1 ДӘРІС ОҚУЛАР Дәріс №1 Жай дифференциалдық теңдеулердің негізгі түсініктері. Дифференциалдық теңдеулерге келтірілетін қолданбалы есептер. Зерттеліп отырған құбылысты немесе процесті сипаттайтын функцияны тікелей анықтау (табу) әлбетте, мүмкін болмайды. Алайда, тәуелсіз айнымалыны, функцияны, және олардың туындыларын байланыстыратын қатысты құрудың сәті түседі. Мұндай қатысты математикада дифференциалдық теңдеу деп атайды. Сонымен,
, (1)
түріндегі теңдеуді (қатысты) дифференциалдық теңдеу дейміз. Дифференциалдық теңдеуге кіретін туындының ең жоғарғы реті берілген дифференциалдық теңдеудің реті деп аталады. Мысалға , тиісінше бірінші, екінші ретті дифференциалдық теңдеулер болады.