Пјн Информатика сынып 7в Дата


)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)



бет43/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#18093
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейшлер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әркайсысы түрлі түске бояла алады.
Paint (Paintbrush)- Windows жүйесінің стандарты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі, әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бүл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалык форматында сақталады.
Windows жүйесінде Іске қосу=> Программалар=>Стандартты =» Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның қүрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтермея (жүмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.
Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар. Кез келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың белгісі айқын түспен ерекшелшеді.
Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналаскан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мүнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мүнан былай оны фондық деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісшің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбүрыш түр, осылардың үстіңгісі - негізгі түсті, ал астыңғысы - фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы - фондық түсті өзгертуге болады.
Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты, доғаларды, тіктөртбүрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді.
- аэрозоль балонының сыясының ені;
- өшіргіш (ластик) ені;
- бояуыш немесе қылқалам (кисть).
Жұмыс аумағы - салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбүрышты ауданы (бөлігі). Егерде мөлшері жүмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда Терезе ішеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жүмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терезенің жоғарғы сол жақ бүрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет