Pisa халықаралық зерттеуінің мақсаты мектептің білім беру тиімділігін, 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарынан оқу жетістіктерін салыстырмалы бағалау арқылы анықтау


торттың массасы: 1,732кг. 5 есеп. Алма бағы



бет3/4
Дата20.12.2023
өлшемі282,05 Kb.
#197899
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
ПИЗА каз матем (1)

2. торттың массасы: 1,732кг.

5 есеп. Алма бағы




№108есеп. Шыныбеков А. 9 класс.
Бақта жұмыс істеп жүрген Нұрлан мен Самат қалталарына алма салып шықты. Олар көшеде Берікті кездестіріп, Нұрлан оған бір алмасын, ал Самат екі алмасын беріп еді, үшеуінің алмаларының сандары бірдей болды.
1 сұрақ.Нұрлан мен Самат әрқайсысы бақтан неше алмадан алып шықты?
Жауабы:_____және____алма
Түсіндір:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________2сұрақ. Нұрлан мен Самат барлығы қанша алма салып шықты?
Жауабы:________алма

А) 6
В) 7


С) 8
Д) 9



Есептің талдау нәтижелері

1

Есептің шығару жолы:
Нұрлан - х алма
Самат - у алма
Нұрлан 1 алма берді: х-1
Самат 2 алма берді: у-2 Барлығы Берікте 3алма болды.
х-1=3 у-2=3
х=3+1 у=3+2
х=4 у=5



2

Сипаттау: кеңістік, тұрмыстық-математикалық есеп

3

Математикалық саласы: Сан, қатынас,кеңістік

4

Оқу-танымдық әрекеттері: қолдану

5

Сұрақ форматы: толық жауап таңдау

6

Деңгей: 3

Бұл есептерді орындағанда оқушылар ынтамен, есепті күнделікті өмірге байланыстырып,дұрыс жауабын табуға тырысты. Олардың пәнге деген қызығушылығы артып, логикалық ойлауы дамыды..
PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрастыру құрылысы 4 бөлікті қарастырады:
1. Құзырлықтар:Ғылыми сұрақтарды тану және қою, құбылыстарға ғылыми анықтама беру, ғылыми дәлелдерді пайдалану.
2. Білім: Жаратылыстану , математика ғылымы – ғылым туралы білім (пайымдау әдістері мен тәсілдері)
3. Мәнмәтін:Жаратылыстану математика білімі және технологиямен байланысты шынайы жағдаяттар:жеке бас; әлеуметтік; ғаламдық
4. Қатынастар:
Аталған 4 бөлікті қамтыған жағдайда ғана оқушылар жоғары деңгейдегі көрсеткіштерге ие болатыны сөзсіз.
PISA тест тапсырмаларының жауаптарының типтері:Бұл тапсырмалардың жауаптары мынадай түрде болуы мүмкін: Қысқа жауапты таңдауы, «Ия» немесе «жоқ» жауаптарын таңдау, жабық түрде құрастырылған жауаптар, ашық түрде құрастырылған жауаптар .
Қорыта айтқанда, жаңа технологияның тиімділігі сол: 
Оқушы: 
• мақсат қоюға үйренеді;
• есте сақтау қабілеттері дамиды;
• басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;
• кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;
• қатарынан қалмауға тырысады;
• дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;
• әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
• күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады.
• білім дәрежесі бірдей сыныптарда оқу жеңілдейді
• өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады
Мұғалім:
 жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
 оқушыны жан-жақты танып біледі;
 қарым қатынас орнатады;
 оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады;
 оларға шығармашылық еркіндік беріледі.
Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі – баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады. 
Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі – терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі болып табылады.
Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу ұстаздардың басты міндеті.


Жаратылыстану бағытындағы PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын жоспарлау кезінде ең алдымен оқушының оқу сауаттылығының құзыреттілігін ескеру керек. Олар:


1.Табу және алу:

  • мәтінді көзбен жүгірту;

  • басты элементтерін анықтау;

  • ізденіс аймағын тарылту;

  • қажет ақпаратты айыру.

2. Түсіндіру және ықпал ету:

  • мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру;

  • мәтіннен автор тезистерін дәлелейтін дәлелдер табу;

  • автор ой түйінінен қорытынды шығару;

  • мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды жасау.

3. Зерделеу және бағалау:

  • басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған ақпаратты байланыстыру;

  • әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді салыстыру;

  • автормен ішкі диалог жүргізу: өз көзқарастары мен автор көзқарасын қорғауда дәлелдер іздеу.

Осы оқушының оқу сауаттылығының құзыреттілігін ескере отырып, тест тапсырмаларын беру керек және төмендегі функционалдық сауаттылық ерекшеліктерін де ескерген жөн:

  • жаратылыстанудың негізгі ерекшеліктерін адами таным мен зерттеу формасы ретінде түсіну қабілеттілігі;

  • жаратылыстану ғылымдары мен технологияның материалдық, интеллектуалдық және мәдени салаға әсер ететіндігі туралы білімді көрсету;

  • мектепте алған білімді түрлі өмірлік жағдайларда қолдана алу қабілеттігі, қойылған мәселелерді ғылыми әдістермен шешу, ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс жасай және оны сыни тұрғыдан бағалай алу;

  • эксперимент тәжірибелер жасау, болжамдар келтіру және қолдайтын немесе жоққа шығаратын зерттеулер өткізу, айтылған көзқарасқа қарсы шығу немесе оны негіздеу.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама негізінде жаратылыстану ғылыми сауаттылықты анықтаға төмендегідей түсінік береді - ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтау, қорытындылар жасау.
Осыған орай PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды анықтау үшін оқушылардың төмен нәтиже беруінің себептерін қарастыру керек, ол тестілеудің басқа формасының кездесуі, диаграммалар, кестелер, сызбалар мен карталардан тұратын іскерлік стильдегі мәтіндермен жұмыс жасай алмауы. 
Ал Қазақстандық мектептердегі оқушылардың әртүрлі мазмұндағы, форматтағы мәтіндерді түсінуде және оларға рефлексия жасауда практикалық дағдыларды қалыптастыру мәселелері дұрыс жолға қойылмаған.
Отандық бағдарламалардағы оқу түсініктері PISA тапсырмаларында кездесетін зерттеудегі мәтіндермен сәйкес келмейді. Бұл оқушыларға тек теориялық мәліметтерді ғана беріп қоймай, өз білімдерін қазіргі өмір жағдайларына қалай пайдаланатынын түсінуі қарастырылады. 
Зерттеулер көрсеткендей, ғылыми жаратылыстану сауаттылығы бойынша алынған нәтижелерді күнделікті өмірде шынайы жағдайларда пайдалану үшін ғылыми жаратылыстанудың негізгі ұғымдарына назар аудару, алған ақпаратты сыни бағалау, болжамдар жасау, өзіндік көзқарастарын негіздей білу қажет болды.
PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды шешу жолдары ретінде мына мәселелерді атап өткен жөн:
1. Оқушыларға тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі синтез, анализ, бағалауға мән беру.
2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу.
3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге асыру үшін, білім беруде сабақтың құрылымын өзгерту, яғни оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру.
4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту.
5. Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын орындата отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзін-өзі бағалауға үйрету.
Осы іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін қалыптастыруға жол ашылады. Ол үшін мұғалімдердің жан-жақтылығы, шығармашылығы, білімі жоғары деңгейде болуы керек.
Жаратылыстанубағытындаберілетін мәнмәтіндік тапсырмалар 12 балдық жүйе бойынша бағаланып, үш блоктан тұруын ұсынуға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет