8. Курстық жұмысқа арналған материалдар:
1. Курстық жұмыс үшін талаптар:
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны таңдап алынған тақырыппен, және зерттеу деңгейімен анықталады. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Алғашқы кіріспе бөлімінде курстық жұмыстың мақсаты, міндеті, тақырыбы, пәні және өзектілігі анықталады. Мақсат айқындалады, содан кейінзерттеу міндеі, одан ары қарай зертеу бірнеше кезеңдерге бөлінеді, және сонымен қатар жұмыстың нақты құрылымы мен ақпараттық және ғылыми базасы көрсетіледі.
Бірінші теориялық бөлім. Онда тақырыптың қысқаша мазмұны, критикалық сараптау жасалады.
Екінші теориялық-сраптау бөлімде курстық жұмыстың жекелеген бағыттардың, қарастырылып отырған мәселердің жүйелі зерттеу кіреді. Онда нақты жағдайға сараптама жасалынды.
Ал үшінші бөлімде осы мәселенің негізгі бағыттары, ағымдары, осы мәселені шешу жолдары, сонымен бірге тәжірибеде қолдану мысалдары көрсетіледі. Кез-келген бөлім араграфтардан тұрады. Әрбір бөлім мен параграфтың нақты айқындалған тақырыптан тұруы керек.
Қорытындыда қысқаша қаралған мәселеге қорытынды шығару, көзделген мақсат пен міндеттерге қол жеткізілді ме сол көрсетілуі керек.
Әдебиеттер тізімі қолданылған әдебиеттер, әдіснемелік құралдардың атауы, автор аты-жөні, баспа атауы, баспадан шыққан жылы, шыққан жері көрсетіледі.
Қосымшада схема, кесте, сурет көрсетілуі тиіс.
Курс тақырыбы студенттің оқытушымен келісе отырып жеке дара таңдап алынады. Тақырыптар арнайы ұсынылған тізім негізінде жүзеге асады. Таңдап алынған курстық жұмыстың негізгі мазмұны этносоциологияның мәселесі болуы керек.Барлық бөлім бір-бірімен тығыз байланыста болу керек және ақыры мақсатқа жетуді көздеуі керек. Курстық жұмыс міндетті түрде қорғалу керек. Және бестік жүйе бойынша бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |