Пленарлық баяндамалар


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ



Pdf көрінісі
бет143/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ
 
118 
қалғандарымен психологиялық жұмысты мектеп психологтары жүргізіп жатады. Дегенмен 
жеткіншекпен жұмыс жайы психологтың бастамасымен жүзеге асар болса, ол мұны оның 
ішкі әлеміне күшпен кіру секілді қабылдауы мүмкін. Мұның тағы бір себебі болып 
жеткіншектердің ересектер тарапынан құрметті сезінбеуі саналады. Бұл жерде 
жеткіншекпен қарым
-
қатынастағы психологиялық жұмыстың ерекшелігі 
– 
жеткіншектің 
айналаға деген спецификалық реакциясын ескеру. Жеткіншектермен психологиялық 
жұмыс олардың өзін бағалау және өзіндік «мен» болмысын табуда дұрыс бағдар беру үшін 
қажет. Сол себепті жеткіншекпен әңгімеде оның жеке шекарасын бұзбай, ол үшін жайлы 
ахуал ұйымдастыру керек. Әңгімелесу психологиялық жұмыстың өте тиімді тәсілі болып 
табылады. Жай ғана әңгіме арқырлы жеткіншектің ересектермен сұхбат құру қабілетін, 
сөздік қоры мен жалпы дүниетанымын байқай аламыз. Әңгіме барысында жақсы 
тыңдаушы болып, олардың түрлі жағдайларға көзқарасымен танысу керек. Алғашында 
«сіз» деп, егер жасөспірімге қолайлы болса, сұхбатты «сен» деп жалғастыруға болады. 
Сонымен бірге жеткіншек болған әңгіменің психолог екеуінің арсынада қаларына сенімді 
болуы қажет. Конфеденциалдылық жеткіншектер үшін аса маңызды. Мұндай әңгімені ата
-
аналар да жүргізе алады. Америкалық психологтар, жеткіншекпен психологиялық жұмыс 
ерекшеліктерін ескере отырып, ата
-
аналарға жеткіншек баласымен сөйлесуде төмендегідей 
кеңестер береді:
1.
Балаңызды тыңдау керек. Сіз олардың ойымен келіспеуіңіз мүмкін, алайда сөйлеу 
кезегіңіз келгенше сабырмен құлақ асып, түсінуге тырысып көріңіз;
2.
Көзбе
-
көз сөйлесіңіз. Әңгіме барысында қарсыңыздағы адамның көзіне қарап отыру 
сіздің назарыңыздың әңгімеде екенін білдіреді. Солайша, жеткіншектің не сезініп 
отырғанын біле аласыз;
3.
Тура және ашық айтыңыз. Әсірелеу мен сарказмнан аулақ болыңыз. «Сен үнемі», «сен 
ешқашан» секілді паразит тіркестерді қолданбаған жөн. Айтпағыңызды бүкпесіз және 
құрметпен, шыншыл түрде жеткізу керек. Ойыңызды сенімді түрде жеткізіңіз;
4.
Жеткіншек сұхбаттың ішінде екенін, ойы ескеріліп жатқандығын сезінуін қамтамасыз 
етіңіз;
5.
Шатасқан хабарлама жібермеңіз. Яғни, бір сөзіңіз екінші сөзіңізге қарсы келмесің. 
Жеткізгіңіз келген ой ашық болсын. Сонымен бірге өзіңіз үлгі болыңыз: балаңызға 
спорттың маңызы жайында айтсаңыз, өзіңіз таңғы серуеннен бастаңыз.
Жетіліп келе жатқан уақытта жасөспірімдермен психореттеушілік жұмысты 
жүргізудің ұтымды жолының бірі 
– 
топтық тренингтер. Психологиялық жұмыс 
құрдастармен жасалса, оның эффективтілігі де артады. Әдетте, тренинг жалпы сыныпқа 
жүргізіледі, дегенмен жеткіншек немесе оның ата
-
ансы бұған қарсы болса, тренингке 
қатысуды
міндеттеуге болмайды. Тренингтер алынатын оң әсер 2 түрлі болады: сыртқы 
және ішкі.
Сыртқы әсер жеткіншектердің топтық жұмысты, ондағы ақпаратты жақсы қабылдап, 
белсенділік танытуы болып табылады. Ал ішкі әсер ретінде жеткіншектің тренинг ұсынған 
құралдарды бойына терең сіңіріп, мінез
-
құлқының деформацияға ұшырауын айтуға 
болады. Дегенмен жеткіншекпен қарым
-
қатынаста топтық психологиялық жұмысқа жүгіне 
бермеген де жөн.
Жеткіншекпен қарым
-
қатынастағы психологиялық жұмыстың ерекшелігі негізгі 
нысанның ана мен бала немесе отбасы емес, жеткіншектің өзінің жеке өмірлік жолы 
болуында да. Оның жеке өмірлік жолында маңызды орынды, әрине, жеткіншектің ата
-
анасы алады. Ата
-
ана дегеніміз баланың тұлға ретінде қалыптасу жолында бастапқы негізін 
салуға жауапты адамдар болып табылады. Баланың қамқоршысы болып саналатын кез 
келген адамның жеткіншекті толысқан адам ретінде қабылдауы маңызды. Оны қалай 
істейміз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет