ПОӘК 042-14 05 20. 39/03. 2011 №3 басылым 05. 09. 2011 ж


Түн уақытта не істеу керек



бет9/13
Дата17.04.2017
өлшемі4,62 Mb.
#14033
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Түн уақытта не істеу керек:

  • Ішімдік ішпеу;

  • отты қараусыз қалдырмау;

  • орынды себепсіз қалдырмау.

Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:

  • машинаның жалюзиін жауып, қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз;

  • автокөлігіңізді қар ұрған жағына қойыңыз;

  • қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;

  • пайдаланған газ шығатын трубаның қармен толып қалуын, сол газдың көлік ішіне кірмеуін қадағылыу керек.

Жылдың

Егер автокөлік жолда өшіп қалсы:

  • даурықпаңыз, жағдайды байқаңыз, қай уақыт, қай жерде тұрғаныңызды, елді-мекенге қанша жер бар екенін анықтауға тырысыңыз;

  • егер күтетін болсаңыз, ұйықтап қалмаңыз;

  • егер ары қарай жүретін болсаңыз, трасса мен көшеден шығып кетпеуге тырысыңыз.


Автокөлікте кемінде 5 дөңгелек болады, қажет болса біреуін жағуға болады.

Үсіген адамды жылыту жолдары:

Ең тиімдісі:

  • ваннада (40 С жооғары емес);

  • ыстық суға малынған сүлгі, жаймаға орау, суысымен қайты жылысына ауыстырып орау керек.

Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап отыру керек, аяғын жоғары көреріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді.

Дененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.

Мысалы: оттың қасына зардап шегушіні орап отырғызған дұрыс, оған өте ыстық болмауы тиіс, жылынған сайын оттан алыс отырғызған дұрыс.

Зардап шегуші жылынып, өз қалпына келсе: тәтті шәй немесе кофе, егер лоқсымаса, құспаса онда тамақтандыру қажет.


Құрғақшылық – көбінесе температураның жоғарылауынан және ауаның ылғалдығының төмендеуінен болады. Қатты ыстық – қоршаған ауа температурасының күрт жоғарылауынан және бірнеше күн ішінде жоғарылауы. Бұл адам температурасының 38,8 С жоғарылап, дене температурасының бұзылуына әкеліп соқтырады. Дененің қатты қызуы жүрек қызметінің бұзылуына жеткізеді. Дене күйюінің белгілері: терінің қызаруы, қатты шөлдеу, дененің құрғауы. Ары қарай есінен танып қалу, жүректің тоқтап қалу және демнің жетпеуі.

Құрғақшылыққа қалай дайындалу керек (қатты ыстық):

Керек болған жадғдайда сұйықтықты көбірек іші керек. Ыстыққа арналған киімдерді, электр құралдарын (желдеткіштер, салқындатқыштар) дайындау. Егер сіз ауылдық жерде тұрсаңыз – демалыс орнын, құдықты, сонымен қатартерезеге арналған шторларды дайындау керек. Мүмкіндігінше электр құралдарымен қамтамасыз ету үшін, электроэнергия автономды бастауышы алынсын. Өзіңіз және отбасыңызды жылу күшейген жағдайда дұрыс қимыл жасай біліңіз.



Құрғақшылық болған кезде не істеу керек (қатты ыстық кезде)

Табиғат апаттары турал мәлімет алып, халықтарға көметтесу үшін жергілікті билік органдарымен хабарласыңыз. Зардаптар қайталану мүмкіндігіне дайын болыңыз.



Найзағай – бұл аспандағы бұлт арасынан от тәрізді шақпақ. Қаупі. Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады.

Найзағай көбінесе қайда түседі? Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі.



Найзағайға қалай дайындалу керек.Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орнатқыштарын орнату қажет.

Табиғатқа шығу алдында ауа байы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжалдаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады.

Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м.

Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы.

Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі. Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз. Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз. Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз. Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз.


Ланкестік акт кезіндегі халықтың іс әрекеті. Соңғы жылдары құқықты органдардың жұмыс бағытының бірі, ішкі және халықаралық лаңкестік болып анықталатын жаңа кертартпа күшпен күресу.

Ланкестік латынның «terra» деген сөзінен шыққан, аударғанда қорқыныш, зәресі ұшу деген мағынаны білдіреді. Расында, оның кез келген бағыты, бастапқыда қорқыту, содан кейін өзінің қылмыскерлік мақсаттарына жету.

1999 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Лаңкестікке қарсы күрес туралы» Заңы біздің республикамыздағы лаңкестікпен күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, меншік түріне қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай ақ, лаңкестікпен күресті жүзеге асыруға байланысты адамдардың міндеттері мен кепілдіктерін анықтайды.

Лаңкестік – мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.

Лаңкестік акт – адамдардың өміріне қауіп төндіретін қастандық, жарылыс, аманатқа алу, өртеу немесе басқа да іс-қимылдарды жасау, маңызды мүліктік шығындарға ұшырату немесе басқа да қоғамға қауіпті салдардың пайда болуы, егер бұл әрекеттер лаңкестіктің мақсатына жету үшін, сондай ақ, белгіленген іс - әрекеттердің сол мақсатта жасалу қауіпі болса лаңкестік акт болып саналады.

Әсер ету масштабына қарай лаңкестік ішкі (субьектілер – сол елдің азаматтары мен ұйымдары, актілердің зардабы сол елдің шекарасынан шықпайды) және халықаралық (бір мемлекеттің шекарасынан шығып кететін лаңкестік қимыл) болып бөлінеді.

Өзінің табиғатына қарай лаңкестіктің көздері саяси, діни (соның ішінде сектанттық), қылмыстық және жеке тұлғалық сипатта болады.

Лаңкестік өзінің бірбеткейлік құлшынысында кейбір заттарға келіспей, күштілерді және ұлыларды төмендетіп түбегейлі арандатып кек алу түрі.

Қарапайым әскери әдітермен халықаралық лаңкестікті жеңе алмаймыз, себебі лаңкестікті бастап отырған адам әрдайым өзінің қатарына қарапайым адамдарды алады.

Лаңкестікті басқарып отырған адам «кішкентай» адамның мінез құлқын жақсы біледі. Олар оның барлық санасын шындыққа және соған ұқсас нәрсенің күрескері сияқты керемет бір оймен толтырып қояды, қолына қару-жарақ, жарылғыш зат, пышақ беріп, самолетқа отырғызып, өзі сияқтылардың өмірін қиюға жібереді.



Біздің заманымыздағы лаңкестікке ең жоғары техникалық деңгеймен қамтамасыз етіліп, дайын тұрған барлық күштер тән. Лаңкестер өздерінің қылмыстық мақсаттарына жаңа ғылыми техникалық жетістіктерді қолдануға тырысады. Жаппай зақымдау құралдарын қолдану мүмкіндігі ерекше қауіп туғызады. Бүгінгі таңда ядролық, химиялық, радиоактивті, электромагнитті биологиялық және басқа да қару түрлерінің сыңарларына қол жеткізу қиын емес. Лаңкестік актілердің зардабы тек бөлек жарылыстар мен авариялар ғана емес, ірі масштабты апаттар болуы мүмкін.

Жарылығыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс-әрекет:

  • жақындамау, тиіспеу, орнынан қозғамау.

  • Радиобайланыс құралын пайдалануды тоқтату.

  • Табылған заттың уақыты мен орнын анықтау.

  • Табылған зат туралы дереу құқықтық органдарына, ТЖ органдарына хабарлау.

  • Мамандар келгенше күдікті құралдарды бақылауға алу және қауіпті аймақтың күзетін қамтамасыз ету.

  • Жарылыс құрылғысына ұқсайтын заттың сыртқы түрін түсіндіру.

  • Бұдан әрі құқық қорғау органдары өздерінің нұсқауы бойынша әрекет ету.

  • Қауіпті аймаққа жататын аумақтағы адамдарды көшіруді ұйымдастыруға көмектесу

  • Күдікті құралдардың орналасқан орнын, уақытын және қандай жағдайда табылғанын көрсету.

  • Нысан қызметкерлеріне бөгде адамдардан қандай да бір заттар мен киімдерді қабылдамаулары туралы нұсқау беру.

Телефон арқылы қауіп төнген кездегі іс-әрекет:

  • Әрбір келіп түскен тлефон қоңырауына мұқият болу;

  • Телефон арқылы алынған ақпаратты құқық қорғау органдары мен ұйым басшысына дереу жеткізуді қамтамасыз ету.

  • Қажет болған жағдайда көшіру жоспарына сәйкес адамдарды көшіру.

  • Жедел тергеу топтарының, кинологтардың және т.б.жұмыстарын кедергісіз қамтамасыз ету.

Кепілдікке алған кезде:

  • Болған жағдайды дереу ұйым басқарушысына және тиісті инстанцияға хабарлау.

  • Өз ықтиярыңызбен лаңкестермен келіссөзге шықпау.

  • Қажетті жағдайда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтірмейтін болса, лаңкестерге қайшы келмейтін болса, олардың талаптарын орындау, өзінің және айналасындағы адамдардың өмірін қатерге тікпеу

  • Лаңкестердің қару қолдануына алып келеті іс - әрекеттер жасамау.

  • Оқиға орнына тиісті күш құрылымына сәйкес орган қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету.

  • ҰҚҚ мен арнайы мамандырылған бөлімше әскері келген бойда олардың командирлерінің сұрақтарына толық жауап беру және олардың жұмысын қамтамасыз ету.

Лаңкестер ұшақты кепілдікке алғандағы іс-әрекет:

  • Лаңкеспен қалыпты дауыспен әңгімелесіңіз.

  • Лаңкестің көзіне қарамаңыз.

  • Өз мінезіңізбен ланкестердің назарына түспеңіз.

  • Лаңкестерге қарсылық көрсетпеңіз.

  • Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ болса, лаңкестердің айтқандарының бәрін орындаңыз.

  • Жан жағыңызда болып жатқан нәрселер мен лаңкестердің іс-қимылын есіңізде сақтап қалыңыз.

  • Арнайы бөлімшелермен ұшақпен шабуыл жасағанда, қолыңызды желкеңізге қойып еденге етбетіңізден жатыңыз.

Пошта жолдамаларында күдікті заттар табылған кездегі іс әрекет:

  • Конвертті, пакетті т.б. өз бетіңізше ашуға әрекеттенбеу.

  • Күдікті хатты мүмкіндігінше қолмен ұстамау.

  • Осы деректер туралы ТЖ және СЭС аумақтық органдарына хабарлау.

  • Белгісіз заттың ғимараттың желдету жүйесіне мүмкіндік бермеу.

  • Мамандар келгенше күдікті затты герметикалық ыдысқа салу.

  • Затпен тікелей қарым қатынаста болған барлық тұлғалардың тізімін жасау.

  • Затты қарым-қатынаста болған тұлғалар жеке гигиенаның барлық ережелерін сақтау.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ халықтың іс әрекеті.

  2. Ланкестік акт кезіндегі халықтың іс әрекеті

  3. Төтенше жағдай кезіндегі халықтың өзіне өзі көмек көрстеу ережелері



Дәріс №11. Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілері

Жалпы сұрақтар

  1. Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілерінің түрлері

Төтенше жағдайға тап болған адам ол жерден жарақат алмай шығуы сирек. Біреулері ауыр жарақаттанып, денсаулығына нұсқан келтірсе, енді біреулері қаза табады. Бұл өмірде өмірі мен тәнін аман сақтап қалған бәрібір алғашқыда білінбейтін жарақат алады, бірақ ауыр және қиындықпен сауығады. Бұл – адамның жанының психикасы мен санасының жарақаттануы. Олар бастан кешкеннен де айқын және өте қорқынышты.

Дегенмен, ТЖ – ға тап болған адамдардың барлығының бірдей психикасы күшті соққыға ұшырамайды, оны әртүрлі адамдар әр қалай қабылдайды. Кейбір адамдарда ішкі өмір сүргіш қорлары жұмыс істей бастаса, ал кейбіреулерінде жұмыс істеу қабілеті төмендейді немесе үзіліп кетеді, денсаулығы нашарлайды, физиологиялық немесе психологиялық күйге ұшырайды. Бұл көптеген факторларға байланысты: ағзаның жеке ерекшелігіне, тұқым қуалаушылыққа, тәрбиеге, өмірі мен еңбегінің жағдайына, темпераментіне, имоционалдық күйіне қарай.

Кенеттен ТЖ – ға тап болған адам ағзасына күйзеліс реакциясы әрекет етеді. ТЖ – да кейбір адамдарда (15-20 пайыз) ауыр психологиялық реакция дамиды. ТЖ – ға дайындалмаған адамдар жиі есінен тану жағдайына тап болады.

Кейбір адамдар әртүрлі қысылтаяң жағдайда болатын болса, екіншілер ешбір қиындықсыз бір қалыпты өмір сүреді. Біріншілердің шартсыз рефлекстері оянған және қызмет атқарады, ал екіншілері анықталу мүмкіндігі жоқ ұйқылы жағдайда қалыптасады.

Бейімделудің психологиялық кедергісі – бұл адамның өміріне қауіп төндіретін және психозақымдаушы факторларға қарсы тұру мүмкіндігі.

Әртүрлі темпераменттегі адамдар өздерін ТЖ қалай ұстайтынын талдайық.

Сангвиник – қауіпті жағдайда өзін жинақы ұстап, батыл қимылдайды, бірақ энергиясының көптігінен іс-қимылдардың қате жолдарын таңдауы мүмкін.

Флегматик – ол да жинақы, бірақ оған шешім қабылдау үшін белгілі бір уақыт қажет және ол көп ойлағаннан кейін қимылдайды.

Холерик – мүлдем белгісіз. Ол нақты жағдайға байланысты көпшілікті ұйымдастыратын басшы, сондай ақ оларды үрейлендіруші де бола алады.

Меланхолик – бұл жағдайдағы ең қауіпті тұлға, өйткені ол көбінесе үрей тудырушы адам.

Қауіп сезгіштігінің әртүрлі болуы, әрбір нақты адамның эмоционалды жағдайына байланысты.

Адамның эмоционалды күйзелуінің шегі қозу (аффект) болып табылады. Бұл бақылаудан шыққан сананың қозуы және сіресіп қалуы (ступор)сана бақылай алмайтын бір орында қатып қалу, толық қимылсыз қалу жағдайы. Қозу немесе сіресіп қалу жағдайы, жиі оқиға күтпеген жерде, кенеттен басталғанда, сондай ақ олармен кездесуге дайын болмағандықтан болады. Мұндай себептерді жою үшін тиісті білім мен тәжірибе қажет. Кез келген жағдайларда адамдардың 12-15 пайызы өзгеріссіз өз қалпында қалатаынын айтып өтке жөн, олар жағдайды дұрыс бағалап, сол жағдайда батыл, нақты қимылдар жасайды. Мұндай типтегі адамдар бірінші өз басын ойламай қоршағандарға көмек беріп, болған оқиғаны түзетуге тырысады.

Қорқыныш сезімін бақыланатын және бақылаусыздеп екіге бөлуге болады.

Егер сен өз қорқынышынды бақылайтын болсан, сен болуы мүмкін қауіпті сезініп, бұл жағдайдан шығуға тырысасын.

Бақылаусыз қорқыныш – мамандар оны үрей дейді. Әдетте үрейдің пайда болуына дер кезінде және сенімді ақпараттың болмауы әсер етеі. Егер үрейленген адам көпшіліктің басшысы болса, ол ұжым жұмысын тоқтататын жалпы тәртіпсіздікке ұшыратып, олардың өзіне өзі және өзара көмек көрсетуінен айырады. Мұндай «теріс басшылар» әдетте, есірген өз өздерін жақсы көрумен ерекшеленетін адамдар. Мұндай адамдар аздаған қауіп үлкен болып көрінеді.

ТЖ психологиялық қауіпсіздік мәселесін зерттеушілер адамның психикасы жарақаттанатын 3 кезеңді бөліп қарайды:

Бірінші – нақты апат кезінде. Адамның барлық сезімдері, кейде хайуандық сезімдері оянады, көбінесе өзін-өзі сақтау сезімі жоғары болады. Адамның күнделіктегі өмірдегі сезімінен басқа сезімдер пайда болады. Бұл сезімдердің негізінде «хайуандық» қорқыныш жатады.

Екінші – құтқару жұмыстарын жүргізген кезде. Адам жан-жағында болып жатқан жағдайды (баспанадан, мүліктен, жақын адамдардан айрылғанын) түсіне бастайды. Түсініп тұрса да күйзелісте болады, оқиғаның қайталануынан қорқып, көмектен үміт үзеді.

Үшінші - өмірге қауіпті жағдай тоқталғаннан кейін, бағалы заттарды қайтадан бағалауды жүргізу, өмірдің жаңа жағдайына қайта бейімделу қажетілігі.

Дүлей зілзала болған кезде болымсыз абыржу мен қорқынышты көрсету ауыр, тіпті қалпына келтірілмейтін зақымдануға ұшыратады. Бірінші кезекте бірден шаралар қабылдап, жеке тәртібі мен төзімділігін көрсете алатын лауазымды адамдарға арналады. Өз күшіне, халықтың күші мен қолынан келетін ісіне сенбеу, еркіндікті жоғалтады. Мұндай жағдайда құтқару жұмыстарының өтуі мен орындалуы басшының моральдік – психикалық тұрақтылығы, төзімділігі мен батылдығына байланысты. Қорқынышты жеңудің ең бастысы, жеке жауапкершілікті сезіну, міндетті түрде жасалатын жұмыстың мағынасын түсіну мүмкіндік туғызады.



Дәріс №12 Эвакуация, көшіру және бытыраңқы орналастыру шаралары
Жалпы сұрақтар

  1. Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері

  2. Эвакуациялық шараларды жүргізу және ұйымдастыру


Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері. Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.

Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.

Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.



Бытыраңқы орналастыру –соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.



Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау

  1. Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың, бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;

  2. Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;

  3. Халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;

  4. Көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;

  5. Стансаларды, аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау, көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;

  6. Халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау, барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;

  7. Азаматтық қорғаныстың басқару пункттерін, байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;

  8. Қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау, сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.


Эвакуациялық шараларды жүргізу және ұйымдастыру. Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді. Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді. Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді.

Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, қорғаныс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.

Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.

Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық бөлмелер пайдаланады. Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған (медицина, тамақтандыру, күзету және т.с.с.) орындар әзірленеді.

Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иемденушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады. Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады. Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп жазылған халықтың санына байланысты болады. Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.

Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселелері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарларымен келіседі.

Категорияланған қаланың (қалалық ауданның) Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:


  1. әрбір қалалық аудан, ұйым, пәтер иеленушілердің кооперативі бойынша орналастыруға және эвакуациялауға жататын халықтың саны;

  2. қауіпсіз аймақтағы халықты орналастыратын аудандар мен пункттер;

  3. орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);

  4. жергілікті атқару органдарымен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ жұмысшыларға, қызметшілерге және халықтың басқа бөлігіне орналастыру мен эвакуацияның басталу мерзімі туралы хабарлар тәртібі;

  5. эвакуациялық органдардың құрамы және оларды даярлыққа келтіру мерзімдері;

  6. жаяу тәсілмен әкелетін және көліктің барлық түрімен шығарылатын халық саны;

  7. халықты шығару мен әкету маршруттары, жаяу тәсілмен эвакуациялаудың әрбір маршрутындағы эвакуациялаудың бастапқы пункттері, демалыс орындары, реттеу пункттері, аралық пункттер;

  8. халықты көлікпен әкетудің және жаяу тәсілмен шығару кезектілігі;

  9. халықты көлікке отырғызу пункттері;

  10. оны қауіпсіз аймаққа түсіру;

Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты өткелерінде, жер асты гараждарында және басқада паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және казіргі қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жаткан, ұйымдардын жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтык баскару органдарынын жалпы басшылыгымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік катерімен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргзу анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытша шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.

Соғыс уақытында кенеттен ьолған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.

Тұрғындарды толық немесе бөлігін қктерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.

Уақытша көшіру шаралары:



  • ұйымдардын жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардын отбасы мүшелерін- өңдірістік принцип бойынша

  • халықты көшіру- аумақтық принципы бойынша жүзеге асырылады

  • көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндігінше жеке меншік көлік иелерінін көлегін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғауға: санатталған қалалардын халқын радиоактивті және химиялық зақымдану туралы дер кезінде хабарлауды ұйымдастырумен, адамдарды жекелеген таныс қорғау құралдары мен қамтамасыз етумен, баспаналарда, радиацияға карсы баспаналарға және баскада корганыс ғимараттарында жасырынумен, зақымдану аймағынан тасып шығарумен, радиациялық және химиялық қорғану режимін орындаумен, радиацияға карсы профилактика, обьектілерге, техникаларға, жабдықтармен жергілікті жерге дезактивация, дегазация жүргізумен, өзін өзі корғау әдістеріне үйрету мен жетеді.

Облыстық эвакуациялық комиссияның міндеттері.Облыс әкімшілігінін бөлімшелерімен, комитеттерімен, басқармалары мен бірлесіп, қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға, аудандарда әзірлеу жөніндегі шараларды жасайды және осы шаралардын жүзеге асуын (олардв бекіткеннен кейін) бақылайды.

Жеке құрамаларды құруды оларды жабдыктауды бақылайды. Уақытша көшіру шараларын даярлауға арналған өкімді алысымен эвакуациялық және эвакоқабылдау коммисияларының даярлыққа келтіруін бақылайды. Халықты орналастыру мен эвакуациялау жоспарын нақтылайды. Қарамағындағы эвакуациялық ұйымдарының жұмыстарын бақылайды. Эвакуауиялық жинау бекетінің жұмысын жақсартуға даярлықты ұйымдастырады.

Көлік органдары мен бірлесіп, көшірілетін және орналастырылатын халықты тасымалдайтын көліктін түрлерін, саның, дайындығын нақтылайды.

Уақытша көшірілу кезіенде адамдардын демалатын, дәрігерлік көмек алатын орындарың, қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуін, келген адамдардын орналасуын қамтамасыз етіп, қадағалайды. Азаматтық қорғаныстың тиісті қызметтерімен өзара әрекет етуі мақсатында орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты жан-жақты жабдықтауды және қорғауды ұйымдастырады. Ұйымның эвакокомиссияның міндеттері болып:



  • Ұйымның Азаматтық қорғанысының штабымен бірлесіп, обьектінің жұмысшылары мен қызметшілерін және олардын отбасы мүшелерін орналастыруға (жұмысшыларға, қызметшілерге, лоардын мүшелеріне сұрау салмастан), олардын тізімдерін жасайды.

  • Азаматтық қорғанысының бастығына эвакуациялық жинау пунктінің өкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобиль колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірлейді.

  • Эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілігінің құрамына еңген жеке құрамына, эвакуациялық эшолондар мен колонналардын бастықтарын дайындауды ұйымдастырады.

Эвакуациялық шараларды дайындауға арналған өкімді алысымен, оларды орналастыру және эвакуациялар жоспарын, сондай-ақ орналастырылатын (эвакуацияланатын) жұмысшылардың, қызметшілердің және олардын отбасы мүшелерінің тізімі анықтайды.

Ауданның эвакокомиссиясы облыс комиссиясымен бірлесе отырып және оның басшылығымен әрі жоспары мен нақты уақытша көшіру жұмыстарын ұйымдастырып анықтайды.

Жергілікті атқару органдары ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының эвакуациялық қабылдау комиссиялары аудандық комиссияның басшылығымен және оның жоспарымен уақытша көшіру жұмыстарын немесе көшіп келушілерді орналастыру жұмыстарың нақтылы жүргізеді.

Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері:


  • Эвакуциялық жиналу бекетіне келуші халықты тіркеуді жүзеге асырады, оларды пойыздарға (автоколонналарға, кемелерге) және вагондарға (автомашиналарға, кемедегі бөлмелерге) бөледі, отырғызу бекеттеріне жібереді.

  • Қауіпсіз аймаққа орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты есепке алуды жүргізеді, бұл туралы аудандық эвакуациялау комиссиясына (уақыты, ұйымдар мен көлік түрлері бойынша) мәліметтер береді.

  • Эвакуациялық жиналу бекетінде болған кезде, ауырғандарға дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады.

  • Эвакуациялық жиналу бекетінде қоғамдық тәртіпті сақтауды және ЭЖП-да орналасқан халықтың қорғануын қамтамасыз етеді.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері

  2. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау

  3. Облыстық эвакуациялық комиссияның міндеттері

  4. Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері



Дәріс №13. Зақымдаушы факторлардан халықты инженерлік қорғау
Жалпы сұрақтар

  1. Қорғаныс ғимараттары.

  2. Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері.


Қорғаныс ғимараттары. Қорғаныс ғимараттары – бұл арнайы мақсаттағы инженерлік ғимараттар. Олар халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, радиациялық және химиялық қауіпті нысандардағы авариялар кезіндегі шыққан радиациялық заттардан, зақымдағыш факторлардың ықтимал қайталануынан, жарылыстардан, сондай – ақ зілзаладан, авариялар мен апаттардан қорғайды.

Бұл ғимараттар қорғаныстық ерекшеліктеріне байланысты панаханалар және радиациядан қорғайтын паналау орындары болып бөлінеді. Сонымен қатар адамдарды қорғау үшін қарапайым үлгідегі панаханалар да қолданылуы мүмкін.

Адамдар тіпті қираған панаханаларда ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының өте беріктігі, сондай – ақ қоршаған ортаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпті тіршілігін қамтамасыз ететін санитарлық гигиеналық жағдайларды жасау есебінен қол жеткізіледі.

Панаханалар адамдар аз жүретін жерлерге орналасуы керек. анахана ғимараттары былайша жіктеледі:



  • Мақсаты бойынша: кәсіпорын қызметкерлері мен халықты, басқару органдары мен медицина мекемелерін орналастыру үшін. Өте берік ғимараттар мемлекеттік органдар мен әскери басқару органдары үшін салынады. Жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау үшін ғимараттар кәсіпорын аумағына, ал халықты қорғау үшін олар тұратын жерлерге салады. Аса қауіпті нысандардың жанында орналасқан ғимараттарда болу мерзімі – 5 тәулікке дейін;

  • Орналасқан жері бойынша: жапсарлас салынғандар, жеке тұрғандар, тау ішінде. Жапсарлас салынған панахана ғимараттың құлауынан үйінді астында қалуы мүмкін, ал жеке тұрғандар мұндай қауіпке ұшырамайды;

  • Сыйымдылығы бойынша: шағын 300 адамға дейін, орта 300-600 адам, үлкен – 600 астам.

Панахана мына талаптарды ескере отырып тұрғызылуы тиіс: онда адамдардың үздіксіз келіп кетуінің қамтамасыз етілуі, су баспайтын жерлерге салынуы, су және қысымдық канализация желісінен алыс болуы. Панахана желдеткішпен, санитарлық-техникалық қондырғылармен, улағыш радиоактивті заттар мен бактериалдық құралдардан ауаны тазалайтын құралдармен жабдықталуы тиіс.

Радиациядан қорғайтын орын. Бейбіт және соғыс уақытында, төтенше жағдайлар кезінде паналайтын адамдардың қорғалуын қамтамасыз ететін, қымталған қорғаныс ғимараттары радиациядан қорғайтын орындар деп аталадыОлар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс органдарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды. Селолық жерлерде РҚО үшін погреб, көкөніс сақтайтын жер пайдаланылады.

Қарапайым үлгідегі панаханалар. Халықты қорғау жүйесінде қуыс үлгісіндегі қарапайым панахана салудың үлкен маңызы бар. Олар траншея, окоп, блиндаж. Оны халық аз уақыт ішінде салады. Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиактивті сәуле мөлшерін 2-3 есеге, ал жабық 40-50 есеге азайтады. Оның тереңдігі 200см, жоғарғыдағы ені 120см, төмендегі ені 80см болады, ал ұзындығы паналайтындардың санына байланысты. Жабық қуысты диаметрі 20-30 смбөренеден, темір бетон плитасынан немесе қалыңдығы 20-30 см етіп топырақ қабатын төсейді.
Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері. Тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары сүзгіш, оқшаулағыш. Респираторлар. Қызметтік принцптеріне байланысты ТАОЖҚҚ сүзгіш және оқшаулағыш болып екіге бөлінеді. Сүзгіш құралдар ауадағы оттегінің жеткілікті болуы және зиянды заттардың шектеулі мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етсе, оқшаулағыш құралдар ауадағы оттегінің жеткіліксіз болуы және зиянды заттардың шектеусіз мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етеді.

Сүзгіш ТАОЖҚҚ үш түрге бөлінеді: аэрозольдан қорғануға арналған, шаңға қарсы; булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газға қарсы; ауада бір мезгілде болатын аэрозольдан және булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газды шаңнан қорғайтын.



Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ екі түрге бөлінеді: шлангты, ауа беруді қамтамасыз етеді, таза аймақтан ауа соруға арналған; автономды, ауамен қамтудың жеке көзінен тынысалу қоспаларының берілуін қамтамасыз етеді.

Тыныс алу органдарын аэрозольдан қорғау үшін әр түрлі маркадағы респираторлар қолданылады. Тыныс алу органдарын ауа құрамында болатын булы газ тектес зиянды заттардан және аэрозольдан қорғану үшін респираторлар қолданылады: газға қарсы, сорбитті – сүзгіш, газды шаңнан қорғайтын, клапансыз, бір рет қолданатын.



Респираторлар негізінен резеңкелі жартылай маскадан және қуыстық сүзгіштерден (екі сүзгіш секция) тұрады. Қуыстық сүзгіштер қағаздан, матадан, шұғадан (фетра), мақталы материалдардан жасалады.

Әмбебап респираторлар бір мезгілде тыныс алу органдарын газдардан және улы, бактериалды, силикатты, цементті, көмірлі және радиоактивті шаңдардан қорғайды.

Дәкелік таңғыштар респираторлардың ең қарапайым түріне жатады және кірлегеніне қарай ауыстырып ортыратын 5- 6 қабат дәкеден тұрады. Дәкелік таңғыштар аз концентрациядағы және аса улы емес шаңдардан қорғануға ұсынылады, мысалы ағаш шаңы.

Газқағарды пайдалануға дайындау шлем – масканың қажетті өлшемін анықтаудан басталады. Ол басты тігінен айналдырып өлшегенде анықталады. Өлшеу төбеден басталып, бет пен иекті қамтиды. Қолданар алдында газқағардың бұзылмағандығы мен герметикалығын тексеру керек. Шлем – масканы тексеру барысында талапқа сай болуын қадағалау керек. Одан кейін оның бүтіндігін әйнектеріне қарап тексеру керек. Бұдан кейін клапан қорапшасы тексеріледі. Ол қоқысқа толған немесе жыртылған болмауы керек. Сүзгіш – жұтқыш қораптар мыжылмай, тот баспай, тесілмей сақталуы тиіс және мойынында зақым болмауы керек. Сонымен қатар қорап ішіне жұтқыш ұнтақ түсіп кетпеуі қадағалануы керек.

Газқағарды мынандай жолмен жинайды. Сол қолымен шлем – масканы клапанды қорапшасынан ұстайды. Оң қолымен сүзгіш – жұтқыш қораптың мойының шлем – масканың клапанды қорабының түтігіне соңына дейін бұрайды. Жаңа газқағардың беттік бөлігін киер алдында ішкі және сыртқы жағынан аздап суланған таза шүберекпен сүртеді, тыныс шығару клапанын үрлеу керек. Егер қандай да бір ақау байқалса, оны жөндейді, ал жөндеу мүмкін болмаған жағдайда ол газқағарды басқа, ақауы жоғымен ауыстырады. Тексерілген газқағарды жиналған күйінде сөмкеге жинайды: түбіне – сүзгіш – жұтқыш қорап, үстіне – бүктелмеген күйде, тек кана әйнектік бөлігі зақымдалмас үшін аздап қайырып қояды.



Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына ең алдымен, шаңнан, қатты бөліктерден, химиялық агрессивті емес сұйықтықтар мен газдардан, ультракүлгін сәуле мен басқа да қауіпті факторлардан қорғайтын қорғаныс көз әйнектері жатады. Оларды таққан кездегі кейбір ыңғайсыздықтар оның жоғарғы дәрежедегі тиімділігімен ақталады.

Көз бен бетті қорғайтын қорғаныс құралдары авариялық – құтқару жұмыстары мен оларды орындаудың ерекшелігіне қарай таңдалады. Осыған байланысты қорғаныс көзілдіріктері төмендегідей болып бөлінеді:



  • желден, шаңнан, агрессивті емес химиялық сұйықтықтардың шашылуы мен ұсақ қатты заттардан қорғайтын, тікелей желдетілетін жабық қорғаныс көзілдіріктері;

  • ультракүлгін сәулелерден қорғайтын, тікелей желдетілмейтін жабық қорғаныс көзілдіріктері;

  • ультракүлгін және инфроқызыл сәулелердің тікелей әсер етуінен қорғайтын тікелей желдетілмейтін және сәулелі сүзгіші бар, реттелетін, жабық қорғаныс көзілдіріктері.

Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Кейбір авариялық құтқару жұмыстардың түрлері ( пневмо –құралдармен, монтажды пистолет және т.б.) айтарлықтай шумен қоса жүреді. Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына шуға қарсы каскалар мен тығындар жатады.

Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары (ТҚЖҚҚ) қорғау қызметі бойынша оқшаулағыш және сүзгіш болып екі топқа бөлінеді. Оқшаулағыш құралдардың матералдары газ бен сұйықтықтардың өтуіне жол бермейтін арнайы қабатпен (пленкамен) қапталған. Жаз уақытында мұндай оқшаулағыш киімде жұмыс істеу кезіндегі шамадан тыс қызып кетуді болдырмау үшін төмендегі кестеде көрсетілген жұмыс істеу уақытын қатаң сақтау керек.

Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар. Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар ретінде қарапайым, су өтпейтін плащтар мен жабулар, сондай ақ калың әрі мықты материалдан жасалған пальтолар, мақталы күртешелер және т.б. Аяқты қорғау үшін резина етіктер, ботылар мен галоштарды пайдалануға болады. Егер олар жоқ болса, аяк киімді қалың қағазбен орап, сыртынан матамен қаптап тастау керек. Қолды қорғау үшін қолда бар барлық резеңке немесе теріден жасалған қолғаптарды пайдалануға болады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Қорғаныс ғимараттары.

  2. Қорғаныс ғимараттарында болу тәртібі

  3. Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері.

  4. Жеке қорғаныс құралдарын қолдану тәртібі



Дәріс №14. Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар
Жалпы сұрақтар

  1. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері.

  2. Төтенше жағдайлардың салдарын жою.


Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Халықты құтқарудың негізгі әдістері. Халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан құтқаруы ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.

Халықты құтқарудыңдың негізгі әдістері мыналар:

  • қорғаныс ғимараттарына жасыру;

  • халықты таратып қоныстандыру және көшіру;

  • жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын пайдалану;

  • дер кезінде хабарландыруды ұйымдастыру;

  • азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық зақымданудан қорғау;

  • радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

  • өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

  • зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыспен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе әуе шабуылынан, сол сияқты қауіпті жағдайдан қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы құтқару жұмыстары.Әуеден шабуыл болғанда радиоактивтік немесе химиялық зақымданғанда – біріншіден АҚ штабынан қауіптер туралы хабар түседі. Төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әскери емес жасақшылар тобы құрылады.

- барлау топтары – 15-16 адамнан тұрады .

- қоғамдық тәртіп қорғау топтары

- санитарлық дружина -25 адам

- санитарлық бекеттер -2-3 адам

- құтқарушы топтар 30-35 адам

- бірнеше өрт сөндірушілер топтары, әрқайсысында 4-5 адам .

Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары. Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің, коммуналды энергетикалық және технологиялық қондырғылардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендігі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары АҚ басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады

Қозғалыс жүргізу жұмыстарын жүргізгенде бір жақты қозғалыс үшін биіктігі -1мм, ені -3-3.5м, жол ашса, ал екі жақты қозғалыс үшін ені -6-6.5м эксковаторлар жол ашып, өрт сөндіргіш машиналармен біруақытта жұмыс атқара отырып өрт сөндіріледі. осындай жұмыстардың артынша дереу іздестіру құтқару жұмыстарын қолмен немесе кіші механизация құралдарын қолданумен іске асырады. Құтқарылғандарға алғашқы көмек көрсетіледі.



Табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері- орасан зор. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі бар: жер слкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты табиғи апаттар жиі болып жатады Жер сілкінісі кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Жеңіл үйіндінің астында қалғандарды тез арада босатып, балалардың, ауруларды, қарттардың қауіпсіздігіне назар аударылады. Ғимаратқа кірер алдында баспалдақтың, қабырғаның қауіпінің бар-жоқтығына назар аударылады. Адамдарды құтқарудың ең қиыны жанып жатқан мекемелерден қауіпсіздік шараларын сақтай отырып алып шығу.

Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды:

Сейсмологиялық бақылау менжер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалықаудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау және байланы042-14-6-02.1.20.18-2007с жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезіде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.

Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.

Сел қаупіне тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек.Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.

Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балаларды, өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер құруға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті. Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірлеген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әртүрлі құтқару бқлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары таратылады.

Қар көшкіні қауіпі кезінде тауға шығу қажетті жағдайда кезек күттірмейтін жұмыс үшін, атап айтқанда құтқару жұмысы үшін тік жартастан, оның ең биік бөлігіне немесе жартасқа жақын тар жерден өту қажет. Бұл беткейді шамалы сілкінтеді . Зардап шегушіні қазып алғаннан кейін оның бетін ің алдын боскеңістіктің бар жоғын немесе бетіне қардың қатып қалмағандығын анықтау қажет. Бірден жүректің соғысы мен құрсақтың қысылу дәрежесін тексеру керек.


  • ауызбен мұрындағы қарды кетіріп «ауызға ауыз» немесе «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасау қажет.

  • бір уақытта зардап шегушіні қйықтау қапшығына салып жылыту керек.

Дауылдан кейінгі негізгі жұмыстар

  • зардап шеккендерді іздеу, жаралыларды ғимарат үйінділерден шығару;

  • жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардан адамдарды құтқару ;

  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу;

  • шыққан өртті сөніру;

  • өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық энергетикалық желелердегі аварияларды жою.

Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері:

Көмекті кешіктірмеуге қажет. Жасанды тыныс алу мен жүректі сылау ды бір минуттан артық тоқтатпай, зардап шегушіге өлім белгілері ашық байқалғанша жалғастыру қажет.

Су тасқынынан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар.

Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басылуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету, су түбін тереңдету, ғимараттар мен үй жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, құтқару құралдарын жасау және даярлау. Құтқару жұмыстары кезінде халық ұстамдылық сақтап құтқарушылар талаптарын қатаң орындауға тиіс.


Төтенше жағдайлардың салдарын жою.

Төтенше жағдай салдарын жою төтенше жағдай аумағында және оған жататын аудандарда барлаудың барлық түрлерін және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қамтиды. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою күштерінің құрамын және зардап шегуші халықтың тіршілігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру оның сипатымен көлеміне байланысты.

Төтенше жағдайды жоюдың негізгі ұйымдастырушысы - төтенше жағдай бойынша комиссия атқарушы орган немесе экономика нысанын басқару органының функцианалдық құрылымы.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлімшелері атқарушы биліктің органы болып табылады. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу және бақылауға арналған және іс-шараларды орындау. Белгілі ведмоствалық ауданда мүмкін болатын төтенше жағдай туралы жорамал мәліметтерді пайдалана отырып Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бөлімі төтенше жағдайды жою жоспарын құрады. Ол мынаны қарастырады:



  • апаттық аймақтың қысқаша сипаты( зақымдану ошағы) ;

  • төтенше жағдайды жоюдағы қолданылатын күштер мен құралдар;

  • жұмыс реттілігі;

  • төтенше жағдай аумағында қоғамдық тәртіп сақтау ережелері;

  • медициналық шараларды ұйымдастыру;

  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • басқаруды ұйымдастыру;

  • материалдық техникалық сұрақтарды қамтамасыз ету:

Көптеген жағдайларда төтенше жағдайларды жою төтенше жағдайлардың жедел қимылдауына байланысты Бұл жетекшілік және күнделікті басқару органдарының ТЖ пайда болуының ақпаратыалына салысымен бірлесіп қызмет етуіне тәуелді.

Төтенше жағдай комиссия төрағасы ТЖ көлемі және сипаты бойынша мәліметтерді пайдаланып негізгі міндеттерді, құралдар мен күштерқұрамын, жеке құрам қорғанысын, адамдарды құтқару тәртібін көрсететін шешім шығарады.

Апат аймағынан сенімді ақпараттар алу үшін маман химиктер, инженерлер, дәрігерлер, өрт сөндірушілерден құралған кешенді барлау ұйымдастырылады. Радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану мөлшерін анықтайды. Инженерлік барлау бөлімшелері жолдардың, ғимараттардың коммуналды энергетикалық желілердің, үйінді түрлерін және сипатын бағалайды. Жұмыс көлемін және қажетті инженерлік техниканы анықтайды. Өрт сөндіру тобының барлау бөлімшелері өрт жағдайын- тұтас және жеке өрттер бөлігін,өрт сөндіру әдістерін, су көздері орындарынанықтайды. Медициналық барлау бөлімшелері санитарлық – гигиеналық жағдайларды, зардап шегушілер жатқан жерлерді табады. Оларға көрсетілетін медициналық көмек көлемін анықтайды. Қажеттілік туындағанда инфекция таратушы қоздырғыштарды зертханада анықтауға арналған үлгілер алатын маман- эпидемиологтарды бөлімшеге қосады. Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандарында барлау жүргізгенде фитосанитарлық бақылау мамандары және ветеринарлар шақырылады

Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару және басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу сатылап жүргізіледі және қысқа уақытта ретпен жүргізіледі.

Бірінші сатысында нысандар және халықты жедел қорғау мәселесі жүргізіледі және дайындық жасау қарастырылады. Ең алдымен халыққа және жұмысшыларға ТЖ туралы ескерту жүзеге асырылады.

Екінші сатысында негізгі міндет құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу жүзеге асырылады. Сонымен қатар бірінші саты міндеттері қоса жүргізіледі. Алғашқы тәртіпті қорғаныс мекендеріне жолдар салу жүргізіледі. Жергілікті шамалы үйінділерде жол сынықтар мен қалдықтарды тазалау арқылы салынады. Жлдар ,өткелдер салу үшін қолда бар механика, автокрандар, бульдозерлер қолданылады. Жол салу жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт болып жатқан жердегі өртті сөндіру және адамдарды іздестіру құтқару жұмыстары, қорғаныс мекендерін тауып, оларға таза ауа жіберу жұмыстары жүргізіледі.

Газдан құтқару отрядтары газға толған нысандармен мекендергде жұмыс жүргізеді. Ең алдымен газ жолы табылып, шығу себептерін анықтайды, құтқару жұмыстарын жүргізеді.

Химиялық ластануда ҚХЗ таралуын шектеу мақсатында, топырақ, және топырақ асты суларының ластанбауы үшін келесі әдіс-тәсілдер пайдаланылады:



  • төгілген затты тасымалдау;

  • ҚХЗ таралуына бөгет жасау;

  • ҚХЗ табиғи үңгірлерге жинау.

Әртүрлі органдардан және арнайы кешендік барлаудан алынған мәліметтер негізінде төтенше жағдай бойынша комиссия төрағасы жағдайды бағалап шешім қабылдайды.

АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар:

Төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың өмірін құтқару мен олардың денсаулығын сақтау қ.о. қорғау міндеттерінің бақылауын көздейтін ізгілік пен қайырымдылық.

Төтенше жағдай жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізудің міндеттілігі.

АҚҚ мен құрамаларында дара басшылық құтқару жұмыстары мен шұңыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзін-өзі ақтайтын тәуелділік жөніндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. АҚҚ мен құрамаларының төтенше жағдай жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет