Мишық жүйесі Топикалық диагностиканың мысалдары
Симптомдары
|
Топикалық диагнозы
|
Ромберг сынамасында тұрақсыздық.
Нистагм
|
1,2,3,4 – Мишықтың құрт тәрізді денесінің зақымдалуы кезінде кездеседі.
|
Өкше-тізе сынамасы (тура тигізбеу)
Сөз мәнерінің бұзылуы
|
3,4,5,6,7,8,9,10 – Мишықтың жарты шарларының зақымдалуы кезінде кездеседі.
| |
11,12- мишыққа баратын жолдармен, мидың үлкен жарты шарлардың маңдай бөлімдерінің зақымдалуы
| Глоссарий
Асинергия (грек сөзінен аударғанда а-жоқ + sinergia қарым-қатынастық) – бірнеше бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде, қимыл кезінде бұлшық еттердің достық қатынасының бұзылуы.
Атаксия (грек сөзінен аударғанда аtaxia – ретсіздік ) – үйлесімдіктің бұзылысымен сипатталатын қимыл бұзылыстары.
Гиперметрия (грек сөзінен аударғанда hyper – жоғары metron – өлшем қалып) – нақты емес, шамадан тыс қимыл.
Интенециялық тремор – белгілі бір мақсатта қимыл жасауға ұсыныс берген кезде, қимылдың аяқ жағында аяқ пен қолдың тремордың күшейуі пайда болады.
Нистагм (грек сөзінен аударғанда nistagmos- қалжырау) – көз алмасының ритмикалық дірілі.
Адиодохокинез ( а-жоқ+ diadochos- келесі) - шапшаң супинациямен пронация кезінде қимылдың бір тектігінің бұзылуы.
Сөз мәнерінің бұзылуы – баяу немесе модуляциясыз сөйлеу.
Бұлшық ет гипотониясы – бұлшық ет былжырақтығы және әлсіздігі буын эксурсиясының шамадан тыс болуы.
Мегалография (грек сөзінен аударғанда megas – үлкен + grapho – жазу ) – жазуының сызығы иіріліп әріптері үлкен болып көрінеді.
Астазия – абазия (грек сөзінен аударғанда а-жоқ+ stagis – тік тұру, а – жоқ + basis – қадам) – қимыл мен жүрістің бұзылуы, науқас біреудің көмегінсіз өз бетінше тұрып жүре алмайды.
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |