф,қаңлы
В) дах, алан,юэчжи
С) савромат, ассы, массагет
D) языг, сирак, аорс
Е) апарн, ксанфий,роксалан
22. Александр Македонский сақтарға шабуыл жасаған ғасыр:
А) Б.з.б.V ғ.
В) Б.з.б.ІV ғ.
С) Б.з.б.VІ ғ.
D) Б.з.б. ІІІ ғ.
Е) Б.з.б.VІІ ғ.
23. Аттила туралы жазған тарихшы:
А) Геродот
В) Страбон
С) Полиэн
D) Прииск
Е) Ксенофонт
24. Ғұндардың шығыстан батысқа қарай жылжуы
басталды:
А) б.з.б.ІІ ғ.
В) б.з.б. 55 жылы
С) б.з.б.ІІІ ғ.
D) б.з.93 жылы
Е) б.з.б.І ғ.
25. Сармат-сақ қоғамына тән
ерекшелік:
А) феодалдық қоғам
В) монархиялық жүйе
С) олигархиялық жүйе
D) әскери демократия
Е) хандық билік
|