ІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім: (Проблемалық ситуация)
Стакандағы суға ұзын тебен-инені салып, оны центрден шетке қарай жылжыта отырып сыну құбылысын көрсетеді. Қандай өзгеріс/құбылыс көрдіңдер? Неге болат ине су-ауа шекарасында «сынып» көрінеді?
Бүгінгі сабағымызда жарық сәулесінің аса бір қызықты қасиеті жарықтың сынуы мен мен оның қолданылуын қарастырамыз.
/Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбын жазады/
көрегінін айтады
Түсіну (4)
Тәжірибе-1. Тарелке, су, тыйынмен жасалатын тәжірибені көрсету.
Тарелкеге тиын салып қойып, оған тиын көрінбейтіндей қырынан қарап тұрып жәйлап су құямыз. Аздан соң тиын көрінеді.
Тыйын неге «көтерілді»?
2. Бұл тәжірибелер екі түрлі ортаның шекарасында, яғни су-ауа шекарасында жарық сәулесі түскенде бір бөлігі шағылып, ал бір бөлігі екінші ортаға өтетінін және өткенде бағытын өзгертінін (сынатынын) дәледейді.
Осы құбылыстан қандай тұжырым жасауға болады?
Жауап: Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жырқтың сынуы дейміз. С ынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш ( ) сыну бұрышы деп аталады. Жарық аудан шыныға өткенде сынған сәуле перпендикулярға жақындайтынын тәжірибеден көрдік. Бұл сыну бұрышы түсу бұрышынан аз екенін көрсетеді. Сонымен қатар тұсу бұрышын сан мәнін (градус)сыну бұрышының сан мәніне бөле отырып олардың тұрақты екеніне назар аударамыз.
Бұдан қандай тұжырым айтуға болады?
Жауап:
Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
Т үсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.
, бұл формула мен анықтаманы сыну заңы деп атайды.
Бұл заңды Синелус заңы деп те атайды. Оны ХVІІ ғасырда (1621ж) В Синелус тұжырымдаған. Ал 1630 жылы Р. Декарт оған теориялық негіздеме жасаған. Формуладағы n – сындыру көрсеткіші деп аталады.
Сыныдыру көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек ортаның оптикалық тығыздығына тәуелді. Заттың ауамен салыстырғандағы к өрсеткіші «абсалют сындыру көрсеткіші» деп аталады.
Оқушылар өз сөздерімен білгендерінше жауап береді.
***
***
3. Жарық сәулесі вакумда 300000 км/с жылдамдықпен тарайды. Жарық 300000 км/с кем жылдамдықпен таралатын орта оптикалық тығыздығы жоғары орта деп аталады.
Жарықтың бір ортадан екінші ортаға өткенде сыну себебі әртүрлі ортада жарық жылдамдығының түрліше болатындығынан. Яғни, оптикалық тығыздығы жоғары ортада жарық жылдамдығы кемиді. Ортаның сындыру көрсеткіші осы жылдамдықтың неше есе кемитінін көрсетеді.
Сонда берілген екі орта үшін (ауа – су, ауа – шыны...) заттың сындыру көрсеткіші
формуласымен де анықталады. С- жарықтың вакумдағы жылдамдығы, v –ортадағы жылдамдығы, Онда екі формуланы біріктіріп былай жазуға болады.
Оптикалық диск көмегімен осы формуланың дұрыстығына көз жеткізетін демонстрациялар көрсету.
(жақсы түсінгендер және белсенді қатысып отырғандар өздеріңе 2-4 ұпай жазыңдар)
, ның орнына оптикалық дискіден алынған түрлі мәндерді формуланың дұрыстығын тексереді.