.
ІІ. Үлестіру көпбұрышы.
Енді кесте түрінде келтірілген кездейсоқ шама үлестіруін график түрінде де көрсетуге болатынын қарастырайық. Ол үшін абсциссалар осі бойына Х кездейсоқ шамасы мәндерін, ординаталар осі бойына сәйкес ықтималдық мәндерін саламыз. Сөйтіп ықтималдықтар үлестіруінің графигін жасаймыз. Ол екі түрде көрсетіледі.
Енді үлестіру заңының формула түрін қарастырайық. Биномдық, пуассондық, геометриялық үлестірулерді қарастырайық.
1. Биномдық үлестіру формуласымен берілетінді, мұнда .
1-мысал. Оқушы бір-біріне ұқсас емес үш есеп шығарады. Оқушының әрбір есепті шығару ықтималдығы бірдей және ол 0,6-ға тең. Әрбір шығарылған есеп үшін оқушыға 5 ұпайдан есептейді. Шығарылған есептердің үлестіру кестесін анықтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |