Тақырыбы:«Жемістер»
Мақсаты: Балаларды күз мезгілінде пісетін жеміс түрлерімен таныстырып, олардың түстерін, пішіндерін ажырата білуге үйрету. Жемістердің өсу ортасы жайлы түсініктерін қалыптастыру.Табиғатты қорғауға баулу.
Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Ақылды алма»әңгімесі
М. Әбдірашева
Мақсаты:Әңгімені зейін қойып тыңдауға үйрету. Алманың апорт түрімен таныстыру. Жемістің басқа түрлерімен танысуға құштарлықтарын арттыру.
Орыс тілі. Пән жетекшісінің жоспары бойынша.
|
Математика негіздері
Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер» (Кеңістікті бағдарлау)
Мақсаты: : 3 санымен таныстыру.Өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету.
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Дәрумендер әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балаларға жемістердің, көкөністердің дәруменге бай екенін, денсаулыққа пайдасын түсіндіру, бау-бақшаға саяхатқа шығып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,
Дид-қ ойын: «Бақта ма, бақшада ма?»
Құрастыру
Тақырыбы: «Жеміс-жидекке арналған себет» (қағаздан құрастыру)
Мақсаты:Дайын қиылған жолақшалардан өру тәсілімен себетті құрастыруға үйрету. Тиянақты, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Қағаздың бұрыштары мен жақтарын беттестіру, теңдей етіп бүктеу іскерліктерін дамыту.
Дид-қ ойын: «Дәмін татып,атын ата»
|
Мүсіндеу
Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Балалардың жемістер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту, мүсіндеуге үйрету арқылы балаларды таоғампаздыққа тәрбиелеу. Ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру.
Музыка. Саз жетекшісінің жоспары бойынша.
Музыка. Саз жетекшісінің жоспары бойынша.
|