Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
Тест алу
Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Ақпарат өзімен-өзі болмайды.Ол іздестірудің ,жинаудың, сақтаудың, жеткізу мен өң-деудің және пайдаланудың барысында, басқаша айтқанда, ақпараттық процестерде айқындалады.
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады.
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал-компьютер. Ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешенін компьютер деп атайды.
Ақпаратты автоматты түрде өңдеу-адамның қатысуынсыз өңдеу, бұл кезде компью-тер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді
Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мүмкін ;
Мәтіндік ақпарат :
|
Оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма,ауа райын болжау,радио арқылы хабар т.б.
|
Сандық ақпарат;
|
көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хокей ойынындағы есеп т.б.
|
Графикалық ақпарат :
|
Суреттер,схемалар, сызбалар, фотосуреттер т.б
|
Музыкалық (дыбыстық) ақпарат :
|
дыбыстар, музыка, сөз.
|
Бейне ақпарат
|
түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, екі және үш өлшемді жылжымалы объектілер.
|
Компьютердің аппараттық құралдары:
кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсеті-луде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан;
ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды, аралық есеп-теулердің нәтижелерін сақтауға арналған компьютер жадынан;
мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы- процессордан;
өңдеу нәтижелерін кері кодтауда және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған шығару құрылғыларынан;
бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпарат-тық кеңарнадан тұрады.
Мәліметтерді бағдарламалармен өңдейді. Бағдарлама-нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекеттер жасайды немесе мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді.
Бағдарламалық құралдар- әр түрлі мақсатттарға арналған бағдарламалар жиынты-ғы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды.
Олар:
жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өң-деуді
қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;
бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.
Мәтіндік, графикалық, дыбыстық , сандық, ибейнелік мәліметтерді өңдеуге ар-налған, редакторлар мен бағдарламалар бар.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
Достарыңызбен бөлісу: |