ПОӘК 042-18-16 53/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013 ж


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама



бет6/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,16 Mb.
#6186
1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама.

1. Білім берудің мемлекеттік стандарттары.

2. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары.

Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.

Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері – азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:


  • білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру;

  • нәтижесін дұрыс мөлшерлеу;

  • білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық стандарттарының ережелерін бұзбау;

  • жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз ету;

  • білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету;

  • оқушы жастардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, мектептердің білім мазмұнын көрсету;

  • мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу;

  • тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету.

Білім беру стандарттары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге алады. Оқу жоспары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады. Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік стандартында вариативті оқу жоспары үшін мынадай сағаттар қарастырылған:

  • таңдаған сабағы бойынша: бірінші сынаптар үшін аптасына 2 сағат және екінші-төртінші сыныптар үшін аптасына 3 сағат;

  • факультативтер: 5-9 сыныптар үшін аптасына 5 сағат;

  • кәсіби пәндер: 10-11 сыныптар үшін аптасына 8 сағат;

  • қолөнер курстары: 10-11 сыныптарға аптасына 4 сағат;

  • таңдауы бойынша курстар: 10-11 сыныптарда аптасына 5 сағат.

Білім мазмұны оқушы жастардың алуға тиісті білімі, дағдылары оқу бағдарламасында көрсетілген оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқу бағдарламасында әрбір пәннің мақсаты мен міндеттері; пәннің сипаты мен құрылысы және пәнаралық байланысы; оның мазмұнының бірізділігі көрсетіледі. Оқу бағдарламаларының құрымы негізінен екі түрге бөлінеді. Бағдарламада әр жылдарда оқу пәндерінің кейбір бөлімдерін қайталап оқу көзделеді.

Қазақстан Республикасындағы орта білімді дамыту концепциясы маңызды нормативтік құжат болып табылады. Онда білім беру саласының жағдайына сыни тұрғыда баға берілген. Концепция білім берудің басты үш мақсатын (шығармашылық, дүниеге көзқарас, терең білім) алуға қояды және мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсатын айқындайды. Қазақстан мектептерінің қызметіндегі басты бағыт оқушылардың білім, білік, дағдыларын біртіндеп қалыптастыру және олардың талдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Осыған байланысты концепция білім берудің әрбір кезеңінің негізгі мақсаттарын анықтайды:



  • мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие: мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына орай білім алуда балалардың тең дәрежелі мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету;

  • жалпы орта білім: азаматтардың міндетті жалпы орта білім алуына және оның сапалы болуына конституциялық құқықпен қамтамасыз ету;

  • бастауыш және орта кәсіптік білім: бастауыш орта кәсіптік білім беру орындарын бітірушілердің еңбек рыногында бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, сонымен бірге үлкендерді кәсіби даярлау мен қайта даярлаудан өткізу;

  • жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім: орта мектепті, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді кәсіби дайындауға, жоғары оқу орындарын бітірушілерді қайта даярлауға жағдай жасау.

Концепция еліміздегі білім беру жүйесінің одан әрі дамуын қарастырады. Бұл қадамдағы бағытты 2000 жылдың қыркүйегінде еліміздің Презинденті бекіткен мемлекеттік «Білім» бағдарламасы көрсетеді. Бағдарлама жалпы орта білім саласында мынадай негізгі міндеттерді көрсетеді:

  • мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамту;

  • мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттарын жүзеге асыру;

  • оқыту әдістері мен мазмұнын жақсарту арқылы мектептердегі білім сапасын арттыру;

  • педагогтар мен оқушы жастардың денсаулығын сақтау шараларымен қамтамасыз ету.

Бағдарламада тәрбиелеу жүйесін жетілдірудің мақсаттары анықталған: тәрбиеленушілердің бойында қазақстандық патриотизм, адамгершілік және жалпы азаматтық құндылықтарды қалыптастыру. Бұл орайда төмендегідей міндеттер айқындалды:

  • оқу орындарында оқушы жастарды этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеудің тиімді жүйесін құру және еңгізу;

  • балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарын дамытуды қолдау;

  • қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдардың жүйесін сақтау және одан әрі дамыту;

  • тәрбие ісімен айналысатын басқару орындарының қызметкерлерін, академиялық топтардың жетекшілерін, сынып жетекшілерін қайта тәрбиелеу;

  • балалардың бақылаусыз жүруі және қылмысына, құқық бұзуына қарсы шара қолдану істерін жүзеге асыру.

Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы оны жүзеге асырудың жолдарын анықтайды: білім мазмұнының демократиялық және гуманистік бағытта жаңаруын, оқушы жастардың сапалы білім алуға ұмтылуын; оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды жетілдіру; білім беру саласының қызметкерлері мен оқушы жастарды әлеуметтік қорғауды күшейту; мұғалімдердің жалақасын көтеру арқылы әлеуметтік рөлі мен беделін жоғарлату.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттарда тілдерді үйрену мәселесі маңызды орын алады. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңда елімізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ұлтаралық тіл – орыс тілі деп көрсетілген. Тілдер туралы заңды дұрыс жүзеге асыру үшін: халыққа мектептер мен оқыту тілін таңдауға кең құқық берілуі; Республиканың барлық мектептері мен мектепке дейінгі оқыту орындарында мемлекеттік тілдің пән ретінде тереңдетіліп жүргізілуі; орыс тілін жан-жақты оқытуға қажетті жағдай жасау; мектептер қос тілді меңгерген мұғалімдермен қамтамасыз ету керек.



Негізгі ұғымдар: мемлекеттік және қоғамдық басқару, әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттар, нормативтіік құжаттар.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Білім беру жүйесін мемлекеттік және қоғамдық басқарудың негізгі белгілерін көрсетіңіз.

  2. Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттары қандай?

  3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама жасаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Білім» туралы мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2000

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бастауыш білім беру стандарттары. Алматы, 1998

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта білім беру стандарттары. Алматы, 1998

  4. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Алматы, 2000

  5. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы. Алматы, 1997

  6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995

  7. Садыков Т.С. Теоретико-методологические основы модернизации системы образования в Республике Казахстан. Алматы, 1998

  8. Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего среднего образования в Казахстане. Алматы, 1996


15-тақырып: Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институтардың өзара әрекеттестігі

  1. Жалпы педагогикалық процесті ұйымдастырушы орталықтар.

  2. Педагогикалық ұжым - әлеуметтік ұйым ретінде.

  3. Отбасы – ерекше педагогикалық жүйе.

  4. Педагогтың оқушы ата-аналарымен жұмыс істеу формалары.

Педагогикалық процесті ұйымдастыру оның сапасын жоғарлату жалғыз мектептің ісі емес, бұған мектеп, отбасы және жұртшылыұ бірігіп жұмыс атқаруы тиіс.Ал бұл жұмысты жүзеге асыру үшін оның өзіндік ерекшеліктері: әдістері немесе түрлеріне көңіл аудару қажет және ол ерекшеліктер бірқатар факторларға байланысты:

  • педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу;

  • қазіргі кездегі мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу;

  • қазіргі отбасының ерекшеліктері иен даму тенденцияларын түсіну;

  • жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты, мұғалім ата-аналармен және жұртшылықпен жұмысқа дайын болу;

Бұл факторларды ескере келетін болсақ, бұл жұмысты басқарушы әлеуметтік институит – мектеп болып табылады.

Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізілген жұмыстарының нәтижесі. Бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптың бірі.Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейтеді және дамытады, сәйкес осы бағытта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді және бұған қоғамдық ұйымдардың қатысуын ұйымдастырады. Осы жүйенің жұмысы нәтижелі болуы үшін мектеп мына талаптарға жауап беруі керек:



  1. бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы, яғни нақты педагогикалық проблемаларды шешу үшін арнайы жиналыс өткізу, ағарту дәрістері және жеке отбасыларына ықпал жасау;

  2. педагогтың бұл жұмыстар бойынша кәсіптік біліктіліктерін арттыру;

  3. педагогтың ата-анамен жүргізетін жұмысына бірыңғай талап қою.(талапты орындаушылық кліспеушіліктерге әкеледі);

  4. ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру;

Тәрбие ықпалдарының бірлігі – мәселелерін Н.К.Крупская, А.С.Макаренко қарастырған. Бұлар кеңестік идеологиясында болғанымен, бұл мәселенің негізгі ғылыми принципін жете түсіндірген “Бірыңғай ықпал болмаған жерде – тәрбие жоқ ”. Осы принципті жүзеге асырушы ретінде педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшеліктерін В.А.Сухомлинский көрсеткен және тәжірибе алмасу керектігін айтқан.

Кез келген ұжым сияқты педагогикалық ұжымның да өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер:



  • кәсіптік қызметіне байланысты, ал кәсіптік қызмет тиімділігі:

    1. оның мүшелерінің мәдениет деңгейімен;

    2. тұлғалардың қатынас сипатымен;

    3. ұжымдық және дербес жауапкершілікті сезінумен;

    4. ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен;

Оқушылар ұжымы бола отырып, педагогикалық ұжым оның басқарушысы болады. Сондықтан, педагогикалық ұжым немесе оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-өзі дамытудың да субъектісі болады.
Негізгі ұғымдар: Педагогикалық ұжым, әлеуметтік ұйым, педагогтың оқушы ата-аналарымен жұмыс істеу формалары.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Жалпы педагогикалық процесті ұйымдастырушы орталықтар.

  2. Педагогикалық ұжымдағы психологиялық ахуалдың маңызы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006


3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР

Практикалық сабақтың тақырыбы1. Педагогиканың шығуы және дамуы.

Мақсаты: Педагогика ғылымының даму тарихын қарастыру.

1. Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы

( Әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн Сина, Омар Хайям).

2. XVII-XVIII ғасырлардағы революция кезеңіндегі демократиялық педагогиканың дамуы ( Ян Амос Каменский, Джон Локк, Жан-Жак Руссо, Иоганн Генрих Песталоции)

3. Қазақстанда әлеуметтік-педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ( Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Шоқан Уәлиханов).

4. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Кенес педагогикасының қөзқарастары

( Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, А. Байтұрсынов,

М. Жұмабаев, Ж Аймауытов).



Бақылау сұрақтары:

1. Әл-Фарабидың оқу-ағарту және тәрбие туралы ой-пікірлері оның жаңа адамды қалыптастырудағы тарихи маңызы.

2. Ян Амос Коменскийдің педагогиканың негізін салушы ретіндегі еңбектерінің маңызы.

3. К.Д. Ушинскийдің дидиктикалық принциптерінің – оқыту мен білім берудегі алатын орны және оның мектеп тәжірибесіндегі тарихи мәні.

4. Қазақстан педагогтарының тәрбие, оқу, білім беру туралы ой-пікірлерінің бүгінгі егеменді еліміздің оқу-ағарту білім беру ісін дамытудағы ролі.

Әдебиеттер:

1. Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. А., «Мектеп», 1984

2. Мадин И.Б. Қазақстанда совет дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірдің дамуы. А., «Мектеп», 1979

3. Жұмабаев М.Б. Таңдамалы: (Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аудармалар). А., «Ғылым» 1992

4. Алтынсарин Ы. Таңғдамалы шығармалары. А., 1995

5. Ушинский К.Д. Толық шығармалар жинағы, 8-том, 1950

6. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. А., «Мектеп», 1973
Практикалық сабақтың тақырыбы2. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы.

Мақсаты: Жеке тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру.


  1. Жеке тұлғаның дамуы туралы ұғым. Оның педагогика ғылымы үшін маңызы.

  2. Жеке тұлғаның іс-әрекеттің, қарым-қатынас пен жеке басының белсенділігінің алатын орны.

Бақылау сұрақтары:

1. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар.

2. Белсенділік және оның жеке тұлға дамуындағы маңызы.

3. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы педагогикалық басшылықтың ерекшелігі.

4. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік есею мәселелері.

5. Жеке тұлғаның дамуын дұрыс ұйымдастырудағы мектептің басты міндеті.



Әдебиеттер:

1. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуы. А., 1991

2. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1982

3. Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы., А., 1976

4. Уманов Г.А. Бала бақыты. А., 1979

5. Керимов Л.К. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. А., 1990

6. Жұмабаев Ә. «Қиын» оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері. А., 1974

7. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968


Практикалық сабақтың тақырыбы3. Оқытудың түрлері.

Мақсаты: Оқыту әдістемесінің мазмұны мен мәнін ашу.

Бақылау сұрақтары:

1. Түсіндірмелі-иллюстративті оқытудың ерекшелігі.

