3.2.8 Түзетулерді енгізу
Геометриялық ақпаратты түзетулерін енгізу станокты реттеу қателігі, кесу аспабының мүмкін тозуы, жылулық деформациялар және т.б. байланысты. Бұл жағдайда түзету өзімен аспаптың Х немесе Z координаталары бойынша программаланғандарға қатысты «+» немесе «–» белгімен қосымша орын ауыстыруларын көрсетеді.
Түзетуді енгізу L мекен-жайы мен екі дәрежелі санның көмегімен іске асырылады. Санның үлкен дәрежесі келесі мәндерге ие бола алады:
1. Түзетуді тек Х осі бойынша енгізу.
2. Түзетуді тек Z осі бойынша енгізу.
3. Түзетуді тек Х және Z осьтері бойынша енгізу.
Кіші дәреже басқару пультында түзетудің номерін атпайды. Түзетудің шамасы 0-ден ±99,99 дейінгі шектерде Z осі бойынша ондық қосқыштарда; және 0-ден ±49,995 дейінгі шектерде Х осі бойынша енгізіледі.
Түзетуді өңдеуден соң оны жою керек, яғни оны қарама-қарсы белгімен қайтадан өңдеу керек. Түзетуді жою G40 функцияның көмегімен түзетушінің номері мен Ғ берісті атаумен өткізіледі.
3.3 Зертханалық жұмысқа тапсырма
Зертханалық жұмысқа бастапқы мәліметтер №1 зертханалық жұмысты орындау кезінде алынған нәтижелер болып келеді. Технологиялық және өлшемдік ақпаратпен есептелген (таңдалған) өңдеудің құрылған графын ескере отырып қажетті:
– тетікті СББ Н22 – 1М құрылғымен жабдықталған жону 16К20Ф3 үлгідегі станокта өңдеу үшін ББ жасау;
– бағдарлама тасушы – перфолентаға ББ орналастыру;
– бағдарлама тасушының баптауын орындау.
3.4 Техникалық жабдықтау
1. СББ Н22 – 1М құрылғымен жабдықталған жону 16К20Ф3 үлгідегі станок.
2. УПДЛ түріндегі перфолентада мәліметтерді дайындау құрылғысы, немесе перфоратормен тоғысудағы компьютер.
3.5 Әдістемелік нұсқаулар мен жұмысты орындау реті
Басқару бағдарламасын жасау үшін бастапқы ақпарат №1 зертханалық жұмысты орындау кезінде алынған мәліметтер болып табылады.
ББ жасаған кезде әдістемелік нұсқауларда мазмұндалған программалау бойынша жалпы мәліметтермен ықыласты танысу.
ББ жасау үрдісінде келесі ретті ұстану керек:
1. Басқару бағдарламасы басында «%» символынан соң жұмыс органдарының нольдік күйінен бастапқыға орналасуын программалау қажет. Осы станок үшін нольдік күй құралкүймешіктің шеткі оң күйі мен күймешктің алдыңғы күйіне (3.2 сурет) сәйкес келеді. Бағдарламаның бұл бөлігі кез-келген тетікті өңдеу үшін стандартты болады да үш кадрдан тұрады:
%
N001 G27 F…. S…. T…. M104
N002 G58
N003 X + 000000 Z + 000000
ББ бірінші кадрымен координаттардың абсолюттік жүйесінде (G27) жұмыс белгіленеді, Ғ жылдамдатылған беріс, айналдырықтың қажетті аналу жылдамдығы S, бірінші әрекетті орындау үшін аспап номері орнатылады және айналдырықтың саға тілі бойынша айналуын қосуына команда М104 беріледі.
Жеке кадрмен нольдік жылжуы функциясы (G58) енгізіледі, ал үшінші кадрмен осы жылжудың геометриялық ақпараты енгізіледі. Жылжудың фактілі шамасы станокты баптау кезінде анықталады және СББ құрылғысының ондық қосқыштарында жиналады.
2. ББ негізгі бөлімін жасау өңдеу графының нольдік төбесінен бастап тікелей тетікті өңдеу бойынша ақпаратты енгізумен іске асырылады. Негізгі бағдарламаны блоктарға бөлуге болады, сонда әрбір блок бір әрекетті орындауға сәйкес келу керек. Осындай әрбір блоктың құрылымы бірдей деуге болады. Бірінші блоктың басында жеке кадрмен G26 функциясын енгізу керек, себебі барлық кейінгі программалау координаттардың салыстырмалы жүйесінде орындалады. Бұл жылжулардың есептелуі жұмыс органының бастапқы күйінен басталады, яғни координаттар жүйесінің центрі жұмыс органының бастапқы күйінде аспаптың төбесіне байланысқан және бұл жағдайда абсолютті жүйемен операция жасау қиын болады.
Бірінші блоктың бірінші кадрында ББ кесу аспабы төбесіне күйіне түзету функциясын енгізу қажет. Сонда түзетуді жағдайлардың көбінде екі координаттар бойынша бірдей жоспарлау қажет. Кейін жұмыс органының графтың бастапқы аралас төбелері арасында орын ауыстыруын белгілейтін бірінші геометриялық ақпаратты енгізумен интерполяцияның қажетті функциялары мен беріс жылдамдықтарын енгізу керек. Келесіде бағдарламаның бір блоктағы шектерде әрбір кадрда геометриялық ақпараттың өзгеруімен қатарлас қажет жағдайда беріс жылдамдығы мен интерполяция функциясы өзгереді. Берістің үш функцияларын пайдалану ұсынылады: біреуі жұмыс жүрістерінің өздерін орындау үшін; екіншісі үлкен емес қашықтықтарға (аспапты жақындату – алыстату) бос жүрістерді орындау үшін және үшіншісі – үлкен қашықтықтарға (аспаптарды ауыстыру нүктесіне, өңдеу басына қайтару) бос жүрістерді орындау үшін тез жүрісті жылдамдық.
Бағдарламаның блок соңында G40 түзетуді жою, беріс функциясы енгізіледі, онда бұрын енгізілген түзетудің шамасын өңдеу жоспарланады.
Төменде әрекетті өңдеу үшін бағдарламаның мұндай блогының мысалы келтірілген.
N004 G26
N005 G01 L31
N006 F10600 X – 17800 Z – 0430
N007 F10200 X + 00800 Z – 00400
N008 Z – 02300
N009 X + 01000
N010 X + 01200 Z – 01500
N011 Z – 03800
N012 X + 01200
N013 F10600 X + 13400 Z + 12300
N014 G40 L31.
Аспапты ауыстыру үшін станоктың жұмыс органы бастапқы нүктеге апарылады, ал апарудан кейін осы аспаптың күйіне түзетуге жою программаланады.
Келесі блоктың құрылымы біріншінің құрылымын қайталайды, тек технологиялық және өлшемдік ақпарат қана өзгереді.
Бунақтарды өңдеу кезінде жұмыс жүрісін орындағаннан соң уақыт шыдамын программалау қажет. Кадрдың құрылымының осы жағдайда 3.2.7 бөліміне сәйкес келесі түрі болады
N028 G04 F10200 X + 02000
Шеңберлік интерполяцияның программалау кезіндегі кадрдың құрылымы 3.1 суретте көрсетілген.
Бұранданы кескен кезде кадрдың құрылымының түрі (3.2.6 бөлімді қараңыз) келесідей болады:
N043 G33 X + 000256 Z – 002500 D + 000200
G58, G25 және G33 функциялары ұзартылған форматтарды (6 дәрежелі) қолданады.
3. Бағдарламаның соңы стандартты түрі боалды. Өңдеудің соңында жұмыс органы нольдік күйге қойылуы керек, бұл екі кадрмен программаланады, осыдан кейін М02 «Бағдарлама соңы» функциясымен кадр жазылады.
N076 G25 X + 999999
N077 G25 Z + 999999
N078 M002.
X және Z осьтері бойынша координаттар геометриялық ақпарат алдын ала үлкенірек етіп енгізіледі, ол жұмыс органының нольдік күйде тоқталуы шекті қосқыштармен іске асырылатыны ескеріліп жасалады.
4. Зертханалық базаны бағдарлама тасушыны жасаудың техникалық құралдарымен жабдықтау кезінде зертханалық жұмыста ББ бағдарлама тасушыға оның кейінгі тікелей станокта баптауымен аударылуы ескеріледі. Мұндай құралдар болмаған кезде студенттерге станокта бапталған ББ өңдеуі көрсетіледі.
3.6 Есептің мазмұны
Есеп технологиялық құжаттаманың жазылған ББ түрінде көрсетіледі. Көрсетілген құжаттамада қандай да бір түзетулер жіберілмейді. Бланктік құжаттаманы дайындау кезінде мәтіндік құжаттарға сәйкесті талаптарды ұстану керек. Егер зертханалық жұмыс бағдарлама тасушыны жасау мен баптаумен аяқталса, онда есепке бағдарлама тасушы қосылады.
3.7 Бақылау сұрақтары
1. Қарастырылатын буындағы СББ құрылғысының сипатыт ерекшеліктерін атаңыз.
2. Импульстарда орын ауыстыру тапсырмаларының физикалық мәнін түсіндіру.
3. Қандай ақпарат ББ кадрына шеңберлік интерполяцияны программалаған кезде енгізіледі?
4. Қандай ақпарат ББ кадрына бұранданы кескен кезде енгізіледі?
5. Қандай тәсілмен түзету және оның физикалық мәні программаланады?
6. Өлшемдік орын ауыстыруларды программалаған кезде координаттардың салыстырмалы жүйесін артық пайдалануын түсіндіріңіз.
№4 Лабораториялықө жүмыс Н33 – 1М сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғымен жабдықталған вертикаль-жоңғылайтын білдекке басқару бағдарламаны жасау
Жүмыс мақсаты: Н33 – 1М сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғымен жабдықталған вертикаль-жоңғылайтын 6Р13Ф3 білдекке тетіктерді өңдейтін басқару бағдарламаны жасаудан тәжірибе алу.
Жалпы түсініктер
Н33 – 1М және Н 22-1М сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғылар бір қезде шыққан қүрылғылар. Сондықтан әртүрлі білдектер жабдықталса да көп бірдейшілік бар.
Адрестер және сөз форматтары
Сандық бағдарламамен басқарылатын Н33 – 1М қүрылғыда келесі адрестармен сөздер форматтары қолданылады:
N3 – басқару бағдарламаның қадрының номірі;
G2 – дайындау функциясы;
M2 – комекші функция,
F4 – беріліс жылдамдығы;
L3 – коррекция;
X6,Y6,Z6 - X,Y,Z остерге қатысты интерполяция параметрлары.
Осы лабораториялық жүмыста 6Р13Ф3 вертикаль – жоңғылайтын білдек қолданылады. Осы білдекте шпинделдің айналу жылдамдығы жене кесу қүралдар қолмен ауыстырылады сондықтан мүнда T және S адрестер қолданбайды.
Басқару бағдарламаның кадрының форматымындай түрде:
N3 G2 X Y Z I+6 J+6 K+6 M2 F4 L3
Дайындау функция
Өңдеу процестерін бағдарлағанда келесі функциялар қолданылады:
G01 – сызықты интерполяциялау режім;
G02,G03 – сағаттың жүру бағытымен және оған қарсы бағытта дөңгелек интерполяциялау режімдері;
G04 - өңдеу кезінде үақытша тоқтау (кідіріс);
G17,G18,G19 - XY,XZ,YZ өңдеу жазықтықтарды таңдау
G40 – коррекцияны тоқтату;
G41 – үзындыққа коррекция оң;
G42 - кесу қүралдың радиусына сағатжүру бағытымен оң;
G43 – кесу қүралдың радиусына сағат жүру бағытына қарсы оң;
G50 – эквидистанттық қарамнан тыс кеткенде, жоңғыш қүралдың радиусына коррекцияны есептеу функциясы (коррекцияны тоқтату)
G51 – үзындыққа коррекция теріс;
G52,G53 – кесу қүралдың радиусына сағаттың жүру бағытымен және оған қарсы бағытта теріс.
Барлық қолданылатын G функциялар үш топқа бөлінеді:
бірінші топ: G01,G02, G03;
екінші топ: G17, G18,G19;
үшінші топ:G40 – G43,G50 –G53.
Осы топтар мөлшерінде G функцияның келесі сол топтан G функция келмейінше әрекеті сақталады. G04 функцияның, басқару бағдарламаның бір кадры жүмысын аяқтағанша, әрекеті сақталады. G 17 – G19 функциялар доңгелек интерполяцияда қолданылады. Басқару бағдарламаның бір кадрында бірғана G функцияның болуы мүмкін.
Көмек функция
Осы қүрылғыды келесі функциялар қолданылады:
М00 – шартсыз тоқтау;
М01 – расталатын тоқтау;
М02 – басқару бағдарламаның соңы;
М03 – шпиндельді жүмысқа қосу;
М05 – шпиндельді және суытқышты жүмыстан айыру;
М13 – шпиндель мен суытқышты жүмысқа қосу.
М00, М01 және М02 бүйрықтар жеке кадр ретінде еңгізіледі.
Технологиялық мәліметтерді бағдарламалау
Осы қүрылғыда бір ғана технологиялық мәлімет бағдарланадыол беріліс жылдамдығы. Беріліс жылдамдығын бағдарламдау үшін F адресінен кейін төрт разрядті бүтін сан қолданылады. Оның жоғарғы сатысы екі мәнде болады:
«0» - онда басқару бағдарламаның басында автоматтық түрде екпіндік не бағдарламаның соңында тежеу анықталады;
«4» - онда шартсыз бағдарламаның соңында тежеу 240 мм/мин жылдамдыққа дейін және келесі кадрде екпіндік бүрынғы жылдамдыққа дейін өзгереді беріліс коды болмаса.
Үшінші разряд ондық көбейткішті анықтайды, оның мөлшері үшесе көп берілістің (мм/мин) бүтін сандар санынан.екінші және бірінші разрядтар берілістің мантиссасын анықтайды.
Мысалы,
F0310 – беріліс саны 0,10 * 103-3 = 0,0 мм/мин;
F0465 – беріліс саны 0,65 * 104-3 = 6,5 мм/мин,
F0718 – беріліс саны 0,18 * 107-3 = 1800 мм/мин.
Қолданылатын берілістердің мәндері 4.1 кестеде көрсетілген.
4.1 кесте - Беріліс мәндері
Беріліс өзгерісінің ауқымы
|
Дискреттік
|
Көбейткіштің коды
|
Мантисса өзгерісінің шектері
|
0,0 – 0,9
|
0,1 арқылы
|
3
|
10,20,30....90
|
1 – 0,9
|
0,1 арқылы
|
4
|
10,11,12,...98,99
|
10 – 99
|
1 арқылы
|
5
|
10,11,12......98,99
|
100 -999
|
10 арқылы
|
6
|
10,11,12......98,99
|
1000 - 2400
|
100 арқылы
|
7
|
10,11,12......98,99
|
Шектеулер
Бірмезгілде үш координатпен жүмыс жүрсе онда беріліс 800 мм/мин аспаукерек, екі координатпен жүмыс атқарылса онда беріліс 1200 мм/мин аспау керек.
Тез қозғалыстың жылдамдығы 2400 мм/мин.
Қозғалыс 50 мм ден кем болса тез қозғалыстың жылдамдығын программалау керек емес.
Геометриялық мәліметтерді программалау
Барлық координаттар мен қозғалыстар дискреттермен (импульстар) беріледі., оның себебі беріліс жетектерде қадамды қозғалтқыштар қолданылады. Барлық координаттарда импульс бағасы 0,01 мм. Сөздердің форматтарымен санасып X6, Y6; Z 6 ең көп қозғалыс мөлшері 9999,99 мм ол білдектің техникалық сипаттамасынан едәуір көп.
Әр жазықтықта шеңберлік интерполяцияны программаласа мыналар ескерілу керек:
басқару бағдарламаның бір кадрында шеңбердің төрттен бір бөлігінен артық программалауға болмайды;
текқана қатыстық координат жүйесі ғана қолданылады.
Шеңберлі интерполяцияда мынадай мәліметтер еңгізіледі:
өңдеу жазықтық G17, G18, G19;
интерполяцияның түрі G02, G03 (әрбір жазықтықта G – функцияны беру , 4.1 суретте көрсетілген);доғаның ортасына қатысты сол доғаның бастапқы нүктесінің оң бағытттағы I,J,K координаттары (интерполяция параметрлері, 4,2 сурет);
координаттардың өсуі X, бағыттарын ескерілуімен (4.2 сурет).
4.1 сурет
4.2.6 Геометриялық мәліметтерге басқару бағдарламаға коррекция еңгізу
Вертикаль-жжоңғылайтын Н33-1М сандық бағдаламамен басқаратын жүйелермен жабдықталған білдектерде басқару бағдарламаға геометриялық мәліметтерге түрлі коррекциялар еңгізуге толық мүмкіншіліктер бар. Онда технологиялық мүмкіншіліктер, өңдеу әдістер, тетіктердің қүрылым ерекшеліктері ескерілген. Кесу қүралдың қозғалыс траекториясының коррекциясы L адреспен және үш белгі кодты санмен жүзеге асырылады.
Үлкен разряд 0 ден 8 дейін өзгереді коррекция түріне байланысты ( 4.2 кесте).
4.2 кесте - Коррекция түрі
Үлкен разрядтың коды
|
Коррекцияның атқаратын міндеті
|
0
|
Сыртқы эквидистанталы қарамға таяу не сыртқы қарамды коррекциялау
|
1
|
X оспен коррекциялау
|
2
|
Y оспен коррекциялау
|
3
|
X,Y остермен коррекциялау
|
4
|
Z оспен коррекциялау
|
5
|
X,Z остермен коррекциялау
|
6
|
Y,Z остермен коррекциялау
|
7
|
X,Y,Z остермен коррекциялау
|
8
|
Ішкі эквидистанталы қарамға таяу не ішкі қарамды коррекциялау
|
L адрес ылғи басқару бағдарламаның соңында орналасады. Коррекция мөлшері ондық ауыстырып-қосқышпен теріледі.Барлығы 16 ауыстырып-қосқыштар бар. Максималды терілетін сан 99,99 мм. 1 -10 корреторлар кесу қүралдың үзындығының коррекцияларын еңгізуге қолданылады, 11 – 16 корректорлар жонғының радиусын коррекциялауға қолданылады. 17 – 18 корркторлар координаттық жүйенің нөлін ығыстыруға қолданылады.
4.2 сурет
Коррекцияны қайтаруға , яғңи остерге қатысты бағыт белгілерн, G40 функциясын еңгізіп сонымен қоса L коррекцияны кайтару функциямен бірге.
Теңқашықтық қарамда жүмыс жүргізіпсе онда коррекцияны қайтару ішкі не сыртқы қарам ба белгіленеді сонымен қоса G50 функция еңгізіледі.
G40 – G43, G50 – G53 дайындау функциялар көмегімен кесу қүралдың үзындығына на радиусына коррекцияны берілуі мүмкін. Бүнда басқару бағдарламаға координаттық қозғалыстар тетіктің номиналды өлшемдеріне тең еңгізіледі (яғни сызба боынша), коррекция мөлшерікесу қүралдың радиусына тең және корректорда + белгімен теріледі (яғни импульстар санымен). Мүндай усаныс басқару бағдарламана жүмыс атқарғандатеңқашықты қарам автоматты түрде есептеледі, сондықтан алдына ала R радиусқа қатысты есептеу қажет емес.
G40 – G43, G50 – G53 функциялармен дүрыс қолдану үшін олардың физикалық мағнасымен және олардың атқаратын міндеттерімен танысу керек..
G41 функция – кесу қүралдың үзындығына оң коррекция, G51 функция – теріс коррекция, олар оң не теріс белгіні коррекция шамасына орнатады корректорда терілген белгіге қарамастан. Коррекция өткізілгенде программаланған қозғалыс шамасымен коррекцияның шамасы алгебралық түрде қосындыланады («+» және «–« белгілерді еске ала отырып). 4.2 суретте көрсетілгендей А нүктеде қозғалыс программаланған, В нүктеде қозғалыстың шамасы коррекцияланаған.
G42 функция -радиусқа оң коррекция, G52 функция - теріс коррекция, бүлар шеңбердің төрттен бір бөлгін сағаттын жүру бағытында өңдегенде қолданылады.Яғни, өңдеу доғаның нақты радиусы сызбадағы тетіктің радиусымен R жонғыштың радиусының қосындысына тең (4.2 сурет).
G43;G53 функциялар G42,G52 функцияларға үқсас тек доңгелек коррецияны сағаттың жүру бағытына кері бағытта қолданылады.
G42 - G43, G52 - G53 функцияларды қолданғанда L адрестең кейіңгі түрған санның үлкен дәрежесі екі санда ғана болады «1» не «2». «1» сан болса онда G19(XY) және G18(XZ) жазықтықтарда программаланған бастапқы түзетілетін i координатқа, ал G19(YZ) өңделу жазықтықта j координатқа сәйкес. «2» сан болса онда G17(XY) жазықтықта түзетілетін бастапқы j координатқа және G18(XZ), G19(YZ) өңделу жазықтықтарда k координатқа сәйкес.
Лабораториялық жүмысқа тапсырма
Бастапқы мәліметтер ретінде №1 лабораторилық жүмыста табылған деректер. Сондағы қүрылған өңдеу граф пен есептелген өлшемдік мәліметтерді қолданылады:
Н33 – 1М сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғымен жабдықталған 6Р13Ф3 білдекке тетікті өңдейтін бағдарламаны жасау;
бағдарламаны бағдарлама тасмалдаушқа – бағдарлама таспасына аудару,
бағдарлама тасмалдауышты реттеу.
Техникалық жабдықтар
Н33 -1М сандық басқару қүралмен жабдықталған 6р13Ф3 вертикаль-жонғылайтын білдек.
УПДЛ тәрізді перфотаспаны дайындайтын қүрылғы.
Әдістемелік нүсқаулар және жүмысты орындау реті
Н33 -1М сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғымен жабдықталған 6Р13Ф3 вертикаль-жонғыш білдекке басқару бағдарламаны жасау алдында мыналарды ескерілу керек:
білдектің жүмыс мәрімдерінің бағдарламамен басқарылуы олардың нөл орындарынан басталады, яғни бастапқы нөл және нөл нүкте бір орында орналасады. Айналдырық басшаның нөл күйі ең жоғарғы күфге сәйкес, үстөлдің нөл күйінде оның ортасы шпиндельдің осімен сәйкес.
басты қозғалыстың жылдамдығы – шпиндельдің айналыс жиілігі және кесү қүралдың ауысымы қол мен жасалады сондықтан олар программаланбайды. Тек М03 функция мен шпиндельдің айналуы қосылады.
Басқару бағдарламаны жасағанда геометриялық мәліметерді коррекциялаудың толық мүмкіншілігін қолдану керек. Z осінің коррекциясы кесу қүралды өңделіп жететін өлшмнің дәлдігін реттеуге ; мысалы кілтек ойықтын тереңдігі, қолданылса ; сондай қарамды саусақты жонғышпен жонғанда жонғыштың кесу жиегінің тозуын коррекциялауға қолданылады. Коррекция түрін басқару бағдарламаның бас жағында жазу керек және Z оске қатысты қозғалыстар бағдарламанатын жақта.
N003 G01 Z-005000 L401
Бағдарламаның соңында қозғалыс кері бағытта болса коррекцияны айыру керек.
N121 G40 Z+ 005000 L401
X және Y остеріне қатысты түзету (коррекция) есептеу нөлді ығыстыруға қолданылады, есептеу нөлді ығыстыру себебі шпинделдің оснің үстөлдің ортасымен дәл келмеуі. Ондай дәлсіздік айлабүйымның білдектің үстөлінде, өңделетін тетіктің айлабүйымда қондырылу қателіктерінен түындайды. Түзетулер Z осне қатысты түзету секілді еңгізіп -шығару. Егер X жәнеY остерінде қозғалыстар болмаса онда түзетілу нөл қозғалыстарын бағдарлағанда еңгізіледі( 4.3 сурет).
N005 X+000000 L117
N006 Y+000000 L218 – түзету еңгізу
__________________
N096 G40 X+000000 L117
N097 G40 y+000000 L218 – түзетуді шығару
4.3 сурет
X және Y остеріне қатысты қозғалыстарға түзету G41 және G51 дайындау функциялармен кесу қүралдың теңқашықтық қарамға шығуын бағдарлағанда қолданылады. G41 - G43 және G51 - G53 дайындау функциялар тік төрт бүрышты және оның қүрамында шеңбердің бір квадрантындағы доғасы бар тетіктерді өңдейтін кесу қүралдың радиусына түзету еңгізуге қолданылады (4.4 сурет). Мүнда деп аталатын теңқашықсыз (безэквидистантное) бағдарламаны жазу орын алады; яғни бүл кекзде басқару бағдарламаға нақты қарамның өлшемдері еңгізіледі; кесу қүрал теңқашықтықпен қозғалу үшін кесу қүралдың радиусының өлшеміне тең . X және Y остеріне қатысты түзетулер еңгізіледі.Сондықтан алдын ала теңқашықтықтың өлшемдерін есептеу қажет емес.
Мысалы:
Теңқашықтыққа шығу 1 – 2 нүктелер (4.4 сурет) .
4.4 сурет
N004 G51 X+005000 F0680 L114
14 түзеткіште (корректорда) Rф = 15 мм жонғыштың радиусы (оның диаметрі 30 мм болса) теріледі.
2 – 3 нүктелер арасында
N005 G41 Y+020000 L214
3– 4 нүктелер арасында
N006 G41 X+002000 L115
15 түзеткіште 2 Rф = 30 мм теріледі, өйткені 3 – 4 нүктелердің арасындағы қозғалыс нақты қарамнан 2 Rф ке өлшемі көп.
5 – 6 нүктелер арасында
N008 G51 X+008000 L115
5 – 6 нүктелер арасындағы қозғалыс қарамның осы нүкетелер арасындағы өлшемнен 2 Rф ке кем.
8 – 9 нүктелер арасында
N011 G42 J+006000 X+006000 Y+006000 L214
Теңқашықтықтан шықанда түзетүді алып тасту үшін теңқашықтыққа кірген дегі қолданылған функцияға қарсы функция қосылып беріледі.
3 нүктелер сондай
N019 G41 X-005000 L114
Күрделі теңқашықтық қарамдардарға бағдарлама жазғанда жонғыштың радиусына түзету еңгізгенде ішкі және сыртқы қарамдар белгілерін қолдану керек. Ішкі және сыртқы белгілерді қолданғанды қарамның түрімен байланыстырмай мынадай қасиет еске түтылады. Егер жонғыштың диаметрі үлғайғанда қозғалыстың өлшемі де өссе онда ол сыртқы қарам болып есептеледі. . Егер жонғыштың диаметрі үлғайғанда қозғалыстың өлшемі азайса онда іщкі қарам. Әтине кей кезде осындай белгілерді еске ала отырса қарам виртулды болуы мүмкін (4.5 сурет).Осы суретке сәйкес; егер теңқашықтыққа 0 нүктеден 1 нүктеге шықса онда қарам ішкі болады; ал егер траектория 0 – 2 – 3 нүктелерден өтсе онда қарам сыртқы болады.
Күрделі қарамдарды өңдегенде (4.5 сурет) теңқашықтыққа шығу үшін кесу қүралдың радиусына түзету еңгізу керек, одан кейін басқару бағдарламаның әр бір кадрында қисықсызықты қарамға бадарлама жазылады; яғни әр бір кадрда дөнгелек интерполяция қолданылады.
Тік сызықты интерполяцияны қолданылатын кадрларда жонғыштың радиусына түзету енгізу қажет емес; себебі жонғыштың диаметрінің өзгеруі қозғалыстың мөлшеріне әсері жоқ.. Аталған себептерді еске алсақ онда 4.5 сурете көрсетілген тетіктің өңдейтін басқару бағдарламаның кейбір кадрлары мынадай түрде жазылады.
1 нүктеден 2 нүктеге эквидистантаға шығу
N008 G01 Y+002000 L813
2 2 – 3 нүктелер арасындағы қозғалыс
N009 G02 X-008500 Y+008500 J+008500 l013
3 5 – 6 нүктелер арасындағы қозғалыс
N012 G02 X+024200
4 6– 7 нүктелер арасындағы қозғалыс
N013 G02 X+000800 Y-000800 I-000800 l0137
Тетікті өңдеп болғаннансоң теңқашықтықтан шығар кезде түзетуденде шығу керек. Оныскері қарамды қолданып не G50 функцияны қолданып жасауға болады.
N023 G02 Y-002000 L013
не
N023 G50 Y-002000 L813
Жоғарыда аталған нүсқауларды үстанып жасалған бағдарлама оқытушыға көрсетіліп тексеруден өтеді.
4.5 сурет
Тапсырылатын жаэбаның мазмүны
Жасалған бағдарлама тиісті қүжатқа толтырылып тапсырылу керек: мүмкіндік болса бағдарлама тасмалдаушыға жазылады.
Тексеру сүрақтар
Z осне қатысты түзету қандай қателікті қайырады.
X және Y остерге тқатысты түзетүлер қандай қателіктерді қайырады.
Жонғыштың радиусына қатысты түзету қандай қателік түрін қайырады.
Сандық бағдарламамен басқаратын қүралдың теңқашықсыз бағдарламаны жасауға қандай мүмкіншіліктері бар.
Жонғыштың радиусына түзету еңгізгенде ішкі және сыртқы қарамдар қалай анықталады.
№5 Лабораториялық жүмыс 2Р22сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғымен жабдықталған жону білдекке басқару бағдарламаны жасау
Жүмыс мақсаты: 2Р22 сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғымен жабдықталған жону білдекке тетіктерді өңдейтін басқару бағдарламаны жасаудан тәжірибе алу.
Жалпы түсініктер
2Р22 сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғылар қүрылымы электрондық есептеуіш машиналар тәрізді қүрылғылар. Бүл қүрылғының ерекшелігі – кеңейтілген адрестер саны, сөздің иілгіш форматы; түрақты циклдарды бағдарламалау мүмкіншілігі, түзетүлерді (коррекцияны) еңгізуді бағдарламада жасалмауы және басқалар.Сондықтан осы аталған ерекшеліктер басқару бағдарламаны тетіктің сызбасынан жасауға мүмкіншілік берді..
Адрестер және сөз форматтары
Сандық бағдарламамен басқарылатын 2Р22 қүрылғыда келесі адрестармен сөздер форматтары қолданылады:
А11- таза өңдеу әдіп, конусты бүранданың еңкіштігі, Z оске қатысты бунақ өлшемі;
В03 – белгілеген кадр номерінен бағдарламаны қайталау;
С043 - 45бүрышты қиықжиекті өңдеу;
D043 – үқытты төзу (өңдеуді кідірту);
Е – тез қозғалу;
Н3 – бағдарламаның белгіленген бөлігін қайталау саны;
L2 - өңдеу түрақты цикл;
М2 – көмек функция;
N3 – басқару бағдарламаның кадр нөмірі,
Р11 – кесу тереңдігі, бунақ кескіштің ені;
Q+043 – ойыңды өңдеу,
R+043 – шеңбер доғасын өңдеу;
G2 – дайындау функция;
S1 – 4 – басты қозғалыстың жылдамдығы;
T2 – кесу қүралдың функциясы;
U+043 - өсімшемен бағаланатын X осіне қатысты қозғалыс (қатысты координаттық жүйе);
W+043 - өсімшемен бағаланатын Z осіне қатысты қозғалыс;
X+043, Z+043 – X,Z остерге қатысты қозғалыстар(абсолюттік өлшем);
F – Беріліс функціиясы.
2Р22 сандық бағдарламамен басқарылатын қүрылғыда түрақты циклдарды программалағанда бекітілген пішімдер, өзгермелі үзындықты кадрлар (тек түрақты циклдарсыз) қолданылады. Сөздер орналасулары әр түрлі (тек түрақты циклдарсыз).
Сандық мәліметтерді жазғанда маңызсыз нөлдерді көрсетпеуге болады. Санның бүтін жағын үсақ жақтан бөлетін бөлгіш түрақты қолданылады.
Дайындау функция
Өңдеу процестерін бағдарлағанда келесі функциялар қолданылады:
G0ғ5– кадр жүмысының соңында тежеу болмауы (берілісті бәсенндету);
G10 - өңдеу диаметрдің өзгергенде түрақты кесу жылдамдығын автоматты реттеу,
G11 - G10 функцияның әрекетін тоқтату.
Көмекші функциялар
Өңдеу процестердің бағдарламаларын жазғанда мынадай көмек функциялар қолданылады:
М00 – шартсыз тоқтату;
М01 – нақтыланып тоқтау;
М02 - басқару бағдарламаның соңы;
М08,М09 – суықтаушы сүйықты қосу, ажрату;
М17 – L08, L09, L10 түрақты циклдарға тетіктің қарамын сипаттау соңы;
М18 – L11 циклмен қайталанатын бағдарламаның бөлігінің соңы;
М20 – басқаруды роботқа тапсыру.
Технологиялық мәліметтерді бағдарламалау
Басқару бағдарламаға басты қозғалыстың жылдамдығымен; беріліс функцияларды еңгізгендетүра бағдарлама әдісі қолданылады. Яғни; F адрестең кейін берілістің шамасы мм/об көрсетілсе, S адресінен кейін шпинделдің айналу жылдамдығы об/мин жазылады.
F023 сөздің пішімін үстанса онда максималды бағдарламау беріліс 99.999 мм/об, әрине бүл сан білдектің техникалық сипатта масындағы шамадан едәуір көп.
Берілістің шектелген сандары
бойлық беріліс – 0,01 – 40 мм/об;
көлдене беріліс – 0,005 – 20 мм/об.
Бағдарланған беріліс шамасы екі X және Z остерге жатады. Тез қозғалыс Е адреспен программаланады; бірақ оның сандық мәні корсетілмейді. Түрақты түрде Z өс бойынша тез қозғалыстың жылдамдығы 7500 мм /мин, X өсте ол жылдамдық 5000 мм/мин қүрайды.басты қозғалыстың жылдамдығын прогрммалағанда адрестең кейін бірінші цифр айналу санның ауқымын көрсетеді:
12 – 318 об/мин;
30 – 875 об/мин;
80 – 218 об/мин.
Бірінші цифрдан кейінгі «+» не «-» белгілер шпинделдің айналу бағытын анықтайды:
«+» - шпиндел сағат бағытында айналуын көрсетеді («+» белгіні жазбауға болады);
«-» - шпиндел сағат бағытынан кері айналады.
«+» және «-» белгілердең кейінгі төрт дәрежелі сан бір минутта жасалатын айналым санын анықтайды.
Т адрестең кейінгі кесу қуралдың коды оның револьвелі бастиектегі орнын көрсетеді. 12 орынды револьверлі бастиекте барлығы 12 кесу қуралдың орналасуы мүмкін.
Геометриялық мәләметтерді бағдарламалау
X+043, Z+043, U+043, W+043, C=043, Q=043, R+043 сөздердің пішімін еске алса онда жүмыс мәрімдердің ең көп бағдарланатын қозғалыстарының мәні 9999.999 мм, осы мән әрине 16К20 жону білдектің геометриялық және техникалық сипаттамсынан едәуір көп. X және Z адрестерді қолданып жүмыс мәрімдердің қозғалыстарын абсолюттік мәнде (абсолюттік координаттық жүйеде) не U,W адрестермен өсімше мәнде программаланулары мүмкін (қатыстық координаттық жүйеде). өлшемдер өсімше мәндерде прогрммаланса онда «+», «-» белгілер қозғалыстардың бағытын көрсетеді, егер өлшемдер абсолюттік мәнде программаланса онда аталған белгілер өңдеу графтың үшінің координаттық жүйенің басы – нөліне қатысты орналасуын көрсетеді. Барлық тік сызық өлшемдер диаметрге есептеліп беріледі. Санның бүтін және ондық бөлшектерінің арасындағы бөлгішті бағдарлау міндетті.
Маңызсыз нөлдер көрсетілмейді. 45 бүрыштылы өңделетін қиықжиектің мәліметтері осы қиықжиектің алдындағы өңделу бетпен бір кадрда бағдарланады, бірақ онда мыналарды үстану керек:
қиықжиектің өлшемі оның алдындағы өңделетін беттің өлшеміне кіреді;
қалай да болса С адрестең кейіңгі белгісі X координаты бойынша қиықжиек өңделгендегі қозғалыс бағытымен сәйкес болады (5.1 сурет).
Ойыңды өңделсе онда онымен қосылып өңделетін беттің геометриялық мәліметімен бірге басқару бағдарламаның бір кадрында керек мәліметтер бағдарланады, бірақ мыналарды үстану керек:
қйыңдының өлшемі оның алдындағы өңделетін беттің өлшеміне кіреді;
қалай да болса Q адрестең кейіңгі белгісі X координаты бойынша қиықжиек өңделгендегі қозғалыс бағытымен сәйкес болады,
ойыңды өңдегенде Z координаты бойындағы қозғалыс тек қана теріс бағытта беріледі.
Ойыңды өңдегенде бірінші қозғалыс , Z координаты бойынша өтсе онда ойың ойстық болады, егер қозғалыс X координаты бойынша өтсе онда ойың дөңесті болады (5.2 сурет).
Егер қисықсызықты өңделетін бет радиусы R шеңбердің доғасымен берілсе онда басқару бағдарламаның кадрынына мынадай мәліметтер еңгізіледі:
доғаның соңғы нүктесінің X,Z координаттарын не доғаның соңғы нүктесіне дейінгі U,W қозғалыстардың шамасын бағыт белгісімен,
R адрес, доғаның радиусының өлшемі және бағыт белгісі. R адрестең кейін бағыт белгісі оң болады егер кесу қүралдың қозғалу бағыты сағаттың жүру бағытымен бірдей болса, ол бағыт кері болса онда белгі де теріс болады.
Шеңбердің доғасын Z осне қатысты кез келген бағытта өңдеуге болады. Басқару бағдарламаның бір кадрында бір квадрант мөлшерінде орналасқан ғана доғаның өңделуінің бағдарламасын жасауға болады (573 сурет).
N1 F0.2 S2810 T2
N2 X0 E
N3 Z-24 E
N4 Z-26
N5 X21.817 W-7 R12
N6 X38 W-36 R75
N7 X32.114 W-25 R75
N8 X25 W-20 R-58
N9 X27.51 W -12 R-58
2Р22 сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғыда түрақты циклдарды бағдарламандыру мүмкіншілік бар.
Лабораториялық жүмысқа тапсырмалар
Берілген тапсырма бойынша ( тетіктің сызбасы, оны өңдеу графы) мынадай жүмыстар өткізілулері керек:
2Р22 қүрылғысымен жабдықталған 16К20П жону білдегінеи тапсырылған тетікті өңдейтін басқару бағдарламаны жасау. Басқару бағдарламаны жасағанда түрақты циклдарды және қозғалыстарды есептеу кестедегі мәліметтерді қолданбау керек.
басқару бағдарламаны сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғының жадына басқару аспапбетінен еңгізу керек.
Әдістемелік нүсқаулар және жүмысты орындау реті
Лабораториялық жүмысты орындағанда мындай ерекшеліктерді үстану керек:
Басқару бағдарламаны жасағанда тетіктің тікелей сызбасымен және бүрын салынған графты қолдану керек.Есептелген қозғалыстар кестенің қажеттілігі мүнда жоқ.. Себебі сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғының дамуы бағдарламанын жасап жазуын жеңілдетеді әсіресе дайындалу кезін.
Басқару бағдарламаны тікелей сызбадан жасалу мүмкіншілігінің мынадай ерекшеліктері бар:
сөздің иілгіш пішімі, маңызсыз нөлмен «+» белгіні жазбауға болады;
сандық мәліметтер бірнеше адрестардан кейін тікелей өлшемдері не код белгілері бар және сандар бүтін жағын бөлетін бөлгіштері бар;
абсолюттік жүйеден қатысты жүйеге және кері ауысу X,Z,U,W адрестарды қолданылуымен жеңілдетілген;
қиықжиек пен ойың ды өңдеу тиісті адрестарды қолданып өңдеу бағдарламаларын жасауға болады;
интерполяцияның параметрі ретінде шеңберлі траекторияның радиусын бағдарламандыруға болады.
Басқару бағдарламаның жалпы қүрылымы өзгермейді. 2Р22 сандық бағдарламамен басқарылатын қүрылғыда нөлді ығыстыру қажет емес, оның себебі білдектің басқару бағдарламамен жүмыс істелуі бастапқы нүктеден басталады.Бастапқы нүктені тағайындау ережелері өзгермейді. Басқару бағдарламаның соңында жүмыс мәрімнің нқл нүктеге кайтуын бағдарламауға да мүмкіншілік бар.Сондықтан басқару бағдарламаның бірінші кадрларында тек технологиялық мәліметтерғана бар.
Басқару бағдарламада түзетулерде еңгізіліп кіргізілмейді. Оның себебі түзетулер геометриялық есептерден терминалдық есептерге ауыстырылған , сондықтан аталған түзетулер басқару аспапбетінен еңгізіледі білдекті реттеген кезде.
Кесу қүралды ауыстырғанда жүмысмәрімнің бастапқы нүктеге қайтарылуы басқару бағдарламада жазылмайды , себебі жүмыс мәрім Т – кесу қүралды ауыстру бүйрықпен өзі орнына қайтарылады.
Басқару бағдарлама и жазылып болғаннан соң тексеруден өтеді.
Тексеру сүрақтар
Сөздің иілгіш пішімі не
Қиықжиекті өңделуі қалай бағдарланады
Ойың өңделуі қалай бағдарланады
Абсолютті координат жүйесінен қатысты жүйеге жәнеткері қалай ауыстырылады
Басқару бағдарламаны тікелей тетік сызбасынан жасауды қалай түсінесіз
Кесу жылдамдығын қалай түрақты түрде үстауға болады және ол басқару бағдарламада қалай жасалады.
Әдебиеттер
Негізгі
Проскуряков А. Ф., Никитина О.В. Геометрическая задача ЧПУ. Учебное пособие. Павлодар , 2005 – 235 б.
Проскуряков А.Ф., Никитина О.В. Логическая и технологическа задачи ЧПУ. Учебноөметодическое пособие. Павлодар, 2007 – 159 б.
Гжиров Р.И.,Серебреницкий П.П. Программирование обработки на станках с ЧПУ. Справочник. Ленинград: Машиностроение, 1990 – 592 б.
Сосонкин В.Л. Программное управление технологическим оборудованием. М.: Машиностроение, 1991 – 510 б.
Проскуряков А.Ф., Никитина О.В. Терминальная задача ЧПУ. Учебное пособие. Павлодар, 2006 – 222 б.
Қосымша
Маталин А.Н., Дашевсий Т.Б., Княжицкий И.И. Многооперационные станки. М.: Машиностроение,1974 – 320 б.
Автоматизированная подготовка программ для станков с ЧПУ. Справочник. / под ред. Р.Э. Сафрагана. Киев. Техника, «ұү,.
Српавочник технолога – машиностроителя / Под ред. А.Г. Косиловой; Р.К. Мещерякова. М.: Машиностроение, 1986. Т1. -656 б.
БалакшинБ.С. Основы технологии машиностроения. М.: Машиностроение, 1982 -559 б.
Қысқа терминалогиялық әдістемелік нүсқауда қолданылған қазақша – орысша сөздік.
автомат білдек – станок – автомат
автобүғаттау – автоблокировка
автоматтандыру - автоматизация
автоматты тиеу – автоматическая загрузка
автоматтық цикл – автоматический цикл
агрегаттық білдек – агрегатный станок
айналдырық басшасы – шпиндельная бабка
айналдырық қорабы – шпиндельная коробка
айналма интерполяция – круговая интерполяция
айлабүйым – приспособление
айналма үстелді жонғылау білдегі – станок карусельно-фрезерный
айналу жиіліктерінің қатары – ряд частот вращения
айналым берісі – подача на оборот
айналыс жиілігінің ауқымыдиапазон частоты вращения
аққыштық шегі – предел текучести
алдынғы негізгі бүрыш – передний главный угол в плане
арақашықтық – расстояние. Дистанция
асыпкеткіщтік – перебег
ауқым – диапазон
аунақщалы бағыттауыш – роликовая направляющая
ауытқу – отклонение
әмбебап білдек – универсальный станок
әмбебап қүрал саймандар – универсальная технологическая оснастка
бастиек – головка
бағдарлану - ориентация
бағыттаушы төлке – направляющая втулка
баптау – наладка, настройка
басқару аспапбеті – панель управления
басқару жүйесі –система управления
бастапқы күй – исходное положение
білдек – станок
бірыңғайлау – унификация
бекітүші-қысушы айлабүйым – крепежно-зажимное приспособление
белгі – признак
беріс жылдамдығы – скорость подачи
беріс қозғалысы – движение подачи
бос жүріс – холостой ход
бөлінген жетек – разделенный привод
бөлшектің сыртпішінін құру – формообразование детали
буын – звено
бүғаттау, бүғттағыш – блокировка
бүйым – изделие
бүйіршіктейтін кескіш – подрезной резец
бұрандама – болт
бұрғылау – сверление
бұрғылайтын кезеулеткіш – кондуктор сверлильный
вертикаль-бұрғылайтын білдек – вертикально-сверлильный станок
гидорқыспақ – гидрозажим
вертикаль-жонғылайтын білдек – вертикально -фрезерный станок
граф - граф
дайындама – заготовка
домалау бағыттауыш – направляющая качения
есептелген өлщем – расчетный размер
езу – смятие, раздавливание
жабдық – оборудование
жад – память
жақындаушылық, өтушілік - доступ
жанама жону күші – касательная сила резания
жанасу қатандығы – контактная жесткость
жанасу орны - место соприкосновения
жаппай өндіріс – массовое производство
жасау дәлдігі – точность изготовления
жасаушы – образующая
жасаушы шеңбер – образующая окружность
жез - латунь
жеке өндіріс – единичное производство
жонғылау – фрезерование
жону білдегі – токарный станок
жону күші – сила резания
жонып өңдейтін орталық – токарный обрабатывающий центр
жұмыс әрекеті - рабочий переход
жұмыс жүрісі – рабочий ход
жұмыстық қозғалыс – рабочее движение
жүз - лезвие
иін - плечо
иінтірек - рычаг
кезеулеткіш төлке – кондукторная втулка
кеңейжонғы кескіш – расточной резец
кертік кесу- прорезка
кесу қүрал – режущий инструмент
кесу жылдамдығы – скорость резания
кесу көмекші жиегі – вспомогательная режущая кромка
кесу тереңдігі – глубина резания
кескіш жүздің үші – вершина режущей кромки
көлденең беріс – поперечная подача
көлденең күймеше – поперечная каретка
көлденең қозғалыс –поперечное движение
көлденең қүралкүймешік – поперечный суппорт
көпмақсатты білдек – многооперационный станок
көріністегі көмекші бүрыш – вспомогательный угол в плане
көріністегі негізгі бүрыш – главный угол в плане
кідіріс, тоқтау – останов, пауза
қадамды электроқоэғалтқыш – шаговый электродвигатель
қалдырма – пропуск
қалқымалы нөл -- -плавающий ноль
қаралтым өтпе – черновой проход
қарам - контур
қашықтық – расстояние
қисықсызықты қозғалыс - криволинейное движение
қыр - ребро
қыспақ – прижим, зажим
майлап-суытатын сүйық – смазочно-охлаждающая жидкость
мәрім – орган (маш)
негіздік жазықтық – базовая плоскость
нобай сызба – эскизный чертеж
нүктелі-үзілме сызық – штрих – пунктирная линия
орнату айлабүйымы – установочное приспособление
орнату орнығы – установочная база
орнық – база
орнықтандыру – базирование
осьтік жону күщі –осевая сила резания
өлшем тізбесі – рахмерная цепь
өлшемнің шақтамасы – допуск размера
өңделетін бет – обрабатываемая поверхность
параллельдіктен ауытқу – отклонение от параллельности
перпендикулярлық шақтама –допуск перпендикулярности
пішім – формат
пішін -форма
радиаль ауытқыма – радиальное биение
режім - режим
реттеу – регулирование
салмақ күші- сила тяжести
сандық бағдарламамен басқару – числовое программное управление
сандық бағдарламалы басқару қүрылғысы - устройство числового программного управления
саусақты жонғыш – пальцевая фреза
созуға беріктік шегі – предел прочности при растяжении
сүлбелі басқару – контурное управление
талап – требоавние
талдау – анализ
таңдау, талғау –выбор
тартқыш – тяга
тетік - деталь
теңәсерлі күш –равнодействующая сила
теңқашықтық - эквидистанта
тепе-теңдік – равновесие
техникалық сипаттама – техническая характеристика
технология қүжаттамасының бірынғай жүйесі – единая система технологической документации
техникалық шарт – техническое условие
технологиялық өлшем технологический размер
технологиялылық – технологичность
тұғыр – станина
түйықтаушы өлшем – эамыкающий размер
түрақтандырғыш – позиционирование
түрақты басқару – позиционное управление
түрқы – корпус
үдемелі қозғалыс – ускоренное движение
үйкеліс коэффициенті – коэффициент трения
үш -вершина
центраралық қашықтық – межцентровое расстояние
шағын сериялы өндіріс – мелкосерийное производство
Достарыңызбен бөлісу: |