Поәдк №3 Базалық білім


ПӘНДІ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР



бет33/46
Дата31.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#155924
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46
Байланысты:
abaitanu keshen (1)

ПӘНДІ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Әдістемелік нұсқаудың мақсаты студенттердің ақпараттық мәдениетін дамыту болып табылады.
Компьютерді, мультимедиа, аудиовизуальді материалдарға негізделген оқытудың жаңа технологиялары ақпараттарды оңай игеруге, тез арада белсенді түрде сол ақпаратпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бірақ дегенмен оқытудың негізгі әрі тиімді әдісі болып кітаппен жұмыс жасау.
Лекция. Жоғары мектептің бүкіл тарихи кезеңдерінде – дүниеге келуінен бастап, бүгінгі күнге дейін лекция оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы болып табылады. Студенттің оқу пәнімен алғашқы таныстығы содан басталады, ол жастарды лайықты мамандық пен ғылымға жетелейді, ғылыми білімдердің негізін қалайды.
Жоғары оқу орындарындағы лекция – оқытудың дидактикалық циклінің басты буыны. «Лекция» сөзінің негізінде латынша «lektio» оқу деген сөзі жатыр. Лекция Ертедегі Грецияда пайда болған және ертедегі Римде және орта ғасырларда әрі қарай дамыған.
Жоғары оқу орындарындағы лекция – дәріскердің дәрісханамен шығармашылық қатынасы, осындай қатынастардың тиімділігі, танымдық және эмоциялық тұрғыдан алғанда, студенттердің осындай мәтінді оқығанына қарағанда, өте жоғары саналады. Лекцияларда тыңдаушыларға қайталанбас, күшті әсер қалдыратын, айрықша, тек өзіне ғана тән сипаттар бар. Сонымен қатар, лекция білім негіздерінің сараланған түрін және оқу материалына бағыт алуда өте үнемді тәсіл екендігін атап өтуіміз керек.
Егер лекция ойлау қызметінің белсенділігін арттырған жағдайда, онда оқылатын жаңа оқу материалын студенттер жақсы меңгереді. Сондықтан лекцияда ең басты нәрсе – тыңдаушылардың ынта-ықыласын арттыру, олардың ойының дәріскер ойына ерісіп отыруы.
Студенттерге жалпы әсер етудің арқасында оқу материалын жеткізудің лекциялық тәсілі, әзірге, дәріскердің өзінің ықпалы мен дәрісханамен байланысы арқасында ешқандай басқа әдістермен ауыстырылмайды. Студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырудың бұл жетекші түрінің барлық әлуеттік мүмкіндіктерін лекцияда толық мүмкіндігімен пайдалану, оларды ғылыми ойлау жүйесіне және дәріскердің ғылыми мектебіне тарту – оқытушыға байланысты.
Лекция төмендегі дидактикалық міндеттерді орындайтын сабақтың негізгі формасы:
- оқытудың міндеттерін белгілеу және негіздеу;
- жаңа білімді игеру үшін ақпарат алу;
- санаткерлік білігі мен дағдысын қалыптастыру;
- теориялық талдауға қызығушылығын қалыптастыру;
- оқытылатын пәнді басқа пәндермен үйлестіру.
Лекцияны даярлау және оқу: әдістемелік аспект. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында лекция қанағаттандыруға тиісті жалпы талаптар қалыптасқан: сабақ берудің идеялық бағыттылығын қамтамасыз ету; ғылымилық және ақпараттық, яғни студенттерге қазіргі ғылыми деңгейде ашылатын белгілі бір ғылыми ақпаратты жеткізу; дәлелділік және қисындылық, құжаттар мен ғылыми дәлелдемелердің айқын бұлтартпас мысалдарының, фактілерінің және негіздемелерінің болуы; мазмұндау түрінің эмоциональдығы; тыңдаушылардың ойлау белсенділігін арттыру; ретімен қаралатын мәселелердің нақты құрылымы мен шешу логикасы; әдістемелік өңдеу – басты ойлар мен жағдайларды әр түрлі әдіспен қайталау; түсінікті тілмен оны мазмұндау, жаңадан енгізілген барлық терминдер мен атауларды түсіндіру; мүмкіндігінше дидактикалық есіту-көру материалдарын пайдалану.
Лекциялар бір-бірінен баяндалатын материалдың мазмұны мен сипатына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Дегенмен, әрқашан да кейбір жалпы әдістемелік жағдайларды ұстану пайдалы болады. Ең алдымен, бұл – тыңдаушыларға лекцияның жоспарын хабарлау, кейіннен мұны міндетті түрде қатаң қадағалап отыру. Жоспарға, негізінен, лекцияның негізгі түйінді мәселелерінің атаулары енгізіледі, бұл кейіннен емтихан билеттерін жасауда пайдалануы мүмкін.
Лекциялардың негізгі міндеттеріне қарай төмендегі түрлерге бөлуге болады:
Кіріспе, мотивациялық, даярланған, кіріктірілген, бағдар беру, шолу.
Лекцияның дидактикалық элементтерін бөліп көрсетейік:
1) лекция материалдарын баяндау әдістері;
2) студенттердің бұрынғы білімдерінің жиынтығы;
3) лекция материалдарының мазмұны мен құрылымы;
4) студенттердің жаңадан алған білімдерін бақылау;
5) оқу әдебиеттері және оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ).
Жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялардың кей түріне ерекше талаптар қойылады. Мысалы, кіріспе лекциялар студенттерді курстың мақсатымен, міндетімен, мамандар оқитын оқу пәндері жүйесіндегі оның ролімен және орнымен таныстыру сипатында, курсқа қысқаша шолу түрінде болуға тиіс. Дәріскер ондай лекцияларда оқылатын ғылымның мәні мен әдістерін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар ғылыми мәселелер қояды, болжамдар ұсынады, ғылым дамуының болашағын және практикаға қолданылуын көрсетеді. Кіріспе лекцияларда теориялық материалдардың қоғамдық практикамен, студенттердің жеке тәжірибесімен және олардың болашақ жұмыстарының практикасымен байланыстырудың, ғылым тарихындағы атауларын, оның өрлеу және тежелген кезеңдерін айтудың, олардың басқа аралас ғылымдармен байланысын көрсетудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет