2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
1-модуль
1 дәріс: Негізгі түсініктер, ақпараттық база құру, жүйешелер
1. Бухгалтерлік есеп адамзат дамуымен бірге қалыптасып, дамып келе жатыр. Ежелгі Египетте, Месопатамиде, Вавилонда, Иранда шаруашылық есеп жүргізетін есепшілердің болғаны анық. Египетте - папирустарға, Вавилонда - қыш кестелерге жазбалар жазылған. Біздің уақытқа дейін келіп жеткен есеп регистрлары ретіндегі бос парақтар сол уақытта – ақ қалыптасқан.Шамамен 5-6 мың жыл бұрын бухгалтерлік есептің әдіс – тәсілдері пайдаланыла бастаған.
Ежелгі Греция мен Римде шаруашылық есеп жүргізідің деңгейі едәуір жоғары болды. Ағаш тақтайшаларға есеп жазып, оларды кодекс деп атаған. Шаруашылық қатынастардың болуы, адамзаттың дамуы өздігінен есептің дамуын қажет етті. Қажеттіліктен туындаған есеп жүргізудің ежелгі әдістері бүгінгі бухгалтерлік есептің негізін құрайды.
Орта ғасырдың соңында бухгалтер сөзі пайда болды. 1498 жылы Әулие Рим империясының императоры Максимилиан 1 алғашқы бухгалтер етіп Христоф Штехерді сайлады. Сол уақыттан бері есепті арнайы кітаптарда жүргізу қалыптасқан.
Бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы кітапты 1494 жылы белгілі математик, монах Лука Пачоли жазды. Бұл кітап математикадан болатын, «Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар мен қатынастар туралы ілім» деп аталған.
Онда «Жазбалар мен шоттар туралы трактат» деп аталатын бөлім қосарлы бухгалтерияны жүргізудің тәсілдерін сипаттайды. Итальяндық қосарлы бухгалтерия есептің дамуына үлкен үлес қосты.
Ежелгі Ресейде есепті шіркеулер мен монастырларда жүргізді.Жазба кітаптарында мал саны, жер өлшемдері сияқты деректер болды. Петр І Ресейдегі есептің дамуына үлес қосты.Арнаулы мектептерде есеп жүргізетін адамдарды даярлап, есеп кітаптарын жүргізуді ұйымдастырды. Петр І мемлекеттің табыстары мен шығындарына ғана есеп жүргізіп қана қоймай, қазыналық зауыттарда да есеп жүргізуді талап етті. Одан кейінірек орыс тілінде бухгалтерлік есеп туралы баспа кітаптар шыға бастады. 1783 жылы бухгалтерлік есеп туралы «Коммерция және сауданың кілті, немесе бухгалтерия ғылымы, көпестер шоттарының шығуы » деген алғашқы кітап шықты.
Адамзат қоғамы сияқты, бухгалтерлік есеп те ежелден дамып келеді.
2. Республикамызда халық шаруашылық негізін мемлекеттік кәсіпорындарымен қатар, басқа да әртүрлі бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, кооперативтер, бірлескен немесе жеке меншіктелген кәсіпорындар құрайды. Ал, осы кәсіпорындар жұмысында көптеген шаруашылық процестері орындалады. Сол процестердің мазмұны тек қана шаруашылық есепте көрсетіліп, бір жүйеге келтіріп топталады. Сондықтан шаруашылық есептің атқаратын міндеті өте зор. Себебі, шаруашылық процесін нарықты қатынас жолымен даму кезінде тиімді жүргізу үшін шаруашылық есептің нақты мәліметтер қажет. Сонымен қатар сол мәліметтер шаруашылық процестерінің мазмұнын және санын көрсететін болғандықтан, сол мәліметтер одан әрі қарай сол шаруашылық процестерінің финанстық қорытындысын шығаруға, экономикалық талдау жасауға және келешек даму жоспарын жасауға бірден-бір негіз екені анық.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын саналық жағымен үздіксіз байланыстырып, шаруашылық операцияларды табиғи және ақшалай бейнеде тіркейді.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп туралы Заңында (1995 жылы қабылданған) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принцип-тері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттері мен құқықтары белгіленген. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық заңды тұлғалар, соның ішінде коммерциялық, өндірістік, сақтық, ғылыми - зерттеу, қоғамдық, саяси ұйымдар т.б. бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті.
3.Бухгалтерлік есептің пәні болып шарушылық опреациялардың негізі болып табылатын мүлік, оның қозғалысы табылады. Мүліктер (шикізат, материалдар, негізгі қаржылар) міндеттемелер, шаруашылық операциялар іс жүзіндегі шығындарды қосу жолымен ақшалай бағалауда бейнеленеді.
Шаруашылық операция – жеке шаруашылық істі сипаттайды. Ол, мүлік құрамындағы өзгерісті, таратуды және құрылу қайнар көздердегі өзгерістерді білдіруі мүмкін. Шаруашылық операциялар кәсіпорын мүмкін (баланс активі) немесе оның құрылу қайнар көздерін (баланс пассиві) және бір мезгілде екеуін де бейнелеуі мүмкін. Шарушылық опреациялар негізгі қорларды, материалдық бағалықтарды, өнім өндірісінің шығындарын анықтау сияқты сипаттарда болады. Шаруашылық операция – мүлік пен оның құрамына өзгеріс әкелетін процесс.
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-қүқықтық қүжаттарда белгіленген.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Бухгалтерлік есептің даму тарихы қандай?
2.Бухгалтерлік есеп – ақпарат көзі ретінде қандай қызмет атқарады?
3.Бухгалтерлік есептің объектілері қандай?
4.Кәсіпорынның есеп саясаты дегеніміз не?
5.Бухгалтерлік есеп қандай ережелерге сүйенеді?
2 дәріс. Интерфейс және жүйенің негізгі объекттері
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін құжаттау, инвестиция, бухгалтерлік баланс екі жақты жазуды пайдалананып аналитакалық және синтетикалық счеттар жүйесі, мүлік пен міндеттемені бағалау, калькуляция, есеп берушілік сияқты тәсілдер құрайды. Құжаттау – жасалған уақытта шаруашылық опреацияны алғашқаны тіркеу. Бухгалтерлік есепің айрықша белгісінің өзі осы – құжаттау. Бухгалтерлік есепте шаруашылық операция құжаттарда бейнеленуі керек. Қазіргі уақыттағы жетілген бағдарламалардың арқасында (1-С бухгалтерия Лука-компакт) құжаттаудың барлығы компьютерлерде жүргізіледі.
Түгендеу – іс жүзіндегі мүліктің бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің тәсілі. Түгендеу кәсіпорын мүлкінің дұрыстығын анықтау үшін қажет. Түгендеуге негізгі құралдар, материалдық – товарлық бағалықтар, ақшалай қаржылар жатқызылады. Түгендеу белгіленген уақытта, материалды жауапты адам ауысқанда, тергеу орындарының, аудитордың талабымен өткізіледі.
Бухгалтерлік баланс – қасіпорының мүлкі туралы ақпаратты жинақтау және топтау тәсілі. Кәсіпорын қаржылары бухгалтерлік баланста ақшалай бейнеде екі топта бейнеленеді. Біріншісі кәсіпорын қандай қаржымен иеленеді, екіншісі қандай қайнар көздерден құралғанын көрсетеді. Бухгалтерлік баланстың екі бөлігі де тең болуы керек.
Шоттар жүйесі және қосарлы жазу - бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялар счеттар көмегімен (синтетикалық және аналитикалық) қосарлы жазу әдісімен жүргізіледі.
Шот – мүлік және оның құрылу көзі туралы ағымдағы ақпарат жинақталатын экономикалық топтама. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементі бола отырып, счет біртекті экономикалық белгілер бойынша шаруашылық операцияларды топтауда маңызды роль атқарады. Қосарлы жазу – бухгалтерлік есеп счеттарында шаруашылық операцияны тіркеудің тәсілі.
Шаруашылық операция бір сомада екі счетта жазылады.
Бағалау – кәсіпорын мүлкін және олардың қайнар көздерін ақшалай өлшеу тәсілі. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыс құрылуы үшін бағалау процесі дұрыс жүруі керек. Мүлікті бағалаудың негізінде нақты шығынлар жатады.
Калькуляция - өзіндік құнды анықтау мен шығындарды топтау тәсілі. өнімнің өзіндік құнын есептеу - өнімнің бір өлшеміне кеткен шығындарды ақшалай формада көрсету.
Есеп берушілік – белгіленген кезеңде (ай, квартал, жыл) кәсіпорынның, өндірістік – шаруашылық, қаржылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Есеп берушіліктің көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін қажет.
Бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп жүйесі үздіксіз қызмет істеп, қажетті ұйымдарды нақты ақпараттармен қамтамасыз етуі үшін осы әдістері орындалуы керек.
2. Бухгалтерлік есеп туралы әдебиеттерде оның қағидалары туралы сөз болып жүр, Қағидалар - бухгалтерлік есепті ғылым ретінде қалыптастыратын негіздер. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырған кезде қабылданған белгілі бір қағидаларға сүйенеді. Олар заң жүзінде бекітіліп, үйлестіруші ұйымдармен пайдалануға ұсынылады. Қағидалар бухгалтерлік есепің жалпы концепцияларының негізі болып, қаржылық есеп берушілікті пайдаланушылардың мүдделеріне қарай стандарттарды жасауға көмектеседі. Отандық тәжірибеде нормативті түрде бекітілген бухгалтерлік есептің төмендегідей негізгі қағидалары.
Үздіксіздік.. Кез-келген кәсіпорын ұзақ уақыт ағымында үздіксіз қызмет етеді. Бұл егер кәсіпорын жабылып жатса, оның активтерін ағымдағы нарықтық құнымен қайта бағалау мүмкін болады дегеннен туындаған. Жұмыс ісгеп тұрған кәсіпорын концепцияларына сәйкес, мұның қажеттігі шамалы. Бұл қағида егер кәсіпорын тұтасымен сатылса, алғашқыда, ликвидациялық та баланстар жасалмайды дегенді мегзейді. Меншік иесі ауысқанмен кәсіпорын басқа болып кетпейді, ол өзінің есеп жүйесін толығымен сақтайды.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Бухгалтерлік есептің қандай қағидалары бар?
2.Бухгалтерлік есептің қандай әдістері бар?
3.Бухгалтерлік есептің концепциясы неден тұрады?
4.Бухгалтерлік есепті реттеу қандай деңгейлерден тұрады?
3 дәріс. Жүйені алғашқы баптауы
1. Кәсіпорынды басқару шаруашылыө құралдарының тиімділігін және сақтығын бақылау мақсатында бөлігі бір мерзімге құрамы және шамасы жөнінде ақпараттар қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік баланс көмегімен алады.
Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалпй өлшемде топтастыруды білдіреді.
«Баланс» термині латын сөздерінен bis – екі рет және lans – таразы табағы дегенді білдіреді, яғни теге-теңдік мағынасын (ұғымын) білдіреді.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен олардың көздерін жалпылау кесте көмегімен жүзеге асырылады, ол да баланс деп аталады. Сонымен қатар бұл әдіс бухгалтерлік қорытынды есеп жүйесіндегі негізгі форма. Шаруашылық операцияларын толық жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорындар белгілі бір көлем мен дәрежеде қорлар етеді. Құралдар мен құралдардың қорлану көздерінің жалпы көлемі ақшалай өлшеммен жинақталып, белгілі бір мерзімі қарай топтастырылып қортындыланады.
Баланс есі бөліктен тұрады: активтен және пассивтен. Сол жағы актив деп, оң жағы пассив деп аталады. Активте шаруашылық құралдарының құрамы және орналасуы көрсетіледі, ал пассивте бұл құралдардың пайда болу көздері көрсетіледі. Актив пен пассив өзара тең болады, өйткені кәсіпорын құралдарының жалпы мөлшері әрқашанда олардың көздерінің жалпы мөлшеріне тең
құралдар = капитан + міндеттемелер.
Пассив:
меншікті капитал: жарғылық капитал, қосымша төлеген капитал, қосымша төленбеген капитал ( нег. құралдарды, инвестицияларды қайта бағалау сомалары), резервтік капитал, бөлінбеген табыс (зиян).
ұзақ мерзімі міндеттемелер: қамтамасыз етілген несиелер, қамтамасыз етілмеген несиелер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестіктерінің бір-біріне беретін несиелері, кейінге қалдылырған салықтар.
ағымдағы міндеттемелер: қысқа мерзімді несие және овердрафт; ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі, кредиторлық қарыз (төленуге тиіс шоттар және вексельдер, алынған аванстар, салықтар бойынша қарыздар, төленуге тиісті дивиденттер басқа да кредиторлық қарыздар), төленуге тиіс есептелінген шығындар, алдағы кезеңдердің табыстары және басқалады.
Осы көрсетілген бухгалтерлік баланстың активі мен пассивін орналастыру тәртібі (кәсіп) барлық меншік формалары кәсіпорындары және экономиканың салалары үшін қолданылады сақталады. Айырмашылықтар баланстың жалпы валютасында баптардың үлес салмақтарында байқалуы мүмкін. Өнеркәсіптік өндірістік балансы активінде үлкен үлес салмақты «Негізгі құралдар» және «Шикізат пен материалдар» алады; ауыл шаруашылық кәсіпорындарында – «Жер», «Аяқ-талмаған өндіріс», сауда ұйымдарында «Тауарлар» бабы алады.
Бухгалтерлік баланс өзінің экономикалық мазмұны бойынша кәсіпорынның шаруашылық құралдарының және олардың қалыптасу қайнар көздерінің жағдайы туралы белгілі бір күнге есеп берушілік міндетті формаларының бірі болып табылады. Ол бір айдың, бір кварталдың, жартыжылдың, бір жылдың жиындық мәліметтерін бейнелейді.
2. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру процесінде әртүрлі әрекеттер болады, олар кәсіпорын мүлкі мен оларды көздерінің өзгерісін тудырады.
Мүліктер мен олардың көздерінің өзгерісін болдыратын шаруашылық әрекеттер мен оқиғалар шаруашылық операциялар деп аталады.
Шаруашылық операцияларының әсерінен мүлік өзгереді, ал он бухгалтерлік баланста көрсетілетін болғандықтан, оның әсерін баланс та өзгереді.
Мысалы, ай ішінде келесіден шаруашылық операциялары жүзеге асқан.
Жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу үшін кассаға е.а. шотынан ақша түсті – 145 000 теңге.
Банк несиесі есебінен мердігерлер шоты төленді – 180 000 теңге.
Алынған материалдар үшін жабдықтаушы шоты төлемге қабылданды – 80 000 теңге.
Кассадан еңбек ақы берілді – 140 000 теңге.
Сөйтіп, шаруашылық операциядардың нәтижесінде баланаста келесіндей өзгерістер болады:
1.
|
Активті А + және А - А = П
|
Активтігі бір бол көбей еді, ал екіншісі сол сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
|
2.
|
Пассивті П + және П - А = П
|
Пассивтің 1 бабы кқбейеді де, екіншісі сол сонаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
|
3.
|
Көбею Жағына активті пассивті А + және П + А = П
|
Бірдей санаға активтегі де, пассивтегі де баптар көбейді. Баланс валютасы да сол сонаға көбейеді.
|
4.
|
Азаю жағына активті пассивті - және П - А = П
|
Активтегі және пассивтегі баптар бірдей сонаға азаяды. Баланс валютасы сол сомаға азаяды.
|
+Кез келген шар о-яның нәтижесінде баланс А–і мен П-ң теге-теңдігі әрқашан сақталады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Бухгалтерлік балансқа анықтама беріңіз?
2.Бухгалтерлік баланстың құрылымы қандай?
3.Баланс активі қандай бөлімдерден тұрады?
4.Баланс пассиві қандай бөлімдерден тұрады?
5.Баланстың қандай түрлері бар?
4 дәріс: Жүйені баптау, мәліметтерді алғашқы еңгізу
1. Кәсіпорында күнделікті көптеген шаруашылық операциялары жүргізіліп, мүлік, ақша қаржылары және міндеттемелер тұрақты қозғалыста болады да, құрамы мен орналасуы және қалыптасу қайнар көздері бойынша өзгеріп отырады.
Шаруашылық қызметті бақылап, басқару үшін белгілі бір кезеңге қаржылық өзгерісі туралы ақпараттар керек. Шаруашылық қаржыларының өзгерісі мен қозғалысын бухгалтерлік баланста бейнелеу мүмкін емес. Ол үшін өзара байланысты жүйеге біріккен бухгалтерлік шоттар қолданылады. Бухгалтерлік шоттар активтің, капиталдың және міндеттеменің әрбір түріне, сонымен қатар табыстар мен шығындарға да ашылады. Есептік кезеңдегі шаруашылық операциялардың есебі мен өзара байланысы құжат деректерінің негізінде шоттар көмегімен жүргізіледі.
Активті шоттардағы жазбалардың сызбасы төмендегідей:
Шот атауы
Дебет Кредит
Есептік кезең басындағы қалдық
(Са)
Шаруашылық операциялардың Шаруашылық операциялардың
әсерінен сомалардың өсуі әсерінен сомалардың кемуі
Дебет бойынша айналым жиыны Кредит бойынша айналым жиыны
Есептік кезең соңындағы қалдық
(Са)
Есептік кезең соңындағы активті шоттың сальдосы келесідей жолмен табылады.
Сс=Са+∑ дебеттік айналым - ∑ кредиттік айналым. Соңғы қалдық тек қана дебеттік болады.
Пассивті шоттарда шаруашылық қаржыларының қалыптасу қайнар көздері мен міндеттемелер есептеледі. Мұнда алғашқы қалдық кредит жағында көрсетіледі.
Пассивті шоттардағы жазбалардың сызбасы төмендегідей:
Шот атауы
Дебет Кредит
Есептік кезең басындағы қалдық (Са)
Шаруашылық операциялардың Шаруашылық операциялардың
әсерінен сомалардың кемуі әсерінен сомалардың өсуі
Дебет бойынша айналым сомасы Кредит бойынша айналым сомасы
Есептік кезең соңындағы қалдық (Са)
Пассивтік шоттардағы есептік кезең соңындағы қалдық мынадай түрде анықталады:
Сс=Са+∑ кредиттік айналым - ∑ дебеттік айналым.
Осыларды айта келіп, мынадай түйін жасауға болады:
активті және пассивті шоттарда дебет және кредит қарама-қарсы мағынада болады;
активті шоттарда дебет қалдық пен көбеюді, ал кредит мүлік пен міндеттемелердің азаюын көрсетеді;
пассивті шоттарда, керісінше кредит қалдық пен көбеюді, ал дебет – қайнар көздердің азаюын көрсетеді;
жаңа немесе соңғы қалдық (есептік кезең соңындағы) алғашқы қалдықтың қай жақта болғанына сәйкес, дебет жағында болса – дебетке, кредит жағында болса – кредитке жазылады.
2. Қосарлы жазу жүйесі Қайта жаңару дәуірінде пайда болды. Оның алғашқы жүйелік жазды. 1494 жылы пайда болды. (Колумб Американы ашқаннан кейін екі жылдан соң). Есептің қарапайым тәсілі шаруашылық қызметтің даму дәрежесіне сәйкес келе алмады. Сондықтан да ХV ғасыр соңында итальяндық ғалым-математик Лука Пачоли есептің жаңа жүйесін – екі жақты бухгалтерияны жасап шығаруы кездейсоқтық емес.
Екі жақты жазу жүйесі қосарлық принципке негізделген. Өйткені, барлық экономикалық құбылыстар екі аспектіден құралады: көбею мен азаю, пайда болу мен жоғалу, бұлар бірін-бірі толықтырып тұрады.
Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.
3. Шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерін нақты ерекшеліктерін бейнелеуден тәуелді түрде бухгалтерлік шоттар келесі түрлерге бөлінеді:
- негізгі;
- реттеуші;
- операциялық;
- транзиттік;
- баланстан тыс.
Негізгі шоттар деп шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздері есептелетін шоттарды атайды. Оларды 6 топқа бөлуге болады:
Инвентарлық шоттар – негізгі құралдар, тауарлы-материалдық қорлар және басқа да бағалықтарды есептеуге арналған. Бұл бағалықтардың бар болуы түгендеу өткізу жолымен тексеріледі. Бұл топқа материалдық емес активтер, дайын өнім шоттары кіреді.
Қаржылық салымдар шоттары – басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталы мен бағалы қағаздарына салынған ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты жинақтау үшін қолданылады.
Ақшалай шоттар – ақшалай қаржылардың қозғалысын есепке алу үшін арналған. Құрылымы мен бағыты бойынша олар инвентарлық шоттарға ұқсас, оларға жолдағы ақша аударымдарының шоттары, кассадағы және есеп айырысу, валюталық және банктегі басқа да арнаулы шоттардағы ақшалар шоттары кіреді.
Қосымша шоттар реттелетін объект шамаларының сомасын толықтыру үшін қолданылады. Қосымша шоттарда есептелген сомаларды реттелетін объектінің алғашқы құнына қосады немесе алады. Ондай шоттарға: негізгі құралдарды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал, инвестицияларды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал шоттары жатады.
Операциялық шоттар – шаруашылық операциялар қызметтің есебі үшін арналған. Оларды бес топқа бөлуге болады:
Таратушы шоттар - өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты шығындарды жинақтауүшін арналған. Бұлар үстеме шығындар шоттары.
Бюджеттік-таратушы шоттар - өндіріске шығындарды біркелкі қосу мақсатымен есептік кезеңдер аралығында табыстар мен шығындарды тарату мен есебі үшін, немесе алынған табыстар есебін бейнелеу үшін арналған. Бюджеттік-таратушы шоттар активті және пассивті болуы мүмкін. Активті шоттар - әр түрлі кезеңге қатысты шығындар шоттар (жол төлемі есебінің шоты, болашақ кезең шығындары есебінің шоты). Пассивті шоттар – болашақ кезең табыстарының, күдікті қарыздар бойынша резервтер есебінің шоттары. Болашақ кезеңдер шығындары шотында ағымдағы айда немесе жылда болған, бірақ алдыңғы есептік кезеңдердің шығындарына қосылған шығындар есепке алынады. (мысалы, газеттер мен журналдарға жазылымдар). Болашақ кезеңдер табыстарының есебі шотында есептік айда (жылда) алынған, бірақ болашақ кезеңдерге қатысты табыстар есепке алынады.
Калькуляциялық шоттар – кәсіпорынның өнім (қызмет, жұмыс) өндірісіне кеткен шығындары туралы ақпараттарды жинақтайды. Калькуляциялық шоттарда шығындарды пайда болу орындары мен белгілері бойынша топтау жүргізіледі. Негізгі өндіріс шығындарының, көмекші өндіріс шығындарының шоттары осы калькуляциялық шоттарға жатады.
Салыстырмалық шоттар- шоттың дебеті мен кредитіндегі есептелген деректерді салыстыру жолымен шаруашылық қызмет нәтижелерін анықтау үшін қолданылады. Салыстырмалық шотқа «Жалпы табыс (зиян)» шоты кіреді, мұнда кәсіпорынның жыл соңындағы табыстары мен шығындары салыстырылып, таза табыс (зиян) сомасы анықталады.
Кәсіпорынның бюджетін анықтаудағы табыстар мен шығындар есептелетін шоттар бюджеттік шоттар деп аталады. Оларды табыстар және шығындар шоттарына бөледі.
Табыстар шоттары өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден алынған және басқа да табыстарды есептеуге арналған. Оларға: негізгі қызметтен табыстар (дайын өнімді, жұмысты, қызметті өткізуден табыс) және негізгі емес қызметтен табыстар (материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды сатудан табыс, курстық айырмадан табыс) шоттары енеді.
Шығындар шоттары өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын және өнімді (жұмыс, қызмет), айналыстан тыс активтерді, бағалы қағаздарды сатумен байланыстышығындарды бейнелейді. Оларға: өткізілген тауардардың (жұмыс, қызмет) өзіндік құны, тауарларды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар, жалпы және әкімшілік шығындар, негізгі емес қызметтен шығындар есебінің шоттары жатады.
Транзиттік шоттар – есептік кезең соңында қажетсіздендірілетін немесе алдыңғы кезеңде көрсетілген шоттарына жатқызылатын есептік кезең ағымдағы және соңындағы кәсіпорын қаржыларының қалдықтары туралы ақпараттар бейнеленетін шоттар. Оларды бағыттарына тәуелді түрде бірэлементті транзитті шоттар және қаржылықпен басқарушылық бухгалтерияны байланыстырушы транзиттік шоттар деп бөледі.
Бірэлементті транзиттік шоттарға өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне кеткен шығындарды экономикалық мазмұны бойынша топтағандағы шығындар шоттары келеді. Шығын элементтерінің шоттары ҚР бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясымен бекітілген бухгалтерлік есептің Стандарттарында көрсетілген. Ол бухгалтерлік есептің басқа да концептуальді негіздерінен жоғары тұратын нормативті-құқықтық құжат.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Бухгалтерлік шоттарға анықтама беріңіздер?
2.Бухгалтерлік шоттардың қандай түрлері бар?
3.Транзиттік шоттар деген қандай шоттар?
4.Екі жақты жазудың принципі неде?
5.Активті шоттарда соңғы қалдық қалай анықталады?
6.Пассивті шоттарда соңғы қалдық қалай анықталады?
5 дәріс : Кассалық операцияларды есепке алу
1. Есептік цикл- қаржылық есеп берушілікке апаратын оның алдында жасалатын бірізді қадамдардың сериясы. Бұл цикл әрбір есептік кезеңде қайталанады. Есептік циклдағы қадамдар және олардың мақсаттары:
операцияларды немесе фактілерді тіркеу үшін тағайындау, мақсаты-операциялар немесе фактілер туралы алғашқы фактілер түрінде ақпараттар жасау;
бухгалтерлік жазбаларды сәйкес журналдарда тіркеу, мақсаты- журналдан Бас кітапқа ақпараттарды көшіру;
журналдардан Бас кітапқа көшіру , мақсаты-журналдан Бас кітапқа ақпараттарды көшіру шоттардағы ақпараттарды сақтау тәсілі;
корректировка жасалған бақылау балансын дайындау, мақсаты-журналдағы жазбалардың дұрыстығы үшін материалдарды дебеті мен кредитінің теңдігін тексеру үшін ыңғайлы тізім жасау;
2. Қаржылық есеп беудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдай туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.
Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыннан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады.
кез – келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
баптың құны бар,ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар: бастапқы құны, ағымдағы құны, сату құны, дисконтталған құны, баланстық құны.
Ұйым қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.
Қаржылық есеп беруді жасауға дейін есеп регистрлеріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен ауналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жылдың басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасы мен және бөлім топтамаларымен , әрбір баптарымен сәйкестендірілуі тиіс.
Сонымен, баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай – ақ пайдаланатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.
Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Есептік кезең нені білдіреді?
2.Қаржылық есеп берушілікті даярлау қандай кезеңдерден тұрады?
3.Қаржылық есеп берудің элементтері қандай?
4.Қаржылық есеп бері элементтерін қалай таниды?
6 дәріс: Есеп беретін тұлғалармен есептесуді есепке алу
1) Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақтаушы құжаттармен өңделіп отыруы керек. Бұл құжаттар алғашқы есептік ақпараттар болып, бухгалтерлік құжат жасалған шаруашылық операцияны іс-әрекет деп танып, оған материалдарды жауапты адамды бекітетін жазбаша куәлік.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде күніне көптеген және әртүрлі операциялар болып жатады. Әрбір шаруашылық операция өз кезесінде есептік құжатта тіркеледі. Есептік құжаттық объектілері болып жабдықтау, өндіріс және өткізу процестері, сонымен қоса, кәсіпорынның ішіндегі және сыртындағы қаржылық, шаруашылық, есептік қатынастар табылады.
Есеп процесінде қолданылатын бухгалтерлік құжаттар есеп регистрлері деп аталады.
Бухгалтерлік есептің даму тарихы осы есеп регисгрлерінің эволюциясымен тығыз байланысты. Бух.есептің дамуымен қатар есеп регистрлері де жетіліп, ықшамдалып, ақпаратты көп сыйдыратынымен ерекшеленіп келеді.
Шаруашылық операцияларының көптүрлілігіне байланысты, есеп регистрлерінің формалары да әртүрлі. Есеп регистрлары мына белгілері бойынша: сыртқы түрі, жазба түрлері және ақпарат көлеміне қарай жіктеледі.
Сыртқы түрі бойынша регистрлар бухгалтерлік кітапқа, карточкаларға және жеке беттерге бөлінеді.
Бухгалтерлік кітаптар - есептік кестелер бар беттердің бір мұқабаға бірігуі. Кітаптардың беттері басынан соңына дейін номерленеді. Кейбір маңызды кітаптар қосымша жіппен байланып, мөрмен бекіліп, мынадай жазба жазылады: "Бұл кітапта осынша бет номерленіп, тігілді", сонымен қоса жауапты адамдардың қолдары болады.
2) Бухгалтерлердің тәжірибесінде есеп регистрларында және басқа да есеп берушіліктерде қате мәліметгер жазып қою жағдайлары кездеседі. Бұл кезде қатені тауып алып қана қоймай, қтелік кеткен регисгрді де іздеп, қатенің мәні мен сипатын анықтау керек.
Қатені іздесгірудің көп тараған тәсілі регисгрдегі жазбаларды толықтай тексеру. Бұл тәсілдің мәні мынада: есеп регистрлеріндегі жазбалар құжаттармен бірізділікпен салыстырылады. Мұндай тексеруде қате жазба табылады.
Тәжірибеде қатені табудың басқа да тәсілдері қолданылады. Есеп деректерін өзара салысгырып тексеру негізінде қателерді жылдам анықтауға болады.
Қателік табылғаннан кейін, оны түзету жүргізіледі. Есеп жазбаларындағы қатені дұрыс түзету нақты есеп ақпаратын алуға мүмкіндік береді.
Қате жіберудің сипаты әр түрлі болады: қосарлы жазу принциптерінің бұзылуы, шоттар байланысгарындағы қателіктер, яғни шруашылық операция сомасы қажетті шотқа емес, басқасына түсіпкетеді. Сондықтан есеп регисгрларындағы қателіктерді түзетудің бірнеше тәсілдері бар.
Корректуралық әдіс - есеп регисгріндегі қателік жиындарды шығармай тұрып анықталады. Қатені тузету дұрыс емес жазбаларды сызып тасгап, дұрыс түзеткен адам "түзетілгені дұрыс" деп жазып, қолымен тастайды. Дұрыс жазба сызылып таталған қате жазбаның үстіне немесе мүмкін болатын жерде жазылады. Көп санды сомаларды түзеткенде бір сан ғана қате болса да, барлық сан сызылып тасталып, устіне дұрысы жазылады.
3. Бухгалтерлік есеп көптеген регистрлерде жүргізіледі. Есептік ақпарат үшін әр түрлі кітаптар, карточкалар, журнал ордерлер, тізімдемелер және жеке беттер бірізділікпен қолданылады. Осының өзі бухгалтерлік есептің әр түрлі формаларының қалыптасуын талап етеді.
Бухгалтерлік есептің формасы – есеп үрдісін ұйымдастыруды, шаруашылық операцияларды тіркеудің әдістемесі мен техникасын және синтетикалық, талдамалық есептердің байланысын көрсететін есептік регистрлардың жиынтығы.
Бухгалтерлік есеп формасының бірін екіншісінен ажырататын белгілер төменде көрсетілген:
қолданылатын регистрлардың саны, олардың бағыты мен мазмұны және сыртқы түрі;
синтетикалық және талдамалық есептің хронологиялық жүйелік регистрларының өзара байланысы;
есеп регистрларына жазбаларды түсіру тәсілдері мен бірізділігі;
бухгалтерлік есепте автоматтандыру құралдарын пайдалану деңгейі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есеп формаларын өзінің салалық ерекшелігі, мен қызметінің масштабына, шаруашылық шарттарына қарай таңдайды. Бухгалтерлік есеп формаларының қайсысы болмасын ақпаратты жоғары дәрежелі дәлдікпен өңдеп, есеп берушіліктерді жылдам дайындуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда қолданылатын есеп формасы олардың құрылымынан, қызмет түрі мен техникалық және компьютерлік жарақтануынан тәуелді. Таңдалған есеп формасы кәсіпорынның есептік саясатының құрамдас бөлігі.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Бухгалтерлік құжаттарға анықтама беріңіз?
2.Есеп регистрлері қандай болады, олардың түрлері қандай?
3.Бухгалтерлік есептің формасы деген не?
4.Есеп регистрлеріндегі қателерді қалай түзетеді?
7 дәріс: Есептік шот бойынша операцияларды есепке алу
I. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалар арсында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:
есеп айырысу шоттары-шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;
ағымдағы шоттар-жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйыидар мен жеке тұлғаларға;
бюджеттік шоттар-Қазақстан Респбуликасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;
Корреспонденттік шоттар- корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк мекемелерінде және өз арасында.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомосқа (төлем тізімдемесі) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдем-ақылар мен сыйлықтар төлемдерінің ведомосы бойынша таратылады, оның қасбетінде (титул) ақша беретін мерзімі жазумен жалпы сомасын көрсете отырып басшы мен бас бухгалтердің рүқсат жазбасы көрсетіледі.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен бойда кассир төлем тізімдемесіне еңбекақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың тегі тұсына мөртабан соғады немесе «Депозитке салынды» деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)» деген жазу жазылады.
2. Тиісті заңдарға сәйкес барлық субъектілер өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелеріндегі есеп айырысу шоттарында ақша қаражаттарын сақтауға міңдетті. Бсеп айырысу шоттары мына төмендегі құжаттар негізінде ашылады:-шотты ашуға берілетін өтініш;
қойылатын қолдар мен мөртаңбалары үлгілерімен карточкалары;
субъектінің салық есебіне қою дерегін растайтын салық қызметі органының анықтамасы;
- мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
- жарғы көшірмесі;
- құрылтай шартының көшірмесі /құрылтайшылар саны біреуден асқан ретте/.
Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар қолданылып жүрген заңдармен реттеледі және әдетте, ақша қаражаттары еркін қалдығының шегінде шот иесінің жазбаша бұйрықтары негізінде жүргізіледі. Шот иесінің /акцептік/ келісуі бойынша жеткізушілер мен мердігерлердің төлем талап-тапсырмалары бойынша ақша қаражаттарын есептеп шығару жүзеге асырылады. Қаражаттарды шот иелерінің келісімінсіз есептен шығару бюджетке қосымша төленетін салықтарын, айыппұлдарын өндіріп алу кезінде және өндіріп алушылар өкімі бойынша қаражаттарды есептен шығарудың даусыз тәртібі белгіленген жағдайларда жүргізіледі.
Банктегі есеп айырысу шоты мен басқа да шоттар операцияларын рәсімдеулерге мына құжаттар қолданылады.
Резидент емес-заңды түлғалармен шетел валюсында есеп айырысуларды резидент-заңды тұлғалар өздерінің шоттарында бар валюта қаражаттары шегінде нақты ақшасыз төлеу тәртібінде жүзеге асырады. Валюта қаражаттарының шығу тегі жария болуга тиіс және мына төмендегі көзделген заңды жолмен алынуы мүмкін болады: экспорт валюта түсімі; жарғылық капиталға жарналар; резиденттер еместердің қаржы көмегі /грантгар/; өкілетті банктерден, шетел банктерінен, қаржы мекемелерінен және басқа да шетелдік заңды тұлғалардан алынатын валюта несиелері, сондай-ақ резиденгтер емес жеке тұлғалардан алынатын займдар; өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы ішкі рынокта теңгеге сатып алынған валюта.
Заңды түлға - резидентке үшінші түлға үшін келісім-шарттар төлемі бойынша валюта операцияларына, сондай-ақ, нақты ақша түрінде есеп айырысуларды жүзеге асыруға тыйым салынады. Шет мемлекеттерінің ақша бірліктеріне салық салу; бухгалтерлік есеп пен кеден телемдері мақсаттарына арналған теңгенің ресми бағамын ішкі валюта рыногындағы айырбас операцияларының бағамдары негізінде Ұлттық банк белгілейді және ол баспасөзде жарияланады.
Теңгедей және шетелдік валютамен жүзеге асырылатьш жолдағы ақша аударымдарын есепке алу 1330 "Жол үстіндегі ақша аударымдары" шотында жүргізіледі.
Бұл шотта кәсіпорынның есеп айырысу немесе басқа шоттарына қосып қою үшін, банк кассасына байланыс бөлімшелеріне енгізілген, бірақ есеп беру айының соңына дейін белгіленген мақсатта есепке қосылмаған ақша қаражаттары көрсетіледі.
Түскен қаржыны 1330 шот бойынша есепке алу үшін банк, байланыс бөлімшесі квитанциялары, банк инкассаторына түскен қаржыны өткізуге арналған жолдама тізімдемелерінің көшірмесі және т.б. негіз болып табылады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Ақша эквиваленттерін қалай түсінесіз?
2.Кассадағы ақшалардың есебі қалай жүргізіледі?
3.Ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақшалардың есебі қалай жүргізіледі?
4.Жолдағы ақшалар деген не?
5.Ақшасыз есеп айырысулардың қандай түрлері бар?
|