Францияда
жалпы білім беретін оқу мекемелері ата-аналарының
3 жалпыхалықтық бірлестігі бар: екеуі – қоғамдық және біреуі – жекеменшік
білім беру саласында. Қоғамдық мектеп оқушыларының ата-аналар
федерациясы саны жағынан ең көп және белсенді болып табылады. Ата-аналар
бірлестігінің мүшелері түрлі білім беру құрылымына: мектептік және
сыныптық кеңестерге, стипендиялық комиссияларға т.б. кіреді. Кейбір
мектептерде ата-аналар балалар үйірмелеріне, клубтарға жетекшілік етеді,
кітапхананы меңгереді, шет тілдерінен факультативтік сабақтар, спорттық
үйірмелер жүргізеді, оқу саяхаттарын және т.б. ұйымдастырады [16].
Жалпы, Еуропа елдері өз мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын – мектепте алған білімді өмірде қолдану, жанрлары жағынан
түрлі мәтіндерден ерекше ақпаратты табу және оған өз көзқарасын
тұжырымдау білігін – жоғары бағалайтынын айта кетуге болады.
Қазақстан
республикасында
орта білім беру үдерісі Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен
бекітілген білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарттары (одан әрі – МЖМБС), оның ішінде орта білім берудің
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты негізінде жүзеге асырылуда.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-
2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын [4] іске асыру мақсатында
және ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
берудің пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары әзірленіп, ҚР Білім және
ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 Бұйрығымен бекітілді.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған
«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны оқушының
функционалдық сауаттылығын дамытуға, білімдерін практикалық жағдаяттар
мен әлеуметтік бейімделу барысында тиімді қолдануға бағытталған.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар үш аспектімен
анықталған: пәндік құзыреттіліктер, жүйелі-әрекеттік нәтижелер, тұлғалық
нәтижелер.
Математикалық құзыреттілік – ол, шыққан нәтижелерді түсіндіру, оны
талдау және түрлендіру, жағдайдың математикалық моделін жасау,
математикалық қатынастарды мүшелеу, мәліметтерді (жағдайды) құрылымдау
28
қабілеттілігі. Басқаша айтқанда, оқушының математикалық құзыреттілігі,
күнделікті өмірде пайда болатын мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-
дәл қолдануға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламаларында математикалық құзыреттілік деңгейін сипаттау
үшін, пайдалануға қабылданған оқушылардың дайындық деңгейіні қойылатын
келесі талаптар тұжырымдалған: «Алған білімдері мен біліктіктерін
тәжірибелік іс-әрекет пен күнделікті өмірде:
–
қажет болған жағдайда анықтамалық материалдарды және қарапайым
есептеуіш құрылғыларды пайдаланып, дәрежесі, радикалы, логарифмі және
тригонометриялық функциялары бар формулаларды қоса алғанда, формулалар
бойынша тәжірибелік есептеулер;
–
ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
–
нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу,
оларды график түрінде беру;
–
нақты үдерістерді графиктерін түсіндіру;
–
геометриялық, физикалық, экономикалық және басқа да қолданбала
есептерді, оның ішінде математикалық анализ аппараты қолданылатын ең үлкен
және ең кіші мәндерге арналған есептерді шешу;
–
диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды талдау
түрінде берілген нақты сандық мәліметтерді талдау;
–
оқып игерілген формулалар мен фигуралар қасиеттері негізінде
қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу); қажет болған
жағдайда анықтамалықты және есептеуіш құрылғыны пайдаланып, тәжірибелік
есептерді шешу кезінде нақты объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және
көлемдерін есептеу үшін пайдалану».
Оларды шешу үшін, математиканы оқытуда қалыптасатын білім мен
біліктікті қажет ететін күнделікті өмірде пайда болатын жағдайларды талдау. Ол
үшін қажетті пәндік біліктік тізімі көп емес екенін көрсетеді:
–
есептеу үшін белгілі формулаларды пайдаланып амалдардың
нәтижелерін дөңгелектеуді және бағалауды (шамалауды) қоса алғанда есептеу
жүргізе білу;
–
әр түрлі формада берілген (кесте, диаграмма, графиктер, схема және т.б.)
ақпаратты алу және түсіндіре білу;
–
қарапайым нақты құбылыстар мен үдерістерді сипаттау үшін статистика
және ықтималдық элементтерін біліп қолдана білуі;
–
практикалық мазмұнды есептерді шешу кезінде нақты объектілердің
ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептей білуі;
–
халықаралық деңгейде оқушылардың құзыреттілігін тексеру үшін,
есептердің екі типі – таза математикалық және мәнмәтіндік (тәжірибелік-
бағдарлық) пайдаланылады.
–
есепті шешуде математиканы пайдалану үшін, мәнмәтіні шынайы
шарттарды қамтамасыз ететін, оның шешуне және түсіндіруіне әсер ететін
есептер, мәнмәтінді есептерге жатады;
–
мұндай типті есептерді шешу кезінде ауырлық орталығы, нақты
жағдайдың моделін жасау аймағында жатады. Моделді жасау математикалық
29
дайындықтың жоғары деңгейін талап етеді және жалпы мәдениеттік (жалпы
білім беретін) деп атау орынды болатын оқыту нәтижесі болып табылады.
|