ПОӘК 042-18-12 5/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013ж


ІІ. Алфавит, сөздер, синтаксис, тілдің негізгі элементтері



бет4/12
Дата13.02.2017
өлшемі2,26 Mb.
#9383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ІІ. Алфавит, сөздер, синтаксис, тілдің негізгі элементтері

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, сандар және арнайы белгілер кіреді.

а) Әріптер ретінде латын алфавитінің 26 әрпі ғана қолданылады. Ұлттық әріптер (қазақ, орыс, араб, т.с.с.) тек апострофқа – жоғарғы үтірге алынған сөз тіркестері немесе жүйелі жақшаға алынған түсініктеме ретінде ғана кездеседі.

ә) Сандар: 0, 1, 2, … , 9 тәрізді сан таңбалары.

Арнайы белгілерге төмендегі символдар жатады:

б) Арифметикалық амалдардың белгілері: +, -, *, /, DIV (бөліндінің бүтін бөлігін табу), MOD (бөлген кездегі қалдықты табу). Мысалы, 10 div 3 амалының нәтижесі 1, 10 mod 3 – нәтижесі 3;

в) Айыру белгілері: _ (бос орын), , ., :, ;, (,), ,, {,};

г) Қатынас таңбалары: <, >, = және осылардан құралған күрделі қатынас таңбалары <= ( таңбасының орнына), >= (), <> ();

е) Басқа да белгілер: ^ (дәрежелеу белгісі), # (нөмір белгісі), $ (ақша белгісі), _ (астын сызу белгісі).

Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген коды болады, ол мемлекеттік стандарт түрінде бекітілген. Әр елдің стандарттары негізінде американдық кодтар стандарты жатады, компьютерде жұмыс істеу кезеңінде оларды да білу керек. Мысалы:

0 – 48 А – 65 а – 97

1 – 49 В – 66 b – 98

… … …

9 – 57 Z – 90 z – 122



Сөз. Тілдің жекелеме таңбаларының бірігуінен, белгілі бір мағынасы бар сөз құралады. Атқаратын қызметіне қарай қызметші сөз және атаулар болып екіге бөлінеді.

Қызметші сөз деп – Паскаль тілінде белгілі бір міндет атқаратын сөзді айтамыз. Қызметші сөздер program, var, begin, end болады.

Атау – қандай да бір объектіні белгілеу үшін қолданады. Паскаль тілінде атаудың екі түрі бар, олар: стандартты және ЭЕМ-ді қолданушы енгізетін атау.

Стандартты атау – ол стандартты объектілерді белгілеу үшін тілдің өзіне бекітілген атау болады. Стандартты атауларға input, output атаулары да жатады.

Тілдің символы дегеніміз – кез келген мәтінді құруда қолданылатын элементар таңбалар. Осындай символдар жиынтығы тілдің алфавиті деп аталады.
2.1 Константалар, айнымалылар
Мәндер элементтері. Паскаль тілінде негізгі мәндер элементтеріне тұрақтылар және айнымалылар жатады.
Айнымалылар. Программаның орындалу барысында өзінің қабылдайтын мәндерін өзгертіп отыруы мүмкін. Программада кездесетін кез келген айнымалы айнымалылар бөлігінде сипатталуы керек. Сипаттау var қызметші сөзімен басталып, мынадай формада жазылады:

Var <айнымалы атауы>:<типі>;


Тұрақтылар программаның орындалу барысында мәні өзгермейді, ол нақты өз мәнімен берілуі немесе оған қандай да бір атау берілуі мүмкін. Программада тұрақтылар өзінің нақты мәнімен немесе қандай да бір атаумен берілуі мүмкін. Егер тұрақты қандай да бір атаумен берілген болса, онда ол міндетті түрде тұрақтылар бөлігінде сипатталуы керек. Сипаттау const қызметші сөзімен басталып, мынадай формада жазылады:

Const <тұрақты атауы>=<мән>;

Бір бөлікте бірнеше тұрақтыны сипаттауға рұқсат етіледі.
TP айнымалылардың негізгі типін мына түрде көрсетуге болады:


  1. Қарапайым типтер:

    1. Шектелген

    2. Скалярлы

      1. Аудару

      2. Стандартты

        1. Бүтін

        2. Заттық

        3. Логикалық

        4. Символдық

  2. Күрделі типтер:

    1. Жазулар

    2. Массивтер

    3. Көпмүшелер

    4. Символдар жолдары

    5. Файлдар

ІІІ. Программаның жалпы құрылымы. Мәліметтер түрлері

Паскаль тілі блокты құрылымнан тұрады, яғни программа жеке блоктардан құралған. Әрбір блок мәлімет өңдеудің тәуелсіз бір жеке бөлігін көрсетеді. Жалпы блок оның тақырыбынан, сонан соң сипаттамалық және операторлық бөліктерінен тұрады. Блоктың тақырыбын әркім өз қалауынша қояды, бірақ ол сол блоктың ішкі мазмұнына байланысты болуы тиіс. Блок программа, процедура немесе функцияны көрсетуі мүмкін.

Программа тақырыбы PROGRAM деген сөзден, программаның атынан және жай жақшаға алынған параметрлердің тізімінен тұрады. Сипаттама беру бөлігі программада кездесетін барлық мәліметтерді хабарлауға және соларды сипаттауға арналған. Бұл сипаттау бөлігі Паскальдағы объектердің түрлеріне сәйкес бірнеше тараулардан тұрады: белгілер, тұрақтылар, мәліметтер типі, айнымалылар, функциялар және процедуралар. Бұл тараулардың бәрінің болуы міндетті емес, сондықтан кейде бір-екі тараудың немесе бүкіл блоктың сипаттамалық бөлігінің жоқ та болуы ықтимал. Программаның операторлық бөлігі берілген алгоритмді жүзеге асырады және ол бекітілген BEGIN түйінді сөзімен басталып, END түйінді сөзімен аяқталады. Оларды операторлық жақшалар деп те атайды.

Тілдің қарапайым құрылымына сан, идентификатор, константа, айнымалылар, функция және өрнек ұғымдары кіреді. Программаға негізгі амалдардың орындалуына керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық мәндік шамалары болады. Олармен жұмыс істеу қолайлы болуы үшін бұл шамалардың мәндерінің өзі емес, оның белгілеу атаулары – идентификаторлар қолданылады. Бұл атаулар әр түрлі мәндерді қабылдауы мүмкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.

Программадағы мәліметтердің мәндері Паскаль тіліндегі келісімді мәліметтердің бір түріне жатуы тиіс. Мәліметтердің әрбір түрі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын орындата алады. Кез келген тұрақты, айнымалы, функция немесе өрнек өзіне тән бір түрмен ғана сипатталады.

Программалардың жұмыс істеуі үшін мәлімет типтері қарапайым құрылымды-скалярлық және күрделі құрылымды-структуралық шамалар болып екіге бөлінеді. Скалярлық мәліметтердің әрқайсысының 4 түрі бар, олар: бүтін – INTEGER, нақты – REAL, логикалық – BOOLEAN, символдық – CHAR, ал структуралық типтер де массивтер – ARRAY, жазбалар – RECORD, жиындар – SET және файлдар – FILE түрлеріне бөлінеді.

Идентификаторлар (атау) тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерін, функцияларды, программаларды, процедураларды, файлдарды т.б. программа объектілерін белгілеу үшін қолданылады. Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегі. Атаудың ұзындығы 8 символмен шектелуі тиіс.

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әрбір уақытта белгілі бір мәнге ие болады.

Массив дегеніміз – бір атаумен белгіленіп бір өлшеммен өлшенетін айнымалылардың реттелген тізбегі. Массив элементтерінің барлығы да бір типте болуы тиіс.

Тұрақты деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға өзіміз программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те, сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады.

Өрнек деп арифметикалық амалдардың таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынын айтады. Өрнектердің есептелу барысында амалдардың орындалу реті жақшалардың көмегімен өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін.

Программаның тақырыбынан кейін сипаттау бөлігі жазылып, онда көрсетілген ретіне қарай белгілер, тұрақтылар, типтер, айнымалылар сипатталады, одан кейін процедуралар, функциялар келтіріліп, ең соңында операторлар бөлігі тұрады.



Программаның мәтінін теру және түзету

Программаның мәтінін теру және түзету интегралданған ортаның кіріктірілген мәтіндік редакторының құрылғыларымен орындалады. Edit менюінде мәтінді түзетудің бірнеше функциялары орындалады

:

Undo (Alt+BkSp)

Алдыңғы тмена предыдущего действия

Redo


восстановление предыдущего действия

Cut (Shift+Del)

Белгіленген фрагментті буферге алу

Copy (Ctrl+Ins)

Белгіленген фрагментті буферге көшіру

Paste (Shift+Ins)

Белгіленген фрагментті буферден қою

Clear (Ctrl+del)

Белгіленген фрагментті жою

Show Clipboard


Алмастыру буферін қарау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет