ОҚЫЛЫМ Кестемен танысыңыз. 1. Ақпарат көздерін пайдаланып, кестедегі ұлттық киім атауларына түсініктеме беріңіз. 2. Ұлттық киім атауларын өз тобына сәйкес сандығына салыңыз. Сырт киімдер
Аяқ киімдер
Ерлердің бас киімдері
Әйелдердің бас киімдері
129
Сырт киімдер
Аяқ киімдер
Ерлердің бас киімдері
Әйелдердің
бас киімдері
3. Бір ұлттық киім түрін алып, жарнама жасаңыз. ОҚЫЛЫМ Мәтінді мұқият оқыңыз. «Жеті жастан жинасаң, жетеді, алты жастан жинасаң, асады» дейтін қазақ қыздың
жасауы мен ұзатылардағы киім
-
кешегіне үлкен мән беріп, ерте бастан қамданған. Әсіресе
қалыңмалдың құнын орап әкететін сәукеленің өзіндік мән
-
мағынасына бей
-
жай
қарамайтын қазақ әдейілеп білікті шебер таңдап, қолақысын беріп, бір
әулеттің дәулетін көрсетер сәукелені айлап
-
жылдап тіктірген. Қыз әкесі
бай болса, бір сәукеле үшін қырық қысырақтың құнын беріп те
жасататын болған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «ХIХ ғасырдың
алғашқы жартысында өмір сүрген Кіші жүздің Байсақал атты бай
қызының сәукелесін Кенесары ханның ағасы Саржан төре 500 байталға
бағалаған» деген дерегі де бар. Осыдан
-
ақ бұрынғы заманда сәукеле
байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін, ұзатылар қыздың
әлеуметтік жағдайын білдіретін көріністің айғағы болғанын аңғара
аламыз. Сәукеле неғұрлым биік болған сайын, ондағы әшекей бағалы
тастардың да қатары артып, қымбаттай түсері анық. Бұрын әдемі тігілген
сәукелеге қалың малдан бөлек төлем төленген екен.
Ертеде сәукеленің биіктігі
–
50-
70 сантиметрге дейін баратын.
Тарих беттеріне көз жүгіртсек, Бөкей Ордасы аймағындағы сәукеленің биіктігі бір кез
болатын деген мәліметті кездестіреміз. Демек, бай
-
бағланның тіктірген сәукелесі 70
сантиметрден де асқан.
кебенек
бөрік
шәлі
құлақшын
желек
қарқара
тақия
кебіс
жаулық
шекпен
камзол
көйлек
3. Бір ұлттық киім түрін алып, жарнама жасаңыз.