ПОӘК 042-18 96/03-2015 11. 06. 2015 ж №2 басылым


Дәріс 11. Комплексті қосылыстар



бет3/15
Дата17.06.2018
өлшемі4,1 Mb.
#42431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Дәріс 11. Комплексті қосылыстар

Мазмұны:


1. Комплексті қосылыстардың құрлысы

2. Комплексті қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы

3. Комплексті қосылыстардың диссоциациясы

1. Коваленттік не иондық байланыс арқылы атомдардан молекулалық қосылыс түзілсе, олар бірінші ретті деп аталады. Бірінші ретті қосылыстардың электронейтрал молекулаларының өзара әрекеттесуінен түзілген көптеген қосылыстар болады. Оларды жоғары ретті молекулалар немесе комплексті қосылыстар деп атайды: NH3 + HCl → NH3•HCl → NH4Cl

Комплекс қосылыстағы химиялық байланыстың түзілу механизмін қарастырып, комплекс қосылысқа анықтама беруге болады. Мысалы: NH4Cl молекуласы қалай түзіледі

Барлық комплекс қосылыстарда донорлы-акцепторлы (д.-а.) байланыс болады. Комплексті қосылыстар дегеніміз донорлы-акцепторлы байланыс арқылы түзілетін жоғарғы ретті қосылыстар.


Комплексті қосылыстарда:

  1. Комплекс түзуші, олар көбінесе оң зарядталған металл иондары болады, көбінесе d-элементтері жатады.

  2. Комплекс түзушінің маңайында лигандтар орналасады, олар теріс зарядталған аниондар немесе электронейтрал молекулалар.

  3. Лигандтар саны координациялық сан деп аталады.

  4. Комплекс түзуші мен лигандтар комплексті қосылыстарының ішкі сферасын түзеді, ол квадрат жақшаға алынады.

  5. Ішкі сфераға кірмеген иондар сыртқы сфераны құрайды.

2. Катионды комплексті қосылысты атағанда, алдымен катионның, одан соң анионның атын атайды. Ішкі сферада лигандалар түрінде электронейтрал молекулалар болса, олардың аттарын өзгеріссіз атайды. Мысалы: С6Н6- бензол, С2Н4- этилен, N2Н4- гидразин, Н2О- аква, NН3-аммин. Саны бірнешеу болса, олардың санын грек тілінде көрсетеді: 2-ди, 3-три, 4-тетра, 5-пента, 6гекса, 7-гепта, 8-окта. Ішкі сфераға кіретін анион- лигандтарының аттары атау үшін олардың әрқайсысының аттарына «О» жұрнағы қосылып ай-тылады. Мысалы, бромо-Br-, О2—оксо, N3—нитридо, ОНгидроксо, СNциано,СО32—карбонато, РО43—фосфато, S2O32--тиосульфато,С2О42—оксалато т.б.

Осыдан кейін комплекс түзушінің атын ілік септігінде атап, оның атынан кейін рим сандарымен жақша ішінде комплекс түзушінің зарядын көрсетеді. Ең соңында сыртқы сфераның анионның атына «ы» деген жалғау қосып айтылады.

[Ag(NH3)2]Cl- диаммин күміс (І) хлориді;

[Cu(H2O)4]SO4∙H2O- тетрааква мыс (ІІ) сульфат гидраты;

[Pt(H2O)(NH3)2OH]NO3- гидроксодиамминаква платина (ІҮ) нитраты;

[Ru(SO2)(NH3)4Cl]Cl- хлоротетраммин күкірт диоксид рутений (ІІ) хлориді.

Құрамында комплексті анионы болатын қосылысты былай атайды: алдымен сыртқы сферасының катионының атын ілік септікте айтады. Бұдан соң жоғарғы айтылған ретімен лигандтардың атын атайды. Комплекс түзушінің латын атына «аты» деген жұрнақ қосады.

K[Ag(CN)2]- калий дицианоаргентаты (ІІ);

Na3[Co(NO2)6]- натрий гексанитрокобальтаты (ІІ);

K3[Ni(NO)2(S2O3)2]- калий дитиосульфатодинитрозилникеляты (ІІ).



Сыртқы сферасы жоқ нейтрал комплекстерінің аттарын атау үшін алдымен лигандтардың аты, онан кейін атау септігіндегі комплекс түзушінің қазақша аты келтіріледі де, оның тотығу дәрежесі көрсетілмейді.

[Co(NH3)3Cl]- трихлоротриаммин кобальт;

[Ru(H2O)(NH3)4SO3]- сульфиттетраамминаква рутений.

3. Комплексті қосылыстардың диссоциациясы. Комплексті қосылыстардың сыртқы және ішкі сфераларының арасындағы байланыстар иондық болғандықтан, суда еріткенде, олар комплексті ион мен қарапайым сыртқы сфераның иондарына ыдырайды:

[Ag(NH3)2]Cl→ [Ag(NH3)2]+ + Cl-

K[Ag(CN)2] → K+ + [Ag(CN)2]-

Түзілген комплексті иондар өте аз мөлшерде өздерінің құрамына кіретін бөлшектерге (иондарға, молекулаларға) ыдырайды.

[Ag(NH3)2]+ ↔ Ag+ + 2NH3

[Ag(CN)2]- ↔ Ag+ + 2CN-

Комплексті иондардың диссоциациясы аз мөлшерде жүретін қайтымды процесс болғандықтан оларға массалар әсерлесу заңын қолдануға болады және процестер сан жағынан диссоциация константасы арқылы анықталады:

Кт.з.= ([Ag+]∙[NH3]2)/[Ag(NH3)2]+ =6,8∙10-8

Кт.з. = ([Ag+]∙[CN-]2)/[Ag(CN)2]- =1,0∙10-21

Келтірілген комплекс иондарының диссоциациялану константаларын тұрақсыздық константасы Кт.з. деп атайды. Тұрақсыздық константаларының сандық мәндері комплексті иондардың тұрақтылығын немесе беріктігін көрсетеді. Кт.з. пайдаланып, комплексті қосылыстың арасындағы реакция қай бағытта жүретінін анықтауға болады..

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.

  2. Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.

  3. Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?

  4. Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?

[Co(NH3)4]2+ не [Co(NH3)4]3+?

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Омаров Т.Т.,Танашева М.Р. Бейорганикалық химия (таңдамалы тараулар) Алматы,2008ж,-543 б 2.Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы, «Білім» 2004 ж,-316 б. 3. Ділманов Б.М.,Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Аматы,2009ж, -194 б. 4. Яшкарова М.Г.,Омарова Н.М., Кабдулкаримова К.К., Мусабаева Б.Х. Бейорганикалық хмиядан зертханалық жұмыстар.Семей,2007,-79б. 5. Шоқыбаев Ж.Ә.,Өнербаева З.О. т.б. Бейорганикалық химия практикумы. Алматы,2004 ж,-164 б. 6. Бишімбаева Г.Қ. Жалпы химия.Студенттердің өздік жұмыстарына арналған оқу-әдістемелік құрал.Алматы,2007 ж, -39 б. 7. Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М. Студенттің өздігінен орындауына арналған әдістемелік құрал.Семей, 2007, -39 б. 8.Д.Шрайвер.,П.Эткинс. Неорганическая химия.1,2 том.Москва«Мир» 2009г 9. Р.А.Лидин.,В.А.Молочко.,Л.Л.Андреева. Химические свойства неорганических веществ. Москва,2000 г.-479 с.



Дәріс 12 . Металдардың жалпы қасиеттері.

Мазмұны:


1.Металлдардың жалпы қасиеттері.

2.Сілтілік металдар,олардың қосылыстары.

3.Сілтілік жер металдар, олардың қосылыстары.

1. Бейорганикалық химияны оқығанда элементтердің периодтық жүйедегі сипаттамаларын,жай қосылыстарының құрылысын,олардың алыну жолдарын,элементтер қосылыстарының қышқылдық-негіздік және тотығу-тотықсыздану қасиеттерін оқумен қатар,элементтердің табиғатта таралу түрлері,қолданылуы,биологиялық ролі қарастырылады.

Металдар периодтық жүйенің 80%-ін құрайды,яғни 85 металл бар.Олар ІА,ІІА,ІІІА және В топшалардың төменгі жағында орналасқан. f-элементтердің барлығы металл.

Физикалық қасиеттері:

а/ Нg -сұйық

ә/ сілтілік және сілтілік жер металдар жұмысақ,пышақпен кесуге болады

б/ қалғандары қатты,УІ-В топта хром өте қатты

в/ металдық жылтыры болады

г/ электр өткізгіш Аg,Cu –жақсы өткізеді,Рв,Нg–нашар өткізеді.Температура артса электрөткізгіштік кемиді,төмендесе артады.

ғ/ жылуы өткізгіш

е/ пластикалық қасиет,тіпті созуға болады,мысалы 1г алтыннан 3км жіңішке жіп созуға болады.

Металдар тығыздығына байланысты жеңіл (p=5г/см),одан артса ауыр болады.Жеңіл металдың балқу температурасы төмен,ауырдыкі жоғары болады. Мысалы: цезий жеңіл,балқу тем.28 Со, ал вольфрам ауыр, балқу тем. 3380 Со.

Кейбір металдарға полиморфизм құбылысы тән,ол металдың қатты күйде әртүрлі кристалдық пішінде болу қасиеті.

Магниттік қасиеті бойынша:

а/ димагнитті,яғни мұндай металдар магнит өрісінде тербеледі Аg,Cu,Au, Нg,Zr,Zn

ә/ парамагнитті,яғни магнит өрісіне тартылады Sd ,Ti, W , Y, Mo ,Mn т.б.

б/ ферромагнитті- магниттелу қасиеті өте жоғары Fe,Co ,Ni.

Техникада:

а/ қара металл – темір,оның құймалары

ә/ бағалы металл – алтын,күміс,платина,цирконий

б/ сирек металл – титан,германий, берилий,ванадий т.б.

в/ түсті металл – мырыш,магний,алюминий т.б.

Ең басты қасиеті – сәуле, электромагниттік толқынның әсерінен электрон бөлуі.Оны фотоэлектрлік эффекті деп атайды. Мұндай қасиет ІА-топша элементтеріне тән.Өйткені сыртқы валенттік электрондары ядроға әлсіз байланысқандықтан сәуле әсерінен бөлініп кетеді.



Химиялық қасиеттері:
а/ тотығу – электронды оңай беріп,оң ионға тез айналады – тотықсыздандырғыш
ә/ иондану энергиялары төмен
б/ металл ешқашан электрон қосып алмайды,тотықтырғыш болмайды
в/ металдар оттегімен әрекеттесіп оксидтер түзеді, т.д. тұрақты металл оксидтері- негіздік оксид,т.д.әртүрлі болатын металдардың төменгі оксидтері – негіздік, ортаңғылары – екідайлы,жоғарғылары – қышқылдық оксид болады.

Мысалы:


CrO - негіздік,Cr2O3 - екідайлы, CrO3 - қышқылдық

В топша металдары жоғары тотығу дәрежесін көрсететін оксид түзгенде оларға сәйкес гидроксидтері қышқыл болады.Мысалы: CrOз (УІ) оксидіне Н2CrO4 хром қышқылы сәй кес келеді.



Металдар тотықсыздандырғыш, сондықтан тотықтырғыштар-мен,бейметалдармен,қышқылдармен,тұздармен әрекеттеседі. Қышқылдармен әрекеттесуі металдардың стандартты электродтық потенциалдар қатарындағы орнына,қышқылдардың табиғатына және концентрациясына тәуелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет