ПОӘК 042-39.1.141/03-2013
|
03.09.2013 ж. № 1 басылым
|
беттің
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейдегі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-39.1.141/03-2013
|
ПОӘК
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
|
01.09.2013ж
№1 басылым
|
«Информатиканы оқыту әдістемесі»
пәнін оқыту-әдістемелік кешен
5В060200 - «Информатика» мамандығына арналған
Оқу-әдістемелік материалдар
Семей
2013
МАЗМҰНЫ
-
|
Дәрістер
|
|
|
Машықтану сабақтары
|
|
|
Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары
|
|
|
Межелік бақылау сұрақтары
|
|
|
Пән бойынша емтихан сұрақтары
|
|
1. Дәрістер
1-Дәріс. Информатикаға оқытудың әдістемелік негізі
Дәріс жоспары:
Информатиканы мектепте оқыту үрдісіндегі ақпараттандырудың орны мен ролі
ИОӘ информатика, педагогика, психология ғылымдарымен және басқа пәндермен байланысы
Информатика курсының негізгі компаненттерімен есептеуіш техниканың өзара байланысы.
Ғалымдардың пікірінше, қазіргі мектепте информатика курсының оқытылуы дүние жүзілік педогогикалық практикада бұрын соңғы болмаған құбылыс деуге болады. Әдетте ғылыми пәннің мектепке енуінен бастап, оның жалпы білім берудегі маңызын толық түсінуіне дейін кем дегенде бірнеше он жылдықтар өтеді. Бұл уақыт ішінде ғылыми аппараты тұрақтанып, пәннің методологиясы мен жалпы әдістемелік тәсілдері қалыптасады. Ал информаканың пән есебінде мектепке енуі өте жылдам іске асып жатқаны белгілі.
Қазіргі өскелең өмір бұл пәннің мектепке жылдам енуімен қатар ол пәннен берілетін білім сапасын жетілдіруді де талап етеді.
Теориялық зерттеулер мен практикалық эксперимент нәтижелері бүгінгі таңда мектептегі информатика пәннің бірнеше кезеңге бөлініп оқытылғаны жөн екені дәлелденіп отыр.
Бірінші кезең- пропедевтикалық. Бұл кезеңде, төменгі сынып оқушыларын компьютермен алғаш таныстыру өтеді, қарапайым компьютерлік ойындар мен жаттығулар программаларын қолдану арқылы оларда ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.
Екінші кезең- базалық курс, информатика пәні бойынша оқушылар дайындығының жалпы білім деңгейімен қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде оқушылар ақпараттық технология құралдары мен әдістерін меңгеріп, компьютерді қолдана білу біліктілігі қалыптасады.
Үшінші кезең – информатика саласы бойынша көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы оқу бағдарламалары бойынша, қызығушылықтары мен бағыттарына қарай кәсіптік даярлыққа дейін білімдерін жалғастырады.
Базистік оқу жоспарына сәйкес информатика пәні орта мектептің 7-11 сыныптарында ғана оқытылатын міндетті оқу пәні ретінде беріледі. Ал пропедевтикалық курс факультативтік сабақтарда, қажетіне қарай ұйымдастыру негізінде оқытылады.
Қазіргі таңда информатика әлемдік ғылымның бірден-бір болашағы бар ғылым саласы болып табылады. Оның айналасында ғылыми зерттеулердің бірнеше бағыттары қалыптасуда, атап айтқанда: әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық информатика және т.б.
«Информатика» пәні бойынша орта жалпы білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында ұсынылғандай информатикалық білім мазмұны теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика бөлімдерін қамтиды.
Білім мазмұны оқушылардың қолданушы есебінде біліктілігімен қоса, программалау біліктілігін арттыруға бағытталған материалмен толықтырылған.
Білімге қойылатын талаптар осы мазмұндық жүйелерге, бағдарлама бағытына сәйкес білуі, үйренуі тиіс бөлімдерінде жүйеленіп берілген.
Информатиканың даму болашағы туралы мәліметтер жалпы алғаш рет осы стандартта беріліп отыр. Бұл ғылымның дамуына байланысты қай мәселеге, қай деңгейде көбірек көңіл бөлінуі қажет екенін алдын ала білуге көмектеседі.
Бұл атқарылған жұмыстардың бәрі оқушылардың білім сапасының жоғары болуының кепілі десек қателеспейміз.
Информатиканы мектепте оқыту сапасын жетілдіру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі информатика оқулықтары мен оқу - әдістемелік құралдарына қойылатын дидактикалық талаптарды нақтылап, осы материалдарды даярлауда пайдалану. Бұл жұмыста Информатика пәнінің өзіндік ерекшеліктері ескерілді.
Әрине, осы айтылғандармен қатар білім сапасын жетілдіруге оқытудың жаңа технологияларын қолдана білу шеберлігін арттыру қажет. Бұл да өте күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан үлкен зерттеулерді қажет етеді. Осы бағыттағы зеттеулер жүріп жатыр.
Өзін тексеру сұрақтары
Мектеп информатикасын оқыту неше кезеңнен тұрады?
Информатиканы мектепте оқытуда сапасын арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?
Ұсынылатын әдебиеттер
Софронова Н.В. «Теория и методика обучения информатике», Москва «Высшая школа», 2004 г.
Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2000 ж.
2-дәріс. Мектеп курсының мазмұны
Дәріс жоспары:
Информатика пәнінің мектепке енгізілуі және оның даму қарқыны
Информатиканы пәнін оқытудағы бағыттар
Информатика пәнінің мектеп пәні ретінде енгізілгеніне 20-жылдай болды. Осы уақыт ішінде информатика пәнінің мазмұны бірнеше рет өзгеріске ұшырады. А.П.Ершовтың “Компьютерлік сауаттылық-екінші сауаттылық” ұранын негізге алып, оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға байланысты информатика пәні 1985-1987 жылдары 9-10 сыныптарда компьютерлі және компьютерсіз вариантта оқытылып келді. Аталған уақыт аралығының өзінде мектепке түрлі типті компьютерлер орнатылала бастады. Мұндай жағдайда информатика пәні мұғалімдерінің білімін үздіксіз көтеру қажеттілігі туындады. Осы қажеттілікті шешу барысында 9-10 сыныптарға жасақталған оқулықтардың мазмұны, құрылымын және әдістемелік құрылымын үйретуге негізделген сыныптар бойынша курстар ұйымдастырылды.
Информатика оқытудың әдістемелік жүйесінің ғылыми - теориялық негіздемесі А.Кузнецовтың ғылыми еңбегінде жан-жақты зерттелген. Бұл еңбекте информатиканың базалық ұғымдарын біртіндеп қалыптастыру мен дамыту арқылы мазмұндық құрылым жүйеленіп, қарастырылған. С.Бешенков, А.Ершов және А.Кузнецовтың ғылыми еңбектерінде информатиканы саралап оқытудың көпдеңгейлілігі зерттелген. Бұл ғылыми еңбектерде мамандыққа дайындаудың 4 бағыты бөлініп, көрсетілген:
гуманитарлық;
жаратылыстану ғылымдары;
физикалық-математикалық;
программалық .
Әрбір бағытқа сәйкес олардың базалық ұғымдары берілген:
Гуманитарлық-тіл ұғымдары;
Жаратылыстану ғылымдары –модель ұғымдары;
физикалық-математикалық – модель мен алгоритмұғымдары;
программалық- ақпаратты өңдеу тәсілдеріне байланысты ұғымдар.
А.Г.Гейн мен А.И.Сенокосовтың 8-11 сыныптар бойынша жасақтаған информатиканың мазмұндық құрылымында базалық түсініктермен қатар басқа пәндермен сабақтастылық байланыстары және компьютерлік модельдің практикалық мәні де қарастырылған.
А.П.Ершовтың жасақтаған мазмұндық жүйесімен салыстырғанда бұл жүйеде информатиканың базалық түсініктері компьютерлік модельдеу негізінде берілген. Информатика оқулықтарының басым көпшілігінде есептеуіш техниканың тек даму тарихы ғана көрсетілсе, ал мұнда оның даму келешектеріне талдау жасалынып , микропроцессорлықтехника түсінініктері берілген.
Жоғарыдағы аталған ғылыми – теориялық негіздемелерді ескере отырып, информатиканың мазмұнын 5 салаға бөлді.
Дүниетанымдық көзқарас;
Компьютерді қолданушы ;
Алгоритмдеу мен программалау.
Мамандырылған сала;
Техникалық сала.
Аталған салалар бойынша информатиканы оқыту бағыттары мен мазмұны анықталынды.Осы мәселе төңірегінде информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың тұжырымдамасы, мемлекеттік білім стандартты және сәйкес оқу бағдарламалары жасақталды. Аталған құрылым негізінде 7-11 сыныптарға оқулықтар шығарылды. Жасақталған оқулықтардың негізгі мазмұны оқушының ақпараттық қоғам жағдайында ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа ақпараттық техналогиялардың жеделдетіп дамуына байланысты информатиканың мазмұныда үздіксіз өзгеріп отырады. Осыған орай информатика пәнін төменгі сыныптарға көшіру проблемасы тундауда. Осы қажеттілікті шешу бағытында академик Е.Балапановтың ғылыми жетекшілігімен “Ақпараттық мәдениет негіздері” курсын 1-11 сыныптарда оқытудың тұжырымдамалық негізі, стандарты, оқу бағдарламасы және оқу әдістемелік кешендері жасақталуда.
Өзін тексеру сұрақтары
Қазіргі уақытта информатикадан мектеп курсының қандай бағыттары оқытылады?
Гуманитарлық бағыт қандай мақсатты көздейді?
Жаратылыстану бағыты қандай мақсатты көздейді?
Ұсынылатын әдебиеттер
Ермеков Н.Т., Стифутна Н.Ф. Информатика 7 сынып: Оқулық. Алматы, «Атамұра», 2003 ж.
Ермеков Н.Т., Стифуна Н.Ф. Информатика 8 сынып: оқулық. Алматы, «Атамұра», 2004 ж.
Бурибаев Б., Нақысбеков Б., Мадьярова Г. Информатика және есептеуіш техника негіздері 9 сынып: Оқулық. Алматы, «Мектеп», 2005 ж.
3-дәріс. Қазіргі заманғы мектеп информатика курсының философиялық аспектілері
Дәріс жоспары:
Ақпараттық қоғамның философиялық концепциясы
Оқушылар білімі мен дағдысына қойылатын талаптар
Қоғамда информатикаландыру, есептеу техникасы құралдарының кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді.
Дербес электронды есептеуіш машиналапрды оқу процесінде барлық пәндерде техникалық оқу құралы ретінде пайдалану білім беру мазмұнына ықпал етумен байланысты.
Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың, іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды. Бұл берілген теорияда оқытудың дәстүрлі түрімен ғана шектеліп қоймайды, үйрету программаларын жобалауда әдістемелік құрал болып қалыптасады.
Белгілі теориялық тұжырымдарға сүйеніп, содай-ақ педагогикалық принциптерді ескере отырып, компьютерлік оқытудың психолигиялық- педагогикалық мәселелерін қарастыру қажет:
компьютерлік оқытудың тәрбиелеу, білім беру және дамытуды бірлігін қамтамасыз ету;
оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мақсатында дербес және саралап оқыту ұйымдастыру;
оқу процесін жетілдіру;
Компьютерлік оқытуға қойылатын дидактикалық талаптарды айқындасақ, біздің ойымызша олар әрекет амалы және оқушылардың таным қызметі белсенділігі бағытында қарастырылуы қажет.
“Оқыту процестері – дидактиканың талас туғызатын мәселелерінің бірі. Сондықтанда дидактикалық принциптерді әр оқымысты өзінше қарстырады” деп жазады В.Оконь.
Оқыту принциптерінің ішінде ерекше роль атқатратын басты принциптердің біреуі біздің көзқарасымыз бойынша белсенділік принципі. Белсенділік принципі барлық принциптерді компьтелік оқыту кезінде практиклық жүзеге асырудың негізі мен көрсеткіш деңгейі болып табылады.
Белсенділік принципі саналылық принципі мен тығыз байланысты. Сондықтан үйретуші программалардың құрлымы әрекет туралы және пән бойынша программамен жұмыс істеуге қажетті білім беруді біртұтас нысаналы компонент болуы керек деп есептейміз.
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысының ғылыми ізденісін қалыптастыру оқытудың ғылымилық принципімен байланысты. Бұл принцип қазіргіқазіргі ғылымдағы берік орныққан қағиданы зерттеуді талап етеді, оқу материалдарын таңдап алу мен оқыту әдістерін қалап алуға көмектеседі. Ғылымилық пинцип негізінде компьютелік оқыту жүйесінің мазмұнына бірқатар талаптар қойылады. Біздің ойымызша оқыту жүйесі компьютер арқылы оқу материалын тиімді меңгертетін мазмұнда болуы қажет. Компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына қойылатын келесі талап қазіргі ғылыми мағлұматтар деңгейінде, ал, оқу материалын меңгерту танымның ғылыми әдістерімен парапар болыу тиіс
Оқушылық таным нақты фактілер мен құбылыстарды сезімдік қабылдаудан басталды. Бұл таным көзі ретінде заттар мен құбылыстардың өздеріне бет бұру мен байланысты. Ол оқытуды еңғарып қараудан бастауда талап етеді. Осыдан барып көрнекілік принципі шығады. Аталған принцип негізінде оқытужүйелеріне мынадай таолаптар қоюға болады:
үйретуші программаларды жасағанда дидактикалық мақсаттарды орындай алатын модельді таңдап алу;
процестерді бейнелегенде түстеді дұрыс таңдай білу;
дыбысты, дыбыс сигналдарын жазу, оларды бейнелеу.
Білімнің жақсы меңгерілуі үшін, олар түсінікті, ретке келтерелген болуы керек және бұрынғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі тіс. Бұл жүйелілік принципінен көрініс табады.
Информатика курсының білім беру саласына пән ретінде енгізілуі оған қазіргі заманға сай және ғылыми түр береді, жүйелейді. Жүйелілік пен бір ізділік принципі үйретуші программаларға бірқатар талаптар қояды. Программаның мазмұнына арнайы әдіснамалық мағлұматтар енгізу, ғылыми құрылымы болуы, сондай-ақ белгілі ретпен пакеттер жасау ажет.
Компьютерлік оқыту жүйелері танымның жүйелі әдістерін оптимальді жүзеге асады.. Осыдан үйренушінің әрекетін құрайтын алгоритм материалы меңгеруді қажет ететін жүйелілік талдаудан құралатынын байқаймыз.
Біз оқу процесіннің компьютерді қодану мен байланысты мәселелерін үщ топқа бөлеміз: бірінщі-оқыту теориясына, екінші-компьютелік оқыту технологиясына, үшінші- үйретуші программаларды жобалауға қатысты.
Оқыту теориясы оқу қызметімен байланысты оқушылар мен үйренушілер қызметінің негізгі компоненттеріне, оқу қызметін басқару поцесіне байланысты талдауларға сүйенеді.
Оқыту технолоиясы оқыту теориясымен оның практикалық жүзеге асырылуының арасындағы байланыстыбөлім. Үйретуші программаларды жобалау теория мен технологияның практиклық қолдану табуы болып табылады.
Компьютелік оқытудың психологиялық- педагогиклық жайы, ең алдымен, оқу мақсатына жетудің негізгі механизмнің қызметіне терең талдау жасап оқу процесінде заңдылқтарды пайдалана білу. Компьютерлендірудің ерекшелігін ескере отырып, бұл заңдылықтарды қолдануды жан- жақты ойластырып жүзеге асыру керек.
Біз оқыту қызметін басқару деп қарастырамыз. Бұндай басқарудың негізгі құралы педагог тарапынан немесе оқыту құрылысы тарапынан, ең алдымен, үйренушінің танымдық сферасын әсе етеді. Бұл әсер ең алдымен оқу мақсатының сәйкестігіне бағытталуы қажет.
Дәстүрлі оқу процесіне “оқушы-оқытушы”жүйесі қалыптасқан. Демек, оқу процесі – оқушы мен мұғлімнің өзара байланысты қызметі, біте қайнасқан бірлікте жүзеге асырылатын күрделі, қозғалмалы жүйе болып табылады. Бұл жүйеде мұғалімнің басшылығымен, оқушы ғылым негіздерін, әрекет тәсілдерін меңгеріп дамиды. Бұл өзара байланысты қызметте әрбір субъектінің өзіндік қызметі бар. Мұғалімнің қызметі тек білім беру ғана емес, білімді меңгеру процесі мен әрекет тәсілдерін басқару болып табылады. Оқушының міндеті - білім жүйесін, оны алу тәсілдерін мегерту, оны өңдеу, сақтау жолдарын үйрену.
Бұл оқушы мен мұғалімнің алдында тұрған мәселені шешу – оқу танымының кезеңдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бірақ дәстүрлі емес оқытуда оқушылардың оқу әрекетін басқарудағы мұғалімнің мүмкіндіктері ұйымдастыру барысындағы қиындықпен шектеледі. Дәстүрлі емес оқытуда ақпараттық ағым , негізінен, оқытушыдан оқушыға бағытталатынын практикада көрсетіп отыр. Демек, оқушылардың оқу әрекетін тиімді басқару мәселесі бұл процесті процесті жан- жақты жедел ақпараттық қамтамасыз ету мәселесін шешу мен, яғни жаңа ақпараттық технологияның оқу процесіне енгізілумекн байланысты шешіледі. Жаңа ақпараттық технологияның оқу процесіне енгізілу бұл жүйенің орнына “оқушы-оқытушы-компьютер” пайдаланғандықтан қалыптасқан психолигиялық- педагогикалық әдістеріне өзгерістер енгізуді қажет етеді. Олай болса, жаңа жағдайдағы оқу- тәрбие процесін тиімді және мақсатына жете алатындай ету үшін бірқатар психолигиялық- педагогикалық мәселелерді қайта құруға тура келеді. Осыған байланысты психологиялық- педагогиканың және дидактиканың көптеген дәстүрлі қағидаларын қосымша зерттеу қажет болады.
Біздің ойымызша зерттеліп отырған компьютерлік оқытудың психолигиялық- педагогикалық негізі ең тиімді іс- әрекет амалы болып табылады.
Қазіргі уақытта іс- әрекет категориясы үлкен методологиялық және теориялық мәнге ие болды. Іс -әрекет адамзаттың табиғи, әлеуметтік қабілеттерінің қатынасын белсенді түрде өзгертушісі және түрлендірушісі бола алады. В.А.Иванов әрекетінің психологиялық түсініктемесіне мынандай мінездеме береді: “Іс - әрекеттің психологиялық бейнесі белсенді психиканың реттелетін субъектісінің бірі- абстракциялық модельден шығады”. Іс- әрекеттің түбегейлі мәселелерімен көптеген психолог, философ және социологтар шұғылданды.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
1. Ақпараттық қоғамның философиялық концепциясының тұжырымы?
2. Оқушылар білімі мен дағдысына қандай талаптар қойылады?
Ұсынылатын әдебиеттер
Софронова Н.В. «Теория и методика обучения информатике», Москва «Высшая школа», 2004 г
Лапчик М.П. , Семакин И.Г., Хеннер. Методика преподавания информатики: учебное пособие для студ.педвузов – М.: Издательский центр «Академия», 2001
4-дәріс. Төменгі сыныптар үшін пропедевтикалық курс
Дәріс жоспары:
Мектепте информатикадан пропедевтикалық курсты енгізу мақсаты.
Қазақстандық педагогтардың жүргізген еңбектерінің тұжырымдамалары.
“Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасының “ Білім беру мазмұны мен деңгейлері”- деп аталатын 4- тараудың 4.3.1-тармағында: Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп берілген”. Сондықтан, заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептерден бастап алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педагогика саласында іргелі тың мәселелердің бірі болып отыр.
Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми- әдістемелік еңбектердің туынауының жандана түсуіне алып келеді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орнын, ерекешеліктерін ғылыми - әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналаған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ғылыми зертеулердің ішінен С.Пейперт, Ж.Пиаже, Ю.Первин, Е.Коган, А.Витухновская мен А.Семьенова мен және отандық ғалымдарымыздың Е.Бидайбеков пен Ж.Қараевтың тұжырымдамаларымен Қ.Абдиев, Г.Абдукаримова зерттеу жұмыстары бастауыш мектептерде информатика элементтерін пайдаланудың теориялық негізі бола алады.
Алайда бұл зерттелген жұмыстарда бастауыш мектепте информатика пәнін дәстүрлі емес сабақ формалары арқылы оқыту негізінде жүзеге асыру жөніндегі мәселелер жеткілікті дәрежеде зерттелген жоқ.
Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың калғашқы түсініктерімен ұғымдарын беру, сонымен қатар дәстүрлі емес сабақ формалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын информатика пәнінен оқытуды жүзеге асыру арқылы қажет болатын білім мен іскерлік пен дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамға қызмет етуге дайындауды осы кезеңде бастау қажеттілігі басты назарда болып отыр.
Бүгінгі таңда информатика пәнін дәстүрлі емес сабақ формалары негізінде бастауыш мектепте оқытудың қажеттілігімен оны оқыту үрдісінде жүргізуге тиімді оқу әдістемелік құрлдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қарма-қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықтар, бастауыш мектепте информатика пәнін дәстүрлі емес сабақ формалары негізінде оқытуды енгізу арқылы оқушыларда алғашқы білім, іскерлік, дағдылардыларды қалай қалыптастыруға және оның қандай теориялық, психологиялық, педагогикалық алғы шарттарын анықтауға болды? – деген зерттеу мәселесі туындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты – бастауыш мектепте информатика пәнін дәстүрлі емес сабақ формалары арқылы оқыту негізінде оқыту әдістемесін жасау.
Бүгінгі күні дидактикада оқыту әдістерін талдап, іріктеудің түрліше байқаулары өтіп жатыр. Оқыту әдістерін талдап ретке келтіру белгілі бір әдістерді жүйеге келтіру заңдылықтарын және ортақ сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашуда үлкен маңызды роль атқарады.
Дәл бүгінгі күні ғылыми техникалық үрдістің жоғапғы дәрежеде дамуы, оқытудың жаңаша тиімді әдістерін іздестіруді талап етуде. Оқыту әдістері ұғымын қалай түсіну қабылданған?
Оқыту әдістері дегеніміз – бұл оқыту міндеттерін шешуге бағыттталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің жүзеге асу тәсілдері. Оның негізгі атқаратын қызметі білімдерді жай бере салу емес, мектеп оқушысының танымдық қабілеттерін қалыптастыру мен сабаққа деген ынтасын ояту болып табылады.
Бастауыш сынып мұғалімдері басшылыққа алатын жәнен заман талабына сәйкес жазылған информатика курсы бойынша оқ-құралдар, әдістемелік жинақтар, теориялық зерттеулер жазылған кітаптар жоқтын қасы. Сондықтан біз білімді жетілдіре түсудің бағыт-бағдарын психология мен педагогика жетістіктерін зерттеп, информатиканың шексіз мүмкіндіктерін пайдалану арқылы сабақ беруді жандандыра түсуге болады деген тұжырым жасап, жалпы орта мектептерде қалыптасқан “Әдістемелік жүйе” –ні некгізге ала отырып, оған сәйкес “оқыту әдістерінің” құрылымын келесі түрде беруді ұсынамыз.
Оқыту әдістерінің құрылымы – бастауыш мектепте информатика пәнін дәстүрлі емес сабақ формалары негізінде оқытудың оқытудың әдістемесіне қатысты анықталды. Әдістемені жаңарту барысында, оқыту құралдарының алатын орыны ерекше. Ал, біздің оқыту әдістемемізге қолданылатын негізгі техникалық құрал – компьютерлік техника болып есептеледі.
Компьютерлік техника дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттараға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге, зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденді.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін дәстүрлі емес сабақ формалары негізінде оқыту әдістемесін теориялық , психологиялық, педагогикалық жағынан негіздеу мен тәжірибелік эксперимент жүргізу барысында келесі нәтижелер алынды:
бастауыш мектепте информатика элементтерін дәстүрлі емес сабақ формалары негізінде оқытудың мазмұны анықталды.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін дәстүрлі емес сабақ формалары негізінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, оқыту әдістемелік және бағдарламалық құралдары жасалды.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін дәстүрлі емес сабақ формалары негізінде оқытудың әдістемесі жасалып ұсынылды және оның практикада қолдану тиімділігі тәжірибе жүзінде тексерілді.
Жүргізілген тәжірибе нәтижесі біздің болжамымыздың дұрыстығын растайды. Демек, бастауыш мектепте информатика элементтерін дәстүрлі емес сабақ формалары негізінде оқытудың
Жүзнге асыру, оқуылардың информатика элементтерін оқып үйрену бойынша алған алғашқы білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және олардың сауат ашу, әліппе, ана тілі, қазақ тілі, математика, бейнелеу өнері пәндерінен алған білімдерін нақтылап бекуітуге мүмкіндіктер туғызды.
Бұл зерттеу жұмыстары келешекте бастауыш мектепте информатика элементтерін дәстүрлі емес сабақ формалары негізінде оқытуды орта мектептің жалпы білім беретін пәндеріне пайдалана отырып, оқушылардың екі жақты пәндерден алатын білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын жетілдіру бағытында дамытуға болады.
Өзін тексеру сұрақтары
1. Мектепке информатикадан пропевтикалық курсты енгізудің тиімділікті қандай?
2. Бастауыш сыныпта информатиаканы оқытуда қандай әдстерді қолданған дұрыс деп санайсыз? Ұсынылатын әдебиеттер
1. Софронова Н.В. «Теория и методика обучения информатике», Москва «Высшая школа», 2004 г.
2. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики: Учеб.пособие.- Мн.: Выш.шк., 1998.
5-8. Тақырыптар. Оқушылардың алгоритмдік ойлауын дамыту.
Дәріс жоспары:
Информатика сабақтарында алгоритмдеуге оқыту;
Программалауға оқытудың әдістері;
Оқу компьютерлік модельдеу.
Алгоритм және программалау информатика курсының дәстүрлі тараулары болып есептеледі. Алгоритмдеу негіздері мен программалауды оқытудағы негізгі мәселе – программалау тілін, алгоритмді жазу тілі мен ЭЕМ- нің түрін тандауға байланысты. Ал, одан аса маңызды мәселенін бірі- алгоритмдеу проблемаларын шешуге пайдаланылатын әдісті таңдау.
Осы уақытқа дейін тәжірибелерден, программалауды оқыту мен программа жасаудың үш негізгі тәсілін көрсетуге болады:
Дәстүрлі тәсіл
Алгоритімді тәсіл
Жүйелік тәсіл
Бірінші, дәстүрлі тәсіл программа жасауда төмендегідей әрекеттерді атқарудан тұрады: есеп- программа- ЭЕМ . Ол төмендегідей кезендерді қамтиды:
Программа жазу
Программаны ЭЕМ- ге енгізу
Программаны ЭЕМ- де жүргізу
Бұл әдістін ең қиын кезені программаны жүргізу. Программаны жүргізу дегеніміз (отладка) – бұл ЭЕМ- ге енгізілген қатені түзету мен іздеу процессі. Бұл процестедегі келеңсіз жайт программадағы қате санының авторға алдын- ала белгісіздігі. Оқытуда мұндай тәсілді пойдалану- ЭЕМ- де жұмыс істеу икемділігі қалыптасқан оқушылар үшін ғана тиімді. Ал қалған оқушылардың өзінің программасындағы қатені тауып түзету мүмкіндігінің жоқтығы ЭЕМ- де жұмыс орындау мүмкіндігінен айырады.
Келесі, екінші алгоритімдік тәсіл программа тексін жазғанға дейін қойылған есепті шешу алгортімін құруға негізделген:
есеп- алгоритім- программа- ЭЕМ
құру жазу енгізу
Бұл әдіс бойынша программа жазу төмендегідей кезендерді қамтиды:
Алгоритім құру
Программа жазу
ЭЕМ- ге программа енгізу
ЭЕМ- де программаны жүргізу
Бұдан, бұл технологияны алгоритімді жазу ережесі мен құралдарын таңдаудың барынша маңызды екені көрінеді. Мұндай жолды 1969 жылы голландиялық профессор Э. Дикстра ұсынды. Ол пограмма логикасын баяндауда қатаң түрде құрылымдық алгоритімдерді пайдалануды негізге алды. Э. Дикстра мұндай алгоритімдердің тексіне қойылатын талаптыда бірден көрсетті:
Алгоритімді оқу мен түсінудің қарапайымдылығы
Өзгерістер мен түзетутулер енгізудін қарапайымдылығы
Алгоритімнің дұрыстығын талдаудын қарапайымдылығы
Дербес ЭЕМ-дер үшін программалау бастамасын оқытудағы жүйелік тәсіл төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
Есеп-сценарий-алгоритм-программа-ЭЕМ.
Сызықтық алгоритімді оқыту әдістемесі
Орта мектепте арналған барлық информатика оқулықтарында мектептік алгоритімдік тіл (МАТ) берілген.
Информатикаға кіріспеде алгоритмдеуге есептер қарастырылған болатын, енді оны алгоритімнің жазылу ережесін ескере отырып, компьютердегі атқарушыға қолдану қажет. Е- практикум жүйесінде алг, арг, нәт, басы, соңы қызыметші сөздері бірден экранға шығады, бұл сөздер өшірілмейді. Мұнда оқушылардың көңілін атқарушы ұғымына, оның командалар жүйесіне аудару қажет.
Информацияны өңдеуге байланысты алгоритмдерде шамалар ұғымын енгізу қажет. Шама ұғымы информатика курсының іргелі ұғымдарының ірі болып табылады. Шама дегеніміз типі анықталған, мәні мен атауы бар объект. Шамалар екіге бөлінеді: тұрақты және айнымалы. Егер алгоритімнің атқарылуы барысында мәні өзгермесе, онда тұрақты шама деп аталады, ал алгоритімнің атқарылуы барысында мәндері өзгеріп отырадын шамаларжы айнымалы шамалар дейді. Шамалар типіне қарай сандық және литерлік болып бөлінеді. Сандық шамалар өз кезегінде бүтін хәне нақты болып бөлінеді. Мектептік алгоритімдік тілде шамалар бүт – бүтін, нақ- нақты, лит- литерлік қызыметші сөздермен белгіленеді.
Литерлік шама деп мәндері сөздер немесе текст болып келген шаманы айтамыз. Е- практикум жүйесінде алгоритм тақырыбының жазылуының жалпы түрі төмендегідей:
Алг атауы типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі
Арг аргументтер тізімі
Нәт нәтижелер тізімі
Алгоритм үшін бастапқы берілгендер болып табылатын шамаларды аргументтер деп атайды. Олардың тізімі арг қызметші сөзінен кейін жазылады.
Алгоритмдегі аргументте, нәтижеде болмайтын шамаларды аралық шама деп атайды, ол алгоритм тақырыбынан кейінгі басы қызыметші сөзінен кейін жазылады. Енді алгоритмнің жазылуының жалпы түрін көрсетейік:
Алг атауы типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі
Арг аргументтер тізімі
Нәт нәтижелер тізімі
Басы типтері көрсетілген аралық шамалардың тізімі серия
Соңы
1-мысал. Үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептеу
S=(P*(p-a)*(p-c)*(p-b)), p=(a++b+c)/2
Алг аудан (нақ а,в,с)
Арг а,в,с
Нәт S
Басы нақ P
P:=(f++d+c)/2
S:=sqrt(P**(p-a)*(p-c)*(p-b))
Соңы
Бұл алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады, өйткені алгоритмдегі командалар жазылу реті бойынша бірінен соң бірі орындалады. Бұл командалар алгоритмдік тілдегі қарапайым командалар. Периметірді және ауданды есептеу меншіктеу командасы деп аталады. Меншіктеу командасының жалпы жазылу түрі төмендегідей:
Атау:= өрнек
Бұл команда төмендегідей ережемен орындалады: алдымен меншіктеу белгісінің оң жағында жазылған өрнек есептеліп, меншіктеу белгісінің сол жағында орналасқан айнымалыға меншіктеледі.
Тармақталған алгоритмді оқыту әдістемесі
Тармақталу ұғымын оқушыларға түсіндіру үшін төмендегідей логикадық тәсілді қолдануға болады. Алгоритмнің негізгі құрылымдарын бөліп көрсеткеннен кейін (сызықтық, қайталану, тармақталу), бірнеше командалардың ішінен тек біреуі ғана орындалады. Ал, енді қай команданың орындалатының қалай білуге болады, әрине, ол қойылған шартқа тәуелді.
МАТ-дегі тармақталу командасының жалпы түрі:
Егер шарт
Онда 1- серия
әйтпесе 2- серия
бітті
қойылған шартқа тәуелді тармақталу командасына кіретін екі командалар сериясының біреуі ғана орындалады. Егер шарт сақталатын болса, онда 1- серия орындалады, ал щарт сақталмаса онда екінші серия орындалады.
Кейбір алгоритмдер және , емес, немесе сөздерімен жалғастырылған екі немесе одан да көп шарттардан құралады. Мұндай шарттарды құрама шарттар деп атайды.
2- мысал.
Y
Sinx + cos 3x ,егер х=>0.7
Cosx + 1x1 +1,егер x<0.7
=
Функциясының мәнін есептейтін алгоритм құру.
Алг есеп (нақ х,у)
Арг х
Нәт у
Басы
Егер x>>=0.7
онда y:= sin(x) + cos(3*x)
әйтпесе y:=cos(x) + abs(x) +1
бітті
соңы
3-мысал.
Sin3x + cos2x,егер x<2
Sin4x + cos3x, егер 2<=x<3
Sin5x - cos4x,егер x >=3
Y=
Функциясының мәнін есептейтін алгоритм құру.
Алг есеп (нақ х,у)
Арг х
Нәт у
Басы
Егер x<2
онда y:= sin(3*x) + cos(2*x)
әйтпесе егер (x<3) және (x>=2)
онда y:=sin(4*x)+cos(3*x)
әйтпесе y:=sin(5*x)- cos(4*x)
бітті
бітті
соңы
Бұл мысалда алгоритм үш тармақтан тұрады. Алгоритмдегі тармақтардың саны көбейген сайын тармақталу командасын пайдалану қиындай береді. Мектептегі алгоритмдік тілде көп тармақтан тұратын алгоритмдерді жазуда таңдау командасы пайдаланылады.
Таңдау командасының жалпы түрі:
1-жағдай: 1-серия
2-жағдай: 2- серия
…
n-жағдай: n- серия
соңы
Команданың орындалу ережесі төмендегідей: алдымен атқарушы сақталатын шарт табылғанша шарттарды ретімен тексере береді. Ақиқат шарт табылғанда атқарушы оған сай команданы орындайды да, осымен таңдау командасының орындалуы аяқталады. Егер бірде бір шарт сақталмайтын болса, онда бірді бір команда орындалмайды, яғни таңдау командасы орындалмайды.
Қайталаланатын алгоритмдерді оқыту әдістемесі
Әзір қайталану командасы. Кейбір алгоритмдерде белгілі бір шарттардың сақталуына тәуелді командалардың қандайда бір бөлігі бірнеше рет қайталанады. Осы әрекеттерді жүзеге асыратын командаларды қайталану командасы деп атайды.
Е-практикум жүйесіндегі әзір қайталану командасының жалпы түрі:
ЦБ әзір <шарт>
Серия
ЦС
ЦБ-циклдың басын, ЦС-циклдың соңын көрсетеді. Команда төмендегідей ережемен орындалады: алдымен шарт тексеріледі, шарт сақталудан қалғанша цикл денесіндегі командалар сериясы қайталана береді. Егер шарт басынан сақталмаса, онда командалар сериясы бірде бір рет орындалмайды.
1-мысал. Берілген n натурал санын қанша цифрдан тұратынын анықтау қажет. Бұл мысалда біз 10-ға бөлу командасының қанша рет орындалатынын алдын-ала білмейміз, бірақ бөлінді 1-ден көп болса бөлу керек екенін білеміз.
Алг есеп(бүт n k)
Арг n
Нәт к
Басы лит m
K:=1
Цб әзір n/10>1
Цс
Егер n/10=1
Онда к:=к+1
Бітті
M:=”нәтиже”
К:=к
Соңы
Үшін – қайталану командасы. Бұл команда кестелік шамаларды өңдеуге байланысты пайдаланылатыны белгілі. Оқушыларға қандай жағдай “әзір”, қандай жағдайда “үшін” қайталануын пайдалану керектігін түсіндіру қажет. Егер кестелерді реті бойынша іріктеу (берілген қасиеті бойынша элементтің номерін іздеу т.с.с.) қажет болса, онда ”әзір” циклы пайдаланылады. Егер элементтердің қосындысы, максимум, минимум, элементтер санын іздеу қажет болса, басқа сөзбен айтқанда, барлық элементтермен біркелкі амалдар орындалатын жағдай «үшін»циклы пайдаланылады. Бұл, әрине, оқушылардың кестемен жұмысын жеңілдететіні белгілі.
Кейбір оқулықтарда «үшін» қайталануын «әзір» қайталану командасы арқылы өрнектейтін алгоритм немесе оған сәйкес блок-схема келтіріледі:
I:=1 ЦБ әзір I<=N
ЦБ үшін I бастап 1 дейін N серия
Серия I:=I+1
ЦС ЦС
Пәншілік байланысты ашуда бұл идея өте жақсы, бірақ мұндай модель кері қадаммен орындалмайды. Дегенмен, бұл өте қарапайым есеп емес:
I:=A
ЦБ үшін I бастап А дейін В қадам Н цб әзір (I-B)*H<=0
ЦС I:=I+H
Цс.
Көмекші алгоритмдерді оқыту әдістемесі
Көмекші алгоритмдер тақырыбы «алгоритмдеу» тарауының негізгі тақырыптарының бірі болып табылады. Дәстүр бойынша көмекші алгоритмдер программалау тілінің соңында беріледі МАТ мен Лого тілдерінде құрама командаға дейін оқытылады. Көмекші алгоритмдердің жан- жақты байланыстылығына қарай бір кезеңде ғана оқытылмауы мүмкін, күрделілік деңгейіне қарай бөліп енгізуге болады. Алдымен, параметрсіз сызықтық көмекші алгоритмдер, аргументтері бар сызықтық көмекші алгоритмдер, аргументтері бар сызықтық көмекші алгоритмдер, құрама командалар арқылы өрнектелген сандық емес көмекші алгоритмдер (роботқа арналған алгоритм мысалдары арқылы), одан кейін көмекші алгоритм функцияны беруге болады.
Сандық типтерге байланысты көмекші алгоритм функция пайда болады. Олардың нәтижесі біреу, сондықтан олар бірнеше нәтижесі бар көмекші алгоритмнің жалпы түрімен салыстырғанда түсіну үшін жеңіл де, математикалық функция ұғымымен жақсы үйлеседі.
Алдымен тангенс тәрізді дайын функцияны есептеуден бастайық. Компьютер бұл функцияны қалай есептейді?- жуықтау формуласы бойынша есептейді. Тангенске арналған формула қарапайым әрі нақты мысал болып табылады.
Tg(x)= x/(1-x2/(3-x2/(5- …
Тізбекті бөлшекті қысқартып, төмендегіні аламыз:
Алг нақ тангенс (нақ Х)
басы
мән :SQRT(A**2+B**2)
соңы
Аса маңызды жалпылау көмекші алгоритм функциясының құрама командалармен, әсіресе циклмен өрнектелуі:
Алг нақ ЕСҮ (нақ А,В)
басы
егер A>B
онда мән:=A
әйтпесе мән:=B
бітті
соңы
алг бүт факт (бүт N)
басы бүт I,P
Р:=1
Цб үшін I бастап 1 дейін N
P:=P*I
Цс
Мән:=P
соңы
Нәтижелері мен аргументтері бар көмекші алгоритмдер.
Бұл тақырыптын күрделілігі оны бірнеше деңгейлерге бөлуді талап етеді:
сандық аргументтері мен нәтижелері бар көмекші алгоритмдер
көмекші алгоритмдегі шамалардың өзара әрекеттесуі (бір алгоритмнің нәтижесі басқа алгоритмнің аргументі болады).
Есептеулері бар, әртүрлі әрекеттермен үйлесетін атқарушыларға арналған көмекші алгоритмдер.
Алгоритм функция ұғымынан параметрлер тізіміне нәтижені енгізуге көшу бірқалыпты өтеді. Шын мәнінде жазылуы ғана өзгереді. Мысалы,
Алг гипотенуза (нақ Ф,И, нақ С)
Арг А,В
Нәт С
Басы
С:=SQRT(A**2+B**2)
Соңы
Бұл алгоритмде аргумент біреу ғана. Енді екі нәтиже болатын көмекші алгоритмді қарастырайық.
Алг МАМІТАБУ (нақ А,В, нақ МА,МІ)
Арг А,В
Нәт МА,МІ
Басы
Егер А>B
Онда МА:=А; МІ:=B
әйтпесе МА:= В; МІ:= А
бітті
соңы
бұл алгоритмді басқа жломен де беруге болады. Максимумды есептейді (нақ А,В) алгоритм функция берілген. Алдыңғы жазылған алгоритмді салыстыруды пайдаланбай-ақ, соған келтіруге болады:
Алг МАМІТАБУ (нақ А,В, нақ МА,МІ)
Арг А,В
Нәт МА,МІ
Басы
MA:=MAX(A,B)
MI:=-MAX(-A,-B)
соңы
Жоғарыда көрсетілген мысалдардан мынадай тұжырым жасауға болады:
Аргументтер ретінде қарапайым өрнекті де беруге болады
Есепті шешуге ешқандай өзгеріссіз дайын алгоритмдерді пайдалануға болады.
Программалауға оқытудың кейбір әдістері мен тәсілдері
Әрбір информатика мұғалімі оқушылардың прграммалау дағдыларын арттыру олардың тапсырмаларды өз бетімен орындау жолы арқылы іске асатынын түсіну керек. Программалау сабағында есептердің шешілуінің санына емес, сапасына назар аударған дұрыс.
Программаны орындау – оқушылар білімін бақылаудың тиімді формасы. Программаны орындаудағы тәрбиелік мақсат оқушыларды жинақылыққа, бастаған істі аяғына дейін жеткізу болып табылады. Олардың логикалық және тиімді ойлауларын дамытады.
Ұйымдастыру формалары мен оқыту құралдарын басқа сабақтағыдай етіп алуға болады. Көбінесе жаңа командаларды оқып үйренудің бастапқы кезеңдерінде сабақты ұйымдастырудың фронтальды формасы қолданылады. Мұнда плакаттар, кадоскоп, эпипроектор және т.б. қолданылады. Материалды бекіту топтық қызметте немесе жеке жүреді, ал бақылау жұмыстарын оқушылар өз бетінше орындайды. Практика жүзінде сабақтар келесі жүйеде өтілсе тиімді болып саналатыны дәлелденген:
Сыныппен фронтальды жұмыс жасау – 10 мин;
Жаңа материалды түсіндіру – 15 мин;
Компьютермен жұмыс, тапсырмаларды орындау – 20 мин.
Мектептік алгоритмдік тілден кейінгі қарастырылытын екінші тіл тасымалдау, салыстыру және ұқсастыру жолымен оқытылады. Сөзбен түсіндіру барынша азаяды. Мысалы, Паскаль тіліндегі атау мектептік алгоритм тіліндегідей құрылады (ұқсастық). Егер бірінші тіл машинасыз оқытылса, екінші тіл бірінші тілден машинаға алгоритмдерді аударып, оны жүзеге асыратын құралдың қызметін атқарады. Мұндай жағдайда бірінші тіл, егер оның деңгейі жоғары болса, қызықты болып көрінеді. Онда оқушылар МАТ-де алгоритмді ойланып жазып, одан кейін оны ешқандай ойланбастан программалау тіліне аударады.
Алгоритмнің жазылуынан (синтаксисінен) практикаға көшкенде МАТ-дегі командалар тексіне түсіндермелері бар ашық программалар әдісін пайдалану өте ыңғайлы.
Мұндағы аса маңызды тәсіл - бірінші тілдің құрлымдарын толық түсініп немесе сол бірінші тілдегі алгоритммен есепті шығару. Оқушы тілді меңгеріп қана қоймайды, сонымен бірге екі тілді өзара салыстыра отырып түсінеді. Бұл жерде екінші тіл алдыңғы алған біліміне қосымша толықтыру немесе оны екінші қарастыру болады.
Тағы бір айта кететін мәселе- кейбір есепті шығаруға бірінші тілдің құралдарының жеткіліксіздігі немесе қолайсыздығы болып табылады. Есептерді шешу барысында проблемалап баяндау әдісі ұсынылады.
«Алгоритмдеу» және «Программалау» тақырыптарындағы есептерді келесі типтерге бөлуге болады:
Программаны орындау;
Программадағы қатені тап;
Программаның орындалуындағы нәтижені анықта;
Есепті күрделендіру;
Математикалық модель тұрғызу, алгоритм құру, прогрммма жазу, оны тексеру.
Есептер мысалдары
Программаның орындалуын әлдеқайда көрнекі және жеңіл түрде мәндер кестесі арқылы іске асыруға болады. Мұндацй кестелер Ершовтың кітаптарында және басқа да информатика облысындағы ақпарат құралдарында кездеседі.
Мысалы: Квадрат теңдеудің түбірлерін есепте. Мәндер кестесінде теңдеудің әрқандай жауаптары болатындай мәндердің таңдалуы ұсынылады. Айталық келесі теңдеу үшін түбір іздейік: а); б); в).
Программа фрагменті
|
А=3, В=2, С=-1
|
А=1, В=-2, С=1
|
А=2, В=1, С=1
|
D=b*b-4a*c;
If D>=0 then begin
X1:=(-b +sqrt(D))/(2*A);
X2:=(-b-sqrt(D))/(2*A) end else x$:= «түбірі жоқ»
|
D=16
16>0? Иә
X1:=1/3
X2:=-1
|
D=0
0>=0? Иә
X1:=1
X2:=1
|
D=-7
-7>0? Жоқ
x$:= «түбірі жоқ»
|
Программаны күрделендіруге арналған есептер. Мұндай есептер информатиканың барлық сабақтарында қарастырылу қажет. Күнделікті практика сыныптың кәдімгі құрамы оқушылар білімінің деңгейі бойынша бірдей емес екендігін көрсетеді. Үйінде компьютерлері бар немесе информатика бойынша үйірмелерде қатынасатын оқушылар мсатериалдарды әлдеқайда жылдам меңгереді., кейде олардың программалау бойынша білімдері оқу бағдарламасынан жоғары да болып жататын жағдайлар кездеседі. Мұндай оқушыларға не жеке тапсырмалар беруге, не сыныпта шығарылатын тапсырмалар негізінде күрделі тапсырмалар беру қажет. Ал программалауды оқуда қиындық сезетін оқушыларға сыныпта шығаратын есептерден сәл ғана өзгеше есептер берген дұрыс. Мысалы, сыныпта дейінгі интервалда синусоида салу программасы қарастырылды. Әлсіз оқушыларға осы интервалда косинусоиданы немесе y=2sinx функциясының графигін салуды беруге болады. Әлді оқушыларға тангенс немесе котангенс функцияларының графигін салуға тапсырма беруге болады.
Егер программалауға оқыту орта сыныптарда басталса, онда LOGO тілін оқытуға болады, немесе графикалық бейнелерді салуға арналған тапсырмаларға көп көңіл бөлген дұрыс, мұнда программаны біртіндеп күрделендіруге болады. Мысалы, Аққаланың суретін салуға беріп, соден кейін оған таяғын, бас киімін - шелегін, мұрнын – сәбізді қосып аяқтауларын талап ету арқылы тапсырманы күрделендіруге болады.
-
|
Программалауға арналған тапсырма
|
Оқушылар білімін тексерудің тиімді әдістерінің бірі программа фрагментін беру арқылы қатесін таптыру. Егер оқушы программа қатесін дұрыс таба білсе, ол осы тақырыпты немесе тарауды ұққанын білдіреді және оған кейін осындай қателерді жібермеуіне көмектеседі.
Мысалы: Программа қате қай жерде екенін табыңыз. Оны түзетіп, машинада тексеріңіз.
Program Kvadr;
Begin
Writeln (‘Х мәнін енгізіңіз’);
Writeln (‘Х тың квадраты =’, x*x);
End.
Var x: integer;
Ашық программалар әдісіне мысал. Екі бүтін санның бөліндісін есептейтін программа құр. Нөлге бөлуге болмайтынын ескер. Мәліметтерді пернетақтадан енгізу керек.
Program Tutor_If_Then_Else;
Var
A,B: integer;
Begin
Write(‘Бөлінгіш А ның мәнін енгізіңіз’);
Read(A);
Write(‘Бөлгіш В ның мәнін енгізіңіз’);
Read (B);
If B=0 {енгізуді тексеру}
then writeln (‘нөлге бөлуге болмайды’) {шарт орындалды}
Else {шарт орындалған жоқ}
Begin {құрама оператор басы}
Rezult:=A/B;
Writeln(A, ‘ және ’ ,B, ‘ сандарының бөліндісі’, ‘=’, result);
End;
End.
Программалау тілін оқытудың мақсаттары. Жалпы білім беретін орта мектепте программалау тілін тереңдетіп оқыту информатиканы оқытудың мақсаттары болып табылмайды. Мұның айтарлықтай себептеі бар.
1). Оқушылардың ұғымдық аппаратын байытып, білімін бекітуге ұмтылу. Бұл жағдайда МҚБЖ, Паскаль, Бейсик және т.б. тілдердің бірі болуы мүмкін бірақ машинасыз кәсіптілікті кеңейту мүмкін емес.
2). Олимпиадаға дайындық. Егер олимпиада ескі дәстүр бойынша үлкен комбинаторикалық есептерді программалау ретінде өтетін болса, онда мықты программалау тілісіз жүруі мүмкін емес.
Қазіргі ТУРБО жүйелер программаны тек аударып, орындап қана қоймайды, сонымен бірге көрнекі диалогты ортада жұмыс істеуге үйретеді. Бұл оқу іс әрекетінің қуатты да, әдістемелік жүйесін тапқан құралы болып табылады. Мұндай ортада программа тексіне синтаксистік талдау эксперттік жүйедегідей орындалады, ал программаның қадам бойынша орындалуы – эксперттік жүйедегідей шығару процесін демонстрациялауға ұқсас.
Сонымен бірге, программалау тілін оқу бірінші немесе екінші, кей жағдайда үшінші деңгейдегі тілмен шектелуі тиіс: тіл – есеп шығарудың тиімді құралы; тіл тұжырымды аса маңызды құрал – оқу объектісі болып табылады.
Оқушылыардың білімі мен дағдыларына қойылатын талаптар:
Информатика облысындағы базалық білім мыналарды қамту қажет:
Есептеу математикасы мен модельдеу негіздерін оқып үйрену; мақсаты – қазіргі математикалық модельдер мен алгортмдердің мүмкіншіліктерін, сенімділіктері жайлы ойларын қалыптастыру;
Практикалық программалауды меңгеру; мақсаты – күрделі емес практикалық есептерді сауатты программалай білу, қазіргі заманғы программалау технологиясы жайлы түсініктерді және күрделі программалық – комплекстерді дайындаудағы экономикалық аспектлер жайлы түсініктерді беру.
Компьютерлік сауаттылық алгортмдеу және программалау жайында жалпы ұғымдарды білуді қамтиды (тілдер, алгоритмдер және программалар, программалар және мәліметтер құрылымдары, программаның дұрыстығын тексеру, есептің күрделілігі). Программалау,компьютерлік сауаттылықтың құрамдас бөлігі. Компьютерлік сауаттылықты қамсыздандыру ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға үлесін қосады.
Программалау тақырыптарын оқып болғаннан кейін оқушылар мыналар жайлы түсінік алу қажет:
Айнымалы ЭЕМ жадысының бөлігінде ретінде;
Массив біртекті мәліметтер жиынтығы ретінде;
түсіну керек:
Цикл орындалу процесіндегі параметрдің өзгеруін;
Ішкі программаға қатынас жасаған кездегі программаның орындалу процссін;
білу керек:
Айнымалы атрибуттарын;
Стандартты функцияларды, қолданушы функциясын анықтау ережесін;
Логикалық өрнектердің жазылу және орындалу ережелерін;
Ішкі программаларды анықтау және оларға қатынас ережелерін;
Массивтерді сипаттау ережелерін;
істей алу керек:
Меншіктеу операторының көмегімен мәнді беру процессін;
Мәліметтерді енгізу және шығарудағы қарапайым операторлар форматтарын сипаттауды;
Стандартты функциялар форматтарын, аргументтер типін, мәндер типін сипаттауды; қолданушы функциясын анықтауды, оларды өрнектерде қолдануды;
Шартты операторды және оның толық және толық емес түрлерде сипаттауды; қарапайым тармақты алгоритмдерді программалар түрінде жазуды;
Циклдарды ұйымдастырудағы операторлар форматтарын сипаттауды; қарапайым циклдық алгоритмдерді программалар түрінде жазуды;
Графикалық операторлар формаларын сипаттауды; осы операторларды қарапайым бейнелер салуда қолдануды;
Массивтерді енгізу/шығаруды ұйымдастыруды; массив мәнін және индексін анықтай білуді;
Программаны тексерудің қарапайым әдістерін меңгеру керек.
2>3>
Достарыңызбен бөлісу: |