Дәріс 9
(1 сағат)
Тақырып. Отынның толық жану есебі
Дәріс сабақтың мазмұны
Отынның жануына жұмсалған ауа көлемі.
Отынның толық жануына қажетті артық ауа мөлшері.
Артық ауа коэффициенті.
Түтінді газдың жалпы көлемі.
Толық жанатын құрғақ газдың көлемі.
Жану нәтежесінде түзілетін газға және отынның жануына жұмсалған ауа көлемі қалыпты жағдайда (0 градус Цельсия 700 мм сын. бағ.) куб метрдегі көлеммен ( нм3 ) есептеледі. Отынның толық жануы үшін, теориялық шығынға қарағанда біршама артық ауаны қажет етеді. Аталған артық ауа α т коэффициентімен сипатталады және ол отынды жағу тәсілінен, отынның ауамен араласу сапасынан және басқа факторлардан тәуелді. Артық ауа коэффициенті нақты шығындалған ауа көлемінің оның теориялық көлеміне қатынасымен анықталады.
,
|
(1)
|
Отынның толық жануы кезінде α.>1 отынды газдандыру кезінде α<1. (18-5) теңдігі бойынша, ауа шығыны мына өрнекпен анықталады
VВ = α V0 нм3/кг, немесе нм3 /нм3,
|
(2)
|
Артық ауаны есептеу өрнегі:
,
|
(3)
|
Отынның жану есебі 1 кг қатты немесе сұйық отынға және 1 нм3 газтәрізді отынға байланысты есептеледі. Осы әріптік белгілеу V жанған отынға, түтінді газға немесе ауа көлеміне сәйкес келетін индексін білдіреді. Толық жану өнімдері (түтін газдары) құрғақ газдар мен су буының қоспасы түрінде болады.
Түтінді газдың жалпы көлемі Vг құрғақ газ көлемі Vқ.г. мен су буы Vн20 көлемінің қосындысынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |