ПОӘҚ 042-18-31 62/03-2014 Баспа №2 11. 09. 2014 ж



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі428,13 Kb.
#26171
  1   2

ПОӘҚ 042-18-31.1.62/03-2014

Баспа №2 11.09.2014 ж.

беттің -сі





ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Ойын терапиясы»

5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

мамандығы үшін



ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2015
Мазмұны
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар



4 Студенттің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ

Ойын – іс-әрекеттің түрі. Мұның елеулі орны нәтижесінде емес, оның барысында. Психологиялық кернеуліктен құтылуға, яғни кездейсоқ (стрессовое) жағдайдан бастап, адамдар қатынысының үйлесімді әлеміне қосады. Ойын барысында ересектердің әрекеттері арқылы қайта жаңғырту, қоршаған орта шыедығын танудағы арақатынасында балалар үшін аса маңызды. Балалардың күш-қуатын, ақыл-ойын, мінез-құлқын тәрбиелеуге қызмет етеді.

Заттық ойын – қоршаған заттар мен балалар ойыны барысында бала оларды тиісті орында пайдалануды үйренеді.

Рөлдік ойындар – бірлескен топтық ойын барысында балалар өздерінің арнайы жасаған көріністік жағдайларында өздеріне түрлі әлеуметтік рөлдерді алатын ойын.

Символдық ойын – шындық симвлдар белгілер түрінде белгіленіп, ал әрекеттер абстрактылы,символдық формада орындалатын ойын.

Көріністік (сюжеттік) ойындар – адам өмір шындықтарын, ертегі, әңгімелерді және т.б. балалардың көріністік қайта жаңғырту ойыны.

Апатия – эмоциональді енжарлықпен, салғырттықпен, сезімталдықтың төмендеуімен, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларға бейжайлықпен қарауменен, қызығушылықтың төмендеуімен ерекшеленетін жағдай.

Астения – селқостық, сезімталдық табалдырығының төмендеуімен, көңіл-күйдің тұрақсыздығымен, ұйқының бұзылуымен көрінетін жүйке-психикалық әлсіздік.

Мінез-құлық тренингі. Мінез-құлықтық психотерапия идеяларына негізделеді, оның мақсаты күрделі өмір жағдайларында керекті, бейімделу іскерліктеріне оқыту болып табылады.

Белсенді рөл (психолог, клиента) психологиялық кеңес беру (коррекциялық жұмыста) - психологиялық кеңес бер мен коррекциялық жұмыста психолог немесе клиент ұстанатын инициативті, белсенді әрекет, бұл қойылған мақсатқа жетуде тиімді жол.

Аутотренинг – адамға, психотерапевтік әсер ету әдісі, оның бойындағы кәсіби дағды іскерлікті анықтауға бағытталған, психологиялық өзін түзеу әрекеті.

Клиент – психологиялық кеңес алуға жүгінген қандай да мәселенің шешілетін кәсіби психолог көмегіне жүгінген адам.

Рефлексия – адамның өзін-өзі, ішкі психикалық актісін, жағдайы мен ерекшелігін, өзінің ішкі әлемін тану процесі, өзі қалай басқаға қабылдануын түсіну және өзінің мінез-құлқын басқалардың мүмкін реакцияларымен құру;

Тренинг – арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы, онда психологиялық көмек және қолдау, араласушылық дағдыларының қалыптасуы, жеке тұлғаның дамуының ерекшеліктері жайлы сұрақтар шешіледі.

Гештальт терапия – американ психологы, психотерапевт Перлс жасаған. Адам өзімен және қоршаған дүниемен тепе-теңдікте. Оны гормонияны сақтау үшін организм қажеттіліктеріне назар аудару керек, олардың жүзеге асуымен кедергі жасамау керек. Өз өзіңмен болу, өз «Менін» іске асыру, өз қажеттіліктерін, бейімділік, қабілеттерін жүзеге асыру.

Эмпатия - өзге адамдардың жан дүниесінің, сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі - идентификация. Бұл - адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.

2 ДӘРІСТЕР

Дәріс №1

Ойын терапиясы- арт - терапияның бір түрі. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады. 


Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. 

Ойын терапиясы әр түрлі диагностикалық дәрежедегі балалармен жұмыста тиымды болды, тек толық аутизм мен контактілі емес шизофренияда емес.

Ойын терапиясы шаш жұлуда көмек ретінде тиімді; селективті аутизм корекциясында; өзін дөрекі ұстауда; ата-аналарының ажырасысуынан кейін емдеу жолы ретінде, зорлық корген және тастанды балаларда; қорқынышты төмендету; емдеуге жатқызылған балаларды стресстік жағдай мен уайымнан; оқудағы қиындықтарды коррекциялауда; балалардың оқу үлгеріміндегі қииындықтарында; тілдік дамудағы кемістікте; интеллектуалдық және мінез-құлықтық жағынан артта қалған балаларға; кекештікті емдеуде; психосоматикалық аурулардан соң жағдайды жақсарту мақсатында (бронхиальдық астма, нейродермит, язволық колит, зәр шығару жолдарының дискенизиясында және т.б.); «Мен- концепциясын» жақсартуда; жақындармен ажырау барындағы уайымды емдеуде.

Ойынның коррекциялық әсерінің негізгі психологиялық тетіктері.



  1. Жүйелік әлеуметтік қарым-қатынастардың модельденуі арнайы көрнекі-іс-әрекеттік түрде ойынның кезінде және баланың соған бағынып, қарым-қатынаста бағытты таңдауы.

  2. Бала бағыты мен ойының өзгеруі, осыған байланысты «Менин» танып, қиындықтарды шешуге жағдай туғызады.

  3. Шынайы қарым-қатынастың қалыптасуы мен құрдастарымен серіктестік қарым-қатынасты орнықтырып, оңтайлы тұлғалық дамуына мүмкіндік береді.

  4. Баланың мәселелерді шынайы тұрғыда шеше білуі, белгілі жағдайларға қатысты шешімдерді қабылдай білуге және себебін түсіне білуге.

  5. Баланың мүмкіндіктерін еркін іс-әрекеттерде қолдана алуы мен ойын бөлмесіндегі ережелерге сүйене отырып, жағдаяттарды аша білу

Ойын терапиясын өткізетін психологтың негізгі функциялары

  1. Баланы қабылдау атмосферасын ұйымдастыру.

  2. Баламен эмоциялық бөлісу.

  3. Сезімдер мен көңілін максималды және нақты балаға түсінікті түрде вербализациялау мен көрсету

  4. Ойын барысында баланың өзіндік силастық пен сенімділікті қалыптастыруға бағытталған актуализациялайтын уайыммен, сезіммен бөлісу



Дәріс №2

Тақырыбы: Тақырыбы: Ойын терапиясы.

Әдістеменің жалпы сипаттамасы.

Ойын терапиясы- ойынды қолдану арқылы балалар мен ересектерге психотерапиялық әсер етудің әдісі. Әр түрлі әдістердің түп негізінде, бұл түсінік бойынша сипаттауда, ойынның жеке тұлға дамуына ерекше әсер ететінін байқауымызға болады. Қазіргі ересектердің психокоррекциясында ойын топтық психотерапия мен әлеуметтік-психологиялық тренингта жаттығу, вербальді емес ақпараттық тапсырмасы, әр түрлі жағдаятты орындау және т.б. іс-әрекет ретінде қолданылады. Ойын қатысушылар арасында жақын қарым-қатынас орнатып, қысымды, қорқыныш пен уайымды басқалардың алдында жояды, өзіндік бағаны жоғарлатып, қарым-қатынастың әртүрлі жағдайында өзін тексеруге мүмкіндік береді, салдарынан әлеуметтік маңызды қорқынышты жояды.

Ойынға тән ерекшелік- оның екіжақтылығы, драмматикалық өнерге тән, оның элементтері кез-келген ұжымдық ойында сақталады:


  1. Ойыншы шынайы іс-әрекеттерді орындайды, көп жағдайда тың және нақтылы шешімдерді жүзеге асуына іс-әрекетті қажет етеді.

  2. Бұл іс-әрекеттің кейбір жағдайы шартты сипаттамаға ие, бұл өз тұрғысында шынайы және әртүрлі жағдаяттарға деген жауапкершіліктен босатады.

Оның екіжақтылығын дамушылық әсері сипаттайды. Балалардың ойын жаттығуларында психокоррекциялық әсерге балалар мен ересектер арасындағы эмоционалдық байланысты оңтайлы орнату барысында жетеді. Ойын басыңқы жағымсыз эмоцияларды, қорқынышты, өзіне деген сенімсіздікті жойып, қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін ашып, баланың заттармен іс-әрекет орындай алуға мүмкін диапазонын кеңейтеді.

Ойынды ашу белгілері- объектінің іс-әрекет барысында тез ауыспалы жағдаяттардан кейін, тез жаңа іс-әрекеттерге бейімделуі.

Балалардың ойын құрлымы ойыншылардың өзіне алған рольдермен құралған: ойындық іс-әрекеттер жүзеге асыру мүмкіндігі ретінде; заттарды ойындық түрде қолданылуы- шынайы заттарды ойыншық (шартты) түрде; ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас.

Әр түрлі аспектілерді біріктіріп, ойынның негізгі өлшем бірлігі-роль.

Ойынның сюжеті ретінде шынайлықты орындау шегі ұсынылады. Ойынның құрлымы орындалатын ересектердің іс-әрекетін балалардың орындалуымен ең маңызды жағдай ретінде көрінеді. Ойында баланың әлеуметтенуі мен жамана мінез-құлқының қалыптасуы басталады.

Ойын терапиясы ересектер мен балалар арасындағы ең соңғысының ережелері арқылы іс-әрекеттер мен оның сезімдерін есейген адамның ойымен теңестіре отырып қабылдау. Қазіргі кезде ойын терапиясының қолданылатын аясы кеңеюде. Ұзақ және қысқа ойын терапиясын өткізуден тәжірибелік бар, сонымен қатаршағын шағын ойын топтарында тәрбиелілік-оқытушылық мекемелерде.

Ойын терапиясын өткізуге жалпы көрсеткіштер: әлеуметтік инфантилизм, тұйықтылық, қарым-қатынасқа түспеуі, фобиялық реакциялар, тым тіл алғыштық пен тым көнгіштік, мінез-құлықтың бұзылуы мен жағымсыз әеттер, ұлдардың адекватты емес полорольдік сәйкестігі.


Дәріс №3

Тақырыбы. Ойын теропиясының негізгі түрлері мен формалары.


  1. Теориялық тұрғыдан төмендегідей түрлерге бөлуге болады:

психоанализдегі ойын теропиясы;

· тұтынушыға негізделген ойын теропиясы;

· жауап қайтару ойын теропиясы;

· қарым қатынас құру ойын теропиясы;

· арнайы ойын теорпиясы

· отандық психологиялық тәжірибедегі ойын теропиясы

2. Ойындағы ересек адамдның функциясына қарай:

· директивті емес ойын теропиясы

· директивті ойын теропиясы
3. Іс әрекетті ұйымдастыру формасына қарай

· жеке ойын теропиясы;

· топтық ойын теропиясы;

4. Ойын теропиясында қолданылатын материал құрылымына қарай

· құрылымдық емес материал қолданылған ойын теропиясы

· құрылымдық материал қолданылған ойын теропиясы.


130 Психоанализдегі ойын теропиясы

Түзету тәжірибесінде ойынды қолдану психоанализдің теориялық дәстүрімен тарихи байланысты.Ойын теропиясының негізі б.з 20 жылдары М. Кляйн (1922), А. Фрейд (1921), Г Гуг-Гельмут (1926) шығармаларында қаланған.

Психоанализде ойынды қолдану белгілі мөлшерде мәжбүрленген іс болды.Мелани Кляйн талдау арқылы баланың психикалық дамуының бұзылуын жойып ,кем дегенде оған жағымды әсер етуге болады деп есептеді. Сондай-ақ талдау сау баланың дамуына да пайдасын тигізуі ықтимал,ал уақыт оте келе,тәрбиелеу барысындағы қажетті толықтыру болады.

Алайда бала жасының ерекшелігіне байланысты, психоанализдің тәсілдерін балалармен жумыс жасауға тура ауыстыру cәтсіздікке әкеп соқтырды.Баламен жұмыс істеу кезіндегі аналитикалық тәсілдерді қолданудағы басты қиыншылық - психоанализдегі ең негізгі болып табылатын,еркін байланыс тәсілінің қолданылмайтындығы.

Бұл мәселені шешудің балама жолдарын іздестіру барысында М.Кляйн мен Г.Гуг-Гельмут еркін байланыс тәсілінің орнына бала ойынын қолдануға болатындығын ойлап тапты

Ойынды осылай қолдану оның еки сипаттамасына байланысты:

1. М.Кляйнның пайымдауынша,баланың ойыны символикалық іс әрекет болып табылады.Оның барысында қоғамдық бақылау кезінде басымға ұшыраған бйсаналық серпін мен құштарлық еркін көрініс табады. Баланың өзіне алатын рөлдері мен ойыншықтарды қолданып ойнайтын іс ірекеттерде белгілі бір символикалық мағына бар.

2. Ойын,балаынң қарсы тұрған қоршаған орта мәжбүрлеуі мен қысымынан еркін сезінетін жалғыз іс-әрекет түрі. Ал бұл деген, бала мен әлемнің шынайы қарым-қатынасында қабылданбайтын және түсінілмейтін бейсаналық ықылас, сезімдер мен алаңдаушылықтарын білдіруге жол ашылады.

М,Кляйн,баланың кез келген ойыны, белгілі бір символикалық мағына береді және жанжал мен оның басылып қалған құлшынысын көрсетеді деп есептеген. Бұл символикалық мағынаны терапевт түсініп баланың санасына жеткізуі керек.

1919 жылы М.Кляйн ,ойын техникасын 6 жасқа дейінгі балармен жұмыс жасау кезіндегі талдау тәсілі ретінде пайдалана бастады. Оның ойынша,балалар ойыны және соған негізделген ойын теропиясы баланың санасына енуге мумкіндік береді. “Ойын теропиясы” терминын Мелани Кляйн ұсынған болатын.

Алғашқыларлардың бірі болып ойын теропиясын Анна Фрейд, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Лондондонның бомбылауын бастан өткізген балармен жұмыс кезінде, қолдана бастады. Бала ойын кезінде өзінің алаңдаушылықтарына еркіндік бере алса,ол қорқыныштан айырылып,басынан өткен жағдайлалар психикалық зақымға айналмайды.

А.Фрейд "Дети и война" кітабында Лонданның бомбылауна ересектер мен балалардың кері әрекетінің айырмашылығын айқын сипаттайды: шабуылдан кейн ересектер бастарынан өткен сұмдықты қайта қайта айта береді. Дәл осы жағдайды бастан өткізген балалар,ол туралы ешқашан айтпайтын. Олардың реакциясы ойын кезінде көрініс тапты. Балалар текшеден үй құрап,оған бомбы тастайтын. Үйлер өртеніп,дабыл соғылатын. Жан жақта қаза болған ,жарақаттанған адамдарды «жедел жәрдем» ауруханаға әкетіп жататын. Осы тәрізді ойындар бірнеше аптаға созылды.

А.Фрейд ойынның баламен эмоционалды қарым-қатынас орнатудағы маңызды фактор екенін және баланың өз-өзін көрсетуін еркін ететін құрал болып табылатындығын анықтады.

Фрейдттен кейн балалар психоанализінде ойын ең маңызды сәт екенін,ойын теропиясы өткізілген балар озін көрсету үшін ойыншықтар ұсынғын ең алғашқы теропевттардың бірі Термина Гуг-Гульмут болды. Оның шығармалары А.Фрейд пен М.Кляйннан бұрын жарық көрсе де, ол қандай да бір нақты әдісті тұжрымдамай,ойын материалдарын тек 6 жастан үлкен балалрға қолданған.Дегенмен,ол ересектер теропиясында қолданатын тәсілдерді балармен жұмыс жасауда қолданудың қиындығына назар аудартты.


Дәріс №4

Тақырыбы: Психоаналитикалық ойын теропиясындағы түзету әсерінің негізгі мақсаттары:
1. Бала мен ересек арасында ,ойын теропевтіне бала ойынының символикалық мағынасын жүзеге асыру және трансляция қызметтерін жүзеге асыратын аналитикалық байланыс,позитивті эмоционалды қатынас орнату; баланың ойынына қатысып,ол үшін маңызды мәселерді қозғау.

2. Катарсис- жағымсыз эмоционалды күйді жеңіп,одан айырылуға әкелетін эмоционалды жауап қайтару формасы.

3. Ойын катарсисқа сезімін еркін білдіру және сезімнің вербалдануы сиякты екі мүмкіншілік береді.

4. Инсайт ойын теропиясынын бір мезетте нәтижесі де,механизмі де болып табылады. Инсайт нәтижесі ретінде баланың өзін және басқалармен қарым-қатынасын терең түсінуін айтуға болады. Инсайт ойын теропевтының түсініктемелерін қажет етпейді,кенеттен бала оны өзі түсінеді.Балалық шақта инсайт әдетте вербалды емес сипатқа ие болады.

5. Баланың адамдар мен тұлғаралық қарым-қатынасқа түсудің түрлі формалары мен тәсілдерін апробациялау мен зерттеу процесі.

6. Сабақ барысындағы жеке қауіпсіздік пен сенімнің ерекше атмосферасы балалардың мүмкін сәтсіздіктері мен санкция алдындағы қорқынышы мен үрейін азайтады.Сондай-ақ оларды ересектермен және құрдастарымен араласудың жаңа тәсілдерін зерттеуге ынталандырады.

7. Сублимация анайы сексуалды құмарлықты тікелей мақсатынан(сексуалды құмарлығын қанағаттандыру) қоғамда мақұлданған,сексуалдыққа қатысы жоқ,мақсаттарға бұру және аудару.

8. Сублимация психоанализде сексуалды энергияны қоғамда мақұлданған мақсаттарға ауыстыру формасы ретінде бала жасындағы жеке даму мәселелерін шешудің ең биік формасы.

Осылайша,ойын психоаналитика тәжірибесінде символикалық іс –әрекет ретінде қарастырылды.Бұл жерде бала ойыншықтар,ойын әрекеттері ,сонымен қоса рөлдер арқылы қоғамдық кысымнан және тосқауылдардан босатылып,ерекше символикалық формада импульстары мен қызығушылығын білдіреді.
Дәріс №5


  1. Тақырыбы: Ойын терапиясының жіктелуі

Түзету тәжірибесінде ойынды қолдану психоанализдің теориялық дәстүрімен тарихи байланысты.Ойын теропиясының негізі б.з 20 жылдары М. Кляйн (1922), А. Фрейд (1921), Г Гуг-Гельмут (1926) шығармаларында қаланған.

Психоанализде ойынды қолдану белгілі мөлшерде мәжбүрленген іс болды.Мелани Кляйн талдау арқылы баланың психикалық дамуының бұзылуын жойып ,кем дегенде оған жағымды әсер етуге болады деп есептеді. Сондай-ақ талдау сау баланың дамуына да пайдасын тигізуі ықтимал,ал уақыт оте келе,тәрбиелеу барысындағы қажетті толықтыру болады.

Алайда бала жасының ерекшелігіне байланысты, психоанализдің тәсілдерін балалармен жумыс жасауға тура ауыстыру cәтсіздікке әкеп соқтырды.Баламен жұмыс істеу кезіндегі аналитикалық тәсілдерді қолданудағы басты қиыншылық - психоанализдегі ең негізгі болып табылатын,еркін байланыс тәсілінің қолданылмайтындығы.

Бұл мәселені шешудің балама жолдарын іздестіру барысында М.Кляйн мен Г.Гуг-Гельмут еркін байланыс тәсілінің орнына бала ойынын қолдануға болатындығын ойлап тапты

Ойынды осылай қолдану оның еки сипаттамасына байланысты:

1. М.Кляйнның пайымдауынша,баланың ойыны символикалық іс әрекет болып табылады.Оның барысында қоғамдық бақылау кезінде басымға ұшыраған бйсаналық серпін мен құштарлық еркін көрініс табады. Баланың өзіне алатын рөлдері мен ойыншықтарды қолданып ойнайтын іс ірекеттерде белгілі бір символикалық мағына бар.

2. Ойын,балаынң қарсы тұрған қоршаған орта мәжбүрлеуі мен қысымынан еркін сезінетін жалғыз іс-әрекет түрі. Ал бұл деген, бала мен әлемнің шынайы қарым-қатынасында қабылданбайтын және түсінілмейтін бейсаналық ықылас, сезімдер мен алаңдаушылықтарын білдіруге жол ашылады.

М,Кляйн,баланың кез келген ойыны, белгілі бір символикалық мағына береді және жанжал мен оның басылып қалған құлшынысын көрсетеді деп есептеген. Бұл символикалық мағынаны терапевт түсініп баланың санасына жеткізуі керек.

1919 жылы М.Кляйн ,ойын техникасын 6 жасқа дейінгі балармен жұмыс жасау кезіндегі талдау тәсілі ретінде пайдалана бастады. Оның ойынша,балалар ойыны және соған негізделген ойын теропиясы баланың санасына енуге мумкіндік береді. “Ойын теропиясы” терминын Мелани Кляйн ұсынған болатын.
Дәріс №6

Тақырыбы: Клиентке бағытталған ойын терапиясы

Терапевттердің бұл бағыттағы ойларының дамуын К. Роджерс және В. Экслайнкеңінен зерттеген.

Мұндай терапияның мақсаты – баланы өзгертпеу және қайтадан жасамау, оны қандай да бір арнайы мінез – құлықтық дағдылармен оқытпау, керісінше оған өзімен – өзі болуға мүмкіндік беру. Ойындық терапевт баланы өсіруге әрекет етпейді, керісінше әрбір баланың өсіп және дамуына қолайлы жағдай жасайды. Ол толығымен баланы ойынға баулыйды, оған бала не істесе де онымен болған қызықты. Ол өзінің барлық назарын және кәсіби шеберлігін балаға бағыттайды, баланың кез – келген эмоционалды көңіл – күйін түсініп, сезінеді және оны қайталайды.

Балаға бағытталған ойындық терапия негізінде өзін – өзі дамытудың ішкі көзіне және тұлғалық өсудегі мәселелерді өз еркімен шешетін потенциалды мүмкіндіктерге ие, баланың психикалық дамуының спонтандылығы жөніндегі түсінік жатыр. Сонымен бірге тұлғалық реализациялау, өзін – өзі дамыту үдерісі бұзылуы немесе ортаның жағымсыз жағдайлары, сонымен қатар маңызды басқада, атап айтқанда бірінші кезекте ата – аналары және ересек жақын туыстарымен қарым – қатынас салдарынан шектелуі мүмкін. Қарым – қатынас, басқа адамдармен байланыс тұлғалық дамуға қажетті жағдай жасайды.

Түзетудің басты міндеті тұлғалық өсу және дамуды белсендендіру мақсатындағы бала мен ересектер арасындағы маңызды қарым – қатынасты қалпына келтіруден тұрады. Ойын баланың ересектер әлемінен тәуелсіз, еркін іс – әрекет ретінде директивті емес терапияны жақтаушылардың ойы бойынша баланың еркіндігін көрсетуге мүмкіндік беретін бірден – бір әрекет түрі. Ойын балаға көңіл – күйлік жүктемеден және фрустрациядан босауға мүмкіндік береді.

133


Ойындық терапияның бұл түрін жүргізуге қажетті негізгі көрсеткіштер:

· Мінез – құлықтың бұзылуына және "Мен-концепциясының" дисгормониялылығына әсер ететін - "Мен" өсудің бұзылуы;

· өзіндік тұлғалық өсудегі мүмкіндіктеріне деген сенімсіздік және күмәндану, өзін * өзі қабылдаудың төмен дәрежесі;

· жоғары әлеуметтік алаңдаушылық және қоршаған әлемге қатысты жаугершілік;

· эмоционалды лабилділік және тұрақсыздық.

Ойын терапиясының мақсаты. Біз ойын терапиясының мақсаты жөнінде айтар болсақ, жеке бір бала үшін индивуалды болашақ емес, кең мағынадағы терапиялық мақсат жөнінде айтамыз.

Жалпы айтқанда ойын терапиясының мақсаты баланың өзін – өзі белсенді етуге деген ішкі ұмтылысымен келісу. Ересектердің қатысуымен жүретін өсудің позитивті тәжірибесімен баланы қамтамасыз ету қажетті жағдай болып табылады.

Сонымен қатар түзетудің мақсаты бала тұлғасын тікелей өзгерту болмау керек.

Түзету, керісінше баланың «Мен» деген мінезін бекіту, оның өз құндылығына бағытталуы керек.

Түзетудің мақсаты келесі міндеттер түрінде нақтылануы мүмкін:

· баланың өзін – өзі көрсету формасының репертуарын кеңейту;

· «бала – ересек» қарым – қатынас жүйесінде коммуникацияны белсендендіру;

· баланың өз қатарластарымен қарым – қатынасында әлеуметтік құзіреттілік деңгейін жоғарылату;

· эмоционалды өзін – өзі реттеу мүмкіндігін дамыту және баланың эмоционалды тұрақтылығына қол жеткізу;

· «Мен-концепциясын» дамытуды белсендендіру;

· өзін – өзі қабылдау дәрежесін жоғарылату және «Мен» сезімін қалыптастыру.


Дәріс №7

Тақырыбы: ОЙЫН ТЕРАПИЯСЫ ҮДЕРІСІНІҢ САТЫЛАРЫ

Ойын терапиясы үдерісінің сатылары бағасыз кең атмосферадағы ойын бөлмесінде өтетін, бала мен ойын терапевт арасындағы өзара қарым – қатынас нәтижесі ретінде пайда болады.

Ойын терапиясы үдерісінде балалардың іс – әрекеті әртүрлі көрінеді.

4-ші сеанстар. Бала қызығушылық көрсетеді, жүйесіз творчестволық ойындарға тереңдеп енеді, қарапайым суреттейтін және ақпараттық ескертулерді орындайды және біруақытта қуанышпен алаңдатушылықты көрсетеді.

5-8-ші сеанстар. Бала зерттеушілік жүйесіз творчестволық ойынды жалғастырады, ойынның жалпы агрессивті бағыттылығы жоғарылайды, бұрынғыдай қуаныш және алаңдатушылық көрінеді.

9-12-шы сеанстар. Зерттеушілік жүйесіз ойынның үлесі азаяды, Жүйесіз ойын бөлігі азайып, қатынас құруға, шығармашылық пен қуаныш басым болуына негізделген ойын бөлігі артады. Терапевтпен вербальды қатынас өсіп, өзі мен отбасы жайлы ақпарат беріледі.

135


13-16-шы сеанстар. Творчестволық ойындар және қарым – қатынасты орнатуға бағытталған ойындар басым болады. Агрессивті ойындар үлесі азаяды. Бақыт, толқу, жек көрушілік, сенімсіздік көрінетін жағдайлар жоғарыдайды.

17-20-шы сеанстар. Бағаларды ұту және рольдік ойындар алға шығады. Агрессивті ойлар жалғасады. Ойын терапевтпен қарым – қатынас құру күшейеді. Басым эмоция қуаныш болып табылады. Бала өзі жөнінде және жанұясы жөнінде мәлімет беруді жалғастырады.

21-24-ші сеанстар. Қарым – қатынасты құруға бағытталған, сонымен қатар драматикалық және рольдік ойындар басым болады. Қайғылы жағдайларды суреттейтін ойындар саны жоғарылайды. Ойын терапиясы үдерісіндегі басқада ірі зерттеулерді Уйти (1975) жүргізді. Ол келесілерді анықтады.

1-3-ші сеанстар. Балалар көбінесе ойын терапевт олардың әрекетіне қалай қарайтынын тексереді, алаңдаушылықтың жоғары деңгейін көрсетеді және вербальді, вербальді емес және ізденуші ойындық әрекеттерді жүзеге асырады.

4-6-шы сеанстар. Қызығушылық, зерттеушілік белсенділік төмендейді. Бұл уақытта агрессивтік ойындар, дауыстық эффекттер жоғары шекке жетеді.

7-9-ші сеанстар. Агрессивтік ойындар түбегейлі жоғалады, керісінше творчестволық ойындар, қуанышты жеткізу және үй, мектеп, өз өмірінің басқада жақтары жөніндегі вербальді ақпараттар кульминацияға жетеді.

10-12-шы сеанстар. Қарым – қатынасты орнатуға бағытталған ойындар дамуы максимальді болады және сюжетсіз ойындар түбегейлі жойылады.

13-15-ші сеанстар. Сюжетсіз ойындар және вербальді емес ызақорлық бейнесі максимумға жетеді. Алаңдаушылық алдыңғы сеанстармен салыстырғанда өседі. Ойын терапевтті басқаруға деген әрекеттер жиілейді. Вербальді өзара әрекет ету саны жоғарылайды.
Дәріс №8

Тақырыбы Ойын терапиясы әрекеті.

Ойын терапия дамытуда тағы бір негізгі бағыты терапия , кез келген травматикалық оқиғаны балаларға арналған құрылымдалған ойын терапия міндетін атқарушы идеясын дамытқан D. Леви (1938) 30-шы жылдарында пайда болды.

D. Леви , ең алдымен, ойын балаларға актерлік мүмкіндік береді деген сенімгекелді. Бұл тәсіл ойын терапиясы шеңберінде арнайы таңдалған ортаны жаңғыртуға ойыншықтар, бала оған уайым реакция туындаған тәжірибесін қалпына келтіру үшін көмектеседі.

Бала ойын терпиясымен таныссын деп оған бөлмеде еркін ойнауға рұқсат етіледі. Содан кейін ойын терапиясында белгілі бір ойын материалдарды пайдаланады, баланы стресстік жағдайға енгізеді. Травматикалық оқиғаны бала қайта осы оқиғамен байланысты аурулары және стресске еркін болуына мүмкіндік береді.

Кейде бала ойындарының еркін таңдау рұқсат етіледі. « Білдіретін » процесін немесе ойынды бақылауға бала ойын алдыңғы тәжірибеден осылайша зардап шеккен қызметкердің белсенді рөліне пассивті рөліне жылжиды. Ойынның қорытындысы бойынша , ойын терапиясыда дауыстап айтылған сөздерді білдіреді , бала ауызша және ауызша емес сезімдерін білдіреді.

Ойын залында ойын қызметтің үш нысаны бар :



  1. Агрессивті мінез-құлық босатуы : бала заттарды лақтырады немесе шарларды жарады,сәби мінез-құлық нысандарын ( мысалы, емізік соратын ) жарылуы.

  2. Стандартталған жағдайлардың сезімдерін босатуы : шешесінің омырауына қуыршақты қою , бауырыңыз қызғаныш сезімін ынталандырады .

  3. Бала өмірінің ойын арқылы стресстік сезім тәжірибеде нақты сауықтыру.

Hembidzh Г. ( 1955) ол неғұрлым батыл іс-шаралар енгізілді Д. Леви атты « Құрылымдық ойын терапия » , неғұрлым кең сипаттама берді. Терапевтік қатынастар құру мынадай тікелей алаңдаушылық өндіреді сценарий жағдайды енгізілді. Ол навязчивые жағдайды қалпына келтіру мүмкін, сондықтан Ол содан кейін бала еркін ойнауға рұқсат , жоғалады.

Г.Хэмбд. ( 1955) ол неғұрлым батыл іс-шаралар енгізді Д. Леви атты « Құрылымдық ойын терапия » неғұрлым кең сипаттама берді. Терапевтік қатынастар құру мынадай тікелей алаңдаушылық жағдайды сценарий енгізілді.Ол интрузивті жағдайды қалпына келтіру мүмкін, сондықтан ол содан кейін бала еркін ойнауға рұқсат , жоғалады.

Қарым-қатынас жасау терапиясы.

Қарым-қатынас терапия деп аталатын ғылыми-зерттеуді Д. Тафты (1933 ) және Ф. Аллен (1934) бірге , ойын терапиясын одан әрі айтарлықтай үрдісі байқалды. Оған философиялық негізі кеңсесінде «осында және қазір » болып жатқан туралы шоғырланған , жүйеде қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі баланың өмірінің тарихын және оның бейсаналық зерттеу назары ауысты O.Ранка(1936) жұмыс , «терапевт- клиент» болды.

Ойында терапия қарым-қатынас терапевт пен клиент арасындағы эмоционалдық қарым-қатынастардың емдік күші назар аударады.

« Менің ойымша, бұл қызық пациент барабар самопрятие әзірлейді , онда табиғи қарым-қатынас жасау, - деді ол не істей алады нақты идеясы мен өмір жалғастыруында ол дүние туралы сезінеді , - Ф.Аллен жазды Мен науқасты беруге қорықпаймын. Менің ойымша, бұл тұлға ретінде.

Ол бұрынғы тәжірибені түсіндіруге немесе түсіндірсе барлық күш-жігерімізді емес. Фокуста ең алдымен сезім мен реакциялар болып табылады. Ф.Аллен және Джон . Тафт , адам бар баланың емдеу үшін қажеттігін атап өтті ішкі қуаты мен сындарлы өз мінез-құлқын өзгерте алатыны.

Ойнауға немесе ойнамауға және өз қызметін басқару мүмкіндігін - балаларға таңдау еркіндігі беріледі. Гипотеза балалар біртіндеп олар өз қалауы бөлек жеке тұлғалар болып табылады және өз ерекше қасиеттеріне ие басқа адамдармен қарым-қатынас жүйесінде өмір сүре алатынын түсінуге болды. Бұл көзқарасқа сәйкес, ойын терапия процесі үшін бала өсуі мен бар жауапкершілікті, қиындықты өз мойнына алады.



Дәріс №9

Тақырыбы: Коррекциялық терапия баланы өзгеру үшін жүргізілмейді, ол тек баланың «Мен» деген концепциясының яғни өзіндік бағалауының қалыптастыру үшін көмектеседі.Бала, барлық адамдар сияқты ерекше тұлға, ол жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады.

Негізгі коррекциялық механизімінің жетістігінің мақсаты- ойынтерапевт пен клиенттің арасындағы қарым-қатынасты орнату, соның көмегімен ойынтерапевті тұлғаның белгілі бір ерекшеліктерін зерттейді. Жеке тұлғаның моральдық- еріктік өрісін, сенімдерін, білдіретін мінез-құлық тәсілдерімен әдеттерін қалыптастырудағы психологиялық механизмдерді танып біледі.

Бұл 60 жылдары АҚШ-та психологиялық бағдарламасы бастауыш сынып балаларға көмек көрсету арқылы тағы бір бағытқа жол ашты - мақсатында мектеп психологы өз жұмысын ойын терапия әдісі арқылы бастауыш мектептегі балалардың пайда қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданады, өйткені кез келген баланың өмірінде мұндай мұқтаждық болады, тек психологиялық кемшілігі бар балаларда ғана емес.
Бастауыш мектептің негізгі мақсаты - балаларға көмек көрсету, олардың интеллектуалдық, эмоционалдық , дене және әлеуметтік дамуын тиісті оқу мүмкіндіктеріне жеткізу.Осылайша, бастауыш мектепте ойын терапиясын жүргізудің негізгі міндеті балалардың алған білімдерін жақсы қабылдауға, дайындауға көмектесу.

Балаларды оқуға мәжбүрлеуге болмайды. Тіпті барынша тиімді жұмыс атқаратын мұғалім оқуға дайын емес баланы үйрете алмайды. Бұл жағдайда ойын терапиясы балаларды оқыту үшін олардың әлеуетін барынша тиімді.

Отандық психологиялық тәжірибедегі ойынтерапиясы

Психокоррекциялық мақсатта ойынды пайдалану үшін көптеген отандық зерттеушілер табысқан болатын Л. Абрамяна ( 1986) , А. Варга (1989) , И.Выгодская ( 1984) , А.Захаров ( 1986-1988 жж ) , А. Спивагорская (1988)т.б

А.С. Спиваковскийдің пікірінше коррекциялық ойын терапиясының негізгі принципі балаға әсер ететін қатынас пен ортасының спецификасы. Яғни , ұялшақ бала жағдайларын өзгертуге тиіс шешуде мінез-құлық түзету механизмін қамтиды , ойындар арқылы балалардың теріс эмоциялық күйлерін жеңу жолдарын зерделеу , егжей-тегжейлі эмоциялық жеке сала қайта құрылымдау үшін маңызды шарты ретінде реинкарнация процесін көрсетеді.

Ойын – драматизациясында бала екі есе қобалжиды: ол өзін қайта және сырттан егер ретінде оған қарап « имиджі мүсіндейді » , оның сипаты белгілі бір қарым-қатынас анықтау бір уақытта ойынға өзгеріс ие . Сәйкес мақсаттары түзету , жағымсыз эмоциялар және ойын жолында бала трансфер болып табылады.



Захаров түзеу әдістерін нақты ретін ұсынады: 1) әңгіме ; 2) өздігінен ойын ; 3) ойын бағытталған ; 4) ұсыныс .

Ойын сеансы 30 минуттан артық ұзамайды. Невроздар өткір кезеңі ішінде сессияларының жиілігі - 2-3 рет, созылмалы курс-аптасына 1 рет . Бағдарлама ұзақтығы - бірнеше тәуліктен бірнеше айға созылады.

Терапиялық процесін ұйымдастыруда Захаров ойынның , диагностикалық емдік және оқыту функциялары деп үшке бөледі.

Барлық үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты, ойын риясыз ойында бағытталған , қосылған және бастапқы сатысында -ақ жүзеге асырылады .



1. Диагностикалық функция

1. диагностикалық функциясы баланың сипаттағы және басқалармен қарым-қатынас психопатологиялық ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады . Ойынды көргенде қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Ойын кезінде бала сенсомоторлық деңгейде болады, ол басынан өткен жағдайды көрсетеді. Кейде бұл қарым-қатынас өте айқын , бірақ кейде ол қашықта яғни түсініксіз болуы мүмкін



2. Терапиялық функция

Ойынның терапевтік функциясы балаларға стресс, қорқыныш пен қиялыңызға міндетін атқарушы эмоционалдық білдіру болып табылады. Ойын нақты нысанын және ішкі әлемнің өрнек береді , сіз өз тәжірибесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ойын еншілес процестің маңызды емес, оның нәтижесі болып табылады . Ол жаңа қабылдау және мінез-құлық жаңа нысандары оларды еритін арқылы , өткен тәжірибе атқарады . Сол сияқты , ол өз проблемаларын шешуге тырысады және ішкі қақтығыстар , олардың қиындықтар немесе қысылып жоғалтады . Сауалдар психикалық процестер нығайтуға және дамытуға ойын барысында , бұзылуы үшін төзімділік арттырады көрсеткендей және психикалық жауап барабар нысандарын жасау



3.Оқыту функциясы

Ойынның оқыту функциясы байланыс және өмір дүниетанымы , оңалту және әлеуметтендіру спектрін кеңейту , қарым-қатынас қалпына келтіру болып табылады.


Дәріс №10

Тақырыбы:

Ойындар - оқыту құралы мақсатында

Ойын балалар үшін ешкім үйрете алмайтын нәрселерді үйренудің әдісі екенін Франк ерекше атап өткен. Бұл нақты әлемде, уақыт пен кеңістікте, заттарда, жануарларда, құрылымдар мен адамдарда ұйымдардың зерттеу әдісі болып табылады.

Осыған байланысты, «ойындардың оқытушы функциясы» және «оқытатын (дамытуға бағытталған) ойындар» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты атап өту керек. Балаларды ойнауға үйретудің қажеті жоқ, оларды ойнауға мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Балалар қандай да бір нақты мақсатқа ұмтылмай, өздігінен ойнайды. Үйрену ,яғни, түрлі тәжірибеге ие болуы, ойнау барысында біртіндеп және білінбестен пайда болады. Біз баланың ассоциативті және абстрактілі логикалық ойлау қабілетін, білімдарлығын тезірек дамытуға тырысқанда, арнайы техникаларды, әдістерді ойын деп атап, оқыту мен тәрбиелеу мақсатында балаға әсер ете отырып, оның эмоцияларын бұзамыз. Оның жан күйі, психикалық дамуы, өзін-өзі бағалау мен қарым-қатынас қалыптастыру жүйесі назардан тыс қалады. Осындай үйрету тәсілінің ойын терапиясымен ортақтығы жоқ.

А.И. Захаров ойын терапиясында міндетті болып табылатын бірқатар ережелер тізімін атап көрсетеді;

- ойын диагностика, түзету, оқыту құралдары ретінде пайдаланылады;

- ойын тақырыбын таңдау психолог пен клиенттің қызығушылығы үшін олардың маңыздылығын көрсетеді;

- ойынды басқару балалардың ынтасын дамытуға ықпал етеді;

142


- спонтанды және бағытталған ойындар - бастысы суырып салма қабілеті болып табылатын ойын процессінің екі толықтырушы фазалары;

- спонтанды және бағытталған компоненттерінің қатынасы балалардың жасына ғана емес, олардың клиникалық ерекшеліктеріне де тәуелді;

- ересектер ойынды талқыламайды:

- клиентке бағытталған әсер өздері және кейіпкерлердің психологы туындататын мінез-құлықтар арқылы жүзеге асады.

Захаровтың әдісі бойынша, ойын психотерапиясының процесі біріне –бірі жалғасатын төрт кезеңнен тұрады: балалардың топқа, әңгімелерге, ойындарға, талқылауларға бірігуі.


  1. Балалардың топқа бірігуі маражайға экскурсия, заттық ойындар, қызығушылықтары жайлы әңгімелеу сияқты оларға ортақ және қызықты істерден басталады.

  2. Әңгімелерді үйде құрастырып, топта кезекпен айтады.

  3. Ойын балалар мен терапевт ұсынған тақырып бойынша ойнатылады.

Ойындарда дәйекті түрде әңгімелер, ертегілер, шартты және шынайы жағдайлар ойнатылады. Бұл кезеңдегі ойындар бірігу кезеңіне қарағанда психолог пен ойынға қатысушылардың жоғары белсенділігін талап етеді. Топтың алға жылжуына байланысты рөлдік ойындардың құрамы терапевтік бағытталғандардан оқушыларға дейін өзгереді. Терапевтік ойындардың мақсаты - тұлғааралық қарым-қатынастардың аффективтік кедергілерді жою, ал оқытатын ойындардың мақсаты – балаларды адекватты бейімдеу және әлеуметтендіруге қол жеткізу.

  1. Талқылау - ойын психотерапиясының қорытынды кезеңі.


Дәріс №11

Тақырыбы: Директивті және директивті емес ойын терапиясы.

Директивті (бағытталған) ойын терапиясы ойын терапевті ойынның символдық мағынасын түсіндіру және жеткізу қызметін атқаруын, символдық ойын формасындағы бейсаналық басыңқы тенденцияларды жандандыру және оларды әлеуметтік қолайлы стандарттар мен нормаларда ойнату мақсатында ересектің бала ойынында белсене қатысуын қажет етеді.

Бағытталған ойын терапиясында ойынның орталық тұлғасы - ересек адам – ойынды ұйымдастыру, символдық мағынасын түсіндіру қызметін атқарады. Директивті терапияның мысалы ретінде Левидің жеңілдетілген психотерапиясын қарастыруға болады. (1933)

143


Мұндай тәсілге алдын ала өңделген ойын жоспарлары, нақты рөлдерді тарату, барлық даулы жағдайларды шешу тән болып келеді. Балаға дайын түрде мәселелерді шешудің бірнеше нұсқалары беріледі. Ойын нәтижесінде бала өзін және өз мәселелерін ұғады.

Директивті емес (бағытталмаған) ойын терапиясы ойынды еркін түрде баланың өзін-өзі білдіру құралы ретінде жүргізіледі және бір уақытта үш негізгі мәселені табысты шешуге мүмкіндік береді;



  1. Баланың өз-өзін білдіру репертуарын кеңейту.

  2. Эмоционалдық тұрақтылықты және өзін-өзі реттеуге қол жеткізу.

  3. «бала- ересек адам» жүйесіндегі қатынастарды түзету.

Бағытталмаған ойын терапиясында бала тұлғасын бала мен ересек, бала мен құрдасы, конгруэнтті байланыс жүйесі арасындағы қарым-қатынастың адекватты жүйесін қалыптастыру арқылы түзету ойлары алдыңғы жоспарға қойылады.

Психотерапевт балалардың спонтанды ойынына араласпайды, оны түсіндірмейді, клиенттің ойы мен сезімі үшін жайлы ,қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етеді. Ойын терапиясы невроздық бұзылулары, эмоционалды шиеленіскен , өз сезімдерін басатын балаларға ықпал ету үшін қолданылады.

Ойындағы директивті емес әдістің мақсаты- баланың өз-өзін , күшті және әлсіз жақтарын, қиыншылықтары мен жетістіктерін тануға көмектесу. Мұндай ойын терапиясының келесі қағидалары бар;


  • баламен ерікті достық қарым-қатынас;

  • ойын терапевті бала өз қалпында қабылдайды;

  • ойын терапевті бала өз сезімдерін ашық және еркін айтуын қамтамасыз етеді;

  • ойын терапевті қысқа уақыт аралығында баланың сезімдерін түсініп, оның назарын өз-өзіне аудартуға тырысады;

  • бала- жағдай қожайыны;

  • ойын процесін тездетуге не баяулатуға болмайды;

  • терапевт нақты өмір ойын барысында ғана шектеулерді енгізеді;

  • терапевт - бала өз-өзін көретін айна іспеттес.



Дәріс №12

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларға ойындар. Захаров ұсынған түзеу әдістері

Топқа бала жинаған кезде келесі нұсқаулар ескеріледі: әр түрлі ауытқулары бар балалардан құралған топ; балаларды ешқандай қосалқы психологиялық зақым алмайтындай топтарға жинақтау керек; топ мүшелері ойын терапиясының басталуына дейін таныс болмау крек; жас айырмашылықтары бір-бірінен 1жас аралықтан көп болмауы керек; Ондай топтарға 5 пен 12 жас аралығындағы балалар қатыса алады.



Захаров бойынша топтағы балалар саны:

4-5 жас аралығында -4 адам;

5-11 жас аралығында- 6 адам;

11-14 жас аралығында- 8 адам.

Барлық сандар шартты түрде және топтағы қатысушылардың ерекшеліктеріне, объективті жұмыс ыңғайына байланысты. Психопрофилактикалық топтар сандық жағынан 1,5 есесден артық аспау керектігін ескеру қажет. Сонымен қатар, егер топқа 2 ойынтерапевтті енгізсе (әсіресе мүмкіндігінше еркек пен әйел жұптасып жұмыс істеген кезде ), балалардың да саны 1,5 есеге өсуі мүмкін. Жұптасып жұмыс жасаған кезде психологтар топқа тек объективті көзқараспен қарау мүмкіндігіне ғана ие болмай, сонымен қатар жұмыс барысындағы ерекшеліктерді талқылауға, ұл мен қыздың арасындағы дұрыс жынысаралық куәлігін дұрыс қалыптасуына қосалқы әсер етуге мүмкіндік береді. Топтағы ерлер мен әйелдердің болуы балаларға өздерінің әйел мен еркектің өзін-өзі ұстау әрекетін дұрыс жобалауға, сонымен қатар әке мен ананың тұлғасымен байланысты өздерінің қорқыныштары мен қиыншылықтарын ойынға енгізуге, әрекет етуге мүмкіндік етеді. Кез-келген бала өзінің қылығын өзі аса мән беретін ересек адамнан “көшіріп алу” негізінде қалыптастырады. Өзіне деген қолдауды, түсіністікті, қуаттауды өзіне мәнді деп санайтын адамнан алу маңыздырақ. Топтық терапия маңызын әрбір толыққанды баланың жеке басының келешек мақсаты ретінде емес, кең мағынада анықтаған жөн. Әйтпесе ойынтерапевті шарасыз немес ашық түрде баланы белгілі қиыншылықтармен байланысты мақсатқа итермелейді. Сонымен бірге баланы өз қызметін басқару мүмкіндігін шектейді.

148


Осыған орай мақсат пен тапсырмалар келесі түрде белгіленуі мүмкін. Топтық ойын терапиясы баланың жағымды “Мен-тұжырымдамасын” жақтарын дамытуға; өзінің іс-әрекеті мен қылықтарына әлдеқайда жауапты болуына; әлдеқайда өзін-өзі реттей алуына; көбінесе өз-өзіне сенім артуға және бақылай білуді меңгеруге; өздігінен шешім қабылдай білуіне; баға берудің ішкі қайнар көзіне және өз-өзіне деген сенім қалыптастыруға негізделеген.

149


Түрлі материалдармен ойын терапиясы

Ойын терапиясында әрі құрылымдық, әрі құрылымдық емес ойндар қолданылады.



Құрылымдық ойындарға жататын ойындарға сындарлы және деструктивті ниетті айқындайтын отбасы (жануарлардың және адамдардың), басқыншылық, қуыршақтармен (қуыршақ театры), құрылыстық ойындар жатады.

Құрылымдық материал агрессивтілігінің айқындалуын (атыс 0аруы, суық қару), қалауының тікелей айқындалуын (адамдарды), сонымен қатар коммуникативті іс-әрекеттерді (телефон, телеграф, пойыз, көлік ойындары).

4 пен 12 жас аралығындағы балалар шамамен осы әдісті қолдануға оптимальды болып табылады.

Құрылымдық емес ойындарға қозғалмалы ойындар және жаттығу (секіру, өрмелеу) ойындары, құммен, сумен, сазбен ойналатын ойындар, арт-терапия қорына жататын ойындар тобы (саусақтармен, қылқаламмен, түрлі-түсті қарындаштармен сурет салу) жатады.

Құрылымдық емес материалдарға су, құм, саз, пластилин жатады. Осылардың көмегімен бала өз қалауын қосалқы түрде білдіре алады. Бұл материял сонымен қатар сублимациялық дамуға әсер етеді. Ойын терапиясының ерте фазасында, әсіресе баланың сезімдері санасыз және айқындалмаған кезде құрылымдық емес материалдармен жұмыс аса маңызды. Жекелей келгенде, сумен, бояумен, сазбен ойындар өзінің жетістік сезімдерін анық білдіруге мүмкіндік береді.

Ойын терапиясы барысында ойын ауысуының динамиксы баланы сезімдерін білдіру мен қобалжуын, агрессивті сезімдерін білдірудідерективті түрде әлеуметтік жарамды тәсілдермен құрылымдық ойындарға әкеледі. Ойын терапиясында ойын түрлерінің синдром түріне байланысты қолданылатын анықтамалары көрсетілген.

149


Және де ойын терапиясы барысында сәйкес келетін ойыншық түрлерін таңдаумен , бала белсенділігіне байланысты шектеумен шектеледі.

Дәріс №13

Тақырыбы: . ОЙЫН БӨЛМЕСІ МЕН ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ

Ойын бөлмесінің көлемі

Ойын терапиясындағы жеке не екі-үш баладан тұратын топтағы жұмыс үшін

3,5х4,5 м. Көлемдік бөлме келеді. Ұзын әрі тар немесе үлкен көлемді бөлме бала мен ересектің арасында белгілі ара-қашықтықты сақтауға мүмкіндік бермейді. Үлкен бөлмеде ойын терапевті баланы оның инициативті түрде ерікті қатынас құруына кедергі жасап, аңдыған сияқты оған жақын болуға ұмтылады.

Кішігірім кеңістікте көп баланың болуы балаларға зиян келтіруі мүмкін. 5-6 баладан тұратын топтың ішінде топтық терапия жүргізу үшін бөлме көлемі 27 кв.м.- ден кем болмауы тиіс.

Бөлме баланы бөгде көзқарастардан сақталуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан, бөлме арасында шыны есіктер мен терезелер болмауы керек. Бөлменің өзінде терезе болуы қалыпты жағдай, бірақ қажетті жағдайда ашып жаба алатындай перде болуы шарт. Ең тиімдісі бөлмеде мүлде терезелердің болмауы.

Еденді линолеуммен жапқан жөн. Ол ұзаққа жетеді, оңай жуылады және зақымдалған кезде оңай ауыстырылады. Еденге кілем жаю қажет емес. Жайған жағдайда бала еденде ойнайтын болса, оңай тазартылатындай болуы қажет.

Ойын бөлмесінің қабырғаларын жуылатын эмульсионды бояумен бояу керек. Бөлмені безендіргендегі көңіл бөлетін нәрсе-жеңіл тазартылуы.

Қараңғы, алабарқын түстерден аулақ болған жөн. Ашық, көңілді орта қалыптастыру үшін көбіне ашық түстер жақсы.

Мүмкіндігінше бөлмеге Гезелла айнасын орналастыруға болады. Ойын терапиясының сеансында балаларға видеокамералармен кедергі жасамау үшін оларды Гезелла айнасының пленкасы арқылы түсіруге болады.

Сабақ тақтасын астындағы астаушасымен еденнен 1,5м биіктікте қабырғаға бекіту керек. Осындай биіктік әр түрлі бойдағы балаларға оптималды болып келеді.

Бала қол астында бор және түрлі-түсті боршалар, сонымен қатар тақтаны сүрте алатындай губка болуы керек. Әдетте ойын бөлмесінің екі жақ қабырғасына ойыншықтар мен басқа да материалдарды еркін орналастыра алатындай сөрелер бекітіп қойған жөн. Сөрелердің ең жақсы түрі- қорапшалары бар сөре. Балалар міне алатындай мықты әрі қабырғаға жақсы бекіген болуы керек. Балалар үлкендердің көмегінсіз қолдары жететіндей жоғарғы сөре еденнен 1 м қашықтықта болуы керек.

Егер ойын бөлмесін жаңа немесе қайта жаңартылған ғимаратқа орналастыру мүмкіндігі туса, жанына есігі бөлме ішіне ашылатындай кішігірім жуынатын бөлме орналастырған жөн. Бұл баланың ойын бөлмесін қалдырып, өз жұмысына бару мүмкіндігін жеңілдетеді. Ойын терапевтінің алдындағы келесі мәселе жойылады: балаға күніне неше рет өз жұмысына бару керек және шынымен ол оған қажет пе. Сонымен бірге балалар бұл бөлмені ойын бөлмесінің жалғасы ретінде көре алады,тығыла алады. Ойын бөлмесіне қатты, ағаштан істелген жиһаз болуы керек. Үстел мен үш орындық қажет. Олардың біреуі ересек адам үшін керек. Үстінде сурет салып, пішіндей алатындай үлкен, жылжымалы текшелері бар шкаф қажет болады. Оны қол жуатынн шұңғыл маңында орналастыруға болады.


Дәріс №14

Тақырыбы: Ойыншықтытаңдаубарысындағынегізгіескертілетінмәселелер

Ойыншықтар мен бала ойнайтын материялдар логикалық тұрғыдан дұрыс тандалулары қажет. Сондай-ақ үнемі негізгі идеяны естен шығармаған жөн: ең бірінші кезекте балалармен жұмыс жасағанда ойын терапиясын қолдану қажет және осы тәсіл арқылы ол ойын барысында оның даму және белсенділік қабілетінің жетілгенің мойындау қажет. Бұрын айтылғандай баланың ойыншығы-сөзі, ал ойыны-оның тілі.

Ойыншықтар мен материялдар баланың коммуникативті процесінің бір бөлшегі болып табылады. Қажетті бейнелерді таңдауда өте ұқыпты болған жөн. Ойыншықтардың саны емес олардың дұрыс таңдауы негізгі қағида.

Ойын терапиясында қолданылатын ойыншықтар мен материялдарды үлкен үш топқа бөлуге болады:



  1. Шынайы өмірдегі ойыншықтар.

  2. Баланың іс-қимылына әсер ететін ойыншықтар.

  3. Эмоцияны басуға және шығармашылық қабілетін дамытуға әсер ететін ойыншықтар.

Шынайы өмірдегі ойыншықтар.

Шынайы өмірдегі ойыншықтар- қуыршақтар, қуыршақтың үйі, марианеталар, олар шынайы отбасы мүшелері сиақты. Осы ойыншықтар бейнесі арқылы шынайы өмірдегі баланың қорқынышын, қуанышын, апалы-сіңілер арасындағы бәсекелестікті, отбасы ішіндегі қақтығыстарды көруге болады. Көлік, қайық, касса сияқтыойыншықтар тұйық, үрейлі балаларға өте маңызды.



Агрессяға әсер ететін ойыншықтар.

Ойын терапиясында балалар сөзбен жеткізе алмайтын әсерлерін эмоциямен білдіреді. Қалайы солдаттар, қолтырауын,қару жарақ,резеңке пышақ сияқты ойыншықтарды балалар жауласқан жағдайда қолданады фафгресивті балалар ойын бөлмесінде оларға барлық нәрсе рұқсат етілген және бұл үшін ешқандай жазалау болмайды деп, өздерін еркін сезінеді.

Ойын бөлмесінде өте белмесінді балалар өздерін еркін ұстап, олаға бәрі рұқсат етіледі деп санайды. Осыдан олар қанағаттанып, позитивті көңіл күй кешеді.Атыс, көму,тістеу,соғу және пышақтау сияқты ойын түрлері баланы агрессяға жетелейді.Бірақ кей кездері балаға шектеу қою керек, мысалы бөлмеге қалай болса солай құм шаша бастаса немесе әртүрлі ойыншықтарды қирата бастаса.Осындай тұстарда ойын кезеңіне жануарларды қосуға болады өйткені ойын терапиясының бастапқы кезеңінде балалар адамдарға деген агрессиялық сезімдерін жеткізе алмайды.Бұндай бала әке келбеті сияқты қуыршаққа оқ ата алмайды, ол бала ойыншық арыстанға оқ атады. Кейде балалар тістейтін, шайнайтын қолтырауындарға өшпенділікпен қарайды.

Материал ретінде балшықты алуға болады. Балшық баланың шығармашылық қабілетін арттыруға үлкен ықпал етеді. Және баланың агресияссына да көп ықпал жасайды, өйткені балшықты илеуге, оны бұзуға болады. Сондай-ақ бала балшықтан ойын фигураларын өзі жасай алады.



Эмоцияны басатын және шығармашылықты дамытатын ойыншықтар.

Құм мен суды бала өз ойынына пайдалана алады,бірақ су мен құм ойын бөлмесіне жарай бермейді. Дегенмен көптеген авторлар су мен құм барлық ойын материялдарына жақсы терапиялық құрал деп есептейді. Құм мен суды балалар өз қалаулары бойынша Айдың бетіне, жағажайға,тазартқыш құралға айналдыра алады. Оларды пайдалану мүмкіндіктері шексіз. Өте көп көңіл текшелерге аударылады. Текшелерден үй жасауға болады, оларды лақтырып,бірінің үстіне бірін жинап ойнауға болады. Осының бәрі баланың санасына құрастыру немесе бұзудың, қиратудын қалай екенің жеткізеді. Бала су,құм және текшемен ойнағанда қанағаттанады, өйкені ол осы ойыншықтармен ойнау барысында ешқандай ережелердің жоқ екеніне қуанады.

Палитра мен бояу балаларға өз шығармашылықтарын дамытуға көп көмегін тигізеді.

Солтүстік Техас университетінде ойын терапиясы орталығында қажетті ойыншықтар мен материялдарының тізімі жасалған. Тізім жасалу барысында кейбір рйыншықтар алынып тасталса, бала өзінің жан жақтылығын көрсетуге арналған ойыншықтар тізімге қосылды.

Ойын терапиясына арналған ойыншықтар мен жабдықтар.

Қуыршақтар жиһазы.

Отбасы мүшелерінің майысатын мүсіндер.

Гамби-майысатын мүсін салынбаған бетімен.

Қуыршақтар.

Қуыршақ төсегі.

Қуыршақ киімі.Еміздік.

Еміздік бөтелке.Әмиян «зергерлікпен».Тақта.Бор.

Түрлі түсті борлар.Губка

Тоңазытқыш(ағаш) .Плита(ағаш).

Табақтар.Асхана құралдары.Табалар.Құмыра.

Азық-түлік тауарлары.

Көкөністер мен жемістерден бос жәшіктер

Жұмыртқадан қағаздар

Губка

Орамал.


Сыпыртқы.

Күрек.


Сабын.

Щетка.


Тарақ.

Түрлі тусті қарындаштар.

Қағаз.

Желім.


Ойыншық сағаты.

Құрылыс кірпіштер.

Бояу.

Мольберт.



Газеттік қағаз.

Бойайтын құрал.

Пластилин.

Құм


Сайқмазақтардың масклері.Шпатель.Бөтелкелерге ершиктар.

Эскимодан таяқша.

Автобус.

АТВ-журуге болатын дөңгелегі бар құралдар.Ұшақ.Машина.Трактор.Қайық.

Ксилофон.Цимбалы.Барабан.Балға.

Ойыншық солдаттар.

Әскери жабдық.

Каскалар мен бас киімдер.

Қарағай ағашы.

Балға.


Шеге.

Қорап құммен.

Үлкен қасық.

Мұржа.


Елек.

Шелек.


Зоопарктан жануарлар.

Үй жануарлары.

Қолтырау.

Резеңке жылан.

Мешеньға лақтыратын дротиктар.

Резеңке пышақ.

Бұғау.

Дротиктармен мылтық.



Ойыншық мылтық.

Доп (үлкен,кішкентай)

Телефон (2еу)

Ақымақ қайшы.

Еңбекке қағаз.

Дәрігерлік саквояж.

Ойыншық ақша.

Ескі орамалдар мен кілемдер.

Қуыршақтар Би-Ба-Бо: дәрігер,полиция,ана,әке,аға,,әпке,бала,қолтырау,қасқыр.

Канструктор.

Локуткалар.

Жіп.
Дәріс №15



Тақырыбы: Ойынның психологиялық негіздері

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.

Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.

Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр

А.С.Макаренко дәл атап көрсеткеніндей, үлкендер үшін жұмыс, қызмет қандай роль атқарса, бала үшін ойын да дәл сондай роль атқарады. Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да сондай болмақ. Сондықтан баланың қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойын кезінде өтеді. Бала неғұрлым жас болса, олардың іс-әрекетінде ойын да соғұрлым үлкен орын алады.

Төменгі сынып оқушыларымен жұмыста ойынның маңызын жеке бағаламаған мұғалім, өз жұмысында үлкен табыстарға жете алмақ емес.

А.С.Макаренко ойынға айтулы мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлейді деп есептеген. Ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілік пен қызығушылығын тәрбиелейді. Оның практикасында тиісті педагогикалық мақсаттарға қызмет ететін ойындар немесе баланың бойын сергітіп тынығуға көмектесетін жай, көңілді ойындар қолданылатын. Макаренко әртүрлі ойындар комплексін жасауға тырысты. Оларды ұдайы жетілдіріп отыруды талап етті. Коллектив өміріне, оның даму болашағына сәйкес келмейтін ойындарды өзгертіп отыруды үндеді. Ол ойынның тәрбиелік ықпалын жасаудағы маңызды шарт баланың ойынға қатысуы ғана емес, оны жасауға да белсене араласуы деп есептеді.

А.С.Макаренканың практикасында көптеген ойындар еңбек әрекетіне ұласып, ол еңбек әрекетіне ойын элементтері енгізілді. Тәрбие жұмысы практикасында стол үстінде ойналатын ойындар, қимыл ойындары, техникалық, әдеби-театрлық ойындар, аттракциондар қолданылды.

Балалардың өмірінде рөльмен ойналатын ойындардың зор маңызы бар. Рольмен ойын ойнағанда балалар өз шамасына қарай үлкендер арасында қалыптасатын қатынастарды көрсетеді. Өзіне белгілі бір роль алғаннан кейін бала соған орай қажетті ережелерді бойына сіңіріп, мінез-құлықтық дағдылары мен шеберліктерін игереді.

Бала оқуға барғаннан бастап ойын екінші кезекке ығысады. Бұл жағдайда ойынның сипаты, мазмұны өзгереді, бірақ оның бала тәрбиесіндегі рөлі бұрынғысынша маңызды болып қала береді. Төменгі сынып оқушылары үшін рольдік ойындарды өздері бейнелейтін адамдардың қасиеттері бірінші орынға шығарылады. Дүниетанымы өскен сайын, бастауыш сыныпты аяқтай келе, бала қиындықтарды жеңуге тырыса бастайды. Олардың ойын әрекеті еңбекпен, қоғамдық жұмыспен қабыса түседі. Ойын элементі балаларды әртүрлі іс-әрекетке тартудың маңызды жолына айналады.

Ойын элементтерін енгізу балаларда белгіленген жұмысты қайтккенде орындап, кез-келген іске жауапкершілікпен қарау сезімін туғызады.

Ойын әрекетін ұйымдастырғанда бірқатар педагогикалық шарттарды есте ұстаған жөн.

Ең алдымен баланы зорлап ойнатудың, олардың шығармашылығы мен дербестігін матап тастаудың ешбір қажеті жоқ. Ойынның тәрбиелік нәтиже беру жағын қамдастырған жөн.

Сонымен қатар қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына (тапқырлық, тез, дұрыс шешім қабылдау т.б.) әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады. Негізінен балалардың өсуіне жақсы әсерін тигізетін қозғалмалы ойындар бұл ауада немесе далада ойналатын ойындар. Осы ойындардың арқасында балалардың көңіл-күйі, эмоциясы жоғарылап, оның нерв жүйесін бекітеді.

Ойын әрекетінде балалардың психологиялық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттен кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.
3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1 семинар тақырыбы: Ойын - психологиялық феномен ретінде

2 семинар тақырыбы:Ойынтерапевтіне қойылатын талаптар


3 семинар тақырыбы:Эмоцияны басатын және шығармашылықты дамытатын ойыншықтар.

4 семинар тақырыбы:Ойын терапиясының бала психикасына әсері.

5 семинар тақырыбы: Балалар ойынының жіктелуі

6 семинар тақырыбы:Ойынды коррекциялық–дамытушылық мақсаттарда пайдалану ерекшеліктері.

7 семинар тақырыбы: Ойын терапиясының негізгі түрлері мен формалары. Психологқа қойылатын талаптар.
8 семинар тақырыбы:Ойын терапиясы.Әдістің жалпы сипаттамасы

9 семинар тақырыбы:Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары мақсаты




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет