ПОӘК 042-14 05 20. 39/03. 2011 №3 басылым 05. 09. 2011 ж


Өзін өзі тексеру сұрақтары



бет10/13
Дата17.04.2017
өлшемі4,62 Mb.
#14033
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Халықты құтқарудыңдың негізгі әдістері

  2. Табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары

  3. Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы құтқару жұмыстары

  4. Төтенше жағдайлардың салдарын жою



Дәріс №15. Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету
Жалпы сұрақтар

  1. Жарақат, сыну, қан кету, буын шыққан кезіндегі алғашқы көмек көрсету түрлері


Жарақат, сыну, қан кету, буын шыққан кезіндегі алғашқы көмек көрсету түрлері

Жарақат – сыртқы факторлардың әсерінен ұлпа тұтастығының бұзылуы. Жарақат механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық болады.

Соғып алу – тері жарақатынсыз жұмсақ ұлпалардың механикалық бұзылуы. Соғып алған жер ауырады, іседі, қан жиналып қалады. Кеуде торын соғып алған кезде тыныс алу бұзылады. Ішті соғып алу бауырдың, көкбауырдың, асқазанның жарылуына, іштей қансырауға алып келуі мүмкін. Басты соғып алу бас сүйек – ми жарақатын тудырады.



Жаралар – механикалық әсер ету салдарынан тері мен шырышты қабақ тұтастығының бұзылуы, ағза жасушаларының зақымдануы. Жаралар шаншылған, соғылған, кесілген, оқтан болған, шағып алынған болып бөлінеді. Жаралармен ауру, қан кету, жарақаттанған ағза қызметінің бұзылуымен қатар жүреді және инфекциямен асқынып кетуі мүмкін.

Алгашқы көмек. Артериалды қан кету кезінде оны уақытша тоқтату бойынша іс – шаралар жүргізіледі. Жарадан киім қалдықтары мен бөгде заттарды алып тастау керек. Жара айналасындағы шашты қайшымен қию. Жара айналасындағы теріні спиртпен немесе зеленкамен (1% жасыл бриллиант ерітіндісі) залалсыздандыру керек. Жеке қапшықтан алынған мақта дәке таңғышымен орау (жараға бірнеше залалсыздандырылған сулық қойып, оларды залалсыздандырылған матамен жауып, сыртынан бинтпен орап тастауға болады). Бастағы таңғыштың берік болуы үшін торлы дәкені пайдаланған ыңғайлы. Егер жарақат терең болса жарақатталған дене мүшесін қозғау керек: қолды шаршы орамалмен денеге таңып тастау керек, ал аяқты танғыш қалақпен таңып тастау керек. Денемен қарындағы жараны таңғыш – жапсырғыш сипаттағы таңғышпен тану керек (сулықты бинтпен немесе лейкопластрьмен бекіту). Егер жара қатты ауырса, промедолдың 2% ерітіндісінен 1-2 мл бұлшық етке немесе есірткілі емес тыныштандыратын дәрі егу керек.

Қан кету – алғашқы көмек. Қан кету – қан тамырлары жарылу кезіндегі қан тамырларынан қанның ағуы. Қан кету соққы алу және қандай да бір аурудың себебінен орын алады. Осыған орай жарақаттық және жарақаттық емес қан кету деп бөлінеді. Қан тамырларының зақымдану түріне қарай қан кету: артериалды, веналық, тамшылық және аралас болуы мүмкін. Артериалды қан кету кезінде аққан қан ақшыл қызыл түсті болады, қатты шашырап ағады. Веналық қан айтарлықтай қара және жарақаттан көп мөлшерде тоқтаусыз ағады. Тамшылық қан кету кезінде қан жараның барлық бөлігін қамтиды. Аралас қан кету артериалдық және веналық қан кетудің белгілерімен сипатталады. Көп қан жоғалтқан адамның денесін суық тер басып, әлсіреп, басының айналғандығына шағымданады, басын көтергенде көзі қарауытады, аузы кебірсиді. Тамыр соғысы жиілейді, бірақ қанның жүруі азаяды. Алгашқы көмек. Зардап шеккен адам өмірін сақтап қалудың басты тәсілі – қан кетуді дер кезінде тоқтату. Ең қарапайым тәсіл – артерияны жанамалап саусақпен қысу, яғни жара аймағында емес, жарадан жоғары қарай сүйек жанынан немесе артынан қысу.

Бас жарасынан қан кету кезінде самай артериясын бас бармақпен құлақ қалқанының алдынан басу. Беттегі жарадан қан кету кезінде астыңғы жақ артериясын астыңғы жақтың бұрышына қарай басу. Жалпы ұйқы артериясын алдыңғы жағынан көмей сыртынан басу. Саусақпен басуды омыртқаға қарай жүргізу керек, оған қоса ұйқы артериясы мойын омыртқасының көлденең өсінділеріне қарай басылады. Бұғана асты артериясын бұғана үстіндегі щұңқыр астынан бірінше қабырғаға қарай басу керек. Тізе асты артериясын сирақ пен аяқ ұшы жараларынан қан кеткен кезде тізе асты шұңкыры аймағында қысу.

Аяқ ұшының сыртындағы артерияны аяқ ұшынан қан кеткен кезде ол жататын сүйекке қарай қысу керек. Саусақпен қысу қан кетуді сол мезетте тоқтатуға мүмкіндік береді. Бірақ қандай да бір күшті адам болмасын тек 10 - 15 минуттан артық қысып тұра алмайды, өйткені оның қолы шаршап, қысу күші әлсірейді. Осыған байланысты төмендегі тәсіл өте қажет, өйткені бұл тәсіл қан тоқтатудың басқа да тәсілдерін қолданғанға дейінгі уақытты ұтуға көмектеседі.

Аяқ пен қолдың тамырларынан артериалды қан кету кезінде артерияны қысуды басқа да жолдармен жүргізуге болады: білек артериясынан қан кеткен кезде шынтақтың бүгілген жеріне екі байлам бинт қойып, қолын шынтақ буынын барынша бүгу; шынтақ пен аяқ ұшы үшін де соны істеу – тізе асты аймағына екі бума бинт қойып, аяқты барынша бүгу.

Артерияны қысқаннан кейін қан тоқтататын бұрау қоюға кірісу керек. Ол қалың резеңке түтіктен немесе ұзындығы 1,0-1,5 м лентадан тұрады. Лентаның бір ұшына күршек, ал екінші ұшына металл бау болады. Теріні зақымдап алмау үшін бұрауды киімнің сыртынан таңады немесе бұрау қоятын жерді бинтпен, орамалмен және т.б. орау керек. Резеңке бұрауды созылған бетінде аяқ – қолға орайды. Бұрауды бір – екі рет айналдырып, арасында тері қалмайтындай етіп орау керек. Бұраудың ұшын бау мен күршектің көмегімен байлау керек. Бұрау жоқ болған жағдайда, қолда бар құралдарды, мәселен, резеңке түтікті, белдікті, галстукты, бинтті, бет орамалды пайдалануға болады. Аяқ – қолды жгутпен орағандай етіп немесе ағаштың көмегімен бұрау жасауға болады. Жіңішке немесе қатты заттарды пайдалануға болмайды, өйткені ұлпалар мен нервтер зақымдалуы мүмкін.



Егер жгутты дұрыс қойған жағдайда қан кету сол мезетте тоқтайды, ал аяқ – қолдың терісі бозарады. Аяқ – қолдың қаншалықты қысылғанын жгуттан төмен орналасқан қандай да бір артерияның соғысынан байқауға болады: тамыр соғысының жоғалуы артерияның жаншылып қалғандығын білдіреді. Аяқ – қолда жгутты 2 сағатқа (қыста далада болса 1 сағатқа) қояды, тоқтату өйткені ұзақ уақыт қысып тұрған жағдайда жгуттан төменгі бөлік жансызданып қалуы мүмкін. Жгутқа уақыты көрсетілген қағаз қыстырып қою керек.


Білек пен иықтан қан кеткен кезде Аяқты барынша бүгу арқылы қан

артерияны саусақпен қысу кетуді тоқтату

Егер жгут қойылғанына 2 сағаттан асып кетіп (қыста 1 caғ.), зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілмеген жағдайда, жгутты қысқа мерзімге шешу керек. Мұны екі адам бірігіп отырып істеу керек: бірі – жгуттан жоғары артерияны саусақпен қысып тұрып, екіншісі – аққан қанның артерияда пайда болған тромбты жарып жібермейтіндей етіп, жгутты ақырын босатуы керек. Жгутты 3 – 4 минутқа босатып, содан кейін алғашқы тұрған орнынан жоғары қарай таңу керек. Жгут тағылған адамды үнемі бақылауда ұстау керек. Егер жгут бос тағылса, артерия толық қысылмайды да қан кету жалғаса береді. Жгут тағылған аяқ пен қолдың бөлігі қанға толып, қан кету одан қатты күшке ие болуы мүмкін. Қан толып кеткендіктен аяқ пен қолдың терісі көгеріп кетеді. Егер аяқ пен қолды қатты қысып жіберсе, ұлпа мен нерв зардап шегіп, жгут тағылған дене мүшесі сал болып қалуы мүмкін. Жгутты қан тоқтағанға дейін ғана тағу керек, одан артық тағуға болмайды.

Сынықтар – алғашкы көмек. Сынық – сүйек тұтастығының кенеттен бұзылуы. Сынықтар ашық және жабық болады.

Ашық сынықтар – кезінде сынған жерде жара болады және сынған жер сыртқы ортамен қатынаста болады. Жиі естен тану, қан жоғалту, инфекцияның түсуі салдарынан өз кезегінде адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Алгашқы көмек. Сынған жердегі жараға залалсыздандырылған таңғыш таңу керек. Тыныштандыратын дәрі егу. Сүйек сынықтарын саусақпен жараға қарай түзетуге үзілді – кесілді тыйым салынады. Егер көп қан кететін болса, бұрау қою керек. Зардап шеккен адамды емдеу мекемесіне шалқасынан жатқан күйінде тасымалдау керек.

Жабық сынықтар – кезінде сынған жерде жара болмайды. Жабық сынықтардың өзіне тән сыртқы пішіні сүйек тұттастығының бұзылуы мен сынған жерде «сатының» пайда болуы болып табылады. Қалыптан тыс қозғалу, ауырсыну, сынықтың сықырлауы, icy байқалады.

Алгашқы көмек. Сынған жерді қимылсыз қалдыру, таңғыш қалақ таңу, тыныштандыратын дәрі егу, зардап шеккен адамды емдеу мекемесіне жеткізу. (Таңуды киімнің сыртынан жүргізу керек.)

Бас сүйектің зақымдануы. Басынан (немесе омыртқасынан) зақым алған адамдарда сал болу, сөздің бұзылуы, есте сақтаудың қиындығы, сондай – ақ психикалық ауытқулар сияқты физиологиялық немесе неврологиялық сипаттағы өзгерістер болуы мүмкін. Ал кейбір зардап шеккен адамдар өмір бойы мүгедек болып қалулары мүмкін.

Өлімге немесе мүгедектікке алып келетін бастың немесе омыртқа жарақаттың кейбір салдарын дер кезінде және дұрыс жасалған алғашқы көмек – тоқтатуы мүмкін.



Бас сүйек негізінің сынуы. Басты кезеңде құлақтан, мұрыннан қан ағады, басы айналады, есінен танады. Ал өте кеш жағдайда көз ұясына қан құйылып, мұрны мен құлағынан жұлын сұйықтығы ағады.

Алгашқы көмек. Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызып, тыныс алу жолын сілекей мен құсықтан тазартып, дем алуы бұзылған жағдайда қолдан дем алдыру; егер құлағы мен мұрынынан қан немесе жұлын сұйықтығы ағатын болса, аз уақытқа тығындап, дереу ауруханаға жеткізу керек.

Бас миының шайқалуы ең алдымен жабық бас сүйек – ми жарақатында орын алады. Ол әр түрлі ұзақтықтағы естен танумен көрінеді, адам бірнеше қас қағым сәтке немесе бірнеше минутқа дейін есінен тануы мүмкін. Есін жиғаннан кейін адамның басы ауырып, жүрегі айниды, кейде құсады. Зардап шеккен адам жарақатқа алып келген жағдайды есінен шығарады. Беті бозарып немесе қызарып кетеді, тамыр соғысы жиілеп, жалпы әлсіздік пайда болады. Алгашқы көмек Зардап шеккен адам аз уақытқа есінен танса да зембілге жатқызу керек. Ми шайқалған немесе соғылған кездегі ашық бассүйек – ми жарақаты кезінде таңғыш тану керек.

Беттің - жұмсақ ұлпалардың, жақтың жаралануы жара айналасының жырылуымен, қан кетумен, аурумен, ауызды ашу, сөйлеу, дем алу қызметінің бұзылуымен қоса жүреді. Жұмсақ ұлпалардың жарақаты ауру салдарынан естен танумен, қан кетумен асқынып кетуі мүмкін.

Алгашқы көмек. Қысып тұратын таңғыш тану, жергілікті суық қою. Қан кеткен жағдайда ірі артерияны саусақпен басу арқылы қанды тоқтату керек.

Көздің зақымдануы. алғашқы көмек. Көздің соғылуы екі түрлі болады: 1 – тікелей. Бұл жағдайда жарақаттаушы заттың көзге тікелей тиюі. 2 – жанама. Бұл жағдайда дененің және бет сүйегінің зақымдануынан орын алады. Көз соғылуының белгілері: ауыру, қабақтың ісуі, көру өткірлігінің төмендеуі. Алгашқы көмек. Таңғыш тану.

Қабақтың зақымдануы кесетін немесе үшкір заттардың кіруінен, өтпейтін заттың тиюінен орын алады. Жарақаттанудың белгілері: әр түрлі көлемдегі жарақаттар, қабақтан қан ағу, icy, қабақ түсінің өзгеруі. Алгашқы көмек 1% зеленка ерітіндісімен тазалау, таңғыш таңу.

Іш пен ішкі ағзалардың зақымдануы. Іш қуысында өмірге аса қажетті ағзалар орналасқандықтан, бұл аумақтың зақымдануы өлімге алып келуі мүмкін. Бауырмен көкбауырдан зақымдалу кезінде қатты қан кетеді және жеңіл жарақатталады.

Іш қуысы жарақатының белгілері мен симптомдары:

  • қатты ауыру, іштің ауыруы немесе жаншылу әсері;

  • көгеру;

  • құсу (кейде қан құсу немесе қара түсті), әлсіздік;

  • үлкен дәретіндегі қан (үлкен дәреті қара түсті).

Іш қуысынан қан кету ішкі және сыртқы болуы мүмкін. қан көрінбеген жағдайда да ішкі ағза жарақаттанса, ішкі қан кетудің болуын елемеуге болмайды. Ішкі қан кету естен тануға алып келеді.

Іштің жарақаты өте қатты ауырады. Оған қоса іш қуысына қанның немесе бөгде заттың түсуі аса қатты зардаптарға алып келеді.

Іш қуысының соғылуы тікелей жарақаттың салдарынан болады. Іш қабырғасы сырылу, гематома болуы мүмкін.

Іштің жабық зақымдануы қарын ішілік қан кетумен қоса жүреді. Іштен айтарлықтай күшпен ұрғанда, көлік басып кеткенде және биіктен құлаған кезде орын алады. Қан кету көзі жыртылған көкбауыр, бауыр, жіңішке және жуан ішектің қан тамырлары болып табылады. Зардап шеккен адам өте ауыр жағдайда болады, мұндай жағдайда дененің басқа бөліктері де жарақаттанады. Егер зардап шеккен адам ес – түсін білетін болса, басының айналғанына, шағымданып, денесін суық тер басады. Тігінен тұрған кезде басы айналады. Тамыр соғысы жиілеп ентігеді.

Іштің жабық зақымдануы ағзалардың жарылуымен қоса жүреді. Ең жиі жағдайда жіңішке ішек, одан кейін жуан ішек, асқазан және қуық зақымданады. Ішек – қарын ішіндегі заттың іш қуысына ағуы іштің қатты ауыруына («қанжар сұққандай») алып келеді. Зардап шеккен адам бозарып, әрбір қимылы қатты ауыртпалық тудырады. Іші қатты ауырып, тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілейді.

Алғашқы көмек. Бұл жағдайда ең дұрыс көмек – жарақатын дер кезінде анықтап, зардап шеккен адамды дереу ауруханаға жеткізу. Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу керек. Егер іштей қан кету болса, ішіне суық басу керек. Наркотикалық анальгетик егуге болмайды. Қуыс ағзаның жарылуы және қатты ауыру кезінде 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.

Қолдың зақымдануы – шығу, сыну. Иықтың шығуы қолын созып немесе артына қайырып құлағанда орын алады. Зардап шеккен адамның қолы бір жағына қарай шығып кетеді. Қолын түсіру қиынға түседі, ауыру тудырады. Шыққан иық сау иыққа қарағанда ұзарып тұрады.

Алғашқы көмек. Әдетте зардап шеккен адамдар қолының ауруы басылатындай қалыпты өздері тауып алады. Жарақат алған қолын сау қолымен көтеріп ұстап тұрады. Қолын күшпен түсіруге тырыспау керек. Таңу кезінде қолтығының астына мақта – дәке орамын қойып, қолын

денесіне таңып тастау керек.

Қолының басы мен білегін орамалға асып қою керек. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек. Сыну әрқашан айқын бола бермейді.

Қолдың иық сүйектерінің сынуы. Зақымдану шынтағымен, иығымен құлағанда орын алады. Зардап шеккен адамның иығы шыдатпай ауырады. Шынтағынан денеге қарай бүгілген қолды cay қолымен ұстап тұру. Иықтың көлемі өзгеріп, қатты ауырады, ақырын сипап көргенде және қозғалтқанда сынған сүйектің дыбысы естіледі.

Алғашқы көмек. Қолын орамалға асып қою, қатты ауырса, денесіне таңып тастау. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.

Иықтың ортаңғы бөлігінің сынуы тік құламаған жағдайда (шынтақпен құлау, иықтың кенеттен бұралып кетуі), сондай – ақ тікелей жарақат алғаңда (иығынан ұрғанда) орын алады. Сынықка тән сипаттар: иықтың қысқаруы мен деформациялануы, сынған жердің қалыпсыз қозғалуы, сүйек сынықтарының қытырлауы.



Алгашкы көмек Таңғыш қалақ салу, сынықты таңып тастау. Таңғыш қалақты сау жауырыннан бастап саусағына дейін салу керек. Қолды шынтақ буынында тік бұрыш қылып бүгу. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.

Аяқтың зақымдануы – шығу, сыну. Жамбастың шығуы апат кезіңдегі қатты күш әсер еткенде, зардап шегуші авто көліктен тыс болған жағдайда немесе биіктен құлаған кезде оралады. Ұршық буыныңда қатты ауру пайда болады, толығымен қозғалмай, аяқ көтеруге жарамай қалады. Тізе сау аяққа қарай ішке шамалы бұрылған, сау аяқтан сыртқары бұрылу жиі болмайды. Зардап шегуші арқасымен немесе сау қырымен жатады.

Алғашқы көмек. Зардап шегушіні зембілге арқасымен жатқызу керек. Аяқты астына жастық пен киім төсеу арқылы таңып тастау, бірақ аяқтың қалыбын бұзбау керек.

Бұл жағдайда әдеттегі таңғыш қалақтарды пайдалану мүмкін емес. Аяғын күшпен түзеу немесе бұрау жамбас мойнының сынуына алып келеді. Ауруды басатын дәрілерді егу ұсынылады.



Жамбастың сынуы. Қарт адамдардың жамбас мойынының сынуы болмашы жарақаттан (бойынан үлкен биіктіктен құлаған кезде) болуы мүмкін; жастарда автокөлік басып кеткенде, биіктіктен құлаған кезде орын алады. Осылар жамбас сүйегінің сынуына себеп болады. Зардап шеккен адамның ұршық буыны қатты ауырады, аяғы сыртқа қайрылған, ісік жылдам пайда болады. Жамбасы қысқаруы мүмкін, қимылы бұзылып, сынған сүйектің сықырлауы мүмкін.

Алгашқы көмек Ауруды басатын дәрі егу керек. Дитерихс таңғыш қалағын немесе ол болмаған жағдайда екі таңғыш қалақ тану керек: ұзынын – қолтықтың астынан сыртқы тобыққа дейін, ал кішісін – шатынан бастап ішкі тобыққа дейін тану керек. Аяқ ұшы 90% жағдайында орналасуы керек.

Тізе сүйегінің зақымдануы. Зақымданудың себебі – сирақтың тік тұрып, кенеттен бұрылуы. Зардап шегушінің аяғы тізе тұсында 120-130° бұрышпен бүгілген, тізені бүтуге немесе жазуға талпынған кезде серіппе тәрізді кедергі пайда болады.

Алгашқы көмек. Зардап шегушіні арқасымен жатқызып, тізе буынының астына жұмсақ жастықша қою керек.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Зақымданған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету

  2. Адам жарақаттанғанда өзіне өзі көмек көрсету ережелері



2 Тәжірбиелік сабақтар
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №1 Жара туралы түсінік, олардың жіктелуі. Жара кезіндегі асқыну
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік. Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету); Зардап кезеңдерін анықтау. Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру; Талаптарға сай көмек көрсету
Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік

Ядролык қарудың зақымдаушы факторлары өр түрлі жарақатты туғызады. Адам денесі, белгілі бір органы (мүшесі) немесе барлық ағзасы тіндерішң күшпен зақымдануына әкеп соғады, мысалы: соғып алу, жаралар, сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы жөне т.б. Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған жөне таза болып келеді. Ядролық ошақтағы барлык жаралар ластанған болады.

Жаралар беткі кабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) жөне терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналаскан тіндер бұзылады) болуы мүмкін (140-сурет). Адам денесінің ішкі қуыстарына — кеуде, бет және бас сүйегі ішіне еніп кеткен жаралар аса қауіпті болып саналады, өйткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган закымдануы мүмкін. Жаралаушы кұрал түрі мен тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:

  • кесілген (пышақпен, алмаспен, өйнек, шыны жарықшақтарымен жаралану — жара шеті ажырап, катты қанайды);

  • шабылған (балтамен сүйектер зақымдануы мүмкін);

  • шаншылған, (түйрелген жаралар (пышақ, шеге, біз, қанжар, айыр, сүңгі-найзамен, кейде терең болуы мүмкін, ішкі органдар, мысалы, кеуде немесе іш қуысы зақымдануы ыктимал);

  • соғылған жара, оқ тиген жара және т.б.

Кейбір жағдайларда, мысалы ядролық қаруларды қолданған жағдайда екіншілей (қайталанған) снарядтар (тас-тар, кірпіш, ағаш бұтақтары жөне т.б.)әрекеті әсерінен мылжаланған және жұлынған, соғылған жаралар көп кездеседі. Бұл жаралардың шеттері тегіс емес, кесілген болып келеді және айналасындағы тіндердің едәуір закымдануымен, канның аз кетуімен сипатталады.

Жаралар ок тиген (оқтық, жарықшақтық жөне т.б.), тесіп өткен (ок немесе жарықшақ тіндерді тесіп өтіп, кірер жөне шығар тесік жасаса) немесе соқыр (ок немесе жарықшақ тіндерде қалып койса, яғни денеде жат текті зат болады) болуы мүмкін. Оқ тиген жаралардың ерекшелігі — бұл кезде ірі кан тамырлары, нервтер, сүйек және буындар, ішкі куыстар (кеуде, іш, бас сүйегінің іші, буындар) жараланғанда енген (өткен) зақымданулар болады. Кейде аралас зақымданулар болуы мүмкін, яғни жаралар зақымданудың басқа түрлерімен (күйік, сөулелену ауруы жөне т.б.) кабаттасып келеді.

Кез келген жаралану кезінде әр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Қан тамырлары жараланса, нәтижесінде, міндетті түрде қан кету байқалады, ол кейде қатты болып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қатты қан кету кезінде жедел жүрек-қан айналым жеткіліксіздігі күшейіп, өлімге әкеп соқтыруы ықтимал. Ауқымды закымданулар — жаралар, сыну, күйік кезінде зардап шегуші шок деп аталатын ауыр жағдайға түсуі жиі кездеседі. Шок өте күшті ауырсыну тітіркендіргіштері, қан кету жөне баска да себептерге байланысты нерв жүйесінің қозуы нәтижесінде пайда болады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Жара туралы түсінік, олардың жіктелуі.

  2. Жаралаушы кұралдың түріне және тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың түрлері

  3. Жара кезіндегі асқыну



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №2 Жара кезіндегі кезек күттірмейтін алғашқы медициналық көмек
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Кездейсоқ жағдайларда, зақымданғанда, ауырып қалған кездерде зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу шаралары

Алғашқы медициналық көмек көрсету:



  • Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету);

  • Зардап кезеңдерін анықтау;

  • Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру;

  • Талаптарға сай көмек көрсету.


Көп таралған зақымданулар және алғашқы көмек көрсету.

Травматикалық шок: Көбінесе травма немесе күйіктен болады.



Керек:

  • Зардап шеккен адамды арқасымен жатқазып, құсқан кезде басын жанына қарату;

  • жүрегі соғып тұрғандығын тексеру керек. Егер соғып тұрса – реанимацияны бастау қажет.

  • қан кетуді тез арада тоқтатып, сынған жерлерді қауіпсіздендіру.

  • ауруды бәсеңдететін таблетка дәрі. Егер жоқ болса, 50-70г. ішімдік беру қажет.

Болмайды:

  • қатты зардап шегушіні таңусыз орнын ауыстыруға;

  • күйіктен кейін жабысып қалған киімін шешуге;

  • іші ауырған кезде су беруге.


Қатты қан кету

Керек:

  • зақымданған тамырды қолмен қысу;

  • зақымданған аяғын қатты бүгіп, тізесіне қою немесе мата орандысымен таңу;

  • қатты қан кеткен кезде, жараны стерильді салфеткамен жабу немесе бинтпен орау.



Естен танып қалу

Керек:

  • зардап шегушіні арқасымен жатқызу, жағасын, белін босату (шешу);

  • қолын, арқасын, кеудесін спиртпен, арақпен, одекалонмен сүрту;

  • ыстық суға батырылған матаны маңдайына қою, нашатыр спиртін иіскету.


Болмайды:

  • ауыстыруға, көтеруге, отырғызуға, басын салқын матамен орауға.




Аяқ-қол саусақтарының сынуы

Керек:

  • таяқ, қамыс бөлігін қойып, орап тастау;

  • сынған қолды немесе аяқты жоғары көтері тастау;

  • салқын компресс қою, ауруды бәсеңдететің таблетка беру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет