3
КІРІСПЕ
Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын
қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм
беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет – білім
сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез
келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді. Осыған орай Елбасы Н.Ә.
Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман
талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін – білім» екенін айта келіп, ол үшін «Бізге экономикалық
және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру
жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған
болатын [1].
Орта білім беру жүйесін жетілдіру, сапалық өзгерістер енгізу қажеттігі
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында 2015
жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасында айқындалып, Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты [2].
Қазіргі таңда ҚР білім және ғылымды дамытудың басым бағыттарын
жүзеге асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында
(ҚР БҒМ 2014 жылдың 13 қаңтарындағы №9 бұйрығымен бекітілген) біздің
мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына және әлемдік
білім беру кеңістігіне енуі үшін білім беру мазмұн жаңарту міндеті белгіленіп
отыр [3].
Бұл, біріншіден, білім беруді заман талабына сай жаңа мазмұнда
ұйымдастыру мәселесімен, яғни 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей
байланысты.
Қазақстандық білім беру жүйесінің 12 жылдық білім моделіне көшуі жас
ұрпақтың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, отандық білім беру жүйесін
әлемдік білім беру жүйесіне кіріктіру мақсатынан туындады. Мектеп
бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып,
мектепте алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілігі мен дайындығын
тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп
отыр. 12 жылдық білім жүйесінің негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан
өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, өздігінен білім алуға, алған білімін
өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білуге, өзін-өзі толық жүзеге асыруға
дайын, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны
қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Екіншіден, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту.
Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың
әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді
қатысуына, сондай-ақ «өмір бойы білім алуына» ықпал ететін базалық
факторлардың біріне айналуда. Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және
4
мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012
– 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында белгіленгендей,
функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары жалпы білім беретін
мектептерде зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азамат
қалыптастыру, оның әлемде болып жатқан өзгерістер мен процестерге
әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру болып табылады [4].
Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу
және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың
жаңа тәсілдерін талап етеді. Мұндай жүйе әлемдік тәжірибені жан-жақты
зерттеу арқылы енгізіледі. Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері
арқылы жүргізіледі. Ұлттық жүйе арқылы бағалау – жыл сайын өтетін оқу
жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу. Халықаралық бағалау
жүйелері – PISA
(Programme for International Student Assessment)
, TIMSS
(Trends in Mathematics and Science Study)
және PIRLS сияқты халықаралық
зерттеулер.
Функционалдық сауаттылықты дамыту дәстүрлі мектеп моделінен
рационалды модельге, әрі қарай феноменальді модельге «үш адым» ілгері аттау
дегенді білдіреді. Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі
мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады деп күтіледі. Бұл жолда
атқарылатын жұмыстар төмендегідей:
функционалдық сауаттылықтың мәні мен маңызын саралай түсу;
оқыту үдерісінде оқушылардың басқарушылық (проблеманы шешу
қабілеті); ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін
көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау); коммуникативтік (үш
тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) тіліндерінде ауызша, жазбаша қарым-
қатынас жасау); әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүріп жатқан ортада іс-әрекет
жасай алу қабілеті); тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті
білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ кәсібін өзі таңдауы, оның
қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу); азаматтық (қазақ халқының
салт-дәстүрін, тарихы мен мәдениетін, дін мен тілін терең меңгеріп,
Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);
технологиялық (әр азаматтың өз мамандығына қарай ақпараттық
технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты
пайдалануы) құзыреттіліктерін дамыту әдістемесін басшылыққа алу [4];
математикадан
оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыратын басты ұстанымдарды анықтау;
оқушылардың
математикалық
сауаттылығын
қалыптастыруға
ұсынылған әдістемелік жүйелердің тиімділігін практикада дәйектеу.
Осындай алға қойылған бағыт-бағдарды айқындау негізінде әзірленіп
отырған әдістемелік құралдың
мақсаты:
PISA
(Programme for International
Student Assessment)
, TIMSS
(Trends in Mathematics and Science Study)
зерттеулерінің
тапсырмалары
негізінде
оқушылардың
математикалық
сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік негіздеріді анықтау.
Әдістемелік құралдың
міндеттері:
5
–
оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуда отандық және
шетелдік тәжірибені зерделеу және қорыту;
–
PISA
(Programme for International Student Assessment)
, TIMSS
(Trends in
Mathematics and Science Study)
зерттеулерінің тапсырмалары негізінде
оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуда әдістемелік ұсыныстар
әзірлеу.
|