ПОӘК 042-18. 10. 100/03-2010 18. 09. 2013ж №1 басылым


Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет7/18
Дата08.06.2018
өлшемі6 Mb.
#41820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Элементтердің (оттегі мен күкірттің) электрондық конфигурациясын келтіріңдер. Қай электрондар валентті болып саналады?

  2. Орбитальдардың энергетикалық диаграммасын құрыңдар. Молекуласының негізгі күйі (О2) мен молекулалық иондардың О2+, О2-, О22- электрондық конфигурациясын келтіріңдер.

  3. Мына молекулалардың KClO3, KMnO4, KNO3 термиялық айрылу реакциялары тотығу-тотықсыздану реакциясының қай типіне жатады?

  4. Негіздік, қышқылдық және амфотерлі оксидтерді сипаттайтын оларға тән реакцияларға мысалдар келтіріңдер.

  5. Стандартты потенциал Е0298 мәніне сүйеніп, мына заттардың О3, О2, Н2О2 тотықтырғыш қасиеттерін салыстырыңдар:

О3 + 2Н+ + 2ē → О2 + Н2О Е0 = +2,07В

Н2О2 + 2Н+ + 2ē = 2 Н2О Е0 = +0,68В

О2 + 2Н+ + 2ē → Н2О2 Е0 = +1,78В


  1. Күкірт тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алатын реакцияларға мысалдар келтіріңдер.

  2. а)суда еритін; б)суда ерімейтін, бірақ сұйытылған қышқылда еритін; в)қышқылда ерімейтін сульфидтерді келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.

  3. Күкіртті сутек қышқылының сатылап жүретін диссоциациясын жазыңдар. а)хлорлы сутек қышқылын; б)қорғасын (ІІ) нитратын; в)сілті құйса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

  4. Олеум деген не? Су мен концентрлі күкірт қышқылын қалай араластыру керек? Неге?

  5. Сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылдарымен мырыш әрекеттескенде қандай заттар түзіледі? Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.

  6. Атом құрлысы теориясы тұрғысынан оттегі күкіртке қарағанда күштірек тотықтырғыш екенін түсіндіріңдер.

  7. Күкірт атомының тотығу дәрежесі неге жұп сан болады? Неге оттегінің валенттілігі тұрақты, ал күкірттікі –айнымалы.


Ұсынылған әдебиеттер:

1.Бірімжанов Б.А., Нурақметов Н.Н. Жалпы химия. Алматы.: «Рауан», 1990., 2.Ділманов Б.М.Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Алматы,2009,-194б

3.Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.: Высш.шк. 1982- 530с

4.Угай Я.А. Неорганическая химия. М.: «Высшая школа», 1989, -462 б

5.Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы, 2003 ж,-316

6.Шоқыбаев Ж.Ә.,Өнербаева З.О. Бейорганикалық химия практикумы. Алматы,2004-164.

7.Лидин Р.А.,Молочко В.А.,Андреева Л.Л. Химические свойства неорганических веществ. Москва, 2000-480с

Дәріс 13. УІІ-А тобы элементтері және олардың қосылыстары.
Мазмұны:

1.Периодтық жұйедегі орны, электрондық құрылысы.

2.Физикалық қасиеттері.

3.Химиялық қасиеттері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет