ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ:
ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ТРАНСФОРМАЦИЯ ЦИФРОВОГО ОБРАЗОВАНИЯ:
ЦИФРОВЫЕ ПЛАТФОРМЫ И ТЕХНОЛОГИИ
197
Бағдарламаның интерфейсімен танысайық. Ол интуитивті және қарапайым, әсіресе жаңа
пайдаланушылар үшін. Сіз құралдардың қаншалықты ыңғайлы орналасқанын, олардың мақсатын
және қолдану тәсілін түсіне аласыз.
Пәтер макетін жасау. Нақты параметрлерге
сүйене отырып, пәтеріңіздің нақты жоспарын
жасаңыз. Бөлменің өлшемі мен пішінін түзетудің қаншалықты оңай орындалатынына көз
жеткізіңіз. Егер макетті қағазда жасасаңыз, қате болса, бәрін қайта суретке түсіруге тура келеді.
Өңдеуді орындау. Пәтерге толық көрініс беру үшін тұсқағаз, еден жабыны және төбе түрін
баптаңыз. 450+ әрлеу материалдары бар бағдарлама каталогымен таныса аласыз: тұсқағаз,
ламинат, плитка және басқалары. Сіз үйіңізді орыс тілінде 3D жобалауға арналған бағдарламаны
тегін жүктеп алып, барлық мүмкіндіктерді қазір сынап көре аласыз!
Бөлмелерге жиһаз қосу. Бағдарлама арқылы интерьер заттарын таңдаудың, өзгертудің және
орналастырудың қаншалықты ыңғайлы екенін көріңіз.
Нәтижені бағалау. Бағдарлама үш түрлі көріністі ұсынады: 2D, 3D, сондай
-
ақ дайын үйді
ішінен көруге мүмкіндік беретін керемет «Виртуалды сапар» функциясы.
Бағдарлама сізге дайын үй сызбасын ұсынады. Егер Сізге ол ұнамаса, өзіңіз 0
-
ден бастап
бөлмелердің өлшемін беру арқылы сызуыңызға болады. Бұл бағдарлама сіздің ойыңызда жүрген
үй немесе пәтердің, сондай
-
ақ ғимараттың сұлбасын қажетті өлшемде сыза аласыз. Сызып қана
қоймай ішкі жөндеу жұмыстарын өз талғамыңызға сәйкес жасайсыз. Әрі қарай үйдің жиһаздары
мен интерьерін де бағдарлама көмегімен орындай аласыз. Ол үшін сізге тек компьютер болса
жеткілікті. Дайын болған ғимарат макетін 2D және 3D форматында көре аласыз. Алдымен үйдің
сыртқы қабырғаларын «Бөлмені салу» командасы арқылы, солдан оңға қарай қажет өлшемді
таңдау арқылы сызуға болады. Салынған үй сұлбасына тағы бөлме қосуға болады, ол үшін
«тіктөртбұрышты ғимарат қосу» батырмасын басып бөлменің формасы мен өлшемін таңдаңыз.
Қосылған бөлмені үйдің қалаған жеріне жылжытып қоюға болады. Өшіру үшін «dеlеtе»
батырмасын басыңыз. Қабырғасы қаланған соң шатыр жабындысы түрін таңдап, үйдің шатыры
жабылады. Келесі кезекте бөлмеаралық есіктер қойылады. Есіктерді жасыл сызықты тарту
арқылы, ішке немесе сыртқа ашылуын таңдау керек. Бұдан кейін терезелерді орнатамыз. Әрі қарай
еден материалының түрі бойынша таңдап үйдің еденін саламыз. Еден
салынғаннан соң қабырға
ремонты жасалады. Әрі қарай үйді жиһаздайтын боламыз. Үй толық жиһаздалғаннан кейін
интерьер декорация бөліміне өтеміз. Қабырғаға тиісті картинкалар немесе декорация бұйымдарын
ілеміз. Үйдің жобасы дайын болды. Енді тапсырыс берушіге жұмысты көрсетіп, толықтыру жасау
керек
.
|