2. Проблемалық оқытудың жүйесі.

3. Бағдармалы оқыту түрі.



Әдебиеттер:

1. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1976

2. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А.,«Мектеп», 1986

3. Сабыров Т.С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999

4. Бержанов К.Б. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. А., 1973

5. Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. А., 1981

6. Иванова Н.Д., Қозғамбаева М.Қ. Оқыту процесінің мәні. А., 1991
Практикалық сабақтың тақырыбы4. Оқу жоспары, бағдарламалар және оқулықтар.

Мақсаты: Оқу жоспары, оқу бағдарламаламасы және оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптарды анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқыту процесінде оқу жоспары, оқу бағдарламасының қызметі.

2. Оқу жоспары, оқу бағдарламаламасы және оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптар.

3. Оқу жоспары, бағдарламалар және оқулықтар құрылымы.

4. Қазіргі кезеңде мектептегі оқытудың мазмұнын қайта қараудың негізгі себептері.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. А., 1999

2. Қазақ Орта мектебіндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы. А., 1990

3. Храпченков Г.М. Проблемы содержания и методов обучения в школах Казахстана. А., «Мектеп», 1983

4. Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли Казахстана. А., 1998
Практикалық сабақтың тақырыбы5. Оқыту әдістерінің түрлері.

Мақсаты: Мұғалімнің іс-әрекетіндегі білім беру тәсілін меңгеру және сабақ үстіндегі оқушылардың оқу-танымдық білімдерін меңгеруді ұйымдастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқыту әдістерінің педагогикалық-психологиялық негіздеріне талдау жасаңыз.

2. Оқыту әдістерінің түрлерін топтастыру қажеттілігі неде деп ойлайсыз.

3. Мектептегі озат мұғалімдер тәжірибесінен қандай әдістерді жиі қолдануын байқадыныз.

4. Қазіргі оқыту әдістеріне қойылатын талаптар.

5. Оқытук әдістерін мұғалімнің таңдап алуы немен байланысты.



Әдебиеттер:

1.Нұрғалиева Г.К. Оқыту әдістері. А., 1991

2. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999

3. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1976

4. Лемберг Р.Г. Оқыту әдістері. А., 1958

5. Кириллова Г.Д. Методы обучения в современной школе. М., 1985

6. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М., 1981
Практикалық сабақтың тақырыбы6. Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары.

Мақсаты: Оқыту жұмысын ұйымдастыру формаларын анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1. Мектептің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың қандай негізгі формалары қалыптасты.

2. Сабақтың негізгі түрлері мен оның құрылысы.

3. Мұғалімнің сабаққа дайындау тәсілдері.

4. Тақырыптық және жеке сабақтардың жоспары.

Әдебиеттер:

1. Айтмамбетова Б.Р. Оқыту процесін ұйымдастыру. А., 1991

2. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1992

3. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. А., Қазақстан Республикасы Білім министрлігі баспаханасы, 1992

4. Сабақ беру тиімділігін арттыру\ құрастырған Б. Сманов. А., 1992

5. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. А., 1960


Практикалық сабақтың тақырыбы7. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру және бағалау.

Мақсаты: Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін есепке алу мен бағалаудың негізгі әдістерінің сипаттамасы.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқыту процесінде білімді тексеру, бақылау және бағалаудың маңызы.

2. Оқыту процесінің қандай кезеңдерінде білім тексеруді қолданады.

3. Білімді тексеруде және бағалауда күнделікті байқау қандай роль атқарады.

4. Баға қоюда мұғалімдер қандай кемшіліктер жібереді.

5. Педагогикада білімді тексеру және бағалау саласында жете айқындалмаған қандай мәселелер бар.



Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика, Астана, 1998

2. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. А., 1993

3. Положения о рейтинго-тестовом контроле знаний, навыков и умений студентов. А., «КАЗГумя», 1996

4. Ильина Т.А. Педагогика. А., «Мектеп», 1977

5. Педагогика школы\ под ред. Г.И. Щукиной. М., «Просвещение», 1977


Практикалық сабақтың тақырыбы8. Тәрбие процесінің мәні мен мазмұны.

Мақсаты: Тәрбие процесінің негізін айқындау.

1. Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің маңызы.

2. Қазіргі кездегі жалпы беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғамдағы тәрбие қызметінің мәні мен мазмұны.

2. Тәрбиенің оқытуға қарағанда өзіндік ерекшеліктері.

3. Өзін-өзі және қайта тәрбиелеудің маңызы.

4. Жалпы беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері.

Әдебиеттер:

1. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері. А., 1991

2. Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. А., 1991

3. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. А., 1991

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. А., «Санат», 1995

5. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А., «Мектеп», 1987


Практикалық сабақтың тақырыбы9. Эстетикалық тәрбие.

Мақсаты: Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру жүйесінің өзгешеліктерін қарастыру.

1. Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері

2. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру жүйесі.

3. Эстетикалық тәрбиені мектеп өмірінде ұйымдастыру және оның құралдарын пайдалану.

4. Эстетикалық тәрбие және халықтық педагогика.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқыту процесіндегі эстетикалық тәрбие құралдарын атаңыз, олардың мазмұнын ашып көрсетіңіз.

2. Эстетикалық тәрбие жөнінде сыныптан тыс жұмыстардың қандай түрлері жүргізіледі.

3. Жас ұрпақты тәрбиелеуде эстетикалық тәрбие мен халықтық тәлім-тәрбие байланысы.



Әдебиеттер:

1. Крупская Н.К. Көркемділікке тәрбиелеудің міндеттері туралы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. А., 1973

2. Әбілова З.А. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. А., 1972

3. Ұзақбаева С.А. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. А., 1991

4. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. А., 1990

5. Омарғазинова Б.Т. Өнер тәрбиелейді. А., 1988

6. Әбенбаев С.Ш. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. А., 1992
Практикалық сабақтың тақырыбы 10. Құқық тәрбие негіздері.

Мақсаты: Құқық негізін тәрбиелеу ерекшеліктерін анықтау.

1. Құқықытық тәрбиенің қоғамдағы мәні, мазмұны мен міндеттері.

2. Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмысының жүйесі.

3. Мектеп жасындағы жастардың нормаларын бұзу факторлары.



Бақылау сұрақтары:

1. Қоғам мен құқықтық тәрбиенің байланысы.

2. Жастардың құқық нормаларын бұзу фактілерінің түрлері мен себептері.

3. Жас өспірімдерге құқық тәрбиесін беруде мемлекеттік заңдардың маңызы.

4. Мектеп оқушыларына құқықтық тәлім-тәрбие беруде мектеп пен ата-аналардың байланысы.

5. Қазіргі нарықтық қоғам жағдайында құқықтық тәрбие барысы.



Әдебиеттер:

1. Қойбаев Ө. Жастар және праволық тәрбие. А., 1988

2. Керимов Л. Праволық тәрбие жүйесі. А., 1991

3. Елеманов С., Күктілеуов А. Жастарға арналған праволық білім беру негіздері. А., 1985.


Практикалық сабақтың тақырыбы11. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

Мақсаты: Сыныптағы тәрбие жетекшісі жұмысының мәнін ашу.

1. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы мен түрлері.

2. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері, олардың мазмұны.

Бақылау сұрақтары:

1. Сынып жетекшісінің жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру.

2. Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашу.

3. Сынып жетекшісінің ең маңызды қызметтерін анықтау.

4. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдерінің ерекшеліктері.

Әдебиеттер:

1. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А., «Мектеп», 1980

2. Ақназарова Б. Класс жетекшісі. А., «Мектеп», 1973

3. Ілиясова А.Н. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. А., 1991

4. Педагогикалық және жас ерекшелігі психология\ ред. Басқарған А.В. Петровский. А., 1987

5. Степаненков Н.К. О планировании работы классного руководителя. Минск, 1987

6. Көнжасаров М. Оқушыларды класстан тыс жұмыстарда коллективизмге тәрбиелеу. А., 1987
Практикалық сабақтың тақырыбы12. Ұстаз тұлғасының моделі.

Мақсаты: Мұғалім және оның педагогикалық процесте ұйымдастырудағы рөлін анықтау.

1. Мұғалімнің педагогикалық қызметіне қойылатын талаптар.

2. Мұғалімнің жеке тұлға ретінде ерекшеліктері.

Бақылау сұрақтары:

1. Мұғалімнің қоғамдағы орны мен қызметі.

2. Мұғалімнің мамандық этикасы мен шеберлігі.

3. Мұғалімнің мамандық қасиеттері, балаларға деген сүйіспеншілігі, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, дидактикалық, перцептивтік, экспрессивтік іскерлігі.



Әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас. А., 1987

2. Ш. Дүйсембекова “Педагогика”. Семей. 2004

3. Н.Д. Хмель. “Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс”, А., 2002

4. Е. Сағындықұлы. “Педагогика” дәрістер курсы, Алматы, 1999

5. Основы педагогического мастерства\ под ред. И.А. Зязюн. М, 1989

6. Уманов Г.А., Парфанов В.А. Бала бақыты. А., 1978
Практикалық сабақтың тақырыбы13. Білім жүйесін басқарудың қоғамдық-мемлекеттік сипаты.

Мақсаты: Қазіргі заман мектебі жұмысын басқару әдісінің теориялық негізін айқындау.

1. Педагогикалық жүйені басқарудағы мәселелер.

2. Мектеп басқарудың негізгі формалары.

Бақылау сұрақтары:

1. Мектепті басқару мен басшылық ету ұғымының мәні және оның негізгі принциптері.

2. Мектеп басшылығының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару қызметі.

3. Мекткпті басқару мен мектептің оқу-тәрбие процесіне басшылық етуді жетілдіру, оқушыларға білім беру мен тәрбиенің сапасын көтерудің алғы шарты.

4. Мектеп басшысының жеке тұлға ретіндегі рөлі.

Әдебиеттер:

1. Конаржевский Ю.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управления школой. М., 1986

2. Основы внутришкольного управления\ под ред. П.В. Худоминского. М., 1986

3. Педагогика. Дәріс курсы. А, «Нұрлы Әлем», 2003

4. Шаймерденов Т. Мектеп басқаруды мәселелері. Оқу құралы. А., 1993

5. Пұқпанов Ғ. Мектепті басқаруды мәселелері. Оқу құралы. Алматы, 1993

6. Березняк Е. Руководство современной школой. М, 1988
Практикалық сабақтың тақырыбы14. Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институтардың өзара әрекеттестігі.

Мақсаты: Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институтардың өзара әрекеттестігін айқындау.

1. Жалпы педагогикалық процесті ұйымдастырушы орталықтар.

2. Педагогикалық ұжым - әлеуметтік ұйым ретінде.

3. Отбасы – ерекше педагогикалық жүйе.



Бақылау сұрақтары:

1. Жалпы педагогикалық процесті ұйымдастырушы орталықтарға сипаттама.

2. Педагогтың оқушы ата-аналарымен жұмыс істеу формалары.

3. Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институтардың өзара байланыстылығы.



Әдебиеттер:

1. Конаржевский Ю.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управления школой. М., 1986

2. Основы внутришкольного управления\ под ред. П.В. Худоминского. М., 1986

3. Педагогика. Дәріс курсы. А, «Нұрлы Әлем», 2003

4. Шаймерденов Т. Мектеп басқаруды мәселелері. Оқу құралы. А., 1993

5. Пұқпанов Ғ. Мектепті басқаруды мәселелері. Оқу құралы. Алматы, 1993

6. Березняк Е. Руководство современной школой. М, 1988
Практикалық сабақтың тақырыбы15. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама.

Мақсаты: Білім беру жүйесі мен оқу орындарының қызметін және олардың даму жолдарын реттейтін нормативтік құжаттарды зерттеу.

1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы.

2. Орта білі беру жүйесінің даму тенденциялары.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізгі компонеттерін атап, сипаттама беріндер.

2. Жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының негізгі түрлерін атандар.

3. Білім берудің мемлекеттік стандарты дегеніміз не және оған қандай талаптар қойылады.

4. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңын жүзеге асыру ерекшеліктерін көрсетіндер.

5. Қазақстандағы білім жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын атандар.



Әдебиеттер:

1. «Білім» туралы мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2000

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бастауыш білім беру стандарттары. Алматы, 1998

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта білім беру стандарттары. Алматы, 1998

4. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Алматы, 2000

5. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы. Алматы, 1997

6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995

7. Садыков Т.С. Теоретико-методологические основы модернизации системы образования в Республике Казахстан. Алматы, 1998



8. Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего среднего образования в Казахстане. Алматы, 1996


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет