1. Электрондық журнал, «Білімкласс» арқылы ата-аналармен тығызбайланысты нығайту.
2. 1-8сыныптарды жаңартылған мазмұндағы бағдарламада оқыту.
3.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
білім мен тәрбие үрдісін қатар алып жүру.
4. Физика, химия пәндерін үш тілде оқыту
мамандарын дайындау.
Кезең 2019-2020 жж.
1. 1-11 сыныптарды жаңартылған мазмұндағы
бағдарламаға толық көшірілуі.
2. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазан № 569 Жарлығының негізінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық топтарында енгізуде педагог мамандарды дайындау.
3. Информатика, биология пәндерін үш тілде
оқыту мамандарын дайындау.
3 -кезең 2020-2021 жж. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазан № 569 Жарлығының негізінде мектеп мұғалімдерін дайындау.
4-кезең 2021-2022 жж. 1.«Мәңгілік ел» идеясын ұстана отырып, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының орындалуын іске асыру.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін түпкілікті нәтижелері:
-мектепішілік құрылым жұмысының нәтижелілігін арттыру;
-педагогтардың әрі қарай кәсіптік деңгейде өсуі;
- оқу мазмұны мен технологиясын өзгерту есебінен оқушылардың білім сапасы мен тәрбиелік деңгейін арттыру, оқытудың білікті тәсілін іске асыру;
- Физика, химия, информатика, биология пәндерін үш тілде оқыту;
-Мектеп түлектерін негізгі және орта білімдерін аяқтау барысында кәсіби бағдар беру;
-Мемлекеттік грант иегерлері көрсеткішін 80%-ға көтеру.
- 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуі қамтамасыз етіледі.