129
ларда миссис Сейфус сияқты, яғни балаға қойылатын талапты
екіұшты етпей, нақты түсіндіру арқылы құтылуға болады.
Бала негізінен өмірдің маңызды мәселелерімен – демалу
және тамақтанумен айналысады және ең алдымен, осылармен
қамтамасыз етіледі. Ересек адам (сенімділіктің әр түрлі дәре-
жесінде) қалыпты жағдайда өзінің тамақтану уақытын біледі.
Сәбидің қажетті жағдайлар туралы түсінігі болмауынан мұндай
сенімділігі жоқ. Бірақ сәби көп нәрсенің анасына байланысты
екенін біледі. Біраз уақыттан соң балада ашығу мен қорқыныш-
тан қорғанудың бір амалы анасының өзін жақсы көруіне
байланысты екендігі туралы көзқарас қалыптасады да, өз ана-
сының сүйіспеншілігін баса сезінбей, күдіктенсе, онда ол
жасқаншақ және тынымсыз болып өседі. Егер анасы баланың жас
ерекшелігіне орай түсініксіз бір нәрсе істесе, бұл да баланы
күйзелтеді. Егер баланы емізіп отырған кезде анасы ауру әкесіне
қамқорлық көрсету үшін ешбір мейірбандық танытпастан емізуін
тоқтататын болса, бұл жағдайда бала анасының өзіне деген
сүйіспеншілігін, қамқорлығын жоғалтқандай сезініп, үрейленуі
мүмкін. Шошынған бала – ол бақытсыз және қиын бала. Ол
жоғарыда сипатталғандай, өзін шошындырғаны үшін кек алуға
болатынын түсінген кезде, осы мүмкіндікті пайдалануы ықтимал.
Ол өзіне қай қылығы пайдасынан гөрі зиянын көбірек тигізетіні
жайлы ойлануға қабілетті емес. Сәби өмірі, біз – ересектер түсіне
бермейтін жаңалықтар мен ғажайыптарға толы. Ойланып
көріңізші, бала үшін дүниеге келу – қандай ғаламат дүние! Ал
алғашқы рет кітапты көру ол үшін қандай таңғаларлық құбылыс
десеңізші! Анасы оған қарамен белгіленген бір затты «мысық»
деп түсіндіреді. Оның білуінше, мысық деген үлпілдек жұмсақ
жануар емес пе? Қалайша қара сызықтар сол жұмсақ жануар
болуы мүмкін? Мұның бәрі ол үшін таңғаларлық жағдай ғой!
Осының бәрі туралы ол көбірек білгісі келеді.
Достарыңызбен бөлісу: