Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі
1) білім нәтижелерін тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізілді, сыни тұрғыда бағалау, білім алушылардың өзін-өзі бағалау жүйесі енгізілді; 2) стандарттарды, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды одан әрі жетілдіру үшін ұсынымдамалар әзірленді; 3) жазбаша тапсырмаларды қоса алғанда білім алушылардың құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу тапсырмаларының базасы қалыптастырылды; 4) оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарламада (PISA) 50-55 орындарға және 4, 8-сыныптардағы оқушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын бағалау бойынша (TIMSS) 10-15 орындарға қол жеткізілді.