Сабақтың басы
10 минут
|
Тыныштық сәті. Релаксациялық әуенді қосу , «Теңіз жағалауында» жаттығуын өткізу.
- Ыңғайланып отырыңдар. Асықпай «өмір тынысын» алыңдар.(2-3 рет). Мүмкіндігінше бұлшықеттеріңді босатып, денелеріңді жұмсартуға тырысыңдар... Енді көздеріңді жұмып, елестетіңдер. Бар зейіндерің менің дауысым мен әуенде болсын...
Сен үлкен көк теңіздің құмды жағалауында демалып жатырсың. Денеңді кеудеңе дейін теңіздің жылы суына малып, бетіңді күннің ыстық шуағына тосып, рахаттанып жатырсың. Көздерің жұмулы.Теңіз толқындары ырғақпен келіп, жағалауға соғылған сәтте, сен де толқынмен бірге тербелесің. Күн ыстық. Мұрныңа әлсін- әлсін теңіз балдырларының иісі келіп жетеді. Теңіздің біркелкі шуылы мен шағалалардың дауысы үйлесімді естіледі... Толқындар келеді де кетеді. Енді бүкіл сана- сезіміңмен түйсініп, сезінуге тырыс: әр жолы келіп- кеткен толқын сенің денеңе соғылғанда, бойыңдағы шаршап- шалдығуды,... мазасыздық пен күйзелісті,...өзіңе деген сенімсіздігіңді,... өмірде кездесетін әділетсіздікке деген күйініш сезіміңді, қысқасы, барлық жағымсыз сезімдерді өзіне тартып алып, алысқа әкетіп жатыр... Толқын сенен алыстаған сайын, денең сергіп, жеңілдеп қалғаныңды байқайсың. Келіп- кетіп жатқан толқындардың ырғағымен тыныста: демал- дем шығар, демал- дем шығар, демал- дем шығар... Бірер сәттен соң сабаққа оралуға дайындалыңдар...
Ой қозғау: Арабтарда «Әділ сұлтан дер кезінде шөлде жауған жауыннан да жақсы» деген мақал бар. Мақалдың мағынасы қалай деп ойлайсыңдар:
Бүгінгі пікірсайыс тақырыбы: Адалдық - ардың ісі
Халқымызда «ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП», «Адамның әдемілігі шыншылдығында», «Ақихат сөзде алалық жоқ», т.с.с керемет ұлылық сөздер бар.
|