Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет117/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Сауықтыру туризмі
Қазақстан - емдік-сауықтыру туризмі үшін керемет лайықты жер. Оның ерекшелігі 
емдік табиғи ресурстарды белсенді қолдануында: ыстық бұлақтар, емдік қасиеті бар 
батпақтар, ем болатын климат. Қазақстанда қымыз терапиясы, минералды суларды пай-
далану мен пантоемдеу қолданылады.
Діни туризм
Діни туризм Қазақстанда көбінесе мұсылмандық діни нысандарға барумен бай-
ланысты. Мұнда ислам жолын қуушылар әйгілі дін негізін қалаушылардың мешіт-
тері, кесенелері, молалары мен қабірлеріне бара алады. Мысалы, Қожа Ахмет Яс-
сауи және Арыстан баб кесенелері, Шақпақ-Ата мен Бекет-Ата жер асты мешіттері 
және тағы басқалары.
Іскерлік туризм
Іскерлік туризм жыл сайын қонақтардың көбісін Қазақстанның ірі қалаларына 
баурайды. Ол, бірінші кезекте, Астана, Алматы және Атырау. Мұнда шетелдік биз-
нес-туристердің әсерлі санын елге тартатын түрлі-түрлі аймақтық және халықара-
лық конференциялар, саммиттер, симпозиумдар жиірек өткізіледі.
1. Мәтін бойынша берілген кестені толтырыңыз.
Туризм түрі
Ерекшеліктері
Мәдени-танымдық туризм
Экологиялық туризм
Спорттық туризм
Сауықтыру туризмі
Діни туризм
Іскерлік туризм
2. Сізге қай туризм түрі ұнайды? Себептерімен ойыңызды дәлелдеңіз.
3. Топтық жұмыс. Сіз туризмнің қай түрін дамытқыңыз келеді. Топтарға бөлініп, 
ойларыңызды дәлелдеңіз.
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
«Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең 
алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау се-
бептерімен тікелей байланысты.
Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында 
орналасады. Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, адамдарға түнеу, баспа-
на, сол жерде тамқтандыру, аттарын ауыстыруға мүмкіндік берген.
Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла бастады. 
Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге саяхаттаушыларға ар-


135
134
нап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді.
Уақыт өте келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге 
айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және 
Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар 
керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте шатырларда, кей кездері керуен са-
райларда, әртүрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарын-
да жайғасты. Сауда байланысының дамуына байланысты Еуропада қонақүй кәсібі 
біршама өсуіне әкеп соқтырды. Мысалы, XIV ғасырда Миланда 150 қонақ үйі орын 
алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақүй ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқан-
дай жағдай болмады, санитарлық деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII–XIX ға-
сырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуро-
па қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді.
Қонақүй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.
XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы қонақжайлығы, туризмнің дамуымен 
байланысты.
Теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында табиғаты керемет орын-
дарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт 
өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жаса-
лынып қызмет көрсетудің әдістері және түрлері өзгерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет