Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет418/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: 
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ 
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: 
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 
348 
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі 
тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің 
сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы 
қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа 
критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген 
ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата
-
анасына түсінікті 
болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден 
болады. 
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Еліміздің әлемдік 
үрдістерге
енуі
білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру екені сөзсіз. 
Білім беру мазмұнын жаңарту өте қажетті мәселе болып отыр. Оқу үрдісін жаңа әдіс
-
тәсілдермен 
жаңарту болып табылады.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы 

маман даярлауда «Өмірлік білімнен өмір бойы 
білім алу» қағидасына лайықты болуға тиіс. Әр ұстаз 
– 
ізденімпаз ғалым, психолог, жан
-
жақты 
шебер, еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез
-
келген ортаның ұйытқысы болу керек. 
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте 
оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп 
атап көрсеткен болатын. Тәуелсіз егеменді 
еліміздің әлемдік өркениетке 
жетудегі сара да дара жолы 
– 
оның білім жүйесі. Бүкіл әлемдегі 
елдермен терезесі тең, керегесі
кең болу үшін артымыздан ерген келешек үрпағымыз білімді болу 
керек. Білімнің сапалы берілуі 
– 
ұстаздың біліміне, тәжірибесіне, ізденісіне, оқытудағы жаңа 
технологияларды сабақ барысында мол шеберлікпен, шығармашылықпен жеткізуіне байланысты 
болып тұр. Оқыту ісіндегі 
жаңа тәсілдермен сабақ берудің мақсаты

пәнді 
жан
-
жақты түсіну 
қабілетін дамыту болып саналады. 
XXI ғасыр 
— 
озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа 
технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Әсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте 
зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін қатар үйренеді. 
Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мәдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол 
тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға 
баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат 
ретінде дамуын қойып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. 
Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс
-
тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және 
технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру 
үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы 

заман талабына сай келешек ұрпақтың 
сұранысын 
қанағаттандыратын тың бағдарлама. Еліміздің білім беру жүйесінде сындарлы оқыту 
теориясын қолдану білімді де саналы, тәрбиелі, өз елін сүйетін, рухани құндылықтарды бойына 
сіңірген 
жастар өсіп шығатыны анық.
Кез
-
келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір суру деңгейінің жоғарылығы, дүние 
жүзі қоғамдастықтағы орны мен салмағы сол 
елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. 
Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны ендіру сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға 
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикасы күшті 
дамыған елдердің көрсетіп отырған білім деңгейлерінен көруге болады. Ендеше қазіргі заманның 
ақпараттық технологиясын толық игеру міндеті тұр. Тұтас алғанда әлемдік технологиялық даму 
деңгейіне сәйкес өзіміздің жаңа экономикамызға қажетті білімнің баршаға ортақ базасын ұдайы 
жаңартып отыру үшін ілгері талаптар қойып, тиісті инфрақұрылым қалыптастыру керек. Ол 
– 
жаңа техника
-
технологияны жақсы меңгерген жеке тұлғаны жан
-
жақты дамыту. Ол үшін білім 
беру саласында қазіргі дидактикалық мүмкіншіліктер мен жаңа идеяларды және инновациялық 
технологияларды тиімді пайдалану қажет, мұның бірі 
– 
компьютерді қолдану.
Қоғамда болып жатқан түбегейлі қайта құрулар (өзгерістер), қазіргі заманда адамдардың 
ынта
-
ықыласын және шығармашылық әрекетін ескеріп, білімге және өмірге жаңа тұрғыдан 
қарауды талап етіп отыр. Осыған байланысты оқытудағы инновация көкейкесті мәселе болып 
отыр. Оқытудағы инновация қазір жаһандану үрдісімен әлеуметтік болмыс формалары және 
білімді кіріктірумен тығыз байланысты. Сонымен, болашақ мұғалімді әдістемелік дайындаудың 
жүйесінде білім беру мен кәсіби дайындау мақсаттары тең дәрежеде іске асырылуы қажет, олар өз 
кезегінде өзара бір
-
бірін толықтыруға және байытуға міндетті. Жоғары оқу орнының білім алу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет