Дидакти-қ ойын:
«Жиһазды атай аласың ба?»
|
|
ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР
Ересек топ 2020 жыл қазан айы
Өтпелі тақырып «Менің отбасым»
Мақсаты: инновациялық технологиялар негізінде балалардың отбасы туралы білім, білік, дағдыларын дамыту. Отбасындағы жағымды өзара қарым-қатынас пен оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін жетілдіру.
Міндеттері:
1. Денаулық сақтау технологияларын қолдана отырып салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру жаттығуларын орындау қызығушылықтарын арттыру;
2. Отбасы, отбасындағы тұрмыс және халықтық дәстүрлер туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
3. Танымдық-конструктивтік ойлау дағдыларын жан-жақты қалыптастыру;
4. Қоршаған ортадағы әсемдікті сезіне отырып, өз ойларын айта білуге, қиялдарын дамытуға ықпал жасау;
5. Отбасындағы салт-дәстүрлерді құрметтей отырып, рухани адамгершілік құндылықтарға баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |