Тұйық контурдағы электр тоғы өзінің айналасында магнит өрісін тудырады, оның индукциясы Био-Савар-Лаплас заңына сәйкес токқа пропорциональ. Сондықтан контурдағы магнит ағыны осы контурдағы токқа пропорциональ:
мұндағы пропорциональдық коэффициенті - контурдың индуктивтігі.
Контурдағы ток күші өзгергенде ондағы магнит ағыны да өзгереді, ендеше онда э.қ.к. пайда болады. Өткізгіш контурдағы токтың өзгеруіне байланысты онда индукцияның э.қ.к. пайда болу құбылысы өздік индукция құбылыс деп аталады. Шексіз ұзын соленоидтың индуктивтілігін анықтайық. Соленоидтың магнит ағыны