Пјн Информатика сынып 7в Дата



бет69/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#18093
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.


Сабақ барысы



  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Жергілікті желі дегеніміз не?

  2. Электрондық пошта не үшін қажет?

  3. Хабарлар құру жолы?

  1. Желілік қорды пайдалану реті?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Кейінгі кезде компьютерлік программалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы программалар, операциялық жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан компакт-дискідегі программаны компьютерге дұрыс орната білудің үлкен мәні бар.
Компакт-дискідегі программаны орнатуды қандай да бір ойынның мысалында қарастырайық.
Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни сендер CD-ROM ға қойсаңдар болды, әрі қарай іске қосу автоматтты түрде жүреді. Онда пайда болған безендірілген бастамасы бар терезеде Install батырмасын таңдау керек немесе егер мұндай батырма жоқ болса, Setup батырмасын шертіңдер. Орысша нұсқада бұл батырмалардың кез келгенінің орнында Установить батырмасы болады. Егер тіпті бұл батырмалар да болмакса, онда ОК және Cancel екі батырмасы, орысша нұсқада ОК және Отмена батырмалары болады. Бұл жағдайда ОК батырмасын шертіңдер.
Орнату кезінде онда мынадай батырмалардың үйлесімінің бірі бар: Yes, No, Agree, No; Да, Нет, Согласен, Не согласен және т.б. лицензиялық келісім терезесі жиі пайда болады. Бұл жағдайда әрқашан мақұлдап, Yes, Agree; Да, Согласен деп жауап беру қажет.
Содан соң орнату барысында тек ОК, Next батырмасын басу керек.
Сондай-ақ соңғы кездерде Орнату базасы бар ойындар жинағы кең таралды. Олардың соңғылары автоматты қосқышпен жабдықталған.
Егер автоматты түрде қосылмаса, онда базаның файлын дискіден өз беттеріңмен іздеуге тура келеді.
Сергіту жаттығуы. (2 мин)


5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. CD диаметрі қандай?

  2. CD –де не сақталады?

  3. CD –ге қанша рет ақпарат жазуға болады?

  4. CD –де қандай көлемде ақпарат орналасады?

  5. Компакт-дискіден программа қалай орнатамыз?



6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға жергілікті желі және электрондық пошта жайлы жалпы мағлұмат беру.


7) Үйге тапсырма § 7.2, бет. 201-205
Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет