ПОӘК 042-18-12 85/03-2013 Баспа №3 18. 09. 2013ж



бет4/8
Дата01.06.2017
өлшемі1,44 Mb.
#17374
1   2   3   4   5   6   7   8

3-сурет. "Многие-ко-многим" байланысын модельдеу мысалы


  • Егер берілген байланыста заттың әрбір экземпляры қатысса, онда кез келген осы типтің байланысы шартты болуы мүмкін, егер заттың әр экземпляры берілген байланыста қатыспаса, онда шартсыз болады. Сонымен қатар байланыс бір жағынан шартты және басқа жағынан шартсыз болуы мүмкін. Біз тағы POWER DESIGNER нотациясын пайдаланамыз. Мұнда шартсыз байланыс бос дөңгелекпен байланыстың соңында, ал шартты байланысты қиып өтетін перпендикуляр сызығымен белгіленеді. Бұл нотацияның да қарапайым интерпретациясы бар. Дөңгелек бірде-бір экземпляр бұл байланыста қатыса алмайтынын білдіреді. Ал перпендикуляр қатынастың бір экземпляры болсын осы байланыста қатысатынын білдіреді.

Ол үшін алдында келтірілген "Дипломное проектирование" байланысын қарастырайық. Біздің суретте бұл байланыс екі жағынан да шартсыз болып берілген. Бірақ бітіру жұмысын жазатын әрбір студенттің өзінің бітіру жобасының жетекшісі болуы керек, бір жағынан әрбір оқытушы бітіру жобасының жетекшісі болмауы да мүмкін. Сондықтан берілген қойылымда бұл байланыс өзгереді және 4 суретте көрсетілгендей болады.



4-сурет. Қатынастар арасындағы шартты және шартсыз байланыс мысалы

Инфологиялық модельдің негізгі бөлімі пәндік облыс компоненттері мен процестерін суреттеу болып табылады. Ол үшін қазіргі кезде графикалық әдістер пайдаланылады, олардың көмегімен компоненттер мен процестер арасындағы байланысты суреттейтін схемалар құрылады. Бұл схемалар ER-типті диаграммалар деп аталады ("қатынас-байланыс" диаграммасы).

ER-моделді құру үшін CASE-әдістер деп аталатын қосымшалар пайдаланылады. Мұндай қосымшаларға BPwin, Oracle Designer, Power Designer, Erwin және т.б. жатады.

Қатынас – кез келген ерекшеленетін объект, ол туралы ақпаратты деректер базасында сақтау қажет. Адамдар, ұшақтар, гүлдер және т.б. қатынас болуы мүмкін.

Қатынас типі біртекті құбылыстар, пәндер жиынтығына жатады. Қатынас экземпляры жиынтықтағы нақты бір нәрсеге жатады. Мысалы, қатынас типі ГОРОД, ал экземпляры – Москва болуы мүмкін.

Атрибут – бұл нақты өмір объектісінің қандайда бір құрамы. Әрбір қатынас атрибуттардың қандайда бір жиынтығымен анықталуы керек. Бір қатынастың барлық экземплярлары үшін атрибуттар жиынтығы бірдей, бірақ олардың мәні қатынастың әрбір нақты экземпляры үшін ерекшеленуі мүмкін.

Әрбір атрибут сәйкес доменде анықталуы керек. Домен аталған және анықталған мәндер жиынтығын көрсетеді. Бір доменде бір немесе бірнеше атрибуттар анықталады.



Байланыс – екі немесе одан да көп қатынастармен түсіндіріледі.

ER-моделдің құрылу әдістемесі келесіден тұрады. Пәндік облыста объектілер класы ерекшеленеді. Объектілер класы – бұл объектілер (пәндік облыс компоненттері немесе процестері) жиынтығы.



Инфологиялық модельге қойылатын талаптар:

  • Адекватты суреттеу (ИМ суреттеуге арналған тіл жеткілікті мүмкіндіктермен сипатталуы керек)

  • Қайшылық (модельдің бірдей емес мәні болуы мүмкін)

  • Оңай кеңейтілімді (өзгеріссіз жаңа деректерді енгізуді қамтамасыз ету)

  • Иілгіш тіл (тіл қолмен де, автоматтандырылған жобалау кезінде де қолданылуы керек)

  • Барлық пайдаланушыларға түсініктілігі

Инфологиялық модель компоненттері:

  • Программалық қамтама объектілерін және олардың арасындағы байланысты (ER-модель) сипаттау

  • Лингвистикалық қатынас (тілдік ортада программалық қамтаманы суреттеу мүмкіндіктерімен сипатталған қатынас)

  • Көрсеткіштердің алгоритмдік байланысы (егер инфологиялық модельде есептеу көрсеткіштері пайдаланылса)

  • Пайдаланушының ақпараттық қажеттілігін сипаттау (сұраныс типі, деректерді пайдалану режимі)

  • Бүтіндікті шектеу (кез келген уақыт моментінде деректердің дұрыстығын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы).

Мысал:

Егер дүкен ПҚ болып табылса, онда мындай объектілер класы ерекшеленеді: тауар, сатушы, сатып алушының тауарды сатып алу процесі.

Объектінің әрбір класына дербес атау беріледі. Мысалы: "ТАУАР", "САТУШЫ", "САТЫП АЛУШЫ".

Әрбір объекті құрамының анықталған жиынтығы бар. Мысалы, "ТАУАР" объектісінің класына кіретін барлық объектілер келесі құрамдардан тұрады: "ТАУАР АТЫ", "ӨНДІРУШІ", "ТАУАР БІРЛІГІНІҢ БАҒАСЫ".

Әрбір объект өзінің идентификаторымен көрсетілуі керек (берілген кластың басқа объектілерінен ерекшелейтін объектілер құрамы).

Мысалы, "ТАУАР" объектілер класы үшін "ТАУАР АТЫ" құрамы әДБебап болып табылмауы да мүмкін. Сондықтан "ТАУАР ИНДЕКСІ" жасанды идентификаторын енгізу керек.

"ТАУАР" объектілерінің класында ER-моделді суреттеу мысалы:

ТАУАР



Бақылау сұрақтары

  1. Инфологиялық жобалау дегеніміз не?

  2. Инфологиялық модель дегеніміз не?

  3. Инфологиялық жобалауды көрсететін қандай модельдер бар?

  4. "қатынас-байланыс" моделіне қандай компоненттер кіреді?

  5. Қатынас дегеніміз не?

  6. Атрибут дегеніміз не?

  7. Байланыс дегеніміз не?

  8. Инфолгиялық модельге қандай талаптар қойылады?

  9. ER – моделді көрсететін қандай түрлер бар?

Әдебиет: (1)
Дәріс №7. Даталогиялық жобалау

Дәріс жоспары

  1. Даталогиялық жобалауға арналған деректер.

  2. Даталогиялық жобалау нәтижесі.

  3. Даталогиялық жобалауға қойылатын талаптар.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Даталогиялық жобалау сатысында даталогиялық модель (ДМ) құрылады. ДМ логикалық деңгей моделі болып табылады және мәлімет элементтері арасындағы логикалық байланысты олардың құрамы мен сақтау ортасына қатыссыз бейнелеуді көрсетеді. Бұл модель деректер базасы жобаланатын ортада ДББЖ кіретін ақпараттық бірлік терминдерінде құрылады. ДББЖ тілінде деректер базасының логикалық құрылымын суреттеу деректер схемасы деп аталады.

Даталогиялық жобалау мақсаты пәндік облыс деректерінің инфологиялық моделін ДББЖ-мен нақты таңдалған тілде көрсету болып табылады, яғни нақты ДББЖ ортасында деректер базасының құрылымын жобалау.

ДБ даталогиялық жобалау үшін бастапқы деректер келесілер болып табылады.

  • Пәндік облысты бейнелейтін инфологиялық модель

  • Таңдап алынған ДББЖ-де деректер моделінің типі туралы мағлұмат

  • ДБ құруды автоматтандырудың әдістері мен тәсілдері туралы ақпарат.

Даталогиялық жобалау нәтижесі ДБ құрылымын графикалық бейнелеумен қатар келетін Деректерді суреттеу тілінде ДБ логикалық құрылымын суреттеу болып табылады.

Бұл сатыдағы ең маңызды мәселе деректер базасын декларативті және процедуралық сипаттау болып табылады.

Декларативті әдістер деректер базасының құрылымы ретінде тұрақты сақталатын объектілерді, олардың құрамы мен байланыстарын сипаттайды.

Процедуралық әдістермен (программалау көмегімен) есептеуіш көрсеткіштерді, деректерді бақылау әдістерін, яғни ДБ тұрақты сақталмайтын, ал есептеу нәтижесінде алынатын объектілер, құрамдар және байланыстарды сипаттауға болады.

Мысал:

Даталогиялық модельді жобалау кезінде келесі екі қатынастар құралсын дейік: «ТОВАР» және «ПРОДАВЕЦ». «ТОВАР» қатынасының бастапқы кілті (идентификаторы) «Индекс товара» бар және «Наименование товара», «Цена единицы товара», «Наименование продавца» аттарымен атрибуттары бар болсын. «ПРОДАВЕЦ» қатынасының бастапқы кілті «Наименование продавца» және «Юридический адрес продавца» атрибуты бар. «ТОВАР» және «ПРОДАВЕЦ» қатынастар арасында «ТОВАР» қатынасына кіретін «Наименование продавца» атрибуты арқылы «многие к одному» байланысы ұйымдастырылған.

ТОВАР М 1 ПРОДАВЕЦ



Бақылау сұрақтары

  1. Даталогиялық жобалау дегеніміз не?

  2. Даталогиялық модель дегеніміз не?

  3. Қандай деректер ДБ даталогиялық жобалау үшін бастапқы болып табылады?

  4. Даталогиялық жобалау нәтижесі болып не табылады?

Әдебиет: (1)

Дәріс №8. Қатынасты қарапайымдау

Дәріс жоспары

  1. Қатынасты қарапайымдау.

  2. Бірінші қарапайым форма.

  3. Екінші қарапайым форма.

  4. Үшінші қарапайым форма.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Қатынасты қарапайымдау түсінігі

Бірдей деректер кестеде әр түрлі әдістермен топтасуы мүмкін, яғни байланысқан ақпараттық объектілер қатынастының әр түрлі жиынтығын ұйымдастыру мүмкін. Қатынаста атрибуттарды топтау рационалды болуы керек, яғни деректердің көшірмесін минимизациялайтын және оларды өңдеу мен жаңарту процедурасын жеңілдететін.

Қатынастың белгілі жиынтығы деректерді қосу, модификациялау, жою кезінде қатынастың барлық қалған мүмкін жиынтықтарына қарағанда жақсы құрамдармен қамтамасыз етіледі.

Қатынасты қарапайымдау – көшіруді жоюға мүмкіндік беретін қатынастарды (кестелер) қалыптастыруға формальды аппарат шегі.

Е.Коддпен қатынастың үш қарапайымдау формасы ерекшеленген және кез келген қатынасты үшінші қарапайымдау формасына айналдыруға мүмкіндік беретін механизмді ұсынды.



Бірінші қарапайымдау формасы

Егер барлық атрибуттары қарапайым болса, қатынас бірінші қарапайымдау формасына келтірілген деп аталады. Қатынастың бірінші қарапайымдау формасына айналуы қатынас реквизиттер (өрістер) санының өсуіне және кілттің өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Мысалы, Студент=(Номер, Фамилия, Аты, Отчество, Күні, Тобы) қатынасы бірінші қарапайымдау формасында тұр.

Екінші қарапайымдау формасы

Қатынасты екінші қарапайымдау формасына келтіру сұрағын қарастыру үшін функционалды тәуелділік және толық функционалды тәуелділік сияқты түсініктерге сипаттама беріп кету қажет.

Ақпараттық объектінің бейнеленген реквизиттері оларға арналған жалпы кілтпен логикалық байланысқан, бұл байланыс реквизиттердің функционалды тәуелділігін сипаттайды.

Реквизиттердің функционалды тәуелділігі – кілттік реквизиттің анықталған мәнінде ақпараттық объектінің көшірмесі кезіндегі тәуелділік суреттелген реквизиттің бір ғана мәніне сәйкес келеді.

Функционалды тәуелділіктің мұндай анықтамасы пәндік облыс реквизиттерінің барлық қарым-қатынастарын анализдеу кезінде жеке ақпараттық объектілерді бөлуге мүмкіндік береді.

Мысал 4. Студент реквизитінің функционалды тәуелділігін графиктік бейнелеу мысалы суретте көрсетілген, мұнда кілттік реквизит * түрінде берілген.

Номер*

Фамилия


Аты

Отчество


Күні

Тобы
Құрама кілт жағдайында функционалды толық тәуелділік түсінігі енгізіледі.

Кілттік емес атрибуттардың функционалды толық тәуелділігі әрбір кілттік емес атрибут функционалды түрде кілтке байланысты, бірақ құрама кілттің ешқандай бөлігінің функционалды тәуелділігінде жатпайтынымен анықталады.

Қатынас екінші қарапайымдау формасында жатады, егер ол бірінші бірінші қарапайымдау формасынада жатса, және әрбір кілттік емес атрибут құрама кілттен функционалды байланысты болады.



Мысал 5. Студент=(Номер, Фамилия, Аты, Отчество, Күні, Тобы) қатынасы біруақытта бірінші және екінші қарапайымдау формасында тұр, өйткені суреттелген реквизиттер бірмәнді анықталған және Номер кілтіне функционалды байланысты. Үлгерім=(Номер, Фамилия, Аты, Отчествосы, Пән, Баға) қатынасы бірінші қарапайымдау формасында жатыр және Номер+Пән құрама кілті бар. Бұл қатынас екінші қарапайымдау формасында тұрған жоқ, өйткені Фамилия, Аты, Отчествосы атрибуттары қатынастың құрама кілтімен толық функционалды тәуелділікте тұрған жоқ.

Үшінші қарапайымдау формасы

Үшінші қарапайымдау формасы түсінігі транзитивтік емес тәуелділік түсінігіне негізделген.

Транзитивтік тәуелділік егер екі суреттелген реквизиттердің біреуі кілтке тәуелді, ал басқа суреттелген реквизит бірінші суреттелген реквизитке тәуелді болған жағдайда бақыланады.

Қатынас үшінші қарапайымдау формасында болады, егер ол екінші қарапайымдау формасында тұрса, және әрбір кілттік емес атрибут бастапқы кілттен транзитивті емес тәуелді болады.



Мысал 6. Егер Студент ақпараттық объектісінің суреттелген реквизиттер құрамына тек топ номерімен анықталатын топ старостасының фамилиясын қоссақ, онда старостаның фамилиясы берілген ақпараттық объектінің әр түрлі көшірмелерінде бірнеше рет қайталанады. Бұл жағдайда жаңа старостаны сайлау кезінде староста фамилиясын өзгерту кезіндегі қиындықтар пайда болады.

Суреттелген реквизиттердің транзитивті тәуелділігін жою үшін берілген ақпараттық объектінің «бөліктеуін» (расшепление) жүргізу қажет. Бөліктеу нәтижесінде реквизиттер бөлігі берілген ақпараттық объектіден жойылады және басқа ақпараттық объектілер (мүмкін жаңа құрылған) құрамын қосады.



Мысал 7. Суреттелген реквизиттердің құрамында транзитивті тәуелділігі бар ақпараттық объектілерді «бөліктеу» суретте көрсетілген. 5 мысалдан көргеніміздей, топ Студенті ақпараттық объектісі құрылымдық ақпараттық объектілер (Студент және Топ) жиынтығы түрінде көрсетіледі. Студент=(Номер, Фамилия, Аты, Отчество, Күні, Тобы) қатынасы біруақытта бірінші, екінші және үшінші қарапайымдау формасында тұр.

Топ студенті Студент Топ

Номер* Номер* Топ*

Фамилия Фамилия Староста

Аты Аты

Отчество Отчество



Күні Күні

Топ Топ


Староста
Бақылау сұрақтары

  1. Қарапайымдау дегеніміз не?

  2. 1-ші қарапайым формаға түсініктеме беріңіз.

  3. Функционалдық қатыстылық дегеніміз не?

  4. Толық функционалды қатыстылық дегеніміз не?

  5. Транзитивті қатыстылық дегеніміз не?

  6. 2-ші қарапайым формаға түсініктеме беріңіз.

  7. 3-ші қарапайым формаға түсініктеме беріңіз.

Әдебиет: (1)
Дәріс №9, 10. Деректерді физикалық ұйымдастыру әдістері

Дәріс жоспары

  1. Деректердің физикалық құрылымының жалпы сипаттамасы.

  2. Деректерді физикалық сақтаудың әдістері.

  3. Деректер базасына кіру әдістері.

  4. Деректер базасында ақпаратты іздеу тәсілдері.

  5. Деректердің физикалық форматы.

6. Қазіргі ДББЖ қолданылатын физикалық кәсіпорынның тәсілдері.

Дәрістің қысқаша мазмұны

ДБ физикалық жобалау – бұл қосымшаның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған сыртқы тасымалдағыштарда ДБ тиімді орналастыруды таңдау.

Физикалық жобалау нәтижесі физикалық модель болып табылады, ол сақтау ортасына даталогиялық модельді байланыстыру үшін пайдаланылады.

Деректер базасының физикалық құрылымын сипаттау сақтау схемасы деп аталады.

Деректер базасын физикалық өндіру сұрақтары осы уақытқа дейін өте маңызды орын алып келді. Егер логикалық модельді таңдау ақпараттың құрылымын анықтаса және сұралатын ақпаратты іздеу үшін қажет орындалатын операциялардың құрамымен деректер базасының тиімділігі жинақталса, онда физикалық өңдіру ақпараттың элементін іздеу операциясына қатысты тиімді орындауды анықтайды. Қазіргі деректер базасын басқару жүйелері физикалық жадыға деректердің логикалық құрылымын автоматты түрде сипаттауды өндіреді және іздеу процедурасының шексіз жиынын береді.

Жалпы, деректер базасының физикалық өнімі келесіні қарастырады:


  • Деректерді физикалық сақтауды ұйымдастыру;

  • Деректердің қажетті элементтерін іздеу процедураларын анықтау.

1. Деректерді физикалық сақтау әдістері

Деректер базасын басқару жүйесі ақпараттың физикалық тасымалдағышында ақпаратты адрестемейді, ал тек қана жадыны бөлу ережелерін анықтайды. ЭЕМ жадында деректерді сақтаудың ең қарапайым және таралған формасы бірөлшемді сызықты тізім болып табылады. Сызықты тізім – бұл X[1], X[2], ..., X[n] объектілерінің (тораптарының) n  0 жиынтығы, құрылымдық құрамы тораптардың сызықты орналасуымен ғана байланысқан. Сызықты тізім элементтердің сызықты реттелуі ретінде анықталатын құрылымды өндіреді.

X сызықты тізім X[1], X[2], ..., X[i], ..., X[n] ретінде қарастырылады, оның компоненттері X–те орналасуын көрсететін реттік номермен идентификацияланған.

ЭЕМ жадында логикалық деректерді көрсету кезінде ДББЖ-мен шешілетін негізгі мәселе Деректердің логикалық құрылымын сақтаудың физикалық құрылымында көрсетудің тиімді әдістерін табу болып табылады. Мұндай бейнелеу адрестік функция деп аталады. Адрестік функцияны өндіру кезінде екі негізгі әдіс пайдаланылады: жадыны тізбектей бөлу және жадыны байланыстыра бөлу.



1.1. Жадыны тізбектей бөлу

Жадыны тізбектей бөлу жадының тізбектелген эдлементтерінде тізімнің тораптарын орналастыруға негізделген. Тізбектей бөлудің адрестік функциясы қарапайым жағдайда мына түрде болады:



мұнда i – жазба номері;



m – байтта тізім элементінің өлшемі (мысалы, жазба);

 - ізделінді адрес;



 - жадыда деректер векторының басын көрсететін базаның адресі.

Жадыны тізбектей бөлудің негізгі құндылығы деректердің физикалық тәуелсіздігінің жоғары деңгейі мен қарапайым өндірілуі болып табылады. Кемшіліктеріне деректердің иерархиялық және желілік құрылымын өндіру қиындығы мен ақпаратты өңдеу және іздеу тиімсіздігін жатқызуға болады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет