ПОӘК 042-18. 38. 44/01-2013.№1 баспа 2013 ж



бет80/98
Дата22.02.2018
өлшемі9,54 Mb.
#38178
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   98

2.12 Карно циклі

Карно циклі дөңгелектік қайтымды процесс болып табылады. Ол екі адиабатадан және екі изотермадан тұрады. Жұмысшы дене үшін бір моль идеал газ алайық. Бірінші күйінің параметрлері Р1-қысым, V1-көлем, Т1- температурамен анықталсын (2.12.1-сурет). Газды изотермиялық ұлғайту арқылы екінші күйге әкелейік (екінші күйдің параметрлері Р2, V2, T1 болады).

Изотермиялық ұлғаю кезінде газ қыздырғыштын Q1 жылу алады да жұмыс істейді.



(2.11.1)

Енді газ 2-ш күйден 3-ші күйге адиабаталық ұлғайту нәтижесінде өтсін. Газдың 3-ші күйі Р3 ,V3, T2 параметрлері арқылы анықталады (температура Т2-ге шекті төмендейді).



Бұдан соң газ 3-ші күйден 4-ші күйге Т2 температурада изотермиялық сығылу нәтижесінде келсін. Сол кездегі 4-ші күйі P4, V4, T2 параметрлерімен анықталады. Бұл уақытта газ суытқышқа Q2 жылу береді де А2 жұмыс істейді

(2.12.2)

Ал 4-ші күйден 1-ші күйге адиабаталық сығылу арқылы өтсін. Газдың V2 көлемнен V3 көлемге дейін адиабаталық ұлғаюы үшін Пуассон теңдеуі төмендегідей жазылады:



(2.12.3)

2.12..1-сурет. Карно циклі


V4 көлемнен V1 көлемге адиабаталық сығылуы н Пуассон теңдеуі арқылы

(2.12.4)

анықталады.



(2.12..3) теңдеуді (2.12.4) теңдеуге бөлгенде

(2.12.5)

шығады.


(2.12.1, 2.12.2, 2.12.5) формулаларды ескеріп машинаның п.ә.к. анықтауға болады:

(2.12.6) мұндағы – қыздырғыштың температурасы, – суытқыштың температурасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет