Перспективалық жоспар Қыркүйек айы Өтпелі тақырып «Балабақша» Мақсаты



бет23/61
Дата17.09.2023
өлшемі0,51 Mb.
#181274
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
Байланысты:
перспектива үлгі

Қимылды ойын:
«Киіз үйді жина»



Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
М. Хакімжанованың «Отан» өлеңі
Мақсаты: Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда ойындарды кеңінен қолдану. Отанды, туды құрметтеуге тәрбиелеу;тіл байлықтарын дамыту.
Дид-қ ойын: «Не? Қайда? Қашан?»


Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Отан» өлеңі
Е. Өтетілеуұлы
Мақсаты: өлеңді эмоционалды қабылдай отырып, мәнерлеп айтуға, тыңдап, түсіне білуге үйрету. Өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дид-қ ойын: «Менің қалам»



Математика негіздері
Тақырыбы: «Үлкен және кіші»
Мақсаты: Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.Ұзындығы және ені бойынша бірдей және екі түрлі затты салыстыру. Шаманы салыстыруда беттестіру және тұтастыру тәсілдерін қолдану.
Дид-қ ойын: «Хайуанаттар бағына саяхат»


Жаратылыстану
Тақырыбы: «Қай жерде өседі?»
Мақсаты: Табиғаттың жанды нысандары және ерекшеліктері туралы түсініктерін
жүйелеу. Балабақша аумағындағы жəне жақын, алыс мекендердегі өсімдіктерді (ағаштар мен бұталар) ажырату жəне
атай білу дағдыларын дамыту.
Дид-қ ойын: «Қай ағаштың жапырағы?»

Сурет салу
Тақырыбы: «Киіз үйдің керегелері»
Мақсаты: Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету.Киіз үйдің керегелері туралы түсініктерін кеңейту, жуан,жіңішке таяқшаларды рет-ретімен салуды, қарындашты қолдануды үйретуді жалғастыру.
Үстел-үсті ойыны: «Киіз үйді құрастыр»
Мүсіндеу
Тақырыбы: «Байтерек монументі»
Мақсаты: Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, Байтеректің мүсінін жасауға үйрету. Кескішпен түрлі безендірулер жасауға дағдыландыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет