13
Ал кӛркем әдебиет стилі нормадан тыс бірқатар лексикалық,
грамматикалық, тұлға-бірліктерді қолдана алады. Мәселен, дилектизмдер,
архаизмдер,
қарапайым
сӛздер,
жаргондарды,
сирек
қолданыстағы
элементтерді, ӛзге стильдің элементтерін еркін жұмсай алады, ӛйткені кӛркем
әдебиет тек коммуникативтік емес, эстетикалық функцияларды да
атқаратындықтан, ӛзге стильдерден оқшау тұрады. Осы ерекшеліктерінен
болар, кейбір зерттеушілер кӛркем әдебиетті функционалды стильдер қатарына
қоспай келді.
Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен айырым-белгілері
кӛрсетіліп келеді. Ол белгілерді қазақ тілін зерттеушілер орыс тіл білімінің
танымынан шығарып айтатынын мойындаймыз. Бұған, біріншіден, тіл-тілдегі
функционалды стильдер табиғатының, қызметінің ұқсас, ортақ құбылыс
екендігі негіз болса, екіншіден, ресми іс қағаздарының, ресми ақпарат
материалдарының, ғылыми әдебиеттің, кӛптеген мектеп оқулықтарының күні
кешеге дейін кӛбіне орыс тілінен аударылып ұсынылып келгені себепкер
болды.
Кеңсе іс қағаздарының стильдік белгілері ӛзгелерден мүлдем
ажыратылып кӛрінеді, мұнда трафареттік құрылымдар орын алады, лексикалық
норма қатаң сақталады, сӛздердің кӛріктеу тәсілдерінің жұмсалуына, сӛздердің
ауыс мағынасында келуіне жол берілмейді. Әсіресе, заң, қаулы, ереже сияқты
құжаттардың тілдік белгілері берік әрі тұрақты болуы шарт. Әрине, бұл
айтылғандардың барлығы – функционалды стильдердің әрқайсысының тілдік
сырттай белгілері және соларға орай нормалары туралы қысқаша түсінік. Ал
әрбір стиьдің ӛз ішінен мазмұндық-жанрлық бӛліністеріне қарай және
функционалдығына (мақсатына) орай бӛлшектеп, әрбіреуіне тән шағын
белгілерді кӛрсету – алдағы ғылыми ізденістердің объектіс болмақ.
3)
Достарыңызбен бөлісу: