Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
«Астана- арман қала»
(сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаты: Жалпы мағыналас сөздерді қолдануды,құрдастармен қарым-қатынасқа түсе алуға үйрету. Заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру Елін, жерін, туған қаласын сүюге тәрбиелеу Дид-қ ойын: «Сүйікті қалаға саяхат»
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Менің сүйікті қалам, Ел ордасы - Астанам»
Мақсаты: Балалардың қала, ауыл және Астана туралы түсініктерін сурет бойынша тиянақтап, ой-өрісін дамыту. Елін, жерін, туған қаласын сүюге тәрбиелеу.
Дид-қ ойын: «Бұл қай қала?»
|
Математика негіздері
Тақырыбы: «Астанам-бас қалам»
Мақсаты: Кеңістікте бағдарлау:өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету.Өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай білу, заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыру, өзінің дене бөліктерін бағдарлау және атау (бас,аяқтар,қолдар)
|
Достарыңызбен бөлісу: